![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Тоспа суларды залалсыздандыру
9.5.1Шаруашылық-тұрмыстық ағын сулар мен олардың су объектілеріне тасталатын немесе техникалық мақсатта қолданылатын өндірістік тоспа сулармен қоспалары РНҚ 01.01.03, ӘН 2.1.5.732, ӘН 2.1.5.1183 және «Арнайы суды пайдалануға рұқсатты беру, оның күшін тоқтату ережелері» талаптарына сәйкес залалдануы тиіс. Залалсыздандыруды тоспа суларды биологиялық тазалаудан соң жүргізу қажет (немесе егер биологиялық тазарту қолданыла алмаса, физикалық-химиялық тазартудан соң). 9.5.2Тұрмыстық жәнеөндірістік тоспа суларды бірлестірген биологиялық тазарту, бірақ жеке механикалық тазарту кезінде негізделген жағдайда биологиялық тазалау құрылыстарына бермес бұрын суларды хлорлай отырып, механикалық тазартылған соң тек тұрмыстық суларды залалсыздандыруды қарастыруға рұқсат етіледі. 9.5.3 Су объектілеріне тасталатын ағын суларды залалсыздандыруды ӘН 2.1.5.732. сәйкес ультракүлгін (УК) сәулелендіруді жүргізу ұсынылады. 9.5.4 УК-сәулелендіру мөлшері тоспа суларды тазарту сипаты мен сапасымен анықталады, бірақ ол 30 мДж/см2 кем болмауы тиіс. Залалсыздандыруға бағытталған тазартылған суда өлшенген заттар мен ОБТ5 құрамы 10 мг/л, ХПК – 50 мг/л, 1 литрдегі термотолерантты колиформды бактериялар – 5×10-6, колифагтер – 5×10-4 БОЕ/л аспауы қажет. Көрсеткіштердің тым болмаса біреуі бойынша рауалы деңгейлерден асқан жағдайда нақты құрылыстар үшін сәулеленудің нақты мөлшерін анықтау және УК-сәулеленумен тиімді зарарсыздандыруды мүмкіндігінше қамтамасыз ету бойынша қосымша зерттеу жүргізу талап етіледі. 9.5.5 Негіздеме бойынша тазартылған су сапасына жоғары талаптар қойылған жағдайда залалсыздандыру үшін озонды қолдануға рұқсат етіледі. Озонды қолдана отырып залалсыздандырушы қондырғыларды жобалауды пайдаланушы қызметкерлердің еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының барлық талаптарын ескере отырып, ғылыми-зерттеу ұйымдарының және жабдықты дайындаушы-кәсіпорындардың ұсыныстары бойынша орындау қажет. 9.5.6 Су объектісіне тастамас бұрын залалсыздандырылған судың қайта хорлануын қамтамасыз еткен жағдайда, хлормен немесе басқа құрамында хлоры бар реагенттермен (хлорлы әкпен, ерітінді тұздары немесе минералдандырылған сулар электролизімен, тоспа сулардың тікелей электролизімен химиялық кәсіпорындардан өнім түріндегі алынатын натрий гипохлоридімен) залалсыздандыруға жол беріледі. 9.5.7 Белсенді хлордың есепті мөлшерін: - механикалық тазартудан соң 10,0 г/м3; - тұндыру тиімділігі 70% жоғары кезінде және толық емес биологиялық тазарту кезінде механикалық химиялық тазартудан соң 5,0 г/м3; - толық биологиялық, физикалық-химиялық және терең тазартудан соң 3,0 г/м3.
1-ЕСКЕРТУ Белсенді хлор мөлшерін пайдалану процессінде нақтылау қажет, бұл ретте байланыстан соң залалсыздандырылған судағы қалдық хлордың мөлшері 1,5 г/м3 кем болмауы тиіс. 2-ЕСКЕРТУ Тазарту құрылыстарының хлор шаруашылығы реагенттерге арналған қоймалар сиымдылығын өзгертпей хлордың есепті мөлшерін 1,5 есе ұлғайту мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет.
9.5.8 Тазарту құрылыстарындағы хлор шаруашылығы мен электролиздік қондырғыларды ҚР ҚНжәнеЕ 4.01-02 сәйкес және «Хлорды өндіру, сақтау, тасымалдау және қолдану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарды» ескере отырып жобалау қажет. 9.5.9 Негіздеме кезінде тік электролизді орнатуға тоспа суларды физикалық-химиялық немесе биологиялық тазартудан соң қолдануға жол беріледі. 9.5.10 Басқару шкафы мен электр жабдығын тазарту құрылыстарының басқа жайларымен бұғаттауға жол берілетін жылытылатын жайларда орналастыруға жол беріледі. 9.5.11 Хлорлы тоспа суды араластыру үшін кез келген типті араластырғыштарды қолдану қажет. 9.5.12 Хлор немесе гипохлориттің құбырлар мен бұрушы астаулардағы немесе резервуардағы тоспа сумен байланысының ұзақтығын 30 минут деп қабылдау қажет. 9.5.13 Байланыс резервуарларын қырғыштары жоқ бастапқы тұндырғылар ретінде; ал резервуарлар санын – екіден кем емес етіп жобалау қажет. Су барботажын жітілігі 0,5 м3/(м2×сағ) кезінде қысылған ауамен қарастыруға болады. 9.5.14 Биологиялық тоғандардан соң тоспа суларды залалсыздандыру кезінде хлоры бар тоспа судың байланысы үшін бөлікті бөлу қажет. 9.5.15 Контактілі резервуарларына түсетін жауын-шашын мөлшерін 98% ылғалдылық кезінде тоспа судың 1,0 м3 –мөлшеріне л түрінде қабылдау қажет: - механикалық тазалаудан соң 1,5 л/м3; - аэротенктер мен биосүзгілерде биологиялық тазалаудан соң 0,5 л/м3. Тоспа суларды терең тазалауға арналған құрылыстар Жалпы нұсқамалар
9.6.1.1 Құрылыстар қалалық және өндірістік ағын суларды және биологиялық тазалаудан өткен олардың қоспасын терең тазалауды қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ механикалық, химиялық немесе физикалық-химиялық тазалаудан соң өндірістік ағын суларды су объектілеріне түсірмес бұрын немесе оларды өндірісте немесе ауыл шаруашылығында қайта қолданбас бұрын тазалауды қамтамасыз етуге арналған. 9.6.1.2 Биологиялық тазартылған суды терең тазарту үшін қалқып алынған заттарды алып тастауға және фосфорды реагентті алып тастауға (әртүрлі конструкциялы сүзгілер мен ағартқыштар), органикалық және азотты ластанудың терең қышқылдау (әртүрлі конструкциялы биосүзгілер мен биореакторлар, биологиялық тоғандар) және спецификалық ластаушы заттарды алып тастауға (ауыр металлдардың тұздары, биологиялық шірімейтін органикалық қосылыстар және т.б.) арналған құрылыстар қолданыла алады. 9.6.1.3 Ағын суларды терең тазалауға арналған құрылыстар ретінде әртүрлі конструкциялы түйіршікті жүктемелі сүзгілер, торшалы барабанды сүзгілер, биологиялық тоғандар, тоспа суларды оттекпен қанықтыруға арналған құрылыстар қолданыла алады. 9.6.1.4 Терең биологиялық тазалауға арналған құрылыстардың түрі мен конструкциясын таңдауды бастапқы тоспа су сапасын, ғылыми-зерттеу, консалтингтік, инжинирингтік ұйымдардың ұсыныстары бойынша оларды тазалау деңгейіне қойылатын талаптарды, тазалау үшін жабдықты өндіруші ұйым ақпараттарын және осыған ұқсас объектілерді пайдалану тәжірибесін ескере отырып, техникалық-экономикалық есептер бойынша анықтау қажет. 9.6.1.5 Өндірістік тоспа суларды жинау, мөлдірету және сусыздандыруға арналған биологиялық тоғандар мен жинақтағыш-тоғандарды жобалауды ҚНжЕ 2.06.03 және ҚН 551 талаптарына сәйкес 9.3.15.1 - 9.3.15.19 сәйкес жүргізу қажет.
![]() |