Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Тоспа суларды биологиялық тазалауға арналған құрылыстар



Биологиялық тазалау құрылыстары

9.3.1.1Аэробты биологиялық тазалау құрылыстарын (батырылмаған және батырылған биосүзгілер, аэротенктер, жұмысы мерзімдік реакторлар, биореакторлардың басқа типтері, биологиялық тоғандар, буландырғыш-тоғандар, буландыру алаңдары) тоспа суларды биохимиялық ыдырайтын органикалық ластанудан, азот бірігулерінен тазалау үшін қолдану қажет. Мұнымен қоса, оларды кетіру үшін фосфор қолдану ұсынылады.

9.3.1.2 Органикалық ластануы бойынша концентрациясы жоғары, сонымен қатар сульфаттар концентрациясы жоғары тоспа сулар үшін негізделген жағдайда анаэробты биологиялық тазалау құрылыстарын пайдалануға болады.

9.3.1.3 биологиялық ыдырайтын органикалық қосылыстары бар, я болмаса шаруашылық-тұрмыстық тоспа сулармен қоспасын өндірістік тоспа суларды тиімді аэробты биологиялық тазалау үшін әр 100 мг/л ОБТтол биогендік элементтердің - азот N кемінде 5,0 мг/л және фосфор Р 1,0 мг/л мөлшерін қамтамасыз ету қажет.

Биогендік элементтер бұдан кем болған жағдайда олардың тұз ерітінділері, я болмаса мөлшері көбірек басқа материалдардың (қалдықтардың) қосылуын қамтамасыз ету қажет.

9.3.1.4 Аэробты биологиялық тазалау құрылыстарындағы температура 6ºС төмен және 40ºС жоғары болмауы тиіс. Төменірек және жоғарырақ мәндер кезінде негізделетін болса, температураны өзгерту қажет (жылыту, я болмаса суыту).

Преаэраторлар мен биокоагуляторлар

9.3.2.1 Преаэраторлар мен биокоагуляторларды:

- бастапқыдағы тұндырғылармен асыра қамтамасыз етілетін тұндырылған тоспа сулардағы ластаушы заттардың мөлшерін азайту үшін;

- ауыр металлдар иондарын (сорбация есебінен) және биологиялық тазалау процессіне кері әсер ететін басқа да ластаушы заттарды шығару үшін қолдану қажет.

9.3.2.2 Мыналарды қарастыру қажет:

- батсапқыдағы тұндырғылар алдында бөлек орналасқан немесе кіріктірілген құрылыстар түріндегі преаэраторлар;

- биокоагуляторлар – тік тұндырғылармен біріктірілген құрылыстар түрінде.

9.3.2.3 Преаэраторларды тазалау станцияларында аэротенктермен, биокоагуляторларды – тазалау станцияларында аэротенктермен де, биологиялық сүзгілермен де қолдану қажет.

9.3.2.4 Преаэраторлар мен биокоагуляторларды жобалаған уақытта:

- бөлек тұрған преаэраторлар секцияларының санын – кемінде екі және барлығы жұмыс күйінде;

- артық белсенді тұнбасы бар тоспа суларды аэрациялау ұзақтығы – кем дегенде 20 мин;

- әперілетін тұнбаның мөлшері артық тұнбаның 50% бастап, 100% дейінгі мөлшері;

- биологиялық үлбір100%;

- ауаның меншікті шығымы – тоспа судың 1,0 м3 кем дегенде 5,0 м3;

- бастапқыдағы тұндырғыларда ластаушы заттардың ұсталу тиімділігінің артуы (ОБТтол және қалқымалы заттар бойынша) - 20% бастап, 25% дейін;

- биокоагуляторлардың тұндыру аймағына түсетін гидравликалық жүктеме – 3,0 м3/(м2×сағ) асырмай алу қажет.

 

1-ЕСКЕРТУ Преаэраторға тұнбаны регенераторлардан кейін әперу қажет. Регенераторлар болмаған жағдайда преаэраторларда белсенді тұнбаның регенерациялану мүміншілігін қарастыру қажет; регенерацияға арналған бөлек орындардың сыйымдылығын жалпы көлемнің 0,25 бастап, 0,30 дейін алу қажет.

2-ЕСКЕРТУ Биокоагуляторларға әперілетін биологиялық үлбір үшін аэрациялану уақыты 24 сағатты құрайтын арнайы регенераторларды қарастыру қажет.

Биологиялық сүзгілер

9.3.3.1 Биологиялық сүзгілерді бір сатылы тазалау тәсілі кезінде органикалық ластанудан биологиялық қорғайтын негізгі құрылыстар ретінде немесе көп сатылы тазалау кезінде органикалық ластанудан және/немесе аммоний азоттан тазалау үшін бір не бірнеше саты ретінде қолдануға болады.

9.3.3.2 Биологиялық сүзгілерді (тамшылы және көп жүктелетін) егер тоспа сулардың құрамында жоғары концентрациялы органикалық заттар болатын болса, тоспа суларды биологиялық тазалау үшін қолдану қажет. Мұндайда ағындарды тазалаудағы анағұрлым нәтижелі әдіс болып, анаэробты әдіс табылады. Бұл тазалау әдісінің артықшылығы –пайдалану шығыстарының аздығында.

9.3.3.3 Биологиялық сүзгілерді қабырғасы тұтас және қос табаны бар резервуарлар түрінде жобалау қажет:

- төменгі – тұтас;

- жоғары – берік болу үшін торлы (өрілген тор).

Бұл ретте:

- табандардың арасындағы бос орынның биіктігін кем дегенде 0,6 м;

- астыңғы табанның жинақтама лотоктарға қарай еңкеюін кем дегенде 0,01;

- жинақтама лотоктардың ұзыннан көлбеуін – конструктивтік тұрғыдан, бірақ 0,005 кем болмайтындай алу қажет.

9.3.3.4 Тамшылы сүзгілерді табиғи жолмен аэрацияланатындай, көп жүктелетінді – табиғи жолмен де, қолдан да аэрацияланатындай (аэросүзгілер) жасау қажет.

Биосүзгілердің табандардың арасындағы бос орынның шегінде олардың периметрі бойынша бір сызықтың бойымен орналастырылатын және тұмшалап жабылатындай жабдықталатын терезелерден табиғи жолмен аэрациялануын қарастыру қажет. Терезелердің ауданы биосүзгілердің ауданының 1% бастап, 5% дейінгі ауданын алып тұру қажет.

Аэросүзгілерде ауаның енгізудегі қысымы 980 Па желдеткіштермен табандардың арасындағы бос орынға әперілуін қарастыратыру қажет. Аэросүзгілердің бұрылма құбырларында биіктігі 200 мм гидравликалық бекітпелердің орналастырылуын қарастыру қажет.

9.3.3.5 Биосүзгілер үшін жүктелетін материал ретінде ұсақталған тас немесе нығыз тау жыныстарының ұсақ жұмыр тастарын, керамзит, сонымен қоса беріктілігі жоғалмай, 6°С бастап, 30°С дейінгі температураға шыдайтын пластмасса пайдалану қажет.

Пластмассаманы қоспағанда, жүктелетін табиғи және жасанды материалдардың барлығы:

- топырақ тығыздығы 1000 кг/м3 дейін жеткенде кем дегенде 0,1 МПа қысымға;

- күкірт қышқылды натрий ерітіндісіне қаныққан кем дегенде бес еселік сындірмеге;

- аязға төзімділікке жүргізілген сынақтардың кем дегенде 10 циклына;

- массасы сыналып отырған материалдың массасынан 3 есеге артуы тиіс 5% тұз қышқылы ерітіндесінде 1 сағат аралығында қайнатуға төзуі тиіс.

Сынақтар жүргізіліп болғаннан кейін жүктелетін материалдың көзге байқалатын зақымдануы болмауы тиіс және оның массасы бастапқы кездегі массасынан 10% артық азаймауы тиіс. Биосүзгілердің пластмассалық жүктелуіне қойылатын талаптарды 9.3.6.2 сәйкес қабылдау қажет.

9.3.3.6 Сүзгілердің биіктік бойынша жүктелуі астыңғы ұстап тұратын қабатының биіктігін 0,2 м, ірілігін 70,0 мм бастап, 100,0 мм дейін алып, ірілігі бірдей материалдан жасалуы тиіс. Биосүзгілерге арналған жүктелетін материалдың ірілігін 9.12-кесте бойынша алу қажет.

 



Просмотров 1688

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!