Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



ДӨҢ (ДОН) ТАУ-КЕН БАЙЫТУ КОМБИНАТЫ



Ақтөбе облысындағы Хромтау қаласында орналасқан. Дөң кен-байыту комбинаты 1938 жылдан бастап оңтүстік Кемпірсай кендерін байыта бастады. Хромтау рудасы ашық әдіспен алынады. Кәсіпорында Хромтау рудасын қамтамасыз ету үшін көптеген карьерлер іске қосылды.1973 жылы негізгі руда бойынша қуаты 1 млн тонналық кен-байыту фабрикасы пайдалануға берілді, сөйтіп елімізде тұңғыш рет күрделі ортада хром рудаларын байыту технологиясы енгізілді. Кәсіпорын жоғары өнімді жаңа технологиямен жабдықталған. Онда 139 адам Кеңес ордендері мен медальдарына ие болған, ал экскаватор машинисі Н.Ізмағанбетов ҚазАКСР мемлекеттік сыйлығын алған. Дүние жүзінде табиғи қоры бойынша алғашқы үш елдің қатарында саналса, сапасы бойынша дүние жүзінде оған тең келері жоқ. Жылына бірнеше мың тонна өнім шығарады.

 

МҰҒАЛЖАР ТАУЫ

Ақтөбе облысының солтүстігінен оңтүстік бағытта қарай 200 шақырымға созылып жатқан Мұғалжар тауының ені 20 шақырымға дейін жетеді. Мұғалжар тауының ең биік жері «Үлкен Бақтыбай» (657 м) деп аталады. Солтүстігінде тау-таулы бұйрат болып басталып, оңтүстігінде бір-біріне қатарласа жатқан Батыс және Шығыс жоталардың ені 15-20 шақырым, оны аласа төбелі Алабас қазан-шұңқыры бөліп жатыр. Мұғажар тауы Кембриге дейінгі және плезой эраларының кварциттерінен, кристалды тақта тастарынан, граниттерінен, құм тастарынан түзілген. Ауа райы құбылмалы, қысы – суық, қар аз жауады, жер асты тұщы су қоры мол. Бұл аймақ көктемде, жазда мал жайылымына қолайлы. Тау қойнауынан хромит, никель және басқа да пайдалы кен өндіріледі.

 

ОРТАЛЫҚ СТАДИОН

Ақтөбе қаласындағы стадион 1975 жылы салынған. Бұл жабық стадион 15 мың көрерменге арналған. Жоба авторы “Союзспортпроект”. 1999 жылы Ақтөбе қаласы әкімшілігінің бұйрығымен қайта жөңдеуден өтіп, 2000 жылы қолдануға берілді. Жалпы көрермендер орны 13 293 болды. Стадион халықаралық стандарттарға сай.

 

№13.5 ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВА АТЫНДАҒЫ АЛАҢ

Әлия Молдағұлова (1924-1944 жж.) Хобдинск ауданында туылған. 1942 жылы Алия Молдағұлова мергендер мектебін жаксы бітіріп, 1943 жылы 26-шы атқыштар дивизиясына қосылады. 1944 жылы 14 қаңтарда Новоскол станциясында ерлікпен қаза тапты. Кеңес өкіметінің бұйрығымен батырлығы мен көрсеткен ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыр атағы берілді.

 

 

МЕТАЛЛУРГТЕР МӘДЕНИЕТ ҮЙІ

Ақтөбе шойын қорыту зауытының Мәдениет Үйі 1941 жылы Харьков институтының проектісі бойынша тұрғызылған. Ғимарат үш қабаттан тұрады, Н формасының қалпында, классикалық стильде салынған. Қабырғасы гранит плиткасымен қапталған. Ішкі құрылысы түрлі ою-өрнектермен жабдықталып безендірілген, бас ғимарат құрылысына симметриялық түрде екі қанат бірігеді. Шойын қорыту зауыты – Ақтөбенің мақтанышы. Оның цехтарында феррохром мен ферротитанның түрлі маркалары шығарылады. Зауытта қорытпа алудың конверторлық және вакуумдық әдісінің мүлде жаңа күйлері игерілді, ең жаңа жабдықтар орнатылды. 1978 жылы Металлургтер Мәдениет Үйінің ғимараты сәулет ескерткіші болып, 10.12.1986 ж. мемлекеттік қорғауға алынып құжатталған.

 

НҰРДӘУЛЕТ» ИСЛАМДЫҚ МӘДЕНИЕТ ОРТАЛЫҒЫ

Ақтөбе қаласындағы мешіт 1999 жылы іске қосылған. Жобаның авторы мен архитекторы – Б.С.Егімбаев. Жаңа мешіт қалаға ерекше көрік беріп тұр. Оның биіктігі – 51 метрді құрайды. Ішіне 1000 адам сияды. Мешіт әрбір адамның рухани орталығы болып табылады. 3 тонналық шамшырақтың биіктігі – 7 метр. Көптеген жабдықтар Турция жерінен арнайы тапсырыспен алынды.

ЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВА ЕСКЕРТКІШІ

Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова Қобданың жағасындағы Бұлақ селосында 1925 жылы 15 маусымда Сарқұлов Нұрмаханбет пен Маржан Молдағұлованың жанұясында дүниеге келді. Қазақ халқының аяулы қызы Ә.Молдағұлова 1944 жылы 14 қаңтарда Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапты. Қобда ауданының шығысында Қарақобда өзені бойында аудан орталығынан 41 шақырым жерде 1976 жылы Ә.Молдағұлова атындағы арнаулы шаруа бірлестігі құрылды. Алпысай ауылына мәңгі есте қалу үшін Ә.Молдағұловаға арнап ескерткіш орнатылды.

КӨТІБАР БАТЫР КЕСЕНЕСІ

(1757-1833 жж.)

Белгілі Бәсен батырдың алты баласының бірі – Көтібар батыр. Ол – Шектіден Қабақ руының Карабас аталығынан. Жас кезінен-ақ, 1775 жыл шамасында шектілер мен түрікпендер арасындағы ұрыста батырлығымен көзге түскен. Әкесі екеуі арқа тіресе шайқасып, қоршауды бұзып шығып, «батыр» атанған. Кейінгі өмірі негізінен патшалық Ресейдің отарлық саясатына қарсы күреспен өткен. Көтібар батыр қазіргі Мұғажар ауданы Көктөбе шоқысының басына жерленген. Оның кесенесі 1836 жылы салынған еді. 2000 жылы тамызда кесенені “Көктас” ААҚ-ның президенті Б.Жақыпов қайтадан қалпына келтіріп салды. Көтібар батыр кесенесінің сәулетшісі – Ә.Баяндин.

ЕСЕТ БАТЫР КЕСЕНЕСІ

Есет Көкіұлы (1667-1749 жж.) – қазақтың батыры. Жетірудың Тамасынан шыққан, бес ағайынды. Мақсаты: кіші жүз көлемінде алты Әлім, жетіру, он екі ата Байұлы тайпалық бірлестіктерінің бірлік одағын сақтау, үш жүздегі бүкіл қауымын бір ту астына топтастырып, тұтасқан қазақ жерін қорғау, бірлікте сақтау еді.

Оның әскери стратегиясы мен тактикаларын хан кеңестерінде хан Әбілқайыр, Кіші жүздің бас сардары Бөгенбай, Орта жүз батырлары Жәнібек, Қабанбай әрдайым қолдаған болатын.

Есет Көкіұлы батырдың (туғанына 325 жыл) тойы 1992 жылы 3-4 қыркүйекте республика деңгейінде атап өтілді. Кесенесі Ақтөбе қаласынан 35 шақырым жердегі Бестамақ жанындағы биік төбенің ұшар басында салынған.

№13.11 АХМЕТ ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АЛАҢ

Ахмет Жұбанов (1906-1968 ж.) – музыкатанушы, композитор, диктор, тарихи-жазушы, Қазақстанның халық әртісі, доктор, зерттеуші, Қазақстан академигі. Ақтөбе облысы Темір ауданында туған. Ол – көптеген өлеңдермен күйлердің романстердің инструменталдық-симфониялық және вокальдық шығармаларының авторы.

Ш.БЕРСИЕВ КЕСЕНЕСІ

Шығанақ Берсиев (1906-1968) – тары өсірудің білікті маманы. Ақтөбе облысындағы құрғап қалған аймаққа тары отырғызып, қолайсыз ауа-райына қарамастан олжалы өнім алып, әлемдік рекорд жасады. Ол тарының жаңа сортын тапты. Осы еңбегі үшін Ленин орденімен марапатталды. Шығанақ Берсиев 1944 жылы қайтыс болды. Оның құрметіне Ақтөбе қаласының А.С.Пушкин атындағы демалыс бағына және туған ауылына ескерткіш орнатылды.

Пирамида кешені 1947 жылы Т.Басенов архитекторының жобасы бойынша жасалынды. Күйдірілген кірпіштен және цементтен тұрғызылды. Диаметрі – 8 м, биіктігі – 7 м. Кесенеге кіретін тұсқа «Атақты тары өсіруші Шығанақ Берсиев» деген жазу орналасқан.



Просмотров 2610

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!