![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Кесте - Тұрмыстық және оған құрамы бойынша жақын өндірістік тоспа сулардың ауыртпалығының мәні
9.3.11.4 Қажетті жағдайларда сүзу өрістерінің алаңын тоспа суларының мұздауына тексеріп тұрған жөн. Мұздану ұзақтығын ауа температурасы минус 10°С төмен күндер санына тең етіп қабылдау қажет. Сулардың мұздану кезеңінде тоспа сулардың сүзілу мөлшерін 9.24-кестеде ұсынылған коэффициент мөлшеріне азайта отырып анықтау қажет. 9.3.11.5 Әрбір жекелеген жағдайда ауданы негізделуі және сүзілу жолының пайдалы ауданының % аспауы тиіс резервтік карталарды қарастыру қажет: - III және IV климаттық аудандарда 10%; - II климаттық ауданда 20%; - I климаттық ауданда 25%. Кесте – Мұздану кезеңінде сүзілу мөлшерінің төмендеуі коэффициентінің мәні
9.3.11.6 Желістер құрылысы, жолдар, қоршау біліктері, ағаш отырғызу үшін қосымша алаңды сүзу жолының ауданы 1000 га астам болғанда 25% дейін, және олардың ауданы 1000 га дейін және одан аз болғанда 35% дейін мөлшерде қабылдау қажет. 9.3.11.7 Сүзу өрістері карталарының мөлшерлерін жергілікті жер рельефі, жолдардың жалпы жұмыс ауданы, топырақты өңдеу әдістеріне байланысты анықтау қажет. Тракторлармен өңдеу кезінде бір картаның ауданы 1,5 га кем болмауы тиіс. Карта енінің ұзындыққа қатынасын 1:2-ден 1:4 дейін қабылдау қажет; негіздеу кезінде карта ұзындығын ұлғайтуға жол беріледі. 9.3.11.8 Тоспа сулардың мұздауына арналған сүзу өрістерінің карталарында еріген сулардың шығарылуын қарастыру қажет. 9.3.11.9 Сүзу өрістерінде дренаж құрылғысы (ашық немесе жабық) топырақ қабатының сипатына тәуелсіз, карта бетінен 1,5 м кем тереңдікте топырақ суларының орналасуы кезінде, сондай-ақ бір құрғату шұңқырлары (жабық дренаж құрылғысы жоқ) топырақ суларының деңгейінің қажетті төмендеуін қамтамасыз етпейтін кезде, топырақ қабатының жағымсыз сүзу қабаттарында топырақ сулары одан да үлкен тереңдікте орналасқан кезде міндетті болып табылады. 9.3.11.10 Сүзу өрістерінде душ бөлмесін, арнайы киімді кептіруге арналған жайларды, демалу және тамақтану бөлмелерін қарастыру қажет. Сүзу өрістеріндегі аудандардың әрбір 75,0 га-дан 100 га дейінгі аралығында қызмет көрсететін қызметкерлерді жылытуға арналған будкаларды қарастыру қажет.
Жер асты сүзу өрістері
9.3.12.1 Жер асты сүзу өрістерін жер бетінен 1,8 м аспайтын және 0,5 м кем болмайтын тереңдікте және 1,0 м кем топырақ су деңгейінен жоғары суару құбырлары орналасқан кезінде құмды және құмдақ топырақтарда қолдану қажет. 9.3.12.2 Суару құбырларының жалпы ұзындығы 9.25-кестесіне сәйкес ауыртпалық бойынша анықталады. 9.3.12.3 Суару құбырларын шағыл тастардан, ұсақ жақсылап кептірілген қазандық шлагынан, құмтастан және ірі түйірлі құмнан жасалған қалыңдығы 0,2 м-ден 0,5 м дейінгі қабатқа салу қажет. Жер асты сүзгі өрістері алдында септиктерді орнатуды қарастыру қажет. Жекелеген суарғыштар ұзындығын 20,0 м аспайтындай етіп қабылдау қажет. 9.3.12.4 Ауа ағыны үшін суару құбырларының шетінде жер бетінен 0,5 м биікте тұратын диаметрі 100,00 тұрақтарды қарастыру қажет.
Кесте – Астаудан топырақ сулардың ең жоғарғы деңгейі тереңдігіне байланысты, жер асты сүзу өрістерінің суару құбырларының 1 м-не л/тәулік ауыртпалық мәні
![]() |