![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Кесте – Арынды катиониттік сүзгілердегі арынды жоғалту мәндері
9.9.8 Катионитті қопсыту кезіндегі суды жіберу қарқындығын 3 л/(с×м2)-дан 4 л/(с×м2) дейін қабылдау керек, қопсытудың ұзақтығы 0,25 сағатқа дейін. Қалпына келтірудің алдында катионитті қопсыту үшін катионитті жуудан қалған судың соңғы фракцияларын пайдалану керек. 9.9.9 Бірінші деңгейдің катиониттік сүзгілерін қалпына келтіруді қышқылдардың (тұзды, күкіртті) 7%-дан 10% дейінгі ерітінділерімен жүргізу керек. Қышқылдың қалпына келтіру ерітіндісін катионит қабаты арқылы өткізу жылдамдығы 2 м/сағат аспауы керек. Катионитті ары қарай жуу катионит қабаты арқылы 6 м/сағаттан 8 м/сағат дейін жылдамдықпен жоғарыдан төмен қарай өткізілетін иондалған сумен жүзеге асырылады. Үлесті шығын сүзгінің 1 м3 жүктемесіне 2,5 м-ден 3,0 м дейін құрайды. Жуу сулары көлемінің бірінші жартысы қышқылдың қалпына келтіруші ерітіндісін жасауға арналған бакқа, екінші жартысы – катионитті қопсытуға арналған су багына тасталады. 9.9.10 Екінші деңгейдің сутек-катионитті сүзгілерін 9.9.3 - 9.9.7 сәйкес және сілтілі металдар катиондарының және аммонийдің концентрациясынан шыға келе есептеу керек. 9.9.11 Екінші деңгейдің катиониттік сүзгілерін қалпына келтіруді күкірт қышқылының 7%-дан 10% дейінгі ерітіндісімен жүргізу керек. Қышқылдың үлесті шығыны катиониттің жұмыс көлемдік сыйымдылығының 1,0 мг×экв-не 2,5 мг×экв құрайды. 9.9.12 Аниониттық сүзгілердегі аниониттің көлемі Wan, м3, келесі формула бойынша анықталуы керек:
мұндағы qw – өңделетін судың шығыны, м3/сағат; nreg – тәулігіне әрбір сүзгіні қалпына келтіру саны (екеуден аспауы керек);
мұндағы aan – 0,9 әлсіз негізді аниониттер үшін қабылданатын анионитті қалпына келтіру тиімділігінің коэффициенті;
qan – шайырдың 1 м3-не 3 м3-ден 4 м3 дейін тең деп қабылданатын шайырды қалпына келтіргеннен кейін анионитті жууға жұмсалатын судың үлесті шығыны; Kion – иониттің түрін есепке алатын коэффициент; анионит үшін 0,8 қабылданады; 9.9.13 Бірінші деңгейдің аниониттық сүзгілерінің сүзгіден өткізу ауданы Fan, м2, келесі формула бойынша анықталуы керек:
мұндағы qw – өңделетін судың шығыны, м3/сағат; nreg – екіден көп деп қабылданатын тәулігіне аниониттық сүзгілерді қалпына келтіру саны; tf – қалпына келтірулердің арасындағы әрбір сүзгі жұмысының ұзақтығы, (сағаттарда), келесі формула бойынша анықталады:
мұндағы t1 – 0,25 сағат деп қабылданатын анионитті қопсыту ұзақтығы; t2 – қалпына келтіру ерітіндісінің мөлшеріне және оны өткізудің 1,5 м/сағаттан 2,0 м/сағатқа дейінгі жылдамдығына байланысты анықталатын қалпына келтіру ерітіндісін өткізу ұзақтығы; t3 – жуу суының мөлшеріне және 5 м/сағаттан 6 м/сағатқа дейінгі жуу жылдамдығына байланысты анықталатын анионитті жуу ұзақтығы; vf – 8 м/сағаттан 20 м/сағатқа дейінгі шектерде қабылданатын суды сүзгіден өткізу жылдамдығы. 9.9.14 Бірінші деңгейдің аниониттық сүзгілерін қалпына келтіруді ащы натрдың, кальцийленген соданың немесе аммиактың 4%-6 %-дық ерітінділерімен жүргізу керек; қалпына келтіруге жұмсалатын реагенттің үлесті шығыны 1 мг×экв сорбцияланған аниондардың (аниониттің 1 мг×экв жұмыстық алмасу сыйымдылығына) 2,5 мг экв-дан 3,0 мг×экв дейін тең. Бірінші деңгейдің аниониттық сүзгілерін қалпына келтіруге арналған екі деңгейлі аниондау бар қондырғыларда екінші деңгейдің аниониттық сүзгілерін қалпына келтіруден кейінгі ащы натрдың қолданылған ерітінділерін пайдалану керек. 9.9.15 Екінші деңгейдің аниониттық сүзгілерін салуды күшті негізді анионитпен жүргізу керек, жүктеу биіктігі 1,5 м-ден 2,0 м дейін болуы керек. Екінші деңгейдің аниоттық сүзгілерін есептеуді 9.9.7 және 9.9.8 сәйкес жүргізу керек. Өңделетін суды сүзгіден өткізу жылдамдығын 12,0 м/сағаттан 20,0 м/сағатқа дейін қабылдау керек. 9.9.16 Екінші деңгейдің аниоттық сүзгілерін қалпына келтіруді есептеуді 6%-дан 8% дейін концентрасиясымен ащы натрдың ерітіндісімен жүргізу керек. Қалпына келтіру ерітіндісін өткізу жылдамдығы 1,0 м/сағаттан 1,5 м/сағатқа дейін құрауы керек. 1 г×экв сорбцияланған иондарды қалпына келтіруге жұмсалатын ащы натрдың үлесті шығыны 1 г×экв-ға 7 г×экв-дан 8 г×экв дейін (аниониттің 1 г×экв жұмыстық алмасу сыйымдылығына). 9.9.17 Аралас әрекет ету сүзгілерді (АӘС) суды терең тазарту және иондалған судың рН шамасын реттеу үшін бір- немесе екі деңгейлі иондаудандан кейін қарастыру керек. 9.9.18 АӘС есептеу сүзгіден өткізудің 50 м/сағат дейін жылдамдығы кезінде 9.9.7 және 9.9.8, 9.9.12 және 9.9.13 сәйкес жүргізіледі. 9.9.19 Қалпына келтіруді жүргізу керек: а) катиониттің: - күкірт қышқылының 7%-дан 10% дейінгі ерітіндісімен; б) аниониттің: - ащы натрдың 6%-дан 8% дейінгі ерітіндісімен. Қалпына келтіру ерітінділерін өткізу жылдамдығы 1,0 м/сағаттан 1,5 м/сағат дейін құрауы керек. Сүзгілердегі иониттерді жууды тұзсыздандырылған сумен жүргізу керек. Жуу процесінде иониттерді сығылған ауамен араластыру керек. 9.9.20 Ионалмасу тазарту және тоспа суларды тұзсыздандыру аппараттары, құбырлары мен арматуралары тоттануға қарсы орындаумен жасалынулары керек. 9.9.21 Иониттерді қалпына келтіруді элюаттардың фракциялық іріктеумен жүргізу керек. Элюатты 2-ден 3 дейінгі фракцияларға бөлу керек. Шығарылатын компоненттер бойынша концентрациялануы жоғары элюат фракцияларын зарарсыздандыруға, қайта өңдеуге, пайдаға асыруға жіберу, шығарылатын компоненттер бойынша концентрациялануы төмен фракцияларды қалпына келтірудің кейінгі циклдерінде қайтадан пайдалануға жіберу керек.
![]() |