Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936)
|
САНКТ-ПЕТЕРБУРГ» САУДА ОРТАЛЫҒЫ
«Санкт Петербург» сауда орталығы Астана қаласының оң жақ жағалауында орналасқан. Жалпы алаңы 17889,5 м2, сауда орталығы - 2 қабатты болып келеді. Кеңселер, бутиктер, мейрамханалар, 33 орынға арналған автотұрақ орналасқан. Мұнара түріндегі кеңсе үйғимараттары 17 қабатты болып келеді.
ХАН ШАТЫР» ОЙЫН-САУЫҚ ОРТАЛЫҒЫ «Хан шатыр» ойын-сауық орталығы Есіл өзенің сол жақ жағалауында орналасқан. Ғимараттың биіктігі – 150 метр, алаңы - 1,5 млн. куб.м. Ойын-сауық орталығы жобасының авторы танымал британ сәулетшісі Норманом Фостер. АО «Сембол Иншаат» (Түркия) арқылы тұрғызылды. Сауда орталығы шатыр түрінде салынған. Хан Шатыр ойын-сауық орталығы Есіл өзенінің сол жақ жағалауы, Бейбітшілік және келісім сарайына қарама-қарсы, елорда әкімшілік бөлігінің бас осінің соңында орналасқан.
КЕРУЕН» САУДА-ОЙЫН-САУЫҚ ОРТАЛЫҒЫ «Керуен» сауда-ойын-сауық орталығы Сулы-көгалды бульварда, Бәйтерек кешенінің қасында, Ұлттық кітапхана және «Северное сияние» тұрғын үй кешенінің арасында орналасқан. Орталық тек сауда-саттықпен шектеліп қана қоймай, уақытты қызықты өткізуге болатын ойын-сауық орталығы да қарастырылған. Сонымен қатар кафе, ресторан мен балаларға арналған ойын-сауықтар орналасқан. №1.40 «МОСКВА» БИЗНЕС-ОРТАЛЫҚ «Москва» тұрғын үй кешені Астана қаласының оң жақ жағалауында орналасқан. Жалпы ауданы – 75 мың шаршы метрді құрайтын 25 қабаттық ғимарат. Ол - «Ақ Орда» ғимаратының қасында орналасқан бизнес-орталық. 4 жұлдызды қонақ үйі, сауда-саттық ойын орталығы, жерасты автотұрағы бар. ТРАНСПОРТ-ТАУЭР Комплекс 2003 жылы ашылған. «Транспорт Тауэр» - транспорттық ведомсволар ғимараты. Есілдің сол жағалауында орналасқан. Бұл сәулім ғимаратты қазақстандық құрылысшылар тұрғызғаны мәлім («Базис - А» корпорациясы). Астаналық ең биік бұл ғимараттың биіктігі – 155 м. Ғимаратта транспорт және коммуникация, Сауда және индустрия министрліктері, байланыс және информатизация агенттігі орналасқан.
ДИПЛОМАТ» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ «Дипломат» тұрғын үй кешені Астана қаласының әкімшілік орталығында орналасқан. Тұрғын үй 333 пәтерден тұрады. «Ақ ауыл» корпорациясы кешен құрылысында жаңа материал – пеноблокты қолданды. Құрылыс жұмыстары екі жылға созылды. Нысан 2006 жылы қолдануға берілді.
№1.43 «ЭКСПОЦЕНТР» «Экспоцентр» - көпфунционалды көрме кешені. Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан. Кешен жобасының авторы итальян сәулетшісі Максимилиано Фукасо. Жалпы ауданы 200 мың шаршы метрді құрайды. БҰЛТТАР ҮЙІ» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ 70 қабатты ғимарат. 5 секция арқылы бұлт формасын келтіріп тұр. АО «корпорация KUAT» арқылы тұрғызылған ғимарат. Архитекторы – Ш.Матайбеков. 2008 жылы «Лучший Порект Года» номинациясымен жеңіске жетті.
АСТАНА ЖҰЛДЫЗЫ» МОНУМЕНТІ «Астана жұлдызы» монументі 2007 жылы ашылды. Монументтің салтанатты ашылу рәсіміне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Монументтің жобасы Мәскеуде ойластырылып, Қазақстанда жасалды. 40 метрлік стелланың төменгі бөлігінде орналасқан әдемі тулпарлар ерекше көрініс береді. Осы монумент Астананың дамуының символы. БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ САРАЙЫ 2004 жылы Бейбітшілік және Келісім Сарайын атақты британдық сәулетші Норман Фостер жобалады. Сарай ғимараты – елорданың жаңа әкімшілік орталығының орталық бөлігінде, президенттік сарайға апаратын жолдың кіндігінде орналасқан. Сарай – пирамида түрінде салынған. Төменгі деңгейін 1500 орындық опера театры алып жатыр. 25 қабатты ғимараттың биіктігі – 62 м, оның іргетасының аумағы да осындай. Ғимараттың ішінде – жиналыстар мен конференциялар өткізетін бөлмелер, үш қабатты мұражай, көрме және концерт залдар, кітапхана, діни конфессиялардың кеңселері, ал Пирамиданың ұшар басында – әртүрлі діндер мен конфессиялар көшбасшылары жиналыстарын өткізетін 200 орындық дөңгелек зал орналасқан.
ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ» МОНУМЕНТІ 2003 жылы бой көтерген бұл монументтің авторы – белгілі мүсінші Сәкен Нарынов. Елдік пен достықтың белгісіне айналған ол биіктігі сегіз метр болатын үш бейнеден тұрады. Монументте тарихи тағдыр біріктірген адамдардың ынтымағы өзара байланысқан үш қол арқылы өрнектелген. Басы мен шегі жоқ мұндай тораптар ұзақ өмірді, шексіз бақытты және тонның ішкі бауындай жарасымдылықты білдіреді. Мүсіннің жанындағы субұрқақтардан орман тәрізді композиция жасалған. Әр субұрқақ орташа мөлшердегі гранитті тақталардың қиылысында орын тепкен. Сәкен Нарыновтың айтуынша, бұрқақтар елімізде қалыптасқан көптүрлі мәдениет үйлесімділігін меңзейді. АЗАҚ ЕЛІ» МОНУМЕНТІ "Қазақ елі" монументін ҚР Президенті Н.Назарбаев қазақ елінің елордасы - Астананың 10 жылдық торқалы тойына орай 2008 жылғы шілденің 6-сында салтанатты түрде ашқан болатын. Ел Тәуелсіздігін бейнелейтін ескерткіш-стелланы идеологиялық-көркемдік тұрғыда одан әрі байытып, кеңейту барысында мамандар тарапынан ұсыныс-пікірлер түскен соң, оны жаңа композициялармен толықтыру туралы шешім қабылданды. Жаңа кейіпте ұсынылғалы отырған кешеннің жоғарғы жағында самұрық құсы, ал іргесінде бір-бірін өзара толықтыратын төрт жеке мүсіндік барельеф бейнеленген. Олар - "Президент және Қазақстан халқы", "Қаһармандық", "Жасампаздық" және "Болашақ". Олардың ортақ тақырыбы - үзілмей келе жатқан ұрпақтар сабақтастығы мен өшпейтін өміршеңдік пен мұратшылдық. Монументтің биіктігі - 91 метр. Бұл Қазақстанның Тәуелсіздігі жарияланған 1991 жылдың ел тарихындағы маңыздылығын нақтылай түседі. Монументтің ұшар басында самұрық құс бейнеленген. Ол еркіндік пен күш қуаттың символы.
|