Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Эндокринді жүйесі» модулі



Нұсқа

Жағдайлық есеп (ҚД. Диабеттік кома)

Науқас П., 30 жаста қабылдау бөліміне ессіз күйде түсті. Екі күн алдын науқаста шамалы әлсіздік, босаңсу, ұйқышылдық, жүрек айну, құсу, аузының құрғауы, қатты шөлдеу, көп мөлшнрде зәр бөлу, ентігу болған. Объективті тексеріс кезінде анықталды: Куссмаул тынысы, көз алмасының айқын гипотониясы, аузынан ацетон иісінің шығуы, тілі құрғақ, ақ жамылғы мен жамылған. Қандағы глюкоза -

35 ммоль/л, қандағы азот қалдығы - 32 ммоль/л. Зәр анализі (катетр көмегі мен зәр алынған) - тығыздығы 1040, қант - 250 ммоль/л, нәруыз - 25 г/л, ацетон, сілтіленген эритроциттер, гиалинді, түйіршікті және эпителиалды цилиндрлер.

1. Шұғыл көмек ретінде науқасқа қандай препарат тағайындалу қажет? (хумулин)

2. Қандай гормональды препарат қандағы глюкозаның концентрациясын төмендетеді? (хумулин)

3. Қандай инсулин препараттарының әсер ету ұзақтығы қысқа және диабеттік комада көк тамырға енгізіледі? (хумулин)

4. Қандай инсулин препараттары ерітінді түрінде көк тамырға енгізіледі? (хумулин)

5. Глюкагонның қандай антагонистін диабеттік комада тағайындау қажет? (хумулин)

Нұсқа

Жағдайлық есеп (ҚД 1)

Науқас К., 7 жаста, вирусты паротитпен ауырған. 2 ай өткенсоң анасы баласының 3 кг салмақ жоғалтқанын, түнгі энурездің пайда болғанын және тез шаршағыштықтың пайда болғанын байқады. Объективті қарағанда: балада тамақтануы төмендеген, терісі құрғақ қасығанда іздер қалады, қандағы қант - 12 ммоль/л.

1.Клиникалық жағдайды қалпына келтіру үшін, қандағы глюкозаны төмендететін қандай препарат тағайындалу қажет?(лизпро-инсулин, аспарт-инсулин, изофан-инсулин)

2.Көмірсу алмасуын реттеу үшін науқасқа қандай гормональды препарат тағайындалу қажет? (лизпро-инсулин, аспарт-инсулин, изофан-инсулин)

3.Қандай затты науқасқа тағайындау қажет? (лизпро-инсулин, аспарт-инсулин, изофан-инсулин)

4.Қандай препарат, суспензия түрінде шығарылады, пациентті емдеуге қолдану қажет? (изофан-инсулин)

5.Қандай препараттың әсері pН төмедеуіне байланысты ұзарады және инъекция кезінде преципитацияға әкеледі? (изофан-инсулин)

6.Қандағы глюкозаның концентрациясын төмендететін қандай гормональды препаратты балаға тағайындау қажет? (лизпро-инсулин, аспарт-инсулин, изофан-инсулин)

Нұсқа

Жағдайлық есеп (ҚД 2)

Науқас Л., 52 жаста кондитер фабрикасында жұмыс істейді дерматолог дәрігеріне терісінің қышуына және іріңдердің пайда болуына шағымданып келді. Өзін 2 жылдан бері аурумын деп санайды. Науқаста тәбеті жоғарлаған. Қосымша шағымдары тез шаршағыштық, аузының құрғауы. Дәрігер жергілікті ем тағайындады, бірақ нәтижелі болмады. Қандаңы глюкоза деңгейі - 8,8 ммоль/л.

1. Сіздің таңдауыңызда инсулин және метформин. Науқасқа қандай препаратты тағайындайсыз? (метформин)

2.Қандай синтетикалық препарат науқасқа тағайындалу қажет? (гликлазид, глибенкламид, метформин)

3.Сульфонилмочевина туындысына жататын қандай препаратты науқасқа тағайындау қажет? (гликлазид, глибенкламид)

4.Қандай препарат, салмақты төмендетеді, берілген ауруды емдеуге ұсынылады?(метформин)

5.Қандай антидиабеттік препарат бұлшықеттегі глюкозаның эндогенді синтезін азайтады? ( метформин)

6.Қандай антидиабеттік препарат инсулиннің түзілуін жоғарлатады? (гликлазид, глибенкламид)

7.Ұйқы безінің бета жасушасынан инсулиннің бөлінуін ынталандыратын қандай гипогликемиялық препаратты науқасқа тағайындауға болады? (гликлазид, глибенкламид)

8.Қандай бигуанид туындысына жататын гипогликемиялық препарат, диабеттің 2 түрінде қолданылады? (метформин)

Нұсқа

Жағдайлық есеп (ҚД1)

Бала Н., 12 жаста зәрдің көп мөлшерде бөлуіне, қатты шөлдеудің және ауыз қуысының құрғауына, жүдеуге шағымданады. Бір айдан бері ауырады. Соңғы кездерде осы симптомдарға түнгі зәрдің ұстамауы қосылған. Туылғанды үлкен салмақпен туылған.Тұқымдарында қант диабетімен ауыратындар анықталған. Объективті – баланың тамақтануы төмендеген.

1.Сіздің таңдауыңызда лизпро-инсулин және метформин. Науқасқа қандай препаратты тағайындайсыз?(лизпро-инсулин)

2.Клиникалық жағдайды қалпына келтіру үшін қандағы глюкозаны төмендетеін қандай препарат тағайындалу қажет? (лизпро-инсулин, аспарт-инсулин, изофан-инсулин)

3.Науқасты емдеуге қандай гормональды препарат қажет? (лизпро-инсулин, аспарт-инсулин, изофан-инсулин)

4.Қандай инсулин препараттары тері астына тамақ алдында тағайындалады? (лизпро-инсулин, аспарт-инсулин, изофан-инсулин)

5.Қандай инсулин препараттары түнде тағайындалады? (изофан-инсулин)

6.Қандай гормональды препарат қан сарысуындағы глюкозаның деңгейін төмендетеді ? (лизпро-инсулин, аспарт-инсулин, изофан-инсулин)

 

Нұсқа

Жағдайлық есеп (гипогликемиялық кома)

Науқас Б., 33 жаста, 23 жасынан бастап қант диабеті мен ауырады. Кешкі тағам алдында күнделікті мөлшерде инсулин енгізді. Түнің бір уақытында қаты қобалжу және қорқыныш сезім мен оянды. Науқас қобалжып, қатты терлеп, әлсіздік, жүрек қаңысы жиілеп, қол-аяқтың дірілін сезінді. Қандағы қант - 2,8 ммоль/л.

1. Шұғыл көмек ретінде науқасқа қандай препарат тағайындалу қажет ? (глюкоза, адреналин)

2.Адренорецепторлардың қандай агонистін берілген жағдайда тағайындауға болады? (адреналин)

3. Гликогеннің құрамына кіретін қандай альдогексоза, шұғыл жағдайда тиімді? (глюкоза)

4. Адренорецепторлардың барлық түрінің қандай агонисті осы жағдайда бірінші көмек ретіндегі зат болып табылады? (адреналин)

5. Қандай препаратты науқасқа тағайындауға болады? (глюкоза, адреналин)

Қадам Жауап эталоны
Оптимальді препарат таңдау Инсулин лизпро Инсулин аспарт Инсулин изофан Хумулин
Рецепт жазу     Rp.: Insulini Lispro 5ml [40EД] 10ml[100EД] Da tales doses numero 5 Signa. 20 EД тері астына 10 мин. Тамақ алдында # Rp.: Insulini Asparti 5ml [40EД] 10ml[100EД] Da tales doses numero 5 Signa. 20 EД тері астына 10 мин. Тамақ алдында # Rp.: Insulini Isofani 5ml [40EД] 10ml[100EД] Da tales doses numero 5 Signa. 10 EД тері астына күніне 2 рет # Rp.: Humulini 5ml [40EД] Da tales doses numero 5 Signa. 20 EД тері астына немесе 10 ЕД к/т  
Қандай фармакологиялық топқа жататынын көрсету Адам инсулиннің аналогы ультра қысқа әсерлі (инсулин лизпро, инсулин аспарт) Адам инсулиннің аналогы орташа әсерлі (инсулин изофан) Адам инсулиннің аналогы қысқа әсерлі (хумулин)
Әсер ету механизмін сипаттау.   Глюкозаның метаболизмін реттейді. Инсулин плазмалық мембрананың глюкозаға өткізгіштігін жоғарлатады.
Қолдану көрсеткіштері   Қант диабеті I түрі Диабеттік кома  
Жанама әсерлері. Гипогликемия, аллергиялық реакциялар, инъекция орнында липодистрофия
Рациональды біріктірілуі   Инсулин +акарбоза Инсулин + метформин
Қадам Жауап эталоны
Оптимальді препарат таңдау Гликлазид Глибенкламид
Рецепт жазу   Rp.: Tabulettam Gliclazidi 0,08 [0,03, 0,04, 0,06, 0,08] Da tales doses numero 30 Signa. 1 таблеткадан күніне 2 рет. # Rp.: Tabulettam Glibenclamidi 0,005 Da tales doses numero 60 Signa. 1 табл. күніне 2 рет  
Қандай фармакологиялық топқа жататынын көрсету Синтетикалық пероральды антидиабеттік зат. Сульфанилмочевина туындысы II ұрпағы
Әсер ету механизмін сипаттау.   Ұйқы безінің бета жасушаларымен инсулиннің бөлінуін белсендіреді   [↓ АТФ тәуелді К+ өзекшелері ұйқы безінің бета жасушаларына → К+ жасушаға кіруін↓ → мембрананың деполяризациясы → Са2+ жасушаға кіруі↑ → инсулиннің экзоцитозы ↑]
Қолдану көрсеткіштері   Қант диабеті II түрі  
Жанама әсерлері. Гипогликемия, диспепсияляқ бұзылыстар, холестаз, ауыздан металдың дәмі, қан жасалудың бұзылысы, тератогенді әсер
Рациональды біріктірілуі   Гликлазид, Глибенкламид+ метформин Гликлазид, Глибенкламид+ акарбоза Гликлазид, Глибенкламид+ пиоглитазон  
Қадам Жауап эталоны
Оптимальді препарат таңдау Метформин
Рецепт жазу   Rp.: Tabulettam Metformini 0,5 [ 0,25, 0,85 ] Da tales doses numero 60 [10,30] Signa.1 таблеткадан күніне 2 рет.
Қандай фармакологиялық топқа жататынын көрсету Синтетикалық пероральды антидиабетикалық зат. Бигуанидтер
Әсер ету механизмін сипаттау.   Тіндердің инсулинге сезімталдығын жоғарлатады. Глюконеогенезді тежейді, АІЖ глюкозаның сіңірілуін баяулатады, бос май қышқылдардың түзілуін және майлардың тотығуын төмендетеді
Қолдану көрсеткіштері   Қант диабеті II түрі  
Жанама әсерлері. Ауыздан металдың дәмі, анорексия, лактоацидоз  
Рациональды біріктірілуі   Метформин + сульфонилмочевина туындысы Метформин+ акарбоза Метформин + пиоглитазон  
Қадам Жауап эталоны
Оптимальді препарат таңдау Гликлазид Глибенкламид
Рецепт жазу   Rp.: Tabulettam Gliclazidi 0,08 [0,03, 0,04, 0,06, 0,08] Da tales doses numero 30 Signa. 1 таблеткадан күніне 2 рет. # Rp.: Tabulettam Glibenclamidi 0,005 Da tales doses numero 60 Signa. 1 табл. күніне 2 рет
Қандай фармакологиялық топқа жататынын көрсету Синтетикалық пероральды антидиабетикалық зат. Сульфонилмочевина туындысы II ұрпақ
Әсер ету механизмін сипаттау.     Ұйқы безінің бета жасушаларынан инсулиннің бөлінуін белсендіреді   [↓ АТФ тәуелді К+ өзекшелері ұйқы безінің бета жасушаларына → К+ жасушаға кіруін↓ → мембрананың деполяризациясы → Са2+ жасушаға кіруі↑ → инсулиннің экзоцитозы ↑]
Қолдану көрсеткіштері   Қант диабеті II түрі  
Жанама әсерлері. Гипогликемия, диспепсияляқ бұзылыстар, холестаз, ауыздан металдың дәмі, қан жасалудың бұзылысы, тератогенді әсер
Рациональды біріктірілуі     Гликлазид, Глибенкламид+ метформин Гликлазид, Глибенкламид+ акарбоза Гликлазид, Глибенкламид+ пиоглитазон  
Қадам Жауап эталоны
Оптимальді препарат таңдау Метформин
Рецепт жазу   Rp.: Tabulettam Metformini 0,5 [ 0,25, 0,85 ] Da tales doses numero 60 [10,30] Signa. 1 таблеткадан күніне 2 рет.
Қандай фармакологиялық топқа жататынын көрсету Синтетикалық пероральды антидиабетикалық зат. Бигуанидтер
Әсер ету механизмін сипаттау.   Тіндердің инсулинге сезімталдығын жоғарлатады. Глюконеогенезді тежейді, АІЖ глюкозаның сіңірілуін баяулатады, бос май қышқылдардың түзілуін және майлардың тотығуын төмендетеді
Қолдану көрсеткіштері   Қант диабеті II түрі  
Жанама әсерлері. Ауыздан металдың дәмі, анорексия, лактоацидоз  
Рациональды біріктірілуі   Метформин + сульфонилмочевина туындысы Метформин+ акарбоза Метформин + пиоглитазон  
Қадам Жауап эталоны
Оптимальді препарат таңдау Глюкоза
Рецепт жазу   Rp.: Solutionis Glucosae 40% - 200 ml Da tales doses numero 2 Signa. 40 мл көк тамырға баяу.  
Қандай фармакологиялық топқа жататынын көрсету Парентеральды тағамдануға арналған ерітінді
Әсер ету механизмін сипаттау.     Глюкоза ерітіндісі плазма алмастырушы, гидратирлеуші, метаболиттік және дезинтоксикациялы әсері бар, айналымдағы қан көлемін ұстайды және жоғалған сүйықтықты толықтырады.  
Қолдану көрсеткіштері   Гипогликемиялық кома Парентеральді тағамдану
Жанама әсерлері. Гипергликемия, полиурия, терінің қызаруы және тасу сезімі, аллергиялық реакциялар
Рациональды біріктірілуі   Адреналина гидрохлорид + глюкоза
Қадам Жауап эталоны
Оптимальді препарат таңдау Адреналина гидрохлорид
Рецепт жазу     Rp.: Solutionis Adrenalini hydrochlоridi 0,1% - 1 ml Da tales doses numero 10 in ampullis Signa. 1 мл тері астына.  
Қандай фармакологиялық топқа жататынын көрсету Альфа және бета адренорецепторлардың агонисті
Әсер ету механизмін сипаттау.   a- және b-адренорецепторларды қоздырады, қандағы глюкозаның мөлшерін жоғарлатады және тіндік алмасуды күшейтеді.
Қолдану көрсеткіштері   Мөлшерден тыс инсулин салдарынан гипогликемиялық кома  
Жанама әсерлері. Жүректің қағуы, тремор, АҚ жоғарлауы, мазасыздық
Рациональды біріктірілуі   Адреналина гидрохлорид + глюкоза

Ас қорыту жүйесі» модулі

Нұсқа

Жағдайлық есеп (Асқазанның ойық жарасы)

Науқас Д. 39 жаста қабылдау бөліміне эпигастри аймағындағы ауырсынуға шағымданып түсті, басының айналуы байқалады, дәрігерге келер алдында «кофе түстес» құсық болған.

1. Қандай ең әсерлі антисекреторлы препарат, дәрі тегі түрінде шығарылады және науқасқа тағайындауға болады?(омепразол)

2. Пациентке тағайындалған қандай препараттың антисекреторлы әсері белсенді сульфенамид метаболитіне байланысты?(омепразол)

3. Қандай ең әсерлі Н2 – гистаминді рецепторлардың тежегіштерін науқасқа тағайындауға болады? (фамотидин)

4. Науқасқа тағайындалған қандай препараттың антисекреторлы әсері n.vagus-тың белсенділігін тежеумен байланысты? (пирензепин)

5. Қандай таңдамалы Д2 рецепторлардың тежегіштері дуоденальды клиренсті жақсартады, асқазан құрамының эвакуациясын жеңілдетеді және науқасқа тағайындауға болады? (домперидон)

6. Егер науқаста H.pylori анықталса паразитке қарсы және антихеликобактерлы әсері бар, қандай микробқа қарсы препарат тағайындалу мүмкін? (метронидазол)

7. Егер науқаста уреазды тест оң болса қандай антибиотик, бактерияның 50 – S суббірлігін тежейді, транслокация үрдісін тоқтатады Helicobactor pylori эрадикациясына байланысты біріктірілген терапия құрамына кіреді? (кларитромицин)

 

Нұсқа

Жағдайлық есеп (он екі елі шектің ойық жара ауруы, пилоростеноз)

Науқас Иванов С.В., 45 жаста қабылдау бөліміне эпигастрии аймағындағы ауырсынуға шағымданып түсті, мезгіл-мезгіл құсуына, арықтауына, ішінің кебуіне шағыданады.

1. Қандай препарат асқазанның париетальды экзокриниоцитдерінде Н+К+-АТФ азаның белсенділігін тоқтатады, тұз қышқылдың сөңғы өндірілу кезеңін тежейді және осы жағдайда тағайындалу мүмкін? (омепразол)

2. Қандай ең әсерлі Н2 – гистаминді рецепторлардың тежегіштерін науқасқа тағайындауға болады? (фамотидин)

3. Шеткері әсері бар қандай прокинетикті науқаста ауру симтомдарын басу үшін тағайындау қажет? (домперидон)

4.Егер науқаста H.pylori анықталса паразитке қарсы және антихеликобактерлы әсері бар, қандай микробқа қарсы препарат тағайындалу мүмкін? (метронидазол)

5. Қандай қорғалған жартылай синтетикалық пенициллинді тағайындауға болады, егер науқаста H.pylori анықталса? (амоксиклав)

6. Науқасқа тағайындалған қандай антацидты затты қабылдағанда іш қату байқалуы мүмкін?(алмагель)

7. Базальды және белсендірілген асқазан сөлін тежейтін, сілекей бездеріне, жүрекке минималды дозада әсер көрсететін қандай таңдамалы М-холиноблокаторды науқасқа тағайындауға болады? (пирензепин)

8. Қандай препарат, ойық жара беткейінде қорғаныш жамылғы түзеді, H.pylori өсуін тежейді және простагландиндердің синтезін белсендіреді ? (де-нол)

 

Нұсқа

Жағдайлық есеп

Науқас Дроздова Р., 29 жаста, эпигастрии аймағындағы ауырсынуға , жүрекм айну, құсу, мазасыздануына шағымданады.

1. Пациентке тағайындалған қандай препараттың антисекреторлы әсері белсенді сульфенамид метаболитіне байланысты?(омепразол)

2. Қандай ең әсерлі Н2 – гистаминді рецепторлардың тежегіштерін науқасқа тағайындауға болады? (фамотидин)

3. Науқасқа тағайындалған қандай препараттың антисекреторлы әсері n.vagus-тың белсенділігін тежеумен байланысты? (пирензепин)

4. Егер науқаста H.pylori анықталса паразитке қарсы және антихеликобактерлы әсері бар, қандай микробқа қарсы препарат тағайындалу мүмкін? (метронидазол)

5. Шеткері әсері бар қандай прокинетикті науқаста ауру симтомдарын басу үшін тағайындау қажет? (домперидон)

6. Қандай препарат асқазанның париетальды экзокриниоцитдерінде Н+К+-АТФ азаның белсенділігін тоқтатады, тұз қышқылдың сөңғы өндірілу кезеңін тежейді және осы жағдайда тағайындалу мүмкін? (омепразол)

Нұсқа

Жағдайлық есеп (соз.холецистит)

Науқас Искакова М.Т., 60 жаста, оң жақ қабырға астындағы ауырсынуға, жалпы әлсіздікке, аққабықтың сарғыштығына, ашушаңдылыққа, метеоризмге шағымданып түсті.

1. Қандай спазмолитикті науқасқа тағайындау қажет? (дротоверин)

2. Қандай спазмолитик – метильды топтың донаторы, науқасқа тағайындалу қажет?(дротоверин)

3. Қандай миотропты әсер ететін спазмолитик, ОЖЖ өтпейді бұл жағдайда қолдану мүмкін?(дротоверин)

Нұсқа

Жағдайлық есеп

Больной Прохоров И., 45 лет предъявляет жалобы на кратковременные боли в эпигастрии, головокружение, шум в ушах. Накануне был дважды неоформленный черный стул.

1. Қандай ең әсерлі антисекреторлы препарат, дәрі тегі түрінде шығарылады және науқасқа тағайындауға болады?(омепразол)

2. Қандай ең әсерлі Н2 – гистаминді рецепторлардың тежегіштерін науқасқа тағайындауға болады? (фамотидин)

3. Қандай таңдамалы Д2 рецепторлардың тежегіштері дуоденальды клиренсті жақсартады, асқазан құрамындағының эвакуациясын жеңілдетеді және науқасқа тағайындауға болады? (домперидон)

4. Қандай препарат, ойық жара беткейінде қорғаныш жамылғы түзеді, H.pylori өсуін тежейді және простагландиндердің синтезін белсендіреді? (де-нол)

5. Егер науқаста уреазды тест оң болса қандай антибиотик, бактерияның 50 – S суббірлігін тежейді, транслокация үрдісін тоқтатады Helicobactor pylori эрадикациясына байланысты біріктірілген терапия құрамына кіреді? (кларитромицин)

6. Базальды және белсендірілген асқазан сөлін тежейтін, сілекей бездеріне, жүрекке минималды дозада әсер көрсететін қандай таңдамалы М-холиноблокаторды науқасқа тағайындауға болады? (пирензепин)

Қадам Жауап эталоны
Оптимальді препарат таңдау Омепразол
Рецепт жазу   Rp.: Omeprazoli 0,01 (0,02 г.) D. t. d. № 14 in capsulis gelatinosis S. 2 капсуладан таңертең және кешке тамақ ішу кезінде   # Rp.: Tabulettam Omeprazoli 0,02 (0,04 г.) D. t. d. № 14 S. 1 табл. таңертең және кешке тамақ ішу кезінде
Қандай фармакологиялық топқа жататынын көрсету Антисекреторлы зат.  
Әсер ету механизмін сипаттау.   Протонды помпаның тежегіштері (Н+К+-АТФ-аза)
Қолдану көрсеткіштері   Асқазаның және 12-елі шектің ойық жара ауруы.
Жанама әсерлері. Диспепсиялық бұзылыстар, бауырдың қызметінің бұзылысы, асқазан ішек кандидозы.
Рациональды біріктірілуі   Омепразол + антибиотиктер+антибактериальды заттар Омепразол + антацидты зат (бөлек) Омепразол + спазмолитик
Қадам Жауап эталоны
Оптимальді препарат таңдау Дротаверин
Рецепт жазу   Rp.: Sol. Drotaverini 2 % - 2 ml D. t. d. № 10 in ampullis S. 2 мл б/е # Rp.: Tabulettam Drotaverini 0,04 (0,08 г.) Da tales doses № 20 S.1 таблеткадан күніне 2-3 рет
Қандай фармакологиялық топқа жататынын көрсету Спазмолитик
Әсер ету механизмін сипаттау.   Жазық бұлшықетке тікелей әсер етеді.
Қолдану көрсеткіштері   Асқазаның ойық жара ауруы
Жанама әсерлері. Парентеральды енгізгенде күю сезімі, бас айналу, жүрек қағу.
Рациональды біріктірілуі   Дротаверин + антисекреторлы зат
Қадам Жауап эталоны
Оптимальді препарат таңдау Домперидон
Рецепт жазу   Rp.: Suspensionis Domperidoni 0,1 % - 200 ml D.S. 1 десерт қасықтан (10 мг) тамақ алдында күніне 3 рет # Rp.: Tabulettam Domperidoni 0,01 Da tales doses № 30 S. 1 таблеткадан тамаққа дейін 30 мин кейін күніне 3-4 рет  
Қандай фармакологиялық топқа жататынын көрсету Прокинетик
Әсер ету механизмін сипаттау.   Селективті Д2-рецепторлардың блокаторы
Қолдану көрсеткіштері   Ойық жара ауруы кезінде симптоматикалық зат.
Жанама әсерлері. Бас ауруы, бас айналу, ауыздың құрғауы, іш қату.
Рациональды біріктірілуі   Домперидон + антисекреторлы зат
Қадам Жауап эталоны
Оптимальді препарат таңдау Пирензепин
Рецепт жазу   Rp.: Sol. Pirenzepini 0,5 % - 2 ml D. t. d. № 5 in ampullis S. 2 мл б/е # Rp.: Tabulettam Pirenzepini 0,05 D. t. d. № 50 S 1 таблеткадан таң ертең және кешке
Қандай фармакологиялық топқа жататынын көрсету Антисекреторлы зат
Әсер ету механизмін сипаттау.   Селективті М-холиноблокатор.
Қолдану көрсеткіштері   Асқазаның және 12-елі шектің ойық жара ауруы.
Жанама әсерлері. Ауыздың құрғауы, аккомодацияның бұзылысы, іш өту немесе іш қату.
Рациональды біріктірілуі   Пирензепин+ антацидтер (бөлек) Пирензепин+ спазмолитиктер Пирензепин+антибиотиктер
Қадам Жауап эталоны
Оптимальді препарат таңдау Алмагель
Рецепт жазу     Rp.: Suspensionis Almageli 200 ml D.S. 1 шай қасықтан тамақтан 1,5 сағаттан кейін және ұйқы алдында күніне 3-6 рет  
Қандай фармакологиялық топқа жататынын көрсету Антацидты зат.
Әсер ету механизмін сипаттау.   Асқазанда бос тұз қышқылын бейтараптайды, асқазан сөлінің пептикалық белсенділігін төмендетеді.
Қолдану көрсеткіштері   Асқазаның және 12-елі шектің ойық жара ауруы.
Жанама әсерлері. Іш қату, остеомаляция, гиперкальциурия, гипофосфатемия, гипермагниемия.
Рациональды біріктірілуі   Альмагель + антисекреторлы зат.
Қадам Жауап эталоны
Оптимальді препарат таңдау Де-нол
Рецепт жазу     Rp.: Tabulettam De-Nol 0,12 D. t. d. № 48 Signa 1 таблеткадан күніне 3 рет тамақ алдында және 4-ші рет ұйқы алдында 2 сағат тамақтан кейін  
Қандай фармакологиялық топқа жататынын көрсету Гастропротекторлы зат.
Әсер ету механизмін сипаттау.   Цитопротективті механизмдердің белсенділігін күшейтеді, простагландин Е2 синтезін және бикарбонаттардың түзілуін жоғарлатады.
Қолдану көрсеткіштері   Асқазаның және 12-елі шектің ойық жара ауруы.
Жанама әсерлері. Жүрек айну, құсу, энцефалопатия.
Рациональды біріктірілуі   Де-нол + антисекреторлы зат.
Қадам Жауап эталоны
Оптимальді препарат таңдау Метронидазол
Рецепт жазу   Rp.: Tabulettam Metronidazoli 0,5 (0,2; 0,25; 0,4; 0,6 г ) D. t. d. № 20 Signa 1 таблеткадан күніне 2-4 рет тамақ алдында немесе тамакпен бірге.  
Қандай фармакологиялық топқа жататынын көрсету Имидазол тобындағы антибактериальды зат.
Әсер ету механизмін сипаттау.     Метронидазолдың нитротобы цитотоксикалық компоненттерді түзіп, электронды акцепторы болып табылады, ол ДНҚ және ақуызбен байланысып жасушаның өлеттенуіне әкеледі.
Қолдану көрсеткіштері   Асқазаның және 12-елі шектің ойық жара ауруы.
Жанама әсерлері. Диспепсиялық бұзылыстар, бас ауруы, бас айналу, атаксия.
Рациональды біріктірілуі   Метронидазол + антисекреторлы зат.
Қадам Жауап эталоны
Оптимальді препарат таңдау Фамотидин
Рецепт жазу     Rp.: Tabulettam Famotidini 0,04 (0,02 г) D. t. d. № 30 Signa 1 таб.күніне 1рет ұйқы алдында  
Қандай фармакологиялық топқа жататынын көрсету Антисекреторлы зат.
Әсер ету механизмін сипаттау.   Н2-гистаминоблокатор
Қолдану көрсеткіштері   Асқазаның және 12-елі шектің ойық жара ауруы.
Жанама әсерлері. Бас ауруы, бас айналу, диарея немесе іш қату.
Рациональды біріктірілуі   Фамотидин+ антацидтер (бөлек) Фамотидин+ антибиотиктер Фамотидин+ спазмолитиктер
Қадам Жауап эталоны
Оптимальді препарат таңдау Амоксиклав (амоксициллин+клавулан қышқылы)
Рецепт жазу   Rp.: Tabulettas «Amoxyclav» numero 15 Da. Signa: 1 табл. күніне3 рет. (0,375; 0,625; 1,0)
Қандай фармакологиялық топқа жататынын көрсету Жартылай синтетикалық пенициллиндер тобындағы қорғалған β-лактамды антибиотик.
Әсер ету механизмін сипаттау.   Бактерияның жасуша қабырғасының синтезін бұзады
Қолдану көрсеткіштері   Тыныс алу жолдарының инфекциясы H.pylori эррадикациясының кестесінде Бүйрек және НШЖ инфекциясы  
Жанама әсерлері. Диспепсиялық бұзылыстар
Рациональды біріктірілуі   Амоксиклав+кларитомицин Амоксиклав +метронидазол
Қадам Жауап эталоны
Оптимальді препарат таңдау Азитромицин Кларитромицин
Рецепт жазу   Rp.: Tabulettam Azithromycini 0,5 D. t. d. № 3 S. 1 таблеткадан күніне 1 рет # Rp.: Tabulettam Claritromycini 0,25 D. t. d. № 14 S. 1 таблеткада күніне 2 рет
Қандай фармакологиялық топқа жататынын көрсету Жартылай синтетический азолидтер тобындағы макролидті антибиотик
Әсер ету механизмін сипаттау.   Рибосоманың 50S суббірлігімен байланысады, жасуша ішілік ақуыз синтезін бұзады.
Қолдану көрсеткіштері   Тыныс алу жолдарының инфекциясы H.pylori эррадикациясының кестесінде
Жанама әсерлері. Аллергиялық реакциялар. Диспепсиялық бұзылыстар.
Рациональды біріктірілуі   Макролидтар + амоксиклав Макролидтар + метронидазол

«Несеп жыныс жүйесі» модулі

Нұсқа



Просмотров 3346

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!