Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Онақ үйдің бағыты мен функциясы



Қонақжайлылық индустрияның бірден-бір құраушысы қонақ үйде орналастыру құралы болып табылады.

Қонақ үй – ол жиһаздалған үй, қонақтарды қабылдау мен олардың қонуына арналған, келесі мақсаттардың біреуіне баруға болады: іскерлік, конгрестік, демалыстық, ойын-сауық, тану, саудалық миссия, этникалық, діни-таным, емделу және спорттық мақсаттар.

Қонақ үйдің негізгі белгілері нөмірлердің болуы мен қосымша қызметтермен бірге жүретін қызметтер болып табылады.

Қонақ үйдің негізгі функциялары:

1. Қонақтарды жатын орындармен қамтамасыз ету.

2. Қонақтарды тамақтандырумен қамтамасыз ету.

3. Толыққанды демалу үшін жағдайлау жасау.

4. Клиенттің тұруына байланысты қосымша қызметтер көрсету.

 

Қонақ үйлерде қосымша қызметтерге спорттық залдар мен құралдар, сауықтыру комплекстері, шаштараздық қызметтер, химиялық тазалау, тұрмыстық, ойын-сауық қызметтер жатады.

Қонақ үй келесі қағидаларға сәйкес болу қажет:

- Эргономиялық, яғни, жайлылық пен ыңғайлылық, қызметтің адам қажеттілігіне психикалық және психологиялық сәйкес келуі;

- Эстетикалық, яғни, ғимарат сәнді безендірілуі керек, қазіргі заманғы сән мен тұтынушылардың талаптарын ескеруі;

- Қонақ үй қала мен мекенжайдың жалпы ансамблін сақтай отырып, қоршаған ортамен үйлесімді болуы керек;

- Қонақ үй мәртебесін ерекшелейтін безендірілген қонақ үйдің алды, жарнаманың орналасуы, қонақ үйлік сауда орталықтарының көрмелері, жарықтандыруды қамтамасыздандыру арқылы жарнама жасау;

- Қонақ үй ғимараты техникалық, санитарлы-гигеналық, экологиялық нормативтер мен ұсыныстарға сәйкес болу;

- Қонақ үй персоналы қонақ жайлы, білікті және дәлелді болу керек.

Қонақ үй ғимаратын көптеген белгіге байланысты айырады: қонақ үй түрі, сиымдылығы қабаттылығы, бағыттылығы, пайдаланылымдығы.

Функционалды бағытына қарай қонақ үйде вестибюльдің орналасу тобын; қонақтардың тамақтану орны, сауда-тұрмыстық қызмет көрсету орындары,спортпен шұғылдану орны, ойын-сауық, қонақтардың қызметі, қызметтік және тұрмыстық орындар; техникалық орындармен бөліп көрсетеді. Вестибюль орындарының тобы – ол қонақ үйдің ең маңызды орындарының бірі. Вестибюль қонақтардың кездесулеріне бағытталған, ол жерде кейбір жұмыстарды бөлу және қайтадан бөлу функциялар жүзеге асады.

Қонақ үйдің тұрғын бөлігі келушілердің қоатын орнын құрайды, яғни бұл нөмірлер жайлы және ыңғайлы тұруға және тазалықты ұстанымға айналған.

Мейрамханаларда, кафелерде, барларда және басқа тамақтанатын орындарда тамақтанумен қоса қонақтар думандата және әңгімелесе алады.

Ойын-сауық орындарына келесілер кіруі мүмкін: кино концерттік залдар, банкетті және билейтін залдар, дискотекалар, бассейндер, спорт залдары, теннистік корттар, кегельбан, сонымен қатар ойын бизнесінің кәсіпорындары және казино, ойын автоматтары, одан басқа іскерлік кездесулерге арналған орындар, оларға конференс-залдар кіреді, іскерлік және банктік операцияларға арналған бөлмелер, көрмелік залдар.

Саудалық – тұрмыстық қызмет көрсету орындар тобына жататындар: клиенттерге саудалық қызметте көрсететін кәсіпорындар, шаштараз,сән салоны, химиялық тазалау, суретке түсіру, ателье қызметтері.

Іскерлік - тұрмыстық қызмет көрсету орындары жұмыстық, тұрмыстық, персоналдың тамақтануы, шаруашылық және қосалқы қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.

Техникалық орналасуларда кондиционердің техникалық жағдайын бақылайтын қоқысты орталықтандырып шығару, телефон, сигнализация және басқада өмірді қамтамасыз ететін жүйелер қызметі орналасады.

Жалпы қонақ үйдің функциясын қажеттілік және маңыздылық деңгейіне қарай үш деңгейге бөледі.

Берілген сызбадан қонақ үйден ең маңызды функциясы болып қону, тамақтану, тұру функциялары жататынын көруге болады, қалған функциялары маңыздылық деңгейіне қарай екінші және үшінші деңгейлі болып дифференцияланған.

Қонақ үйдің функционалды аумағына қонақ үйлік ғимаратқа жалғасатын территория жатады. Ол клиенттер мен персоналды сыртқы ортамен байланеысын азайтады, клиенттер үшін қолжетімділікке жағдай жасалған. Бұл жағынан алып қарағанда транспорттық торапқа қатысты орналасуы да маңызды, ғимаратқа сәйкес жарнамалық безендірілуі қажет.

Қонақұ үйдің жанында қонақтардың демалу орындары, транспорттық тұрақ қарастырылған.

Қонақ үйлік шаруашылықтың негізгі сипаты – өзінің талаптарын клиенттік қатынастар арқылы кеңейту, оны анықтаушы қонақжайлылық функционалдық сапасы болып табылады. Ол субъекті мен объектінің сервистік құрылымын дамытуда, адамдардың әлеуметтік-мәдени көңіл-күйін тұрақтандыруда көрінеді.

Қонақ үйлік шаруашылықтың субъектісі - сервистік бағытталған құрылымды жүзеге асыратын кәсіби ұйымдастырушы.

Қонақ үйлік шаруашылықтың объектісі – қонақ үйдің нөмірінде уақытша тұратын келіп-кетуші.

Қонақ үйлік шаруашылықтың субъектілері қызметтің сервистік қызметін пайдалану, адамдардың уақытша тұруын жалығуды жеңетін сенімді және тиімді өлшемге айналдырады. Қонақ үйде пайда болатын жағдай мәдени-психологиялық тұрақтылыққа айналады, ол индивидтің өмірге бейімделу сапасын беріктеуге бағытталған.

 
 
Қонақ үй функциясы


 

Тамақтану
Өмір сүру
Жататын орын
1-деңгей

 

Демалу
Тұрмыстық қызмет
Ойын-сауық
2-деңгей

 
 


 

Емделу
Спорт
Іскерлік қызмет
3-деңгей

 

7-сурет – Қонақ үй функциясы

 

 

 
 
Қонақ үйдің қосымша қызметтері

 


               
 
Паспорт пен визаны рәсімдеу
 
Авиа және темір жол билеттерін сату
 
Валютаны айырбастау
 
 
Экскурсияларға жазылу
 
Музей, театр, концерттерге, стадионға билеттер сатып алу
 
Қажетті ақпаратты алу
   
 

 


Экскурсиялық жазылу
Пошталық қызметтер
Автокөлікті жалға алу

 

 
 

 


8-сурет – Қонақ үйдің қосымша қызметтері

Қонақ үйдің қосымша қызметтер спектрі әр қилы және ол қажеттіліктер пайда болу жағдайына қарап жаңаруы мүмкін.

Қонақ үйде орналастыру қызметін орындаудың негізгі жұмыстары:

- құжаттар негізінде қонақтарды қабылдау;

- қонақтардың тұруын рәсімдлеу;

- тұру орнын анықтау;

- тұру мерзімін анықтау;

- тұруға қажетті қаражатты алу;

- қонаққа карта мен кілтті беру;

- шығуды рәсімдеген кезде көрсетілген қызмет үшін ақша алу, клиенттің кілт пен картаны қайтаруы;

- өтінімді жинау, қонақ үйде орынды сақтап қою.

«Қонақжайлықтың индустриясы» көптеген және әр түрлі кәсіпкерлік формалар үшін жинақылық мәнде болады, олар қонақтарға қызмет көрсету және оларды күтумен байланысты нарық қызметіне маманданған. Осы облыстағы барлық қызметтерді қамтитын қызмет тізімі жоқ. Онымен қоса келксі негізгі бағытты көрсетуге болады: қоғамдық тамақтану, орналастыру, тасымалдау және демалыс (рекреация).

Қонақ үй қонақжайлылық индустрияның қосалқы бөлшегі болып табылады, ол өз кезегінде аса ірі туризм индустриясына жатады. Қонақ үйдің ең негізгі функциясы мерзімді тұрғын үймен қамтамасыз ету болып табылады.

Қызмет көрсетудің осы 4 бағыты ҚР қонақжайлық индустрияснсң бейнесін көрсетеді. Тағы, «қонақжайлық» қағидасы сол төрт сфераны бір бүтінге біріктіреді, және оның жалпы детерминанты болып табылады.

Кәсіпкерлік қызметке орналастыру саласы әр қилы. Жыл сайын бұқаралық ақпараттар құралы, бұл қызмет көрсету сферасындағы (аясындағы) қызметтің формасы жайлы жаңа хабарлар береді. Мысалы, жүз жыл бұрын орналастыру кәсіпорындарының тек екі түрі болған: қоғамның жоғары жігіндегі өкілдеріне арналған салтанатты отельдер және кәдімгі аулалар басқалардың барлығына арналған.

Қазірге таңда, саяхатшы орналастыру кәсіпорындарының әр түрлі формалары және олардың сан алуан түрлерімен кездеседі, (жоғары кластағы отель мен экономикалық кластағы қонақ үйлер және моткльдер мен кемпингтерге дейінгі).

Отельдерді сонымен қатар олар айқындайтын орналасу жөніне бағасы мен қызмет көрсету түріне қарай классификациялауға болады.

Бағасына қарай отель нөмерлері бюджеттік ($25-$35), экономикалық($35-$55), орташа ($55-$95), бірінші кластық ($95-$195), аппартаментті ($65-$125), фешенбальды ($125-$425).

Орналасту жеріне қарай олар орталықтанған (қаланың орталығында орналасқан), курортты (курортты мекен-жайда), казино (ойын-сауық бизнес орталығының бірінде), аэровогзалды (аэропорт маңында), автодаңғылдық (автодаңғылда) болып бөлінеді.

Классификацияның басқада критерийлері бар, мысалы, пайдалану шарты: таймшер, кондоминиум, ұзақ мерзімге тұрақтану, конференцияларды жүргізу үшін, орталықтандырылған қонақ үйлер өзінің орналасу жөніне байланысты қызметпен келгендерге де, ойын-сауық үшін келгендерге де ынғайлы. Олар фэшенебальды, орташа, экономикалық, апартаментті де болуы мүмкін, ұзақ мерзімді тұрақтану үшін де, қысқа мерзімді тұрақтану үшінде ыңғайлы. Олар тұрақтану мен қызмет көрсетудің әр-түрлі шарттарын ұсынады. Фэшенебплды қонақ үйлер тек өзінің әдемі интерьері ғана емес, сонымен қатар жоғары класты қызмет көрсету мен ерекшеленеді: вестибюлбде және қабаттарда меңгерушінің болуы, сән салоны, спорт залы, жүзу бассейіні, теннистік корт, билет кассасы, автокөлікті жалға беретін агенттік. Нөмірлерге қызмет көрсетуде тек даяшының қызмет көрсетуі ғана емес, сонымен қатар секретарьдің, медбикенің қызмет көрсетілуі ұсынылады, нөмірлерде компьютерді, факсты пайдалануға рұхсат беріледі. Әдетте отельде фирмалық мейрамхана, кафе, бар, демалуға арналған холлдар, конференц-зал, билейтін зал,кей жағдайда түнгі сауықтыруға арналған бөлмелерде болады.

Ләззаттануға арналған саяхат не мұхитты жағажайға, бейнелі тау аймақтарына жатты. Алғашында бұл курорттар белгілі бір аралығында ғана жұмыс істеді. Бірақ, автокөліктермен ұшақтар бөлек аудандарға қол жетімді болатындай жағдай жасаған соң, көптеген курорттар жыл бойы қызмет етті.

Аэрокзалды қонақ үйлерде, әдетте 200-300 нөмір болды, олар толық қызмет көрсету түріне жатты. Басқа уақыт кезеңіне бірден бейімделе қоймайтын қонақтар үшін, мейрамхананың жұмыс істеу мерзімі мен нөмірге қызмет көрсету түріне жатты. Басқа уақыт кезеңіне бірден бейімделе қоймайтын қонақтар үшін, мейрамхананың жұмыс істеу мерзімі мен нөмірге қызмет көрсету уақытын ұзартуға мәжбүр болады, көбінесе тәулік бойы жұмыс істейді. Аса арзанырақ қонақ үйлерде бұл функциялар саудалық автоматпен қамтылған. Аэровокзал аймақтарында орналасқан қонақ үйлер арасында бәсекелестіктің күшеюіне байланысты, олардың кейбіреуі кеңесіне арналған конференц-зал орнын жабдықтады. Ол аэропорт аймағынан алыстамай өз жұмысын қалаға барып келуге кететін уақытын үнемдеп шешетін іскер адамдарға арналған. 50-60 жылдардың автодаңғылдагы отель мен мотельдер айрықша бөлшегі болды. Мотельде көбінесе үлкен және кішкентай қалалар мен олардың шет жолында орналасады. Әдетте ол құрылыстар модульді конструкция, қызмет көрсететін персонал: 100 нөмірге 11 адам.

Сервис түрі бойынша отельдің классификациялар әдісі де белгілі: толық қызмет көрсету, экономикалық, ұзақ тұрақтанатын отельдер, аппартаменттер. Толық қызмет көрсететін отельдер қызмет көрсетудің толық ассоортиментін ұсынады, отельдерді сипаттағанда еске түседі: ресми және бей ресми кездесулерге қызмет көрсететін көптеген мауда нүктелері (мейрамханалар, кафе, барлар, демалу бөлмелері), банкет залдары, конференц-залдары, интернет.

Экономиялық және бюджеттік қонақ үйлер таза жиһаздалған және кең бөлмелерді ұсынады - толық қызмет көрсететін отельдердің фурнитуралық артық ештеңесі жоқ. Көп уақытта бөлмеге резерв жасайтын қонақтар уақыт мерзіміне қарай жеңілдіктер алады. Клиенттердің құрамы негізінен, тұрақтану орнын ауыстыратын бизнесмендер мен техникалық интеллигенция немесе жанұя. Бұл қонақ үйдегі қонақтарға плита мен асханалық қажеттілікпен қамтылған ас үйі беріледі. Тегін континенттік танғы ас пен кешкі коктейль холлда беріледі. Осындай түрде кейбір қонақ үйлерде бизнес-орталық пен дем алуға арналған бөлмелер бар.

Аппартаментті отелбдерде әдетті сондай бағалық диапазрндағы отельдерге қарағанда тұрғын ауданы 25%-ға басымырақ болады. Қосалқы ауданы әдетте креслосы, диваны және тағамға арналған қоймасы мен асханасы бар қонақ түрінде болады. Бұл қонақ үйлер өздерінің клиенттеріне үйдегідей жағдайлар мен қамтамасыз етеді.

Жолаушы немесе кемеге отырып саяхат жасайтын кемелер туристер арасында «жүзетін курорт! Ретінде белгілі. Олар курорттық отельдегідей кең ауқымды қызмет көрсетеді, әлемнің әр жерінен баруға мүмкіншілігі болатын қосымша артықшылығы бар. Емдеу профилактикалық ұйымдар, төсекпен қамтылған және ауру адамдарға және белгілі мерзімге реабилитациялық емдеу қызметін көрсетеді. Басты сипатта табиғи шипалы факторлардың емдік қасиетін пайдаланады (климатты, минералды суларды, емдік қасиеті бар лайды және т.б.). Олардың іс жүзінде курортпен емдік сауықтыру орындарда барлығы бір немесе көп профильді болуы мүмкін.

Қонақ үй қызметін орналастыру ерекшеліктері. Қонақ үй қызметін ұйымдастыруда, кәсіпорын ұйымдастырушылық құрылымын дұрыс құру өте маңызды- ол менеджменттік әкімшілік – иерархиялық жүйесі ( 9-сурет).

Ол келесілерді қамтиды: қонақ үй иеленушісі, Бас директор, қабылдау қызметінің менеджері, маркетинг бөлімі, әкімшілік – шаруашылық бөлімінің менеджері, коомерциялық бөлімінің директоры, тамақтану қызметінің директоры, қаржылық директор, бас инжинер, сатып алу бөлімінің директоры, персонал жөніндегі менеджер және ІТ – бөлімінің менеджері.

Қонақжайлылық индустриясы компанияларында қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін жұмысшылардың басты функцияларының тиімді өзгеруін қамтамасыз ететін, олардың есеп беру бағыныштылығын анықтайтын ұйымдастырушы құрылымын жасап шығарылуы қажет.

Менеджерлер компания қызметкерлерінің қызметі мен мінез-құлқына деген дұмысты ұйымдастыру әдісітері және ұйымдастыру құрылымын анықтау қажет. Сонымен қатар, құрылым тиімді коорпаративтік стратегияның басты коомпоненті болып табылады.

Бас директор Отельдің бірінші тұлғасы болып табылады және оның өз функциияларын орындау үшін талап етеілетін барлық құзіреттері болады. ОЛ отельдің стильін анықтайды. Бас директордың алдында екі ауқымды міндеттер тұр:

 

       
 
 
   

 


9-сурет – Қонақ үйдің ұйымдық құрылымының үлгісі

1. Қонақтардың барлық сұраныстарын қанағаттандыруға және осылайша оларды олардың қонақ үйге қайта келуін қарастыруға бағытталған отельді басқару.

2. Отельдің пайдалылығын қамтамасыз ете отырып, оның иемденушілері (акционерлері) алдында міндеттерін орындау.

Бас директормен қонақ үйдің персоналын жедел басқару, өзіне бағыныштылардың жұмысын бақылау және проблемаларды шешу дүзеге асырылады. Сонымен қатар, ол басқарудың стратегиялық міндеттерінің қамтамасыз етілуіне- бюджетті қонақ үй иемденушілеріне ұсыну және осы бюджетті ары қарай атқаруға, жоспарларға қол жеткізу стратегияларын көрсете отырып, қонақ үйдің дамуының қысқа және қысқа мерзімді жасап шығаруға жауап береді.

Бас директор жазалау мен мадақтау шараларын жасап шығаруға және оның орындалуын бақылауға жауап береді, сонымен қатар ол персоналдың еңбек пен демалысының қалыпты жағдайларын қамтамасыз етуі қажет.

Қаржы директоры. Үлкен қонақ үйлерде қаржы директорының функциялары ағымдық басқарудан бөлек болады.

Қаржы директорының қарамағына бухгалтерия кіреді, оның функцияларына қаржылық жоспарды жасап шығару, бухгалтерия бөлімінің жұмысын бақылау отельдің барлық қызмет айрысулары кіреді.

Қарожы депортаменті келесіде операцияларды жүргізеді:

- Қонақтарды саны бойынша есептеу;

- Әрбір табысты бөлімше бойынша күнделікті табыстарды есептеу;

- Бас директорға күнделікті есепті құрастыру, ол есепте бөлімшелер бойынша табыстар, отельдің жүктемесі және қонақ үй қызметінің басқа да көрсеткіштері көрсетіледі;

- Отельдің шығындары бойынша есеп айрысулар;

- Жалақыны аудару және төлеу;

- Қаржылық (сыртқы пайдаланушылар үшін) және басқарушылық (ішкі пайдаланушылық) есепті жүргізу;

Қабылдау және орналастыру қызметі ( Front office).Бұл бөлімге консьерждер, швецарлар, жүкті жеткізушілер, паждар, телефон операторлары, администраторлар, қабылдау бойынша агент сияқты қызметкерлер кіреді. Бұл бөлімді Front office manager менеджер басқарады.

«Front office» - бұл қонақ үйдің басты функті, қонақты қабылдау және онымен қоштасу орны. Қонақ үшін «Front office» - бұл отельдің көрінісі және тіпті көбінесе қонақтың отельмен байланысы «Front office» бағанында персоналмен әңгімелесу мен шектеледі. Бұл бөлімнің қызметкерлері отель туралы, қаланың көрнекті жерлері мен қала бойынша қозғалыс туралы, театрлардың, музейлердің, концерт залдпрының күнтізбектері туралы барлық ақпаратты білулері қажет.

Қабылдау және орналастыру (reception) бөлімінің негізгі функциалары болып қонақтарды тіркеу, нөмірлерді үлестіру, қонақтарды орналастыру мен шығарып салу және оларға көптеген қосымша қызметтер көрсету табылады. Қабылдау қызметі отельдің холында орналасады.

Қабылдау және орналастыру бөлімінің администраторы тікелей қонақтарды орналастыру мен оларды тіркеумен айналысады. Қонақтардың сұраныстары мен арыздарын қабылдайды және сәйкес қызметтерді сол мәліметтер туралы ақпараттандырады. Бұл қызметтер отельдегі қонақтардың ыңғайлы жүріс-тұрысы үшін жауапты болатын отельдің барлық қызметкерлерінің жұмысын бақылайды.

Консьерж – театрлар мен музейлерге билеттерге тапсырыс берумен, таксиге тапсырыс берумен және басқа да сол сияқты жұмыстармен айналысады. Консьерж, сонымен қатар келесідей қонақ үй лоббинің барлық қызметкерлерінің жұмысын қадағалайды: швейцарлар, жүкті жеткізушілер, паждар мен лифтерлар.

Швейцар (doorman) қонақты күтеді, есікті ашады, такси шақырады, машиналардың орналасуын басқарады, қонаққа жүгін түсіруге көмектеседі, жүкті күзетеді және оны жүкті жеткізушілерге береді, олар ол жүкті қонақ үйге кіргізіп, нөмірлер бойынша үлестіреді.

Паж (bellboy) қонақты нөмірге дейін ертіп барады, оның қол жүгін алып жүреді, нөмірді ашады, оның дайындығын тексереді, қонаққа нөмірдің құралдарын қолдану ережелерін түсіндіреді, сонымен қатар нөмірлер бойынша корреспонденцияны жеткізеді және жеткізушінің басқа да функцияларын атқарады.

Телефон опаераторы кіріс және шығыс қоңырауларын үлестіру мен айналысады, сонымен қатар келіссөздердің өз уақытылы төленуін қадағалайды. Ол сонымен қатар қонақтарды оятады және де қонақ үй қонақтарының сұрақтарына жауап береді.

Тапсырыс беру бөлімі нөмірлерді резервілеу мен айналысады. Тапсырыстар әр түрлі каналдар бойынша келеді: телефон, факс, электронды почта арқылы.

Шаруашылық қызмет(Housekeeping).Бұл бөлімшенің менеджері барлық отель мен оның нөмірлерінің тазалығы үшін жауап береді. Сонымен қатар менеджер кір жууды басқарады. Бұл бөлімге күтушілер, ұмытылып қалып кеткен заттар бөлімі және кір жуу қызметкерлері кіреді.

Күтушілер отельді және нөмірлерді жинастыруға жауапты. Әрбір күтушіге өз ауысымын да сәйкес территория бекітіледі, нөмірлерді ғана жинастырмайды сонымен қатар қызмет орындарын, мейрамханаларды және т.б. жинастырады.

Ұмытылып қалып кеткен заттар бөлімі отель қонақтарының барлық ұмытылып қалып кеткен заттары үшін жауапты, олар журналдарға тіркеледі де қоймада сақталады.

Кір жуу қызметі қонақтар мен берілген заттардың тазалығы үшін жауапты. Сонымен қатар бұл бөлім қызметкерлері отельдің барлық бөлімшелерінің информаларының тазалығы үшін жауап береді.

Коммерциялық бөлім (Sales & Marketing department).Бұлардың қызметінің негізгі мақсаты отель жүктемесінің коэфициентінің артуында. Отельдің көлемі мен жұлдызшасына байланысты бұл қызметте шамамен 3-10 қызметкер жұмыс істейді. Бұл бөлімшенің міндеттеріне қонақ үйдің табысы артатын сегментті анықтау, клиенттің профилін құрастыру кіреді. Бөлім жарнамалық компанияларды ұйымдастыруға, «Front office» бөлімі үшін отель жүктемесінің күнделікті болжамдарын дайындауға жауап береді, отель қонақтарының қанағаттану дәрежесіне талдау жүргізеді. Берілгендер қонақтарды сұрастыру мен анкеталау жолымен алынады.

Бұл бөлімнің маңызды міндеттерінің бірі отельдің баға саясатын анықтау болып табылады. Қонақтар үшін ынталандыру саясатын анықтайды. Отельдің барлық қызметтерінен жинақталатын берілгендео негізінде коомерциялық бөлім менеджерлері отельдің жағдайын анықтайды.

Тамақтану бөлімі ( F & B department ). Бұл бөлім тамақтануды ұйымдастыру үшін жауап береді. Бұл бөлім менеджеріне – супер байзерлер бағынады. Бұл бөлімге мейрамханалардың даяшылары, бармендер, мейрамханалр хостестері, банкеттік қызмет, нөмірлерге қызмет көрсету қызметі кіреді.

Банкеттік қызмет банкеттерді, конференциялар мен семинарларды өткізуге тапсырыстарды қабылдау үшін, шұғыл банкеттеріне қызмет көрсету үшін жауап береді.

Нөмірлерге қызмет көрсету бөлімі қоақтарға нөмірлеріне, мини-барларына тамақ пен сусындарды жеткізу үшін жауап береді.

Инжинерлік техникалық бөлім. Қазіргі отельдер күрделі инженерлік құрал-жабдықтар мен кабельді теледидар мен және асхана құрал-жабдықтарымен жабдықталған. Бөлімді бас инжинер басқарады, оның қармағында сантехникалық және электрлік құралдардың күрделі емес бұзылуларын жөндеуге қабілеті бір қатар универсалды қызметкерлері болады. Құрал-жабдықты қүрделі жөндеу үшін отельмен құрал жабдықтаушының тікелей жабдықтаушысы мен сервистік қызмет көрсету келісім жасалады. Бөлім су, электр, газ шығындарының есебін жүргізеді, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Сатып алу бөлімі. Бөлімді сатып алу бөлімінің менеджері басқарады. Бөлімнің негізгі функциясы отельдің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етудің қажетті тауарларды сатып алу болып табылады.

Бөлімнің жұмысы жабдықтаушылар мен ұзақ мерзімді негізде жүргізіледі. Қандай да бір жабдықтаушы да қажет тауар болмаған жағдайда басқа жабдықтаушылар қолданады, яғни келісімшарт жасалмай бір реттік сатып алу жүргізіледі.

Сатып алу бөлімі отель бухгалтериясымен тығыз қарым-қатынастарда қызмет істейді, олар яғни бухгалтерия бағалардың сәйкестігін тексере отырып, бөліммен жұмсалатын қаражаттарды қадағалайды.

Бұл бөлімге сонымен қатар қоймалаушылар да кіреді, олар тауарлардың дұрыс сақталуы, берілуі және тапсырысы үшін жауапты.

Персонал бойынша бөлім (HR departmend).

Бөлімді HR manager басқарады. Бөлім қонақ үй персоналын таңдау мен, оқыту мен ынталандыру мен айналысады. Бұл бөлімнің негізгі функциялары:

- Қызметкерлерді таңдау. Персонал бойынша бөліммен отельдегі әрбір қызметтер үшін бірқатар талаптар жасап шығарылады Man power plan, бар онда маусымды ерекшеліктер (қыс,жаз), алдыңғы жылдар бойынша персонал қозғалысының статистикасы және т.б. ескеріледі.

- Қызметкерлерді оқыту. Қайта келгендерді оқыту, сонымен қатар жұмыс істеп келе жатьқан қызметкерлердің біліктілігін арттыру.

- Отельдің ынталандырушы бағдарламасын жасап шығару мен дүзеге асыру. Ынталандыру жүйесі жазалау жүйесі мен мадақтау жүйесінен тұрады. Бұл жүйенің бар болуы отельдің жұмысын біршама жақсартады.

- Қонақ үй қызметкерлерінің жеке істерін жүргізу. Жеке істерінде жұмысқа қабылданатын кездегі міндеттілердің басқа мансапты саты бойынша қызметкерлердің қозғалысы бойынша ақпараттар, өткізілген аттестациялардың нәтижелері жинақталады.

Қызмет функциясына, сонымен қатар қызметкерлерді жұмыстан босату функциясы , конфилктерді шешу және т.б. кіреді.

IT-бөлімі. Отельді басқарудыңавтоматтандырылған жүйесінің жұмысы бойынша жауап беретін бөлім. Бұл бөлімнің қызметкерлері қонақ үйдегі барлық телефонды және компьютерлік техниканың жұмыс қабілеттілігі үшін, интернеттің сапалы байланысы үшін, барлық бөлімдер арасында жергілікті байланыстың орнатылуы үшін жауап береді, отель қонақтарының компьютерлерінде қандай да бір проблемалар пайда болған жағдайда оларға көмек көрсетеді.

Қауіпсіздік қызметі («ҚҚ»). Бұл қызмет отель қонақтарын, олардың мүліктерін, отель қызметкерлерін, қандай да бір зияндардан отель мүліктерін қорғау үшін жауап береді. Бөлім қызметкерлерінің жауапқа тартуға, тексеруге және оның ғимаратына патруль жүргізеді, басты және қызметкерлердің кіру есіктеріне бақылау жасайды.

«ҚҚ» өрт, террористік акт, стихиялы апаттар болған жағдайда отель қонақтары мен қызметкерлерінің қауіпсіз эвакуациясын қамтамасыз етеді.

Қонқ үйлердің жіктелуі.Қонақ үйлерді олардың алуан түрлілігіне байланысты оларды жіктеу қиын. Қонақ үйлердің негізгі жіктеу белгілері:

1. Көлемі бойынша қонақ үйлер келесідей топтарға бөлінеді:

- 150 нөмірге дейінгілер:

- 150-ден 300 нөмірге дейінгілер;

- 300-ден 600 нөмірге дейінгілер;

- 600 нөмірден астамдары.

2. Мақсатты нарықтары бойынша қонақ үйлер былайша жіктеледі:

- Коммерциялық қонақ үйлер;

- Әуежайлар маңындағы отельдер;

- Люкс-отельдер;

- Курорт-отельдер;

- Жол бойындағы қонақ үй;

- Казино-отель;

- Тұрақтану орны;

3. Ұсынылатын қызметтердің деңгейі мен саны бойынша:

- Қызмет көрсетудің жоғарғы деңгейі – отельдер жоғары саяси және басқарушылық ортаның тұлғаларын сипаттайтын қонақтарды қабылдауға арналған;

- Қызмет көрсетудің орташа деңгейі – демалушылардың ең үлкен сегментіне арналған отельдер (150-200 нөмірлер).

- Қызмет көрсетудің шектеулі деңгейі – табысы онша жоғары емес тұлғаларға арналған.

4. Ғимарат нысаны мен ұсынылатын қызметтердің түрлері бойынша қонақ үйлер келесідей түрлерге бөлінеді:

- Флайтель – әуе қонақ үйі, үлкен көлемімен жоғары сапалы қызметтерді көрсетумен ерешеленеді, самолетке арналған миниәуежайы немесе отырғызу алаңы бар;

- Ботель – бұл шағын ғана суда орналасқан қонақ үй, шағын көлемді кеме және демалыс қызметтері;

- Мотель – ең қажетті ғана қызметтерді көрсететін жол бойындағы шағын ғана қонақ үй;

- Кемпинг – палатка немесе шағын коттедж сипатындағы қонақ үй , онда қызметтердің минималды саны ғана көрсетіледі;

- Ротель – екі немесе үш отсегі бар вагон тәрізді қонақ үй.

Әлемдік саяхаттау ұйымымен қолданылуға ұсынылған қонақ үйлердің стандартты жіктемесі 5- кестеде көрсетілген.

 



Просмотров 8293

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!