Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



АБЫЛАЙ ХАННЫҢ РЕЗИДЕНЦИЯСЫ» КЕШЕНІ



«Абылай ханның Резиденциясы»кешені 2008 жылы ашылды. Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев қатысты. Зерттеушілердің айтуы бойынша осы кешен орналасқан жерге 1965 жылы Екатерина ІІ патшайымы Абылай ханға арнап үй тұрғызған. Патшалы Ресей осындай әдіспен дала халқының билеушілерін өздеріне тартқан. Бізге жеткен деректерге қарасақ, үй ағаштан тұрғызылған. Осы мұражай кешені еліміздің «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасына кірді. Кешенді қалпына келтіру жұмыстарына 4 млн қаражат жұмсалды.

 

БИОХИМ» ӨНДІРІСТІК КЕШЕНІ

Біздің облысымызда осы за­манғы биотехникалық орта­лық, ТМД көлеміндегі биоэта­нол өндіретін бірден-бір кәсіп­орын – “Биохим” өндірістік кешені құрылды. “Биохим” ке­шені – би­дайдан бастап, әлем­дік рынокта сұранысқа ие және осы заманғы өнім – био­эта­лонға дейін өндіретін кластерлік дамудың классикалық үлгісі. «Биохим» өндірістік кешені облыстағы индустриалды аграрлы өндірістіктің бағдарламасына кірген нысан болып табылады. Құрамында екі элеватор бар.

«Биохим» өндірістік кешені облыстағы индустриалды аграрлы өндірістіктің бағдарламасына кірген нысан болып табылады. Құрамында екі элеватор бар.

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӨНЕР МҰРАЖАЙЫ

1909 жылы Алексей Юзефович атты саудагер салған ағаш үй. Үлкен үй 2 қабаттан, балконнан және шатыр терезесінен тұрады. Осы үй 1985 жылы шығармашылық өнер мұражайына берілді. Мұражайға айналмай тұрып кешенді Кеңес өкіметі әртүрлі мекемелерге берген болатын.

ВОЗНЕСЕНИЯ ГОСПОДНЯ» ПРАВОСЛАВТЫҚ СОБОР

Н.Погодин атындағы драма театры орналасқан жерде 1965 жылы жазда православтық шіркеу орналасқан. Вознесенск кафедралды соборының алғашқы түсі қызыл болды. Ақ түспен бояуға өткен ғасырда рұқсат бермеді. 1930 жылы шіркеуді жою туралы шешім шықты. 1999 жылы Вознесенск соборына ұқсатып 19 шағын ауданына қайтадан жаңғыртылып, тұрғызылды. Шіркеу 6 жыл бойы тұрғызылды. Құрылыс қаражаты қарапайым халықтан шықты.

Шіркеуде 6 шіркеу қоңырауы орналасқан. Ең үлкен қоңыраудың салмағы – 640 кг. Шіркеу қоңыраулары арнайы тапсырыс бойынша Свердлов облысының Каменск-Орал қаласында жасалынды. 2005 жылы шіркеудің құрылыс жұмыстары аяқталып, халыққа қолдануға берілді.

ЫЗЫЛЖАР» ОРТАЛЫҚ МЕШІТІ

Петропавл қаласында орналасқан екі қабатты мешіт. ХІХ ғасырдың ортасы мен ХХ ғасырдың басында салынған мешіт қайта жаңғыртуды қажет етті. Петропавл тұрғындарының өтініші бойынша Мира мен Кәрім Сутюшев көшелерінің қиылысында жаңа мешіттің құрылысы 2001 жылы басталды. Мешіт Солтүстік Қазақстан мұсылмандарының қаражатына тұрғызылды. Мешіттің жалпы биіктігі – 28 метр, ауданы – 500 шаршы метр. Екі үлкен залы бар. Оған 500 ер азамат пен 200 әйел сияды. Сонымен қатар 200 орындық асханасы бар. Неке қию залына 200 адам сияды. Мешіт кейінгі үлгіде салынып, 2005 жылы қараша айында халыққа берілді.

ОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ

Құрылған мерзімі – 1936 жыл.

Жер аумағы – 196 мың шар. шақ.

Халқының саны – 995,2 мың адам.

Кімшілік орталығы – Қостанай қаласы.

Облыс аумағында 16 аудан, 5 қала, 799 ауыл бар.

Қостанай облысы 1936 жылы құрылды. Торғай мен Орал ойпатының шеңберінде негізінен далалық аймақта орналасқан. Облыс Қазақстанның төрт және Ресейдің үш облысымен шектеседі.

Облыстың ауа-райы тез өзгермелі, жазы қуаншылықты ыстық, қыста қар аз түседі.

Ең ірі өзендер: Тобыл,Торғай.

Ең ірі көлдер: Құсмұрын, Теңіз, Қойбағар, Ақкөл.

Тобыл өзенінің жағасында орналасқан Қостанай 1879 жылы салынды.

Облыс анықталған тарихи-мәдени – 1963, соның ішінде археологиялық – 28, тарихи – 196, сәулеттік – 217, іргелі өнерлік – 522 ескерткіш бар.

Облыс аумағында б.з.д. XVIII-XI ғасырдағы қола дәуіріндегі қалашықтың табылуы елеулі археологиялық табыс болды. Архитектура жайлы айтқанда, XIX ғасырдың соңы ала тас және ағаш дәстүрінде салынған ғимараттардың алуан түрін атап өтуге болады.

Қостанай өңірі қазақ халқының көптеген ұлы адамдарының туған жері болып табылады. Олардың ішінде ағартушы Ыбырай Алтынсариннің, ғалым Шоқан Уәлихановтың, суырып салма ақын Айсұлу Орысбайқызының, ақын Нұржан Наушабаевтың, көрнекті қоғам қайраткерлері Ахмет Байтұрсыновтың, Міржақып Дулатовтың, Елдес Омаровтардың есімдері елге белгілі.

СОКОЛОВ-САРЫБАЙ КЕН БАЙЫТУ КОМБИНАТЫ

Аталған комбинат Қостанай облысында, Рудный қаласында орналасқан. Оның құрылысы 1954 басталған. 1960 жылы Сарыбай карьері іске қосылды. Негізгі өнімдері: жылына 8,4 млн. тонна темір рудалы жентектер, темір мөлшері 66 процент болатын концентрат және аломерациялы руда шығару. Комбинат жылына 170 млн. тонна кен массасын, 35 млн. товар өнімін өндіреді. Құрамында 33 цех бар. Сарыбай карьерінде қуатты жабдықтар, бұрғылау станоктары, элеваторлар, автосамосвалдар қолданылады. Электрлендірілген қуатты темір жолы бар. Карьер 1960 жылы іске қосылған.

 

ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛЫ

Ғимарат 1974 жылы салынған. Архитекторлары – В.Батырев, А.Сухорукова. Ғимараттың жалпы пішімі жолаушылардың жүріп-тұруына вокзал жұмысын ұйымдастыруға ыңғайлы етіп құрылған. Транспорт жолаушыларына қызмет көрсететін зал (билет сату, почта, телефон байланысы бөлімдері) архитектуралық-жоспарлау жобасының құрылымдық орталығы болып табылады. Ғимараттың ұзындығы 200 метр, басты кіре берісіне қисық сызықты темір-бетонды қалқа орнатылған.



Просмотров 998

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!