![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Кесте - Құрғақ затты ұстау тиімділігінің мәні және кек ылғалдығы
9.11.5.20 Шөгіндіні центрифугаға жіберу алдында одан құмды алып тастау керек, ал ротор диаметрі 0,5 м кем болмайтын центрифугаларга жіберер алдында ұсақтау торларын қондыру керек. 9.11.5.21 Фугаттарды центрифугадан тазарту құрылыстарына жіберер алдында, фугаттағы 1 мг қалдық құрғақ затқа 1 мг ОБТтолық келетін есептен құрғақ затты ұстау тиімділігіне байланысты, оларға ОБТтолық бойынша жүктеменің артатынын ескеру керек. 9.11.5.22 Тазарту құрылыстарына түсетін жүктеменің көбеюінің алдын алу үшін фугатты қосымша өңдеуден өткізу және тазарту керек: - біріншілік тұндырғылардан алынған шөгінді мен артық белсенді тұнбаның және флокулянттардың қоспасын 3 - 5 сағат бойы кейінгі гравитациялық тығыздаумен бірге аэробты тұрақтандыру; - ашытылған шөгінділерді центрифугалаудан соң алынған фугатқа арналған тұнбалы алаңдар, бұл кезде дренажды жасанды алаңдарға түсетін жүктемені 9.40-кестеден 2 коэффициентімен алу керек; - тығыздалмаған белсенді тұнбаны центрифугалаудан соң фугатты аэротенктерге қайтару. Кесте – Дренажбен жасанды негіздегі алаңдарға жүктемелердің мәндері
Сурет – Балшықты алаңдарға түсетін жүктемелердің мөлшерін (бүтін және үзік-үзік сызықтар) және балшық алаңдарындағы қату кезеңінің ұзақтығын күндерде (нүктелі сызықтар) анықтауға арналған климаттық коэффициенттер
9.11.5.23 Катион типті жоғары молекулярлы флокулянттардың мөлшері шөгіндінің құрғақ затының 2 - 7 кг/т. Флокулянттардың көп мөлшерін белсенді тұнбаны центрифугалаган кезде, ал аз мөлшерін шикі шөгіндіні центрифугалаган кезде қолдану керек. Сусыздандырылған белсенді тұнбаның ылғалдығын 83 - 88% шегінде, шикі шөгіндінің ылғалдығын 70 - 75% шегінде алу керек. Фугаттарды тазарту құрылыстарына қосымша өңдеусіз қайтару керек. Бұл кезде тазарту құрылыстарының көлемі артпайды.
ЕСКЕРТПЕ Флокулянттарды қолдану роторының диаметріне қатынасы 2,5 - 4,0 болатын центрифугаларды пайдаланған кезде ұсынылады.
9.11.5.24 Резервтегі жабдықтың саны: - жұмыс бірлігі үшке дейін болғанда вакуум-фильтрлер мен фильтр-престер саны төрттен онға дейін; - жұмыс бірлігі екіге дейін болғанда центрифугалар саны – 1, үш және одан да көп болғанда – 2. 9.11.5.25 Шөгіндіні механикалық сусыздандыруды жобалау кезінде апатты тұнбалы алаңдарды шөгіндінің жылдық мөлшерінің 20%-на қарастыру керек.
Балшықты алаңдар 9.11.6.1 Балшықты алаңдарды жасанды негіздегі дренажбен және дренажсыз, дренажбен жасанды асфальтбетонды негізде, балшықты суларды тұндырумен және беттік жоюмен каскадты, тығыздағыш-алаңдармен жобалауға рұқсат беріледі. 9.11.6.2 Ауаның жылдық орташа температурасы 3°С-тан 6°С дейінгі және жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 500 мм дейінгі аудандарда балшықты алаңдарға түсетін шөгіндінің жүктемесін 9.40-кесте бойынша қабылдау керек. 9.11.6.3 Балшықты алаңдарда автокөлікке және кептірілген шөгіндіні механикаландырылған жинауды, тиеуді және тасымалдауды қамтамасыз ету тізбегімен механизация құралдарына арналған картада кіретін жерлері бар жолдар қарастырылуы керек. Кепітірілген шөгіндіні жинау және шығару үшін жер қазу жұмыстарында пайдаланылатын механизмдерді қарастыру керек. 9.11.6.4 Табиғи негіздегі балшықты алаңдарды жер асты сулары карталардың беттерінен 1,5 м кем емес тереңдікте орналасуы шартымен және балшықты суларды топыраққа сүзгіге өткізуге рұқсат берілетін жағдайларда ғана жобалауға рұқсат беріледі. Жер асты суларының орналасу тереңдігі аз болған кезде олардың деңгейін төмендетуді қарастыру және дренажбен жасанды асфальтбетонды негіздегі балшықты алаңдарды қолдану керек. 9.11.6.5 Балшықты алаңдарды жобалау кезінде келесілерді қолдану керек: - карталардың 0,7 м-ден 1,0 м дейінгі жұмыс тереңдігін; - қоршау білікшелерінің жұмыс деңгейінен 0,3 м-ге жоғары биіктігін; - білікшелердің үстіндегі 0,7 м-ден кем емес ені; - жер білікшелерін жөндеуге арналған механизмдерді пайдалану кезінде олардың ені 1,8 м-ден 2,0 м дейін болуы керек; - таратушы құбырлардың немесе науалардың түбінің еңістігі – есеп бойынша, бірақ 0,01 кем емес; - карталардың саны – төрттен кем емес. 9.11.6.6 Балшықты суларды тұндырумен және беттік бұрумен балшықты алаңдарды жобалау кезінде келесілерді қабылдау керек: - балшықты алаңдардағы каскадтардың саны 4-тен 7 дейін; - әрбір каскадтағы карталардың саны 4-тен 8 дейін; - бір картаның пайдалы ауданы 0,25 га-дан 2,0 га дейін құрауы керек; а) карталардың ені: - 30 м-ден 100 м дейін (жердің 0,004-тен 0,08 дейін еңістігі кезінде); - 50 м-ден 100 м дейін (0,01-ден 0,04 дейін еңістік кезінде); - 60 м-ден 100 м дейін (0,01 және одан төмен еңістік кезінде); б) карталардың ұзындығы: - 80 м-ден 100 м дейін 0,04 асатын еңістік кезінде; - 100 м-ден 250 м дейін 0,01 және одан төмен еңістік кезінде; - еннің ұзындыққа ара қатынасы 1:2-ден 1:2,5 дейін; - қоршау білікшелерінің және жолдарға арналған үймелердің 2,5 м дейінгі биіктігі; - карталардың қоршау білікшелерінің биіктігінен 0,3 м төмен жұмыс тереңдігі; в) жасанды шөгіндінің: - каскадтағы 4 карта кезінде алғашқы 2 картаның; - алғашқы 3 – 4 картаға каскадтағы карталардың 7-ден 8 дейінгі саны кезінде; - карталардың арасындағы балшықты суларды қайта жіберулер шахмат тәртібімен орындалады; - балшықты судың мөлшері ылғалсыздандырылатын шөгіндінің мөлшерінен 30%-дан 50% дейін болуы керек. 9.11.6.7 Түптері мен қабырғалары су кірмейтін тік бұрышты резервуар-карталар түрінде жұмыс тереңдігі 2 м дейінгі балшықты алаңдар-тығыздағыштарды қарастыруға рұқсат беріледі. Шөгіндіні тұндыру кезінде бөлінетін балшықты суларды шығару үшін бойлық қабырғалардың бойымен шиберлермен жабылатын тесіктерді қарастыру керек.
9.11.6.8 Тығыздағыш-алаңдарды жобалау кезінде келесілерді қабылдау керек: - карталардың 9 м-ден 18 м дейінгі ені; - балшықты суларды шығарудың арасындағы ара қашықтық 18 м аспауы керек; - кепітірілген шөгіндіні ықтимал механикаландырылған жинау үшін пандустарды қарастыру. 9.11.6.9 Балшықты алаңдардың ауданын тоңазытылуға тексеру керек. Шөгіндіні тоңазыту үшін балшықты алаңдарының 80% ауданын пайдалануға рұқсат беріледі (қалған 20% тоңазытылған шөгіндінің көктемгі еруі кезінде пайдалануға арналған). Тоңазыту кезеңінің ұзақтығын ауаның тәуліктік орташа температура минус 10°С төмен күндердің санына тең деп қабылдау керек. (9.2-суретке сәйкес). Тоңазытылған шөгіндінің мөлшерін тоңазыту кезеңінде балшықты алаңдарға берілген 75% тең деп қабылдауға рұқсат беріледі. Шөгіндінің тоңазытылған қабатының биіктігін білікше биіктігінен 0,1 м төмен деп қабылдау керек. Таратушы науалардың немесе құбырлардың түбі тоңазыту жиегінен жоғары болуы керек. 9.11.6.10 Балшықты алаңдардың жасанды дренаждаушы негізі карта ауданының 10% кем болмауы керек. Дренажды құрылғылардың конструкциясы мен орналастыруды және алаңдардың көлемдерін шөгіндіні механикалық жинауды есепке алумен қабылдау керек. 9.11.6.11 Балшықты алаңдардың қатты жабынын қалыңдығы 0,015 м-ден 0,025 м дейін асфальттің екі қабатынан және қалыңдығы 0,1 м қиыршық тас-құмды, шөгіндіні жинау үшін қолданылатын механизмдердің түріне байланысты – асфальтбетонды немесе бетонды дайындамадан жасау керек. 9.11.6.12 Балшықты алаңдардан балшықты суды жіберуді тазалау құрылыстарында қарастыру керек, бұл кезде құрылыстар қосымша ластаушы заттарды және балшықты судың мөлшерін есепке алумен есептеледі. Балшықты судың ластаушы заттарының қосымша мөлшерін қабылдау керек: а) алынған шөгінділерді кептіру кезінде өлшенген заттар бойынша: - 1000 мг/л-дан 2000 мг/л дейін; - ОБТтол бойынша 1000 мг/л-дан 2000 мг/л дейін (үлкен мәндер тығыздағыш алаңдары үшін, кішілері балшықты алаңдардың басқа түрлері үшін); б) аэробты тұрақтандырылған шөгінділер үшін 9.11.4.7 - 9.11.4.8 бойынша. 9.11.6.13 Негіздеу кезінде балшықты алаңдарды шайылған (үйілген) топыраққа орнатуға рұқсат беріледі. 9.11.6.14 Балшықты алаңдарды тазалау станциясының шегінен тыс жерде орналастыру кезінде қызмет көрсету персоналы үшін қызметтің және тұрмыстық үй-жайларды, сонымен қатар 8.2.37 сәйкес қойманы және телефон байланысын қарастыру керек.
![]() |