Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Облыс аумағында 13 аудан, 5 қала, 744 ауылдар бар



Солүстік Қазақстан облысы 1963 жылы құрылған. Солтүстігінде, солтүстік-батысында және солтүстік-шығысында – Ресеймен, батысында – Қостанай, оңтүстігінде – Ақмола облыстарымен шектеседі. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл жазығының солтүстік бөлігін алып жатыр. Оңтүстік жағы Сарыарқаға ұласады. Облыс жері көлге бай, сәл белесті, жонды келеді. Қойнауынан құрылыс материалдары, жер асты суының қорлары анықталды. Климаты континенттік, қысы – суық, қарлы, аязды.

Ең ірі көлдер: Сілетітеңіз, Үлкенқараой, Шағалалытеңіз.

Облыстың солтүстік жағында ормандық сұр, қара топырақ, оңтүстігінде құнарлығы орташа кәдімгі қара топырақ тараған.

Жалпы облыс кәсіпорындары автоматизация аспаптарын, радио және магнитофон аппаратурасын, түрлі двигателдер, автотранспорт, егіске тыңайтқыш шашатын тіркемелерін, мал фермаларының жабдықтарын, балалар велосипедтерін, ет консервілерін, сүт, кондитерлік тағамдарын т.б. шығарады.

АСИЕТТІ АПОСТОЛДАР ПЕТР МЕН ПАВЕЛ ШІРКЕУІ

Көптеген зерттеушілердің пайымдауынша қала 1766 жылы қасиетті апостолдар Петр пен Павелдың құрметіне салынған шіркеудің атымен аталды. Кейін ағаш шіркеуді халық бұзып алып кеткендіктен, 1831 жылы тастан жаңа шіркеу тұрғызылды. Өкінішке орай, бірінші шіркеу Кеңес Одағы кезінде жойылып кетті. Тек қабырғаның төменгі бөлігі ғана қалған.

МЕШІТ

Бір қабатты мешіттің қабырғасын 1890 жылдың аяғында Валит Янгузаров қалай бастады. Кеңес үкіметі кезінде бұл ғимараттың мұнарасын қиратып, спорт мектебі ретінде пайдаланған. 1991 жылы қалалық кеңестің шешімімен аталған ғимарат Петропавл мұсылман қауымына қайтарылды. Қазіргі кезде ол қалпына келтіріліп, діни ғимарат қызметін атқарады. Ғимарат тарихи құндылық болып табылатындықтан, 1994 жылдың наурыз айынан бастап діни архитектуралық ескерткіш ретінде мемлекеттік қорғауға алынған.

 

№10.3 ҚАРАСАЙ МЕН АҒЫНТАЙ БАТЫРЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНІ

1999 жылы Қарасай мен Ағынтай батырлар жерленген жерге мемориалдық кешен орнатылды.

Архитекторлары – Б.Ибраев, С.Ағынтаев.

Алтынайұлы Қарасай – қазақтың қаһарман батыры, әйгілі қолбасшысы, есімі шапырашты руының ұранына шыққан аса көрнекті тарихи тұлға. Қарасай батыр Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Суықтөбе тауының етегінде Қарасаз деген жерде дүниеге келіп, Арқа жерінде Көкшетау үшін болған шайқаста ауыр жараланып дүние салған. Топырақ Көкшетау алабындағы Айыртау сілемінің Құлшынбай деп аталатын төбесінен бұйырған. Қасына өзінің қанды көйлек досы Ағынтай батыр жерленген. Қос арыс шапырашты Қарасай мен арғын Ағынтай батырға және олармен бірге қанды шайқаста қаза болған сарбаздарға қос күмбезді кесене орнатылған (1999).

Қарасай батырдың шыққан тегі ұлы жүз шапырашты. Сөз орайында айта кеткен жөн, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осы Қарасай батырдың тікелей ұрпағы.

Қарасай батырдың өмір сүріп, ғұмыр кешкен заманы қазақ-жоңғар арасында екі ғасырға созылған соғыстың енді тұтанып, енді шиеленісіп, бірте-бірте екі көшпелі елдің тактикасы мен стратегиясының сынға түсе бастаған уақыты еді. Бұл кезде қазақ халқының дербес ел болып, ірге бекітіп, біртұтас этникалық сана-сезімнің орнаққанына екі ғасырдың жүзі болған. Содан да болар, қазақ-жоңғар арасындағы өрт тұтанған кезде елі мен жерін қорғау үшін жаудың бетіне шығып, ерлік көрсеткен батырлардың сапында Қарасай мен Ағынтай батырлар да болған.

1643 жылы жоңғарларға қарсы соғыста Қарасай батыр 3 мың қолымен қатысып, асқан ерлік көрсеткен. Соған орай Сүйінбай жыраудың:

Қарасай халқы үшін атқа мінді,

Шыдамай жауыздыққа неше түрлі, - дейтіні, немесе:

Сол қуғаннан қуылды Шудан бастап,

Қалмақ қашты баласын, малын тастап.

Әйеліне қарауға шамасы жоқ,

Келіп еді баста жерді ластап, - деп Қарасай батырдың осы соғыстағы ерлігін сипаттайды.

ПРЕСНОВ БЕКІНІСІ

1755 жылы қаланып, 1844 жылы қатардағы бекіністер қатарына қосылған. 1740 жылы Орта жүз қазақтарына ықпалын күшейте түскен патшалық Ресей 1752 жылы 28 ақпанда шекараны ішке қарай жылжыта түсіп, оған бекіністер орнатып, арасына қорғандар салуға бұйрық шығарды. Сонда, батыс бөліктегі жаңа тізбек бойындағы бір қамалды екі байланысқан тұщы көлдің біріне орнату керек болды.

Сөйтіп, аталған қамалды тұрғызу 1755 жылы аяқталды. 1768 жылы Ресейдің батыс-сібір шекарасындағы шиеленіскен саяси жағдайға байланысты бекіністі күшейту үшін қайта құру жұмысы жүргізілді.

Бекіністің айналасына биіктігі 3 метр болатын дуал үйілді. Бекіністің ішінде шіркеу, штаб үйі, казармалар мен қоймалар болды.

АБАЙ-ПУШКИН ЕСКЕРТКІШІ

Абай және Пушкин ескерткіші Павлодар қаласының орталығында орналасқан. Салтанатты ашылу рәсімі 2006 жылы тәуелсіздік күні өтті. Ашылу салтанатына көптеген зиялы қауым өкілдері қатысты. Мүсіндерді жасау үшін 1 жыл уақыт қажет болды. Арнайы конкурс жарияланып, жеңісті мүсінші – Қазбек Сатыбалдин, архитектор – Сұлтан Баймағамбетов пен Валерий Затай жеңіп алды. Мүсіндер қоладан құйылды. Мүсіндер композициясы өмір ағашымен толықтырылды. Ескерткіштің жалпы биіктігі 7,5 метрді құрайды.



Просмотров 1029

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!