Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Тоспа суларды бейтараптандыру



9.7.1.1 рН мөлшері 6,5 төмен немесе 8,5 жоғары тоспа сулар елді мекеннің суды бұру жүйесіне немесе су объектісіне бұрудың алдында бейтараптандырылуы тиіс.

Бейтараптандыруды реагенттерді енгізумен немесе оларды бейтараптандырушы материалдар арқылы сүзгілеумен қышқылды және сілтілік тоспа суларды араластырумен жүзеге асыру керек.

9.7.1.2 Тоспа сулардағы қышқылдарды немесе сілтілерді толық бейтараптандыру шарттарынан және сәйкес келетін реакциялардың теңестіруі бойынша ауыр металдардың қосылыстарын шөгіндіге бөлуден реагенттер дозасын анықтау керек. Реагенттің артық мөлшері есептік мөлшерден 10% құрауы керек.

Реагент дозасын анықтау кезінде қышқылдар мен сілтілерді өзара бейтараптандыруды, сонымен қатар тұрмыстық тоспа сулардың немесе су айдынының (суағардың) сілтілік резервін есепке алу керек.

9.7.1.3 Қышқылды тоспа суларды бейтараптандыруға арналған реагенттер ретінде әктік кальцийдің немесе сілтілік қалдықтарының (күйдіргіш натрдың немесе калийдің) белсенді тотығы бойынша 5% түрінде кальций гидрототығын (сөндірілген әкті) қолдану керек.

Әкті сүтті дайындауға арналған қондырғыны жобалауды ҚР ҚНжәнеЕ 4.01-02 сәйкес орындау керек.

9.7.1.4 Сілтілік тоспа суларды қышқылдау және бейтараптандыру үшін техникалық күкірт қышқылын қолдану ұсынылады.

9.7.1.5 Шөгіндіні бөліп шығару үшін 2 сағаттың ішінде тоспа сулардың болу уақытымен тұндырғылар қарастыру керек.

9.7.1.6 Еркін күкірт қышқылы және ауыр металдардың тұздары бар тоспа судың 1 м3 бейтараптандыру пайда болатын кездегі шөгіндінің құрғақ заттарының М,кг/м3 мөлшері келесі формула бойынша анықталуы керек:

 

(9.64)

 

мұндағы А - пайдаланылатын әктегі белсенді СаО мөлшері, %;

А1 - металдарды қамау үшін қажетті белсенді СаО сандары, кг/м3;

А2 - еркін күкірт қышқылын бейтараптандыру үшін қажетті белсенді СаО сандары, кг/м3;

А3 - гидрототықтарды қалыптастыратын металдардың саны, кг/м3;

Е1 - металдарды қамау кезінде пайда болатын кальций сульфатының саны, кг/м3;

Е2 - еркін қышқылды бейтараптандыру кезінде пайда болатын кальций сульфатының саны, кг/м3.

 

ЕСКЕРТУ Формуладағы үшінші мүше егер оның мәні теріс болса есепке алынбайды.

 

9.7.1.7 1 м3 тоспа суды бейтараптандыру кезінде пайда болатын шөгіндінің көлемі, Wmud, %, келесі формула бойынша анықталады:

(9.65)

мұндағы Pmud - шөгіндінің ылғалдылығы, %.

 

Шөгіндінің ылғалдылығы пайыздарда көрсетілген құрғақ заттың мөлшерін алып тастаумен 100 айырмашылығынан кем немесе тең болуы керек.

9.7.1.8 Тұндырғыларда бөлінген шөгінді шламды алаңдарда, вакуум-сүзгілерде немесе сүзгі-баспақтарда зарарсыздандырылуы тиіс. Тұндырғыларды және зарарсыздандыру бойынша құрылыстарды жобалау кезінде осы нормативтің сәйкес келетін тарауларының талаптарын басшылыққа алу керек.

9.7.1.9 Агрессивті орталармен түйісетін барлық резервуарлар, құбырлар, жабдықтар сәйкес келетін оқшаулаумен қорғалуы керек.

 

Реагентті қондырғылар

9.7.2.1Реагентті өңдеуді тоспа сулардан ірідисперсиялық, коллоидті және физико-химиялық тазарту процесінде ерітілген қоспаларды жою процестерін қарқындару, сонымен қатар құрамында хром- және циан бар тоспа суларды зарарсыздандыру үшін қолдану керек. Биологиялық тазартылуға тиісті тоспа суларда биогенді элементтердің 9.1.3 көрсетілген нормалардан төмен мөлшері анықталған жағдайда оларды жасанды толтыруды (биогенді қоректендіруді) қарастыру керек.

9.7.2.2 Реагенттер ретінде коагулянттарды (алюминий немесе темір тұздары), әкті, флокулянттарды (ионогенді емес, анионды және катионды түрлердің суда еритін органикалық полимерлері) қолдану керек.

9.7.2.3 Реагенттің түрін және оның дозасын тоспа сулардың ластану сипатына, оларды тазалаудың қажетті деңгейіне, жергілікті жағдайларға және т.с.с. байланысты ғылыми-зерттеу ұйымдарының мәліметтері бойынша қабылдау керек. Өнеркәсіптің кейбір салаларының тоспа суларына және қалалық тоспа суларына арналған реагенттер дозасын 9.31-кесте бойынша алуға рұқсат беріледі.

9.7.2.4 Суды коагулянттармен өңдеу кезінде оны қышқылдаумен немесе сілтілеумен рН оңтайлы мәнін сақтау қажет. Қалалық сулар үшін рН 7,5 дейін болған кезде алюминий тұздарын, рН 7,5 жоғары болған кезде темір тұздарын қолдану керек.

9.7.2.5 Реагенттерді дайындауды, дозалауды және тоспа суларға қосуды ҚР ҚНжәнеЕ 4.01-02 сәйкес қарастыру керек. Реагенттерді тоспа суларға араластыруды ҚР ҚНжәнеЕ 4.01-02 сәйкес гидравликалық араластырғыштарда немесе су алып келетін құбырларда жүргізу керек. Механикалық араластырғыштарда немесе тазарту құрылыстарына тоспа суды жіберетін сорғыларда араластыруға рұқсат беріледі.

9.7.2.6 Реагенттер ретінде темір тотияйынды пайдалану жағдайында аэрацияланатын араластырғыштарды, аэрацияланатын құмтұтқыштарды немесе темір шала тотығын гидрат тотығына ауыстыруды қамтамасыз ететін преаэраторларды пайдалану керек.

Бұндай жағдайда араластырғышта болу уақыты 7 мин кем болмауы керек, ауаны жіберу қарқындығы 1 мин өңделетін тоспа судың 0,7 м33-тен 0,8 м33 дейін, араластырғыштың тереңдігі 2,0-ден 2,5 м дейін.

9.7.2.7 Үлпек қалыптасу камераларында механикалық немесе гидравликалық араластыруды қолдану керек. Араластыру қарқындығы біртіндеп азаятын жекелеген бөліктерден тұратын үлпек қалыптасу камераларын пайдалану ұсынылады.


Кесте – Өнеркәсіптің кейбір салаларының тоспа суларына және қалалық тоспа суларға арналған реагенттер дозасының мәні

Тоспа сулар Ластаушы заттар Ластаушы заттардың концентрациясы, мг/л Реагенттер Реагенттің дозасы, мг/л
Әктер Алюминий тұздары Темір тұздары Белсенді полимер бойынша анионды флокулянт Белсенді полимер бойынша катионды флокулянт
Мұнай өңдеу зауыттарының, мұнай айдау базаларының Мұнай өнімдері 100 дейін Анионды флокулянтпен бірге немесе онсыз алюминий тұздары, катионды флокулянттар - 50-ден 75 дейін - 0,5 2,5-тен 5,0 дейін
100-ден 200 дейін - 75-тен 100 дейін - 1,0 5,0-ден 10,0 дейін
200-ден 300 дейін - 100-ден 150 дейін - 1,5 0,0-ден 15,0 дейін
Машина жасау, коксхимиялық зауыттардың Майлар 600 дейін Анионды флокулянтпен бірге немесе онсыз алюминий немесе темір тұздары, катионды флокулянттар - 50-ден 300 дейін 50-ден 300 дейін 0,5-тен 2 дейін 5,0-ден 20,0 дейін
Тамақ өнеркәсібінің, жүн жуу фабрикаларының, металл өңдеу зауыттарының, синтетикалық талшықтар Майлар мен тоң майлардың эмульсиялары Анионды флокулянтпен бірге немесе онсыз алюминий немесе темір тұздары - - -
- 0,5-тен 3,0 дейін -
- 0,5-тен 3,0 дейін -
- 0,5-тен 3,0 дейін -
Целлюлозды-қағаз өнеркәсібінің Түстілік (сульфатты лигнин), ПКШ бұршағы Сол сияқты - - -
- - -
- 400-ден 500 дейін 400-ден 500 дейін - -
Түстілік (лигносульфат), ПКШ бұршағы СаО әгі - - - -
- - - -

 

 

Кесте – Өнеркәсіптің кейбір салаларының тоспа суларына және қалалық тоспа суларға арналған реагенттер дозасының мәні

(жалғасы)

 

Тоспа сулар Ластаушы заттар Ластаушы заттардың концентрациясы, мг/л Реагенттер Реагенттің дозасы, мг/л
Әктер Алюминий тұздары Темір тұздары Белсенді полимер бойынша анионды флокулянт Белсенді полимер бойынша катионды флокулянт
Көмір байыту фабрикаларының шламды сулары, шахта сулары Көмір бөлшектерінің суспензиясы 100 дейін Анионды флокулянт - - - 2,0-ден 5,0 дейін -
100-ден 500 дейін - - - 5,0-ден 10,0 дейін -
500-ден 1000 дейін - - - 10,0-ден 15,0 дейін -
1000-нан 2000 дейін - - - 15,0-ден 25,0 дейін -
Қағаз және картон фабрикалардың Целлюлоза суспензиясы 1000 дейін Анионды флокулянтпен бірге алюминий тұздары - 50-ден 300 дейін - 0,5-тен 2,0 дейін -
Катионды флокулянт - - - - 2,5-тен 20,0 дейін
Қалалық және тұрмыстық ОБТтол 300 дейін Анионды флокулянтпен бірге немесе онсыз алюминий тұздары - 30-дан 40 дейін* - 0,5-тен 1,0 дейін -
- 40-тан 50 дейін* - - -
Өлшенген заттар 350 дейін Анионды флокулянтпен бірге немесе онсыз темір тұздары - - 40-тан 50 дейін** 0,5-тен 1,0 дейін -
- - 100-ден 150 дейін*** 0,5-тен 1,0 дейін -
- - 50-ден 70 дейін*** - -
Катионды флокулянт - - - - 10,0-ден 20,0 дейін

 

 

Кесте – Өнеркәсіптің кейбір салаларының тоспа суларына және қалалық тоспа суларға арналған реагенттер дозасының мәні

(жалғасы)

 

ЕСКЕРТУ Реагенттердің дозалары келесілерді есептемегенде тауарлық өнім бойынша, флокулянттар – белсенді полимерлер бойынша көрсетілген: · - Al2O3 бойынша; · ** - FeSO4 бойынша; · *** - FeCl3 бойынша

9.7.2.8 Үлпек қалыптасу камераларында болу уақытын келесідей қабылдау керек:

- тұндырумен коагуляцияланған өлшенген заттарды бөлу кезінде 10 минуттан 15 минутқа дейін;

- флокулянттар үшін 20 минуттан 30 минутқа дейін;

тоспа судың флотациясын тазарту кезінде:

- коагулянттар үшін – 3 минуттан 5 минутқа дейін;

- флокулянттар үшін 10 минуттан 20 минутқа дейін.

9.7.2.9 Реагенттер қосылған тоспа суларды араластырғыштарда және үлпек қалыптасу камераларында араластыру қарқындылығын келесіні құрайтын жылдамдықтың орташа градиентінің мөлшері бойынша бағалау керек:

- коагулянттар бар араластырғыштар үшін – 200 с-1;

- флокулянттармен 300 с-1-ден 500 с-1 дейін;

үлпек қалыптасу камералары үшін:

- коагулянттар мен флокулянттар үшін тұндыру кезінде 25 с-1-ден 50 с-1 дейін;

- флотация кезінде 50 с-1-ден 75 с-1 дейін.

9.7.2.10 Коагуляцияланған қоспаларды судан бөлуді осы нормативке сәйкес тұндырумен, флотациямен, центрифугалаумен немесе сүзгіден өткізумен жүзеге асыру керек.

 



Просмотров 1468

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!