Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Ислам және адам құқығының арақатынасын анықтаңыз



Ислам құқығы, негізгі Ислами ғылымдар арасында маңызды орны бар білім саласы. Бұл білім саласы өз арасында тарихы, усулі (тәсілі, методикасы, әдісі) және үкімдерімен өте кең ауқымды қамтиды. Негізінде түрлі мәзһәбтар тұрғысынан Ислам құқығының, мұсылмандардың ғылым тарихында орасан зор әдебиетке және жүйелі қорын ортаға салу ерекшелігі бар. Ислам құқығы ғылымына кіріспе

Ислам құқығы (Фикх) діни әрі әлеуметтік жағы бар білім саласы. Дін, Тәңірлік (самауи) діндердің жалғасы ретінде ортақ нәрселері болғаны сияқты, жалпы қоғамдық ғылымдар және ұйымдар оның ықпалынан сатылап кемелденеді. Бұл қағида бойынша Ислам құқығы да бірден кемеліне жетіп туған жоқ, керісінше уақыт өте келе дамыды. Пайда болу, даму кезеңінде Сирияда Рим, Иракта Иран және Ясрибте Исрайыл құқығы өз үстемдігін жүргізіп тұрған болатын. Бұдан басқа надандық дәуірінде арабтардың жүзеге асыратын өздеріне тән құқықтары бар еді. Бұл мәселеде Исламның рухы мен негіздеріне қайшы келмейтін салт-дәстүр Фикх пен Фикхшылар тарапынан алынғандығы үшін аз да болса Фикхтың дамуында көрші жүйелердің ықпалы болғаны сияқты, Фикхтың да басқа құқықтарға әсері болғандығы жөнінде пікірлер бар. 1 Шариат бойынша ер адамдардың құқықтары мен бостандықтарының қамтамасыз етілуі2 Шариат бойынша әйел адамдарының құқықтары мен бостандықтарының қамтамасыз етілуіАлла Тағаланың адамзат баласын Адам-Ата мен Һауа-Анадан таратқаны жайындағы әңгіме шындыққа жанасады. Әлемдегі барлық халықтар Ислам діні бойынша Алла алдында тең кұқықты, олардың міндеттері мен жауапкершіліктері де бірдей. Сондықган да, касиетті Құранда бүкіл адамзат баласының өзара бауыр екені айтылып, өзара қарым-қатынастарында оны үнемі есте сақгауды ескертеді. Бірін-бірі сыйлап, құрметтеуді міндеттейді. Татулықты тоздырмай, қайта дамытуға шақырады. Ислам деген араб сөзінің мағынасы да "татулық", "бейбітшілік" дегенді білдіреді. Сондықтан да, Ислам діні бүкіл адамзат баласына арналған.Мұны Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдері жақсы түсінуі тиіс. Олардың бәрі де Қазақстан Республикасы тұрғындарының басым көпшілігі мұсылмандар, әсіресе қазақтар екенін есте тұта отырып, бұлардың мәдениеті мен тарихына, діні мен тіліне, өсіп-өркендеуіне кедергі келтірмей, қайта қолдап, қуаттаулары лазым. Қазіргі кездегі экономикалық қиындықгарды пайдалана отырып, шетелдік бизнестермен бірге арам ойлы ниетпен, Қазақстанда тұрушы халықтар татулығына сына қағуға келушілер де жоқ емес. Осы ретте Қазақстан тұрғындары "бір жеңнен қол, бір жағадан бас" шығаруды ойластырғандары жөн. Өйтпесе, Югославия, Карабах, Ауғанстан, тіпті, Шешенстандағы жағдайлар бізге де келуі кәдік. Одан зәбір шегетіндер тек Қазақстан тұрғындары болады, ол сөзсіз.Бәріміздің ортақ Отанымыз - Қазакстан. Алдымызда ең қасиетті отандық патриотизмді жандандыру мәселесі тұр. Бұған мемлекеттік тұрғыда мән беріліп, қадағалануы тиіс. Оны шешу үшін қазіргі танда республикамызда жинақталған көптеген көкейкесті мәселелердің шешімін табуымыз қажет. Ол мәселелер: экономикалық хал-ахуалды жақсарту, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, дін және діни ұйымдар мәселесі, мәдениет пен білім беру мәселелері. Толғақты осы мәселелерді дұрыс шешкенде ғана халықтар арасындағы татулық пен өзара түсіністіктерге жол ашылады, отандық патриотизм мәселесі реттеледі.Қазақстан тұрғындарының 72%-і мұсылмандар болып табылады. Олардың бәрінің де сан ғасырлар бойы ата-бабаларының жолын қуып Ислам дініне бас иіп келе жатқаны жасырын емес. Олар Тәуелсіздігімізді жариялағалы бері оң құлшыныс танытып, адасып қала жаздаған ата-баба жолына қайта бет бұра бастағаны тағы да рас. Бұл шындықпен санаспауға құқығымыз жоқ. Алайда, жоғарыда сөз еткен келімсектердің әсерінен Исламға шабуыл күрт күшейіп отыр. Сәл нәрсе болса, қара күйені Исламға жағып, "ислам экстремизмі", "ислам фундаментализмі", "ислам модернизмі", "ислам дәстүршілдігі", "ислам террористері", "уаһаббистері" және т.б. деп, Исламды жауыз дін, оны ұстанушыларды жауыздар ретінде көрсетіп, байбалам салу әдетке айналып барады.Осы арада "уаһаббизмнің" діни бағыт емес, идеологиялық ағым екенін ерекше ескерткім келеді. Бұл саяси ағым XVIII ғасырда Сауд Арабиясы пайда болған. Ағымның негізгі мақсаты -'адамдар теңдігі", "бауырластық", әлеуметтік тұрғыдан адамдардың хал-ахуалын жақсарту, халық билігін кеңейте түсу, Мұхаммед пайғамбар дәуіріндегі калыптасқан демократиялық құқықтардан айнымау іспетті әлеуметтік-саяси мәселелерді шешу. Осы жолды өз идеологиясына айналдырған Сауд Арабиясының басшысы Абд әл-Азиз ибн Сауд (1889-1953) әлеуметтік тұрмыс-тіршілікте (жиһатта) ірі жетістіктерге жетіп, "Ислам социализмін" орнатты. Сауд Арабиясындағы әлеуметтік жағдайдың басқа елдердегіден озық тұрғаны да көпке мәлім. Тіпті қажылық және мұнайдан кіріс болмағанның өзінде Сауд Арабиясы ешкімге қол жаймай тіршілік ете алатын халде.Ал, "ислам экстремизмін" алатын болсак, ол -" негізінен батыстық саясаттың күшеюіне орай, тәуелсіздіктерінен айрылып қалмау жолында Мысыр, Тунис сияқты араб елдеріндегі студенттер тарапынан құрылған діни-саяси ұйым. Алайда, бұл ұйымдар, террористік бағдар алғандықтан, мемлекет тарапынан қудаланады. Жалпы, Ислам діні кез келген террорлык актілерге, нақақ қан төгуге бүтіндей қарсы. Тіпті, Ислам діні адамзатқа, табиғатқа зиян келтіретіні іс-әрекеттерге тыйым салады. Ондай әрекеттер ауыр қылмыс ретінде қараланады. Рас, Пакистан, Иран мемлекеттерінде экстремистік пиғылдағы саяси топтар бар. Олар Ауғанстанға көмек көрсету деген желеуді алға кояды.Нағыз шынайы исламдық жолдан қорқуға болмайды. Өйткені, VIII ғ. Бастап түркі тектес халықтардың тұрмыс-тіршілігінде Ислам маңызды орын алып, оның қағида-ережелері калыптасқан. Бұл қағида — ережелер негізінен әділдік, кайырымдылық, адамгершілік принциптерінен кұралып, бүкіл қоғам мүшелері тарапынан қолдау тапқан. Олар: жетім-жесірге қол ұшын беру, әлсіздерге жәрдемдесу, біреудің жоғын жоқтау (яғни, қысылып-қиналған адамға көптеп көмек беру, жәрдем жасау), адасқанды жолға салу, ата-ананы сыйлау, үлкендерді құрметтеу, кешірімді болу, жылағанды жұбату және т.б.Кешегі патшалық өкімет те, Кеңестік билік те мұсылмандардың құқықтық танымы мен құқықтық санасын қаншалықты уландырғанымен, бәрібір оны ұмыттыра алмады. Бұл — халқымыздың Ислам дініне деген құлшынысының айғағы. Ислам Арабстан түбегінің солтүстік-батыс облысында, Хиджаз арабтарының арасында пайда болды. В.В.Бартольд айтқандай: “Әлемдік діндердің ең соңғысы және үшіншісі, алдыңғы екі дінге қарағанда, басқаша жағдайда пайда болып, тағдыры басқаша болды”.Ү-ҮІІ ғасырларда Арабстан халқының көпшілігін көшпелі малшылар құраған еді. Оларды тарихта арабтар: араб, урб, урбан деп атаған еді. Тек ҮІІ ғасырдан соң ғана бұл этноним исламды қабылдап, біртіндеп араб тіліне көшкен елдердің отырықшы халықтарына тарала бастайды. Арабтардың шаруашылығындағы басты рөлді көшпелі малшылықтың алуы, географиялық климаттың жағдайларымен түсіндіріледі, түбектің кей жерлері, негізінен оңтүстік, мысалы, Имен жері ғана егіншілікке қолайлы, қалған территорияның бәрін сирек кездесетін оазистері мен шөл дала алып жатты. Өсімдігі аз сусыз даланың иелері-бедуиндер болды. Бедуин сөзінің мәні де, “шөл дала тұрғыны” дегенді білдіреді. Бедуиндерде патриархалдық қатынастар рулық-тайпалық әдет-ғұрыптар көп сақталды, бұл жағдай әлсіз әлеуметтік бөлінуі бар қоғамға тән еді.ҮІ ғасырда Аравияның оңтүстігінде ертеде салынған ирригациялық жүйелер құлдырауға ұшырайды. Тарихшылар оны белгілі бір дәрежеде табиғат катаклизмінен, “су тасқындарынан, жаңбырлы маусым салдарынан, жер сілкінісінен” көреді.Екінші жағынан, ирригация системаларына жау шапқыншы-лықтарының, атап айтқанда эфиоптар мен ирандықтар шапқын-шылықтарының зардабы тиді. Нәтижесінде, оңтүстіктегі отырықшы өркениет жойылды. Осы ғасырда Солтүстік Арабстанда орналасқан мемлекеттік бірлестіктердің кейбірі ыдырап, кейбірі Иран және Византия провинцияларына айналды. Бұл жағдайда көшпелі бедуиндер солтүстік және орталық Арабстанда шексіз билік жүргізуге құқық алды. Мемлекеттік саяси бірліктің жоқтығы тайпалардың өзара қақтығыс соғыстарына әкеліп соқтырды. Бұл қырқыс соғыстар жалпыарабтық саяси, мемлекеттік биліктің тууына кедергі келтірді. Бір жағынан тайпалардың идеологиялық түсініктері тайпааралық бірлік идеясына тікелей қарама-қарсы болды. Исламға дейінгі арабтар негізінен пұтқа табынушылар болды. Тарихшы Л.И.Климовичтің көрсеткеніндей, “мұсылмандыққа дейінгі Арабстанның діні ежелгі арабтардың табиғатпен күресіндегі әлсіздігін сипаттап, ру ақсақалдары мен тайпа көсемдерінің билігін ақтау мен мадақтауға бағытталды”. Әрбір тайпаның тас, не ағаш, не басқа түрдегі өз құдайы жекеленген өз мәдениеттері өмір сүрді. Әр түрлі құдайлар мен культтердің өмір сүруі тайпаларды бір-біріне қарсы қойды. Арабтардың түсінігінше, құдайлар да өздеріне сыйынған тайпалар сияқты өзара бақталас болып, жауласып кетті, бұндай сенім арабтардың нанымдарына мықтап орныққан еді. Тайпааралық соғыстар араб қоғамындағы дағдарыстың тағы бір ерекшелігін тудырды.Дағдарыс кезеңінде Арабстанның батысында, Хиджазда, Мекке қаласында орналасқан құрайыш тайпасы күшейе бастайды. Мекке ірі экономикалық орталыққа айналды, оның саяси ықпалы да күннен күнге өседі. Меккенің күшеюіне “жаңа идеялар жасаумен, әлеуметтік қайшылықтарды жұмсартумен” ғана шешуге болатын еді. Ортағасырдың тарихи жағдайында бұл мәселені жаңа діни идеология шешетін еді, бұндай идеология ислам болды. Р.Мавлютов былай деп көрсетеді: “біріктіруші мақсатқа лайық идеологиялық құрам ислам болды. Оның қатаң, жүйелі монотеизмі, тайпалық текке байланыссыз “бауырластық” уағызы уақыт талабына жауап береді”.Тезис: Жеке адамдар статусының құқықтары негізінен діни принциптерге негізделеді. Бұл нормалардың негізгі институттары: неке, ажырасу, туыстық жөндері отбасын материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету, бала тәрбиелеудегі міндеттер, өсиет, мұрагерлік, қамқоршы, құқықтық қабілетін шектеу, т.б. Сол секілді жеке азаматтық құқықтарға (мәміле): жекеменшік мәселелерін реттеу, әр түрлі келісім түрлері мен оларды қамтамасыз ету, міндеттемелерді орындау тәртіптері т.б. кіреді.

 



Просмотров 1148

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!