![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Шөгіндіні зарарсыздандыруға, компостирлеуге, термикалық кептіруге және өртеуге арналған құрылыстар
9.12.1 Шөгіндіні сұйық түрде немесе балшықты алаңдарда кептіргеннен кейін, немесе механикалық зарарсыздандырудан кейін зарарсыздандыру керек. 9.12.2 Дымқыл, мезофилді алынған және аэробты тұрақтандырылған шөгінділерді зарарсыздандыру мен дегельминтизациялауды келесі жолдармен жүзеге асыруды жүргізу керек: - 60ºС дейін қыздыру және осы температурада кем дегенде 20 мин ұстау; - биотермикалық компостирлеу (мезофилді алынған шөгінділерді компостирлеуден басқа); - әртүрлі түрдің кептіргіштерінде термикалық кептіру (шөгіндіні 60ºС дейін қыздырмыйтын төмен температуралыларды есептемегенде); - зарарсыздандыру реагенттерін қолдану. 9.12.3 Сусыздандырылған шөгінділерді зарарсыздандыру үшін дала жағдайларында биотермикалық өңдеуді (компостирлеу) қолдануға рұқсат беріледі. 9.12.4 53ºС кем емес температурада анаэробты термофилді алудан өткен шөгінділер үшін зарарсыздандыру мен дегельминтизациялау қажет болмайды. 9.12.5 Шөгінділерді компостирлеуді толықтырғыштар (қатты тұрмыстық қалдықтармен, шымтезектермен, ағаш үгінділерімен, жапырақпен, сабанмен, ұнтақталған қабықпен) бар қоспада немесе дайын компостпен жүзеге асыру керек. Тоспа сулардығ сусыздандырылған шөгінділері қоспасының компоненттері мен қатты тұрмыстық қалдықтардың ара қатынаса салмағы бойынша 1:2 құрайды, ал көрсетілген басқа толықтырғыштармен – ылғалдылығы 60% аспайтын қоспаны алумен көлемі бойынша 1:1. 9.12.6 Компостирлеу процесін есептеу кезінде келесілерде анықтау керек: толықтырғыштар бар бастапқы шөгіндінің ара қатынасы, берілетін ауаның шығыны (мәжбүрлі аэрация кезінде) және жылжыту жиілігі, компостирлеудің әрбір кезеңіндегі өңдеу уақыты (маусымға және толықтырғыштың түріне байланысты). 9.12.7 Компостирлеу процесін механизация құралдарын пайдаланумен үймектенген асфальтбетонды немесе бетонды алаңдарда, дәліздік құрылыстарда, ыдыстарда, жабық қондырғыларды (биореакторларда) жүзеге асыру керек. Компостирленетін қоспаны салуды табиғи кезінде 2,5 м-ден 3,0 м дейін және мәжбүрлі аэрация кезінде 5,0 м дейін биіктікпен қатарлармен орындайды. 9.12.8 Процесті жылдамдату үшін біржақты кіргіштікке ие арнайы жабынды жылуоқшаулау материалдарын, сонымен қатар белсендіруші қоспаларды пайдалануға рұқсат беріледі. Алынған шөгіндіні топырақтық жоюға дайындау үшін оны компостирлеуге рұқсат беріледі. 9.12.9 Аэрацияланатын қатарларды жобалау кезінде келесілерді қарастыру керек: - әрбір қатардың негізінде тесіктерінің көлемдері 8 мм-ден 10 мм дейінгі диаметрлері 100 мм-ден 200 мм дейінгі тесілген құбырларды салуға болады; - шөгіндінің 1 тн. органикалық затына 15 м3/сағаттан 25 м3/сағатқа дейін ауаны жіберуді (ауаның шығыны). 9.12.10 Компостирлеу процесінің ұзақтығын аэрация әдісіне, шөгіндінің құрамына, толықтырғыштың түріне, климаттық жағдайларға байланысты және ұқсас жағдайларда пайдалану тәжірибесінің негізінде және ғызымит-зерттеу ұйымдарының мәліметтері бойынша анықтау қажет. Компостирлеу процесінде қоспаны араластыруды қарастыру керек. 9.12.11 Шөгіндіні термикалық кептірудің қажеттілігі ары қарай жою және тасымалдау шарттарымен анықталуы керек. 9.12.12 Термокептіру сонымен қатар шөгіндіні шығаруға және орналастыруға, өртеуге дайындау, шөгіндіні басқа кәсіпорындарда отын ретінде пайдаға асыру үшін техника-экономикалық негіздеу кезінде қолдануға болады. Негіздеу кезінде сонымен қатар сәйкес келетін пайдаланылмайтын жылу ресурстарының бар болуы кезінде шөгіндіні кептіруді оны ары қарай пайдаға асыру жерлерінде жүзеге асыруға болады. 9.12.13 Термокептіру кезінде келесілерді қарастыру керек: - кептіруге жіберудің алдында шөгіндінің барынша жоғары сусыздандырылуын; - кептіру үшін қолда бар (ықтимал) жылу ресурстарын пайдалануды, негіздеу кезінде кептіргіштен төмен әлеуетті жылуды алуды және пайдалануды; - кептірілген шөгіндіні ірі және шаң тәрізді бөлшектерден оларды кептіру процесіне қайтарумен ажыратуды; - кептіргіштен шығатын газдық шығырылымдарды тазартуды; - кептіргіш қондырғысының, сонымен қатар кептірілген шөгінді бункерлері мен қоймаларының жарылыс- және өртқауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды. 9.12.14 Термикалық жою процесінің автоматты режимін, немесе негіздеу бойынша қосымша отынды беруді азайтуды қарастыру керек. Шөгіндіні жоғары температуралық өңдеу үшін техника-экономикалық негіздеу кезінде қосымша, соның ішінде қатты отынды, сонымен қатар техникалық оттегін пайдалануға рұқсат беріледі. 9.12.15 Бірлескен термикалық сусыздандырылған шөгінділер мен қатты тұрмыстық қалдықтарға, сонымен қатар өндірістік қалдықтарға рұқсат беріледі. 9.12.16 Қалдықтарды термикалық кептіру үшін әртүрлі түрлердің кептіргіштерін қолдану керек. 9.12.17 Кептіргіштерді таңдауды жабдықтың паспорттық мәліметтерді есепке алумен буланатын ылғал бойынша өнімділіктен шыға келе жүргізу керек. 9.12.18 Кептіруге жіберудің алдында процесте энергияның жұмсалуын төмендету мақсатымен шөгінділерді барынша жоғары сусыздандыруды жүзеге асыру керек. 9.12.19 Кептірілген шөгіндінің ылғалдылығын 30%-дан 40% дейінгі шектерде қабылдау керек. 9.12.20 Негіздеу кезінде ары қарай пайдалануға жатпайтын шөгінділерді әртүрлі түрдің пештерінде өртеуге рұқсат беріледі. Осы қондырғылардың газдық шығарылымдарын атмосфералық ауаға шығарудың белгіленген нормаларына дейін тазартады. Шөгіндіні кептіруге және өртеуге арналған қондырғылардан шығарылатын газдар ауаға шығарылудың алдында «Газбен қамтамасыз ету жүйелерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар», «Өндірістік объектілердің санитарлық-қорғаныс аймағын орнату жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» техникалық регламенттерінің талаптарына жауап беруі керек. 9.12.21 Термикалық өңдеу қондырғыларынан алынатын жылу ресурстарын алдыңғы кезекте шөгіндіні алдын ала өңдеу процесінің және тазарту құрылыстарының қажеттіліктері үшін пайдаға асырылуы керек. 9.12.22 Шөгіндіні термикалық пайдаға асыру үшін әртүрлі түрлердің өртеу пештерін, пиролиз, газбен жабдықтау қондырғыларын және т.с.с. қолдануға рұқсат беріледі. Негіздеу кезінде шөгіндіні кептіруді және өртеуді бірге пайдалануға рұқсат беріледі. Шөгіндінің жоғары температуралы пиролизін және газбен жабдықтауды пайдалану кезінде оны алдын ала кептіру керек.
![]() |