![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Тамшылы биологиялық сүзгілер
9.3.4.1 Тамшылы биосүзгілерге әперілетін тоспа сулар Len ОБТтол 220,0 мг/л артық болған уақытта тазартылған тоспа сулардың қайта циркуляциялануын қарастыру қажет; ОБТтол 220,0 мг/л және одан кем болған уақытта қайта циркуляциялау қажеттілігі есептеу жүргізіліп анықталады. 9.3.4.2 Тамшылы биосүзгілер үшін: - жұмыс биіктігін Hbf 1,5 м бастап, 2,0 м дейін; - гидравликалық жүктемені qbf 1,0 м3/(м2×тәул) бастап, 3,0 м3/(м2×тәул) дейін; - тазартылған судың Lex ОБТтол 15,0 мг/л алу қажет. 9.3.4.3 Тамшылы биосүзгілердің есебін жүргізген уақытта Len және Lex, мг/л, судың температурасы Tw белгіленген жағдайда qbf шамасын 9.13-кесте бойынша анықтау қажет. Мұнда, Кесте - Len және Lex, және су температурасы Tw болған кездегі Шамалардың qbf мәндері
Көп жүктелетін биологиялық сүзгілер. Аэросүзгілер 9.3.5.1 Аэросүзгілерге әперілетін тоспа сулар ОБТтол 300 мг/л аспау керек. ОБТтол көбірек болған жағдайда тазартылған тоспа сулардың қайта циркуляциялануын қарастыру қажет. Krc мына формула бойынша анықтау қажет:
мұнда, Lmix – ОБТтол бастапқы және циркуляцияланатын су қоспасы, Lmix мәні - 300,0 мг/л артық емес; Len, Lex – ОБТтол бастапқы және тазартылған тоспа суларға сай келеді. 9.3.5.2 Аэросүзгілер үшін: - жұмыс биіктігін Haf - 2,0 м бастап, 4,0 м дейін; - гидравликалық жүктемені qaf 10,0 м3/(м2× тәул) бастап, 30,0 м3/(м2× тәул) дейін; - ауаның меншікті шығымы qa - 8,0 м3/м3 бастап, 12,0 м3/м3 дейін, қайта циркуляцияланатын шығымның ескерілуімен алу қажет. 9.3.5.3 Аэросүзгілердің есебін жүргізген кезде qa және Haf белгілі болса, рұқсат берілетін шаманы qaf, м3/(м2×тәул) 9.14-кесте бойынша анықтау қажет. Мұнда, Қайта циркуляциялаусыз тазаланған уақытта аэросүзгілердің ауданын Faf, (м2) қабылданған гидравликалық жүктеме qaf, м3/(м2×тәул) мен тоспа сулардың тәуліктік шығымының Q, м3/тәул ескерілуімен есептеу қажет. Тоспа сулар қайта циркуляцияланумен тазаланған жағдайда аэросүзгінің ауданын Faf, м2 мына формула бойынша анықтау қажет: 9.3.5.4 Өндірістік тоспа суларды тазалау үшін биосүзгілерді 9.13- және 9.14-кестелері бойынша немесе тәжірибелік жолмен анықталатын тотықтыру қуаты бойынша есептеу қажет. 9.3.5.5 Биосүзгілерден шығарылатын артық биоүлбірдің мөлшерін: - құрақ затпен 8 г/(адам· тәул) – тамшылы сүзгілер үшін (ылғалдылық 96%); - 28 г/(адам· тәул) – аэросүзгілер үшін (ылғалдылық 96%) алу қажет. Кесте - Белгіленген qa және Haf кезіндегі рұқсат етілетін шамалардыі qaf, м3/(м2×тәул) мәні
![]() |