Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



ХАЙВИЛ-АСТАНА» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ



«Хайвил» компаниясының тұрғын үй кешені ең көрікті жерде – Президент Сарайы, Үкімет үйі ғимараты, Парламент үйі, Жоғарғы Сот, Шетел мемлекеттерінің Елшіліктері, жаңа Әкімшілік кешені орналасқан ауданда тұрғызылды. Көлемі 1 млн. шаршы метр. «Хайвил» - жаңа қаладағы қалашық. Ол – Астана қаласындағы еркін арнайы экономикалық аймақ. Оның ішіне халықаралық кездесулерге арналған бизнес-орталығы, халықаралық мектеп, Сауда орталығы, үлкен парк және т.б. кіреді. Тұрғын үй кешенінде қолданылатын тұрмыстық қондырғылар құрылғылары алғы технологиялар бойынша құрылған және сандық жүйелермен жарақтанған. Кешенге фитнес-клуб, моншалар, ойын алаңдары мен бала бақша, түрлі парктер, супер-маркет, аурухана т.б. кіреді.

 

ШАБЫТ» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ САРАЙЫ

Шабыт» шығармашылық сарайы Есіл өзені­нің оң жақ жағалауында Астананың жаңа әкімші­лік орталығында, Конгресс-Холл ғимаратының жанын­­да орналасқан. Еліміздің жаңа тарихынан орын алған бұл ғимарат трибуналары – тренажер жарақтары бар спорт залдарынан, 300 және 500 орынға арналған әмбебап концерт залдарынан, көрме кешендерінен, репетиция бөлмелерінен, кітапханадан, сазгерлер мен суретшілердің шығар­­машылық үй-жайынан, хореография алаңда­рынан, балалар шығармашы­лығы сыныптарынан, баспасөз залдарынан, дәмха­на­лар мен әкімшілік жайлардан тұрады. Мұнда бала­лардың музыка, кинематография, сахна өнері, детек­тив мектептері, «Өнер» мектебінің сыныптары, «Номад» арт-орта­лығы, журналистердің, сәулет­ші­­лер­дің, дизайнер­лер­дің шығармашылық одақ­тары да бар. «Шабыт» шығармашылық орталығы – Тәуелсіз елдің барлық талантты да шығарма­шыл адамдарының басын қосатын ең ірі, бірегей кешен. Сарайдың жалпы аумағы – 30 мың шаршы метр. Ғимарат Астанада­ғы Қазақ ұлттық өнер университе­тінің қарамағына берілген. Шалқар шабыт орталығы 2010 жылдың маусым айында Елбасының қатысуымен ашылды.

 

 

ТӘУЕЛСІЗДІК САРАЙЫ

Тәуелсіздік сарайы – халықаралық деңгейде ірі конференциялар мен саммиттер, әртүрлі деңгейдегі жиындар мен көрмелер, концерттер мен мерекелік шаралар өткізуге болатын әмбебап сарай. Астана қаласында орналасқан. Оның құрылысы 2007 жылдың желтоқсан айында басталып, 2008 жылдың күзінде аяқталды. Салтанатты ашылу рәсімі 2008 жылы 15 желтоқсанда өтті.Тәуелсіздік сарайы үш қабаттан тұрады. Сарайдың бірінші-екінші қабатында баспасөз орталығы, мейрамхана, мәжіліс залдары, салтанатты кештер өткізуге арналған сахна алаңы, залдар мен көрме залдары, өнер және Қазақстан тарихы мұражайлары, қолөнер мен этнография, археология және антропология галереясы орналасқан. Ал үшінші қабатта кинотеатр, 30-дан астам кеңселер, қоймалар, технология мұражайы мен Астана қаласының шағын макеті бар.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ

Астанада халықаралық деңгейдегі жаңа жоғары оқу орны ашылды. Бұдан бұрынырақта Елбасы Астанада ұлттық бiлiм беру жүйесiнiң барлық артықшылықтары мен үздiк әлемдiк ғылыми бiлiм беру тәжiрибесiн үйлесiмдi қамтитын, Қазақстанның ұлттық брэндiне айналатын ерекше үлгiдегi халықаралық жаңа университеттiң құрылатындығын айтқан еді. Өркениетті білім жүйесінің барлық талаптарына сай етіп салынған оқу ордасының ашылу салтанатына Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қатысты. Университет ғимараты Есіл өзенінің сол жағалауындағы Астананың жаңа әкімшілік орталығындағы 80 гектар жерді алып жатыр. Онда университеттің оқу ғимараты, студенттер жатақханасы, профессорлық-мұғалімдер құрамына арналған тұрғын үйлермен қоса өзге де ғимараттар орын тепкен. Жалпы ғимараттар мен құрылыстың бірінші кезегінің жалпы аумағы 143 мың шаршы метрді құрайды.

 

ЖАБЫҚ СТАДИОН

Отыз мың адамды құшағына еркін сыйдыратын «Астана-Арена» Еуропадағы ең үздік, сапасы жоғары бес стадионның қатарына кіреді. Сондай-ақ, төбесі ашы­лып-жабылатын қарт құрлықтағы алтыншы стадион. Алып стадионның 20 минутта ашылып жабылатын шатырының көлемі 10 000 шаршы метрді құрайды. Сопақша болып салынған спорт нысаны жалпы аумағы 232 485 шаршы метрлік үшбұрышты жер телімінде орналасқан. Ал, стадионның метал конструкциялары «Бюро Хапполд» компаниясында әзір­ленді. Стадиондағы 30 000 орындық екі санатқа бөлінеді. Бірінші деңгейде 16 000, екінші деңгейде 14 000 орындық бар. Сонымен қатар, құрметті қонақтарға арнайы дайындалған орындарды ста­дион­ның төменгі секциясынан көруге болады. Итальяндық жасанды шөппен көм­­­керіл­ген жасыл алаң, жоғары сапалы табло мен отыз мың адамға арналған орындықтар Еуропа Футбол одағы бекіткен талаптарға түгелдей жауап бе­реді. «Астана Арена» 2009 жылы 3 шілдеде ашылған болатын. Осы уақыт ішінде мұнда футболдан республикаішілік, халық­аралық матчтар, Қысқы Азия ойындарының ашылу салтанаты өткізіліп келеді.



Просмотров 1320

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!