Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Болат электродты электрокоагуляторлар



9.10.4.1 Болат электродты электрокоагуляторларды алтывалентті хром және басқа да металдармен жұмыс жасайтын өнеркәсіптің әртүрлі саласындағы мекемелердің тоспа суларын тазарту үшін қолданған жөн, тоспа сулардың шығыны 50 м3/сағ аспаған кезде, түсті металдар (мырыш, мыс, никель, кадмий, үшвалентті хром) иондарының бастапқы жалпы мөлшері 100 мг/л дейін болғанда, алтывалентті хром концентрациясы 100 мг/л дейін болады, металдардың әр ионының концентрациясы 30 мг/л дейін, тоспа судың құрамындағы тұздың минимальды мөлшері 300 мг/л болған кезде, өлшенген заттардың концентрациясы 50 мг/л дейін болады.

9.10.4.2 Тоспа сулардың құрамында төменде келтірілген заттар бір мезгілде болған кездегі тоспа судың рН шамасы:

а) алтывалентті хром, мыс және мырыш иондары:

- хром концентрациясы 50-100 мг/л болғанда, 4-6 шамасында;

- хром концентрациясы 20-50 мг/л болғанда, 5-6 шамасында;

- хром концентрациясы 20 мг/л төмен болғанда, 6-7 шамасында;

б) алтывалентті хром, никель және кадмий:

- хром концентрациясы 50 мг/л артық болғанда, 5-6 шамасында;

- хром концентрациясы 50 мг/л кем болғанда, 6-7 шамасында;

в) мыс, мырыш және кадмий иондары (алтывалентті хром болмаған кезде):

- 4,5 мг/л артық;

г) никель иондары (алтывалентті хром болмаған кезде):

- 7 мг/л артық.

 

9.10.4.3 Электрокоагулятордың корпусы іш жағынан қышқылға тұрақты қорғанышпен қорғалып тұру керек және желдеткіш құрылғымен жабдықталуы тиіс.

9.10.4.4 Электрокоагуляторды жобалау кезінде қабылдау керек:

- токтың анодты тығыздығы 150 - 250 А/м2;

- тоспа сулардың электрокоагуляторда болу уақыты 3 минутқа дейін;

- көрші электродтардың қашықтығы 5 - 10 мм;

- электрод аралық кеңістікте тоспа сулардың ағу жылдамдығы 0,03 м/с кем емес;

- тоспа судың құрамында Cr6+, Zn2+, Ni2+, Cd2+, Cu2+ әр бірінің 1 г мөлшерін жою үшін кететін үлестік шығын сәйкесінше - 3,1 А/сағ; 2 - 2,5 А/сағ; 4,5 - 5 А/сағ; 6 - 6,5 А/сағ және 3 - 3,5 А×сағ;

- тоспа сулардан 1 г алтывалентті хлорды жоюға кететін металл темірдің үлестік шығыны 2,0-2,5 г; 1 г никель, мырыш, мыс, кадмийді жоюға кететін металл темірдің үлестік шығыны – сәйкесінше 5,5 - 6,0 г; 2,5 - 3,0 г; 3,0 - 3,5г және 4,0 - 4,5 г.

9.10.4.5 Тоспа суларда бір компонент болған кезде, ток шамасын, Icur, А, мына формула бойынша анықтау керек:

 

(9.88)

 

мұнда qw – аппараттың өнімділігі, м3/сағ;

Cen –жою керек компоненттің тоспа судағы бастапқы концентрациясы, г/м3;

qcur – тоспа судан 1,0 г металл ионын жоюға кететін электр тогының үлестік шығыны, А×ч/г.

 

Тоспа су құрамында бірнеше компоненттер болған кезде және ауыр металдар иондарының қосынды концентрациясы алты валентті хром концентрациясының 50 %-нан кем болғанда, ток шамасын (9.88)-формуласы бойынша анықтау қажет, сонымен қатар алты валентті хром үшін Cen және qcur мәндерін қою керек. Ауыр металдар иондарының қосынды концентрациясы алты валентті хром концентрациясының 50 %-нан артық болғанда, (9.88)-формуласы бойынша анықталған ток шамасын 1,2 есе көбейту керек, ал Cen және qcur мәндерін осы мәндердің туындысы ең үлкен шамада болатын компонентке келтіріп өзгертеді.

9.10.4.6 Анодтардың жалпы беткейін fpl, м2, мына формула бойынша анықтау керек:

 

(9.89)

 

мұнда ian – токтың анодты тығыздығы, А/м2.

 

Алты валентті хром мен ауыр металдар иондарының қосынды концентрациясы:

- 80 мг/л дейін болса, токтың анодты тығыздығы 150 А/м2 тең болады;

- 80-100 мг/л болса, токтың анодты тығыздығы 200 А/м2 тең болады;

- 100-150 мг/л болса, токтың анодты тығыздығы 250 А/м2 тең болады;

- 150-200 мг/л болса, токтың анодты тығыздығы 300 А/м2 тең болады;.

9.10.4.7 Бір электродтың беткейін fpl, м2, мына формула бойынша анықтау керек:

 

(9.90)

 

мұнда bpl – электродты пластинаның ені, м;

hpl - электродты пластинаның жұмыс биіктігі (электродты пластинаның сұйықтыққа батырылған бөлігінің биіктігі), м.

 

9.10.4.8 Электродты пластиналардың жалпы қажетті санын Npl мына формула бойынша анықтау керек:

(9.91)

 

Бір электродты блоктағы электродты пластиналардың саны 30-дан аспау керек. Қажетті пластиналардың саны көп болған кезде бірнеше электродты блоктарды қарастыру керек.

9.10.4.9 Электрокоагулятордың жұмыс көлемін Wek, м3, мына формула бойынша анықтау керек:

 

(9.92)

 

мұнда b – көрші электродтар арасындағы қашықтық, м.

 

Тоспа судың құрамында тек бір компонент болған кезде, тоспа суды өңдеуге кететін металл темірдің шығынын QFe, кг/ тәул., мына формула бойынша анықтау керек:

 

(9.93)

 

мұнда qFe - тоспа судың құрамындағы бір компоненттің 1 г мөлшерін жоюға кететін металл темірдің үлестік шығыны;

Kek - электродтар материалын қолдану коэффициенті, электродты пластиналардың қалыңдығына байланысты 0,6 - 0,8 мәндеріне тең болады;

Qw – тоспа сулардың шығыны, м3/тәулік.

 

Тоспа су құрамында бірнеше компоненттер болған кезде және ауыр металдар иондарының қосынды концентрациясы алты валентті хром концентрациясының 50 %-нан кем болғанда, тоспа суларды тазартуға кететін металл темірдің шығынын (9.93)-формуласы бойынша анықтау қажет, оған алты валентті хром үшін Cen және qFe мәндерін қою керек.

Тоспа су құрамында бірнеше компоненттер болған кезде және ауыр металдар иондарының қосынды концентрациясы алты валентті хром концентрациясының 50 %-нан артық болғанда, металл темірдің шығынын 1,2 коэффициентімен (9.93)-формуласы бойынша анықтау қажет, ал Cen және qcur мәндерін осы мәндердің туындысы ең үлкен шамада болатын компонентке келтіреді.



Просмотров 935

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!