![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Сусыздандыру немесе ашыту алдында шөгіндіні тығыздағыштар мен қойылтқыштар
9.11.2.1 Тығыздағыштар мен қойылтқыштарды белсенді тұнбаның концентрациясын жоғарылату үшін қолданған жөн. Оларда аэротенктерінің тұнбалы қоспаларын беруге және шикі шөгінді мен артық белсенді тұнбаны бірге тығыздауға болады. Осы мақсатта гравитациялық типті тұнбаны тығыздағыштарды (радиалды, тік, көлденең), флотаторларды және қойылтқыштарды қолдануға болады. Аэробты тұрақтандырылған шөгінділерді тығыздағыштарды жобалау жөнінде мәліметтер 9.11.4.7 – 9.11.4.8 бөлімде келтірілген. 9.11.2.2 Радиалды және көлденең тұнба тығыздағыштарды жобалау кезінде қабылдау керек: - тығыздалған шөгіндіні гидростатикалық қысыммен шығару 1 м кем емес; - шөгіндіні жоюға арналған тұнба сорғыштар мен тұнба қырғыштар; тұнбалы суды тығыздағыштардан аэротенктерге жіберу. - тұнба тығыздағыштардың саны екіден кем емес және екеуі де жұмыс жасайды. 9.11.2.3 Гравитациялық тұнба тығыздағыштарды есептеу үшін мәліметтерді 9.34-кестеден алу керек. Кесте - Гравитациялық тұнба тығыздағыштарды есептеуге арналған мәндер
9.11.2.4 Белсенді тұнбаны флотационды қойылту үшін домалақ немесе тік бұрышты формалы резервуарлардың көмегімен қысымды флотация әдісін қолдану керек. Флотационды тығыздауды тұнба көлемі ауамен тікелей қаныққан кезде, сонымен қатар тазартылған судың айналып шығатын бөлігі қаныққан кезде де жүргізу керек. Флотатордың түріне және тұнбаның сипатына байланысты, тығыздалған белсенді тұнбаның ылғалдығы 94,5 - 96,5% мәнін құрайды. 9.11.2.5 Флотационды қондырғылардың есептеу параметрлері мен схемаларын ғылыми-зерттеу, мамандандырылған жобалау және конструкторлық ұйымдардың мәліметтерінен алу керек.
Метантенктер
9.11.3.1 Метантенктерді қалалық тоспа сулардың шөгінділерін тұрақтандыру және құрамында метан бар ашу газын алу мақсатымен анэробты ашыту үшін қолданған жөн, бұл кезде шөгіндінің құрамын, ашыту үрдісін тежейтін және газ шығуына әсер ететін заттардың болуын ескеру керек. Осы қалдықтардан ірі дисперсті қоспалар мен тұнатын бейорганикалық қосындыларды бөліп алуды қамтамасыз ету керек, сонымен қатар метантенктерге берілетін қоспалардың гомогенизациясын қамтамасыз ету керек. 9.11.3.2 Технико-экономикалық негіздеу кезінде: - Өңдеу мен кәдеге жаратудың келесі термо-химиялық әдістерінде (өртеу, пиролиз) анаэробты ашытуды қолдануға болады. - Тұнбаның органикалық затының ыдырауын жоғарылату үшін және биогаз шығуын көбейту үшін ашыту алдында алдын ала өңдеу әдістерін қолдану: термиялық (180ºС дейін), механикалық, ферментативті және ультрадыбысты дезинтеграция, сонымен қатар олардың біріктірілуі). 9.11.3.3 Технико-экономикалық негіздеу кезінде шар тәрізді газгольдерлерді жоғары қысыммен қолдануға болады. Оларды табиғи газды сақтауға арналған құрылыстардың талаптарына сәйкес жобалау керек. 9.11.3.4 Су бөлу жүйесінің шөгінділерімен бірге метантенктерге ашытылған қалдықтардың басқа да түрлерін (үй қоқысы, торлардағы қоқыстар, органикалық өндірістік қалдықтар, көң, құс саңғырығы, тағамдық өнеркәсіптердің және шартқа сәйкес келмейтін тағам өнімдерінің сұйық органикалық қалдықтары, қатты тұрмыстық қалдықтардың арнайы дайындалған және өте ұсақталған органиалық компоненттері) және басқа да ашытылатын органикалық заттарды бөлшектеген соң қосуға болады Шөгіндіні ашыту үрдісінің тиімділігі мен сенімділігін қамтамасыз ету үшін метантенктерді жобалау кезінде қарастырылуы керек: - барлық өткізгіш құбырларды жуу мүмкіндігі; - метантенктерді бұлғауыштармен немесе газбен араластыру (араластыру үшін сорғыларды қолдануға тек резервтегі жабдық ретінде ғана рұқсат етіледі); - көпірікті басу жүйелерінің құрылғысы; - ашытылған шөгіндіні метатенктің төменгі бөлігінен де, жоғарғы бөлігінен де түсіру; - апатты тасу жүйесі; - құрылыстың жоғарғы (газ қалпақта) және төменгі бөлігіндегі герметті жабылатын люктер-саңылаулар; - тиімді жылу изоляциясы; - ашытудың термофильді режимін қолдану кезінде рекуперационды жылу алмастырғыштарды 15ºС кем емес рекуперациямен қолдану. 9.11.3.5 Метантенктердің жоғарғы люгіндегі құрылғы мөлдір болғаны жөн және шөгінді беткейінің жағдайын көзбен бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етудің басқа да шаралары ұсынылады. 9.11.3.6 Ашыту (биогазды) кезінде алынатын газдың салмақтық мөлшерін шөгіндінің ыдыраған зольсыз 1 г затына 0,9 деп алу керек, жылу тұзу қабілеті - 5500 ккал/м. Ашыту кезінде түзілетін биогаздың міндетті түрде кәдеге жаратылуын қарастыру керек. Рұқсат етіледі: -бу мен ыстық су өндіру үшін қазандықтардабиогазды дара және табиғи газбен бірге жағу; - электрогенераторларда мотор отыны ретінде қолдану, сонымен қатар ауа үрлегіштердің жетектерінің дизель қозғалтқыштарында негіздеу кезінде және автокөліктерде қолдану; - шөгіндіні термиялық кептіру және өртеу құрылғыларында отын ретінде қолдану. Биогазды мотор отыны ретінде қолдану кезінде оның қозғалтқыштардың жұмысына қолайсыз әсер ететін қоспалардан (су, ауыр бөлшектер, күкіртсутек, силоксандар және т.б.) тазартылуын ескеру керек. 9.11.3.7 Шөгінділерді метантенктерде ашыту үшін мезофильді (Т = 33°С) немесе термофильді (Т = 53°С) режимді қолдануға болады. Ашыту режимін таңдауды келесі өңдеу және кәдеге жарату әдістерін, сонымен қатар санитарлық талаптарды ескере отырып жүргізу кере. 9.11.3.8 Ашытудың талап етілген режимін қолдау үшін қарастыру керек: - әдеттегідей, тәулік бойы бір қалыпты болатын шөгіндіні метантенктерге жүктеуді; - жылу алмастырғыш аппараттарда метантенктерді эжектирлеуші құрылғылардан шығатын өткір бумен жылыту немесе метантенкке берілетін шөгіндіні қыздыру; Жылудың керекті мөлшерін метантенктерден қоршаған ортаға шығатын жылу мөлшерін ескере отырып анықтау қажет. 9.11.3.9 Ашытуды мезофильді (температура 35ºС шамасында) және термофильді (температура 50 – 60ºС шамасында) режимінде жүргізуге болады. Негіздеу кезінде сонымен бірге ашытудың екі фазалы термофильді-мезофильді режимді қолдануға болады. Температура режимін таңдауды кейінгі шөгіндіні өңдеу және кәдеге жарату әдістерін, санитарлық талаптарды, түзілетін газды кәдеге жарату әдістерін ескере отырып, техникалық-экономикалық талқылаулардың және жылу техникалық есептеулердің нәтижелері бойынша жүзеге асыру керек. 9.11.3.10 Метантенктерге берілетін шөгінді ірі дисперсті қоспаларды жою мақсатымен прозорлары 6 мм аспайтын торлардан (елеуіш) сүзілген болу керек. 9.11.3.11 Құрамындағы құрғақ зат мөлшері 5% кем болғанға дейін артық белсенді тұнбаны метантенкке жібермес бұрын оның қойылуын қарастыру керек. Метантенктердің көлемін құрылыстың жұмыс көлеміне органикалық жүктеме бойынша есептеу арқылы анықтау керек. Шөгінді жүктемесінің көлемдік мөлшері артық болмауы тиіс: - термофильді үрдіс үшін 15%; - мезофильді үрдіс үшін 7%. Шөгіндінің органикалық затының ыдырауын шөгінді түрін, үрдіс температурасын, алдын ала өңдеудің болуын және түрлерін ескере отырып есептеу арқылы анықтау керек. 9.11.3.12 Метантенктердің сиымдылығын жүктеменің тәуліктік мөлшері бойынша шөгіндінің шынайы ылғалдығына байланысты есептеу қажет, ылғалдық мәні қалалық тоспа сулардың шөгінділері үшін 9.35-кестеден алынады, ал өндірістік тоспа сулардың шөгінділері үшін эксперименттік мәліметтердің негізінде алынады; тоспа суларда анионды беткей-белсенді заттар (ББЗ) болған кезде жүктеменің тәуліктік мөлшерін 9.11.3.13 бөлімге сәйкес тексеру керек.
Кесте - Жүктеменің тәуліктік мөлшері бойынша шөгіндінің шынайы ылғалдығына байланысты метантенктердің сиымдылығының мәні
9.11.3.13 Тоспа суларда ББЗ болған кезде жүктеменің тәуліктік мөлшерінің, Дmt, %, 9.35-кестеден алынған шамасын мына формула бойынша тексеру керек:
мұнда Сdt - шөгіндіде беткей-белсенді заттардың (ББЗ) болуы, мг/г шөгіндінің құрғақ заты, эксперименттік мәліметтер бойынша немесе 9.36-кестеден алынады; Pmud - жүктелетін шөгіндінің ылғалдығы, %; Дlim– бір тәуліктегі метантенктің жұмыс көлемінің шекті рұқсат етілетін жүктемесі, қабылданады: г/м3: а) 40 – тіке алкильді тізбекті алкилбензолсульфонат тар үшін; б) 85 – басқа «жұмсақ» және аралық анионды ББЗ үшін; в) 65 – тұрмыстық тоспа сулардағы анионды ББЗ үшін.
![]() |