Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Тоспа суларды тазалауға арналған жұмыс өнімділігі төмен құрылыстар



 

9.2.7.1 Тоспа сулары біркелкі келмейтін, ластаушы заттарының температурасы мен концентрациясы төмен 5000 дейін балама тұрғыны бар елді мекендерден, бөлек тұрған кәсіпорындардан, вахталы ауылдардан, сауықтыру-рекреациондық және қонақ үй ұйымдарынан, әскері бөлімдерден, фермерлік шаруашылықтардан және т.с.с. шығатын тоспа суларды тазалау үшін тиісті тазалану нәтижесін көрсететін, уәкілетті мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық қадағалау органдарымен келісілген жинақы биологиялық тазалау (я болмаса, қолайсыз климат жағдайларында, я болмаса маусымдық жұмыс кезінде – физика-химиялық тазалау) қондырғыларын пайдалануға жол беріледі.

9.2.7.2 Жұмысқа адам күшін барынша аз қажет ететін және бүкіл жүйенің басқарылуы қарапайым, индустриалдық дайындығы жоғары тазалау құрылыстарын қолдану қажет. Тазалау құрылыстары:

- жұқа қабатты тұндырғылармен;

- көп камералы аэротенктермен;

- флототенктермен;

- тұнба мөлшерлемесі жоғары аэротенктермен;

- флотациялық тұнба айырғыштармен;

- шөгіндінің аэробты тұрақтандырғыштармен және т.с.с. жинақталуы мүмкін.

9.2.7.3 Тоспа суларды айдаудың және тазалаудың технологиялық процесстері барынша механикаландырылған және автоматтандырылған болуы тиіс.

9.2.7.4 Жұмыс өнімділігі аз су бұру жүйелерінің құрылыстарынан тұрғын үйлер салынған шекараға дейінгі, қоғамдық ғимараттар учаскелеріне дейінгі және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарына дейінгі санитарлық-қорғалған аймақтарды мұндай қысқаруды (құрылыстарды құрылыс нысанына қатысты жел тиетін жерге орналастыру, жабық құрылыстар орнату және т.б.) қамтамасыз ететін тиісті шаралардың ескерілуімен барынша рұқсат етілетіндей алу қажет.

9.2.7.5 Автономды жүйелердегі тоспа суларды алдын ала тазалау үшін 9.2.6-бөлімге сәйкес септиктерді пайдалануға болады.

9.2.7.6 Тоспа суларды физика-химиялық тазалау үшін төмендегі тәсілдерді қолдануға жол беріледі:

а) I - орташаландыру, коагуляция, тұндыру, сүзгілеу, зарарсыздандыру;

б) II - орташаландыру, коагуляция, тұндыру, сүзгілеу, озондау.

9.2.7.7 I тәсіл ОБТтол от 180 мг/л 15 мг/л дейін; II тәсіл қалған еріген органикалық заттарды тоспа суларды қатар зарарсыздандыру арқылы озонмен тотықтыру есебінен – 335 мг/л бастап, 15 мг/л дейін азаюын қамтамасыз етеді.

Реагенттер ретінде құрамында кем дегенде 15 % белсенді зат бар күкірт қышқылды алюминий, белсенді кремний қышқыл (БК), калицийленген сода, натрий гипохлоритін, озон пайдалану қажет.

9.2.7.8 I тәсілде сода мен озон қолданылмайды. Реагентьттердің мөлшерлемесі келесідей болуы керек:

- кікірт қышқылды алюминий 100 мг/л бастап, 110 мг/л дейін;

- БК 10 мг/л бастап, 15 мг/л дейін;

- хлор 5 мг/л (тұндырғыға әперілгенде) немесе 3 мг/л (сүзгінің алдында) болуы тиіс;

- озон 50 мг/л бастап, 55 мг/л дейін;

- күкірт 6 мг/л бастап, 7 мг/л дейін.

9.2.7.9 Тоспа сулардың аз мөлшерін тазалау үшін төмендегі қондырғыларды пайдалану қажет:

- жұмыс өнімділігі 3,0 мың м3/тәул дейін толық тотықтыру әдісімен жұмыс істейтін аэрациялық;

- жұмыс өнімділігі 0,2 мың м3/тәул бастап, 5,0 мың м3/тәул дейін артық белсенді тұнбаның тұрақтандырылуымен аэробты тұрақтандырылуымен аэрациялық;

- жұмыс өнімділігі 0,1 мың м3/тәул бастап, 5,0 мың м3/тәул дейін физика-химиялық тазалау.

Гидроциклондар

9.2.8.1 Тоспа суларды қалқымалы заттардан механикалық тазалау үшін ашық және арын гидроциклондарды пайдалануға жол беріледі.

9.2.8.2 Ашық гидроциклондарды гидравликалық ірілігі 0,2 мм/с артық қалқып шығатын және тұнбаға түсетін ірі дисперсті қоспаларды коагуляцияанған жүзіндімен бөліп алу үшін қолдану қажет. Арын гидроциклондарды тоспа сулардан ең алдымен, минералды тектес ірі дисперсті қоспаларды бөліп алу үшін қолдану қажет.

Гидроциклондар тоспа суларды ашықтандыру, шөгінділерді қоюландыру, әктас сүтті байыту, құмды органикалық заттардан, соның ішінде мұнай өнімдерінен жуу барысында пайдаланылуы мүмкін.

Тоспа суларды ашықтандыру кезінде көлемі шағын аппараттар тазаланудың жоғары нәтижесін қамтамасыз етеді. Минералды тектес шөгінділер қоюланғанда диаметрлері (150 мм артық) үлкен гидроциклондарды қолдану қажет.

9.2.8.3 Ашық гидроциклондар үшін меншікті гидравликалық жүктемені qhc, м3/(м2×сағ) мына формула бойынша анықтау қажет:

 

(9.22)

 

мұнда, u0 – талап етілетін нәтижені алу үшін бөліп алу керек болатын бөлшектердің гидравликалық ірілігі, мм/сек;

Khc – гидроциклонның типіне байланысты болатын және төмендегі гидроциклондар үшін тең келетін пропорционалдылық коэффициенті:

- ішкі құрылғыларсы 0,61 тең;

- конусты диафрагмамен және ішкі цилиндрмен 1,98 тең;

 

а) орталық шығулары бар көпқабатты:

 

(9.23)

 

мұнда, nti – қабаттардың саны;

Dhc – гидроциклонның диаметрі, м;

den – шығулардың кең жері орналасатын шеңбердің диаметрі, м;

 

б) ашықтандырылған судың шетінен алынумен көпқабатты:

(9.24)

 

мұнда, n'ti – қабат жұптарының саны;

dd – қабат жұбының орташа диафрагмасы саңылауының диаметрі, м.

 

9.2.8.4 Бір аппараттың Qhc, м3/сағ жұмыс өнімділігі, мына формула бойынша анықтау қажет:

 

(9.25)

9.2.8.5 Ашық гидроциклондардан бөлінген шөгіндіні гидростатикалық қысымның астында гидроэлеваторлармен немесе механикаландырылған құралдармен алып тастау керек. Бетіне қалқып шығтаын қоспаларды, майлар мен мұнай өнімдерін жартылай батырылған қалқамен ұстап қалу қажет.

9.2.8.6 Арын гидроциклондарды ұсталатын заттардың ірілігіне d немесе олардың тығыздығына байланысты есептеу қажет.

Гидроциклонның диаметрін Dhc 9.11-кесте бойынша анықтау қажет.

 



Просмотров 1336

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!