Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936)
|
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІ
Қазақстанның ең ірі мешіттерінің бірі, 7 мың адамға есептелген. Сәулетшілері – С.К.Баймағамбетов пен А.Шарапиев. Мешіттің диаметрі – 20 м, биіктігі – 36 м көгілдір күмбез көмкеріп тұр. 1890 жылдан бері жұмыс істеп тұрған ескі мешіттің орнына салынған. Мешіттің іргетасы 1993 жылы құйылғанымен, құрылыс 1999 жылы ғана бітті. 2000 жылы үлкен күмбез Құран аяттарымен безендірілді, ол түрік шеберлерінің каллиграфиялық шеберлігімен орындалды, дыбыс күшейткіш құрал қойылды. Бүкіл бірінші қабатқа түбегейлі жөндеу жұмысы жүргізілді, қуатты кондиционер орнатылды, бас имам мен бухгалтердің бөлмелері қазіргі заманға сай құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Құран оқитын бөлмедегі орындықтар бағалы ағаштан жасалған орындықтармен алмастырылып, 1700 м² көгалды алаң жасалды.
УЛИЕ-ВОЗНЕСЕНСК КАФЕДРАЛДЫҚ СОБОРЫ Әулие-Вознесенск кафедралды соборы 1899 жылы Тянь-Шань шыршасынан бірде-бір шегесіз (қыстырғышпен бекіту ерекше технологиясымен) салынған. 3 жыл ішінде салынды. Сәулетші – Андрей Зенков сол заман ғылымының соңғы жетістіктерін қолданған: ағаш ғимараттың іргесін нығайту үшін цемент, темір қолданып, қорғаныс жер асты шұңқырларын қазды. 1908 жылы күшті лай көшкіні болып, барлық Верный қирады, бірақ осы шіркеу үйі аман қалды. Кеңес үкіметі жылдары православиені кудалаған заманда, шіркеу мұражайға айналды. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен 1995 жылы Әулие-Вознесенский соборы орыс православ шіркеуіне қайтарылды. Қазір кафедралды соборға республиканың орталық мұражайы орналасқан. 2001 жылы шіркеудің қоңыраулар орналасқан орынға бас қоңырау – благовест – жүз пудтық «Пимен» қойылды. Алғашқы благовесттің салмағы 250 пуд болған. Оны 1929 жылы большевиктер құлатқан. Осы күнге дейін оның қайда екені әлі жұмбақ болып отыр. Трагедиялық оқиғаның куәгері болған ақсақалдардың айтуы бойынша, оны көміп тастаған, ал қай жерге көмгені –белгісіз. Қоңырау қазіргі шіркеу тұрған жерде, яғни 28 панфиловшылар паркінде немесе қала маңында болуы мүмкін деген сыбыс бар. ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛЫ «Алматы-1» темір жол вокзалы 1929 жылы салынды. Осы жерге республика үкіметінің поезды келген, сол кезден бастап Алматы Қазақстанның астанасы болды. Аталған вокзалдан Ұлы Отан соғысы жылдарында 316, 38 атқыштар дивизиялары аттандырылды. ХХ ғасырдың 70 жылдарында вокзал ірі темір жол торабына айналды. Алматы-1 транзиттік вокзал. Ол Орталық Азиямен Ресейдің Сібір облыстарын байланыстырады. ГВАРДИЯЛЫҚ-ПАНФИЛОВШЫЛАР ПАРКІ 28 гвардиялық-панфиловшылар атындағы саябақ қаланың қақ жүрегінде орналасқан. Саябақ Даңқ мемориалымен, Жадтар саябауымен және Мәңгі алауымен танымал. Ұлы ерлiк және даңқтың мемориалы, кеңес халқы жеңiсiне 30 жыл толу мерейі қарсаңына, 1975 жылдың 8 мамырында, ҰОС-да отанымыздың тәуелсіздігін, бостандығын, абыройын қорғағандарға арнап құрылған. Мемориал бiр-бiрін толықтыратын үш композициялардан тұрады. Бірінші бөлігі – ант горельефі – Қазақстанда Кеңес өкiметiн орнатуға күшін салған балғын күрескерлерге арналған. Триптихтың орталық бөлігі – «Ерлік» - 1941 жылдың қараша айында Мәскеу маңында Кеңес халқының батырлық ерлігінің интернационалды мінезін сипаттайтын орыс, қазақ, украин панфиловшылар-қаһармандарының мүсінін көрсетеді. Үшінші бөлігі – мемориалға оптимистік келбет беретін «Даңқтың дауылпаздар» композициясы, ол салтанатты өмірдің мүсінін бейнелейді. Жад саябауын бойлай 1941 жылдың қысында, Мәскеу қаласы үшін неміс танкттерімен теңсіз күрескен 316 атқыш дивизиясы 1075 полкінің 28 жауынгерлердің аттары кескінделген ескерткіштер орнатылған. А.С.ПУШКИННІҢ ЕСКЕРТКІШІ Орыстың ұлы ақыны Александр Сергеевич Пушкинге (1799-1837 жж.) Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиясының саябағының аумағында 1999 жылы ескерткіш орнатылды. А.С.Пушкиннің мүсіні қоладан құйылған. Мүсінші әлемдік классиканың алтын қорына кірген, аса құнды көрнекті шығармалар жазып, артына өлмес мұра қалдырған, ұлы туындыгердің сыпайылығы мен жанының нәзіктігін, көркемдігін ескерткіш арқылы оқырмандарына жеткізе білген. Іле Алатауының баурайында орналасқан әсем де әдемі сұлу Алматы қаласының қазіргі заманға сай абаттандырылған, кең аллеяға барып тірелетін орталық көшелерінің біріне А.С.Пушкиннің есімі берілген.
ЖЕЛТОҚСАН Желтоқсан оқиғасының 20 жылдығына орай Алматы қаласының Желтоқсан мен Сәтпаев көшелерінің қиылысында орналасқан «Тәуелсіздік таңы» ескерткішінің ашылу рәсіміне келген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Жастарды алаңға шығуға итермелеген желтоқсандағы оқиға Қазақстан тәуелсіздігінің жаршысы болды. Бұл оқиғаға ұлтшылдық сипат беруге талпыныстар жасалып, ұлтаралық қақтығыс деп түсіндіру пиғылдары да болды. Мүлдем олай болмағанын тарихтың өзі көрсетіп берді. Жастар бар болғаны әділеттілікті, теңдікті, тәуелсіздікті қалады. 1986 жылдың желтоқсанында болған оқиға Кавказ бен Балтық жағалауы елдеріндегі ұлттық қозғалыстардың өршуіне жол ашты», - деді.
|