Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



ОБЫЛАНДЫ БАТЫР МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНІ



Қобыланды батыр – атақты тарихи тұлға, жоңғар мен қалмақтарға қарсы соғысқан батыр, шамамен XV ғасырда өмір сүрген. Қобыланды батыр мемориалдық кешені 2007 жылы 8 қыркүйекте ашылды. Музей директоры – Нәкеш Тұрсынғали.Кешеннің жалпы аумағы – 2,6 га. Кесененің жерден жоғарыдағы айшығына дейінгі биіктігі – 18 метр, диаметрі – 12 метр, айналасында меңгір тастар орнатылған. Кіре берісінде балбал тастар орнатылған, биіктігі – 2 метр. Кесененің ішіне, батырдың сүйегі жатқан жерге Қордай гранитінен қойтас қойылған. Қойтастың салмағы – 2 тоннадай, биіктігі – 2 метр. Әдемі гравюрлік өрнектері бар. Кесененің еденіне өрнектелген гранит төселген. Кесене ішіне Қордай гранитінен қашалған шырақ орнатылған. Ортада тас шар жерді бейнелейді, үстінде алтын Самұрық құстың мүсіні бар, айналасында қойылған 8 (сегіз) барыстың жанында шырақ жанады. Композиция Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінен алынған. Мавзолейдің ортасында ұштары күміс үш найза, олардың белін қалқанмен бекіткен, бұл туған жерді қорғауға дайын үш жүздің бірлігін білдіреді. Ұзындығы – 4 метр. Композицияны жасаған алматылық ағайынды темірщі-ұсталар Тұрсынжан, Махмұт, Айтберген Құлмантегілер. «Қобыланды батыр» комплексінің авторы – белгілі архитектор Бек Ибраев. Музей қорында барлығы 257 экспонат бар.

НҰР-ҒАСЫР» ОРТАЛЫҚ МЕШІТІ

Мешіттің жалпы алаңы – 5,5 мың шаршы метр. Құрылыс алаңы – 400 мың шаршы метр. “Нұр-Ғасыр” мешіті күмбезінің биіктігі – 40 метр, мұнараның биіктігі – 63 метр.
Мешіттің бірінші қабатында киім ілетін және санитарлық-гигиеналық орындар бар. Екін­ші қабатында неке қию залы, елу орындық медресенің оқу сыныптары, әкімшілік бөлмелері орналасқан. Үшінші қабатында 3000 адам намазға жығылатын намазханасы бар.

 

АРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ

Рылған мерзімі – 1932 жыл.

Жер аумағы – 428 мың шар. шақ.

Халқының саны – 1347097 адам.

Кімшілік орталығы – Қарағанды қаласы.

Облыс аумағында 9 аудан, 11 қала, 556 ауыл бар.

Қарағанды облысы оңтүстігінде – Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, оңтүстік-батысында – Қызылорда, батысында – Қостанай, солтүстік-батысында – Ақмола, солтүстік-шығысында – Семей, Алматы облыстарымен шектеседі. Облыс жері геоморфологиялық жағынан күшті көтерілген табиғи аймақ – Сарыарқаның орталық бөлігін қамтиды. Рельефі шоқыаралық ойпаңдармен, өзен арналарымен, жыра-сайларды қуалап жер бетіне шығып жатқан ыза суларымен, тұйық ойыстарымен, көл қазаншұңқырларымен күрделеніп отырады. Ең ірі өзендер: Нұра, Торғай, Сарысу, Шідерті. Ең ірі көлдер: Балқаш, Қарасор, Қарақойын, Қияқты. Климаты тым континенттік және қуаң келеді. Облыс территориясында ойдым-ойдым кездесетін қара шірінділі қабатының қалыңдығы 41-см-дей оңтүстіктің қара топырағын есептемегенде, негізінен, қызыл-қоңыр топырақ басым келеді. Зоналық қызыл-қоңыр топырақ арасында интерзоналық топырақ және оның комплекстері таралған. Аласа таулар мен ұсақ шоқылықтарда таудың қара топырағы қалыптасқан.

 

АРҚАРАЛЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ АБАЙ ҮЙІ

Кезінде Қарқаралы қаласына қазақтың атақты ақын ағартушысы, қазақтың жазба әдебиетінің классигі Абай аялдап, қаладағы аталған үйге түскен. Соның құрметіне үй «Абай үйі» деп аталған. Құнанбай Қарқаралы округінің аға сұлтаны болғандықтан осы өңірге жиі келетін. 1850 жылдары осы үйде тұрған. Абай мұражай үйі қайта жөңдеуден өткізілді. Қарқаралыдағы Абай үйі мемлекеттің қамқорына алынып, балаларға арналған өнер мектебі ашылды. Үйдің сыртына мемориалдық тақта орнатылған.

АЛА ӘКІМШІЛІГІ

Қаланың алғашқы жобасын Александр Иванович Кузнецовтың басшылығымен (1934-1938 жж.) Мәскеу архитекторлары жүргізді. Қала әкімшілігі 1938 жылы салынған. Архитекторлары – Т.Барат, А.Генин. Ғимарат – тарихи ескерткіштер қатарына жатады.

 

ЧАЙКА» ҚОНАҚ ҮЙІ

1963 жылы (радио шақыру белгісі «Чайка») «Восток-6» ғарыш кемесі жерге қонғаннан кейін, тұңғыш ғарышкер әйел В.В.Терешкова осы қонақ үйде демалған. Терешкованың құрметіне «Чайкада» мемориалдық тақта орнатылған. Ғимарат – архитектуралық ескерткіштің бірі. Архитекторлар – Е.А.Попов, В.В. Вюст. Қонақүй жылына 2,5 мың адам қабылдайды.

«Чайка» қонақүйі қайта жабдықталғаннан кейін, онда 91 орындық 49 бөлме (негізінен екі кісілік), мәжіліс және қонақ күтетін зал, кафе, сумен шынықтыру кешені (сауна, бассейн, демалыс бөлмесі), қонақтарды қабылдау бөлмесі және қонақ үйдің шаруашылық заттары сақталатын орын пайдалануға берілген. Осы күнгі инженерлік техникалық жабдықтармен жабдықталған.

 

КЕНШІЛЕРДІҢ МӘДЕНИЕТ САРАЙЫ

Кеншілердің мәдениет сарайы 1950 жылы салынған. Архитекторлары – И.И.Бреннер, Я.А.Янош. 1000 орындық көрме залы бар. Ғимараттың кіреберіс алдындағы мандайшада: кенші, қойшы, ауыл еңбеккері, жауынгер, ақын, құрылысшы бейнелері кескінделген.

 

АЛАША ХАН КЕСЕНЕСІ

Алаша хан кесенесі – X-XI ғасырда тұрғызылған архитектуралық ескерткіш. Қазіргі Қарағанды облысының Жезді ауданындағы Қаракеңгір өзенінің оң жағасында орналасқан. Ескерткіштің жалпы ауданы – 9,73х11,9 метр, биіктігі – 10 метр. Оның алды киіз үйдің жарма есігі сияқты. Күмбездің екі жақ жақтауын, маңдайшасын, қақпасын әшекейлеу үшін оның бетінен қос қатарлы жосық жүргізіп, өрнекті кірпіштермен көмкерген. Кіре беріс қақпадан әрі екі жақтауға жапсыра 6 қырлы бағаналар орнатылған. Бағананың табанына 3 жарты шар бейнесі салынған. Оның 2 бөлігі бүтін, ал үшіншісі бағананың астына қарай төселген. Бұл тәсіл Орта Азия архитектурасында сирек кездеседі. Қақпадан кешенге барар есік орнатылған. Оның биіктігі – 2 метр, ені – 1,2 метр. Күмбездің ішкі құрылысы қарапайым. Едені кірпіштен төселген. Бірыңғай кірпіштен тұрғызылған. Ағаш тек есік пен терезенің маңдайшаларына қолданылған. Сәулетші (аты-жөні белгісіз) үйдің 4 қабырғасын біріктіре, 8 тіреу жасап, оның үстінен 16 қырлы зәулім барабан орнатқан. Осы барабанның үстінен дөңгелете күмбез тұрғызған. Күмбездің бір ерекшелігі – оның үстінде барабанды айналып өтетін галерея бар. Оған үйдің ішінен жоғары көтерілетін баспалдақ арқылы шығады.

 

ЖОШЫ ХАН КЕСЕНЕСІ

Шыңғысұлы Жошы хан (1187-1227 жж.) – моңғол шапқыншылығынан кейін қыпшақ даласында құрылған жаңа мемлекеттің негізін салушы. Жошы ұлысының негізін қалаушы. Атақты Шыңғыс ханның қоңырат қызы Бөрте бәйбішесінен туған төрт ұлдың үлкені. Ол күшті, ержүрек, алған бетінен қайтпайтын қайсар жан болған.

Жошы хан кесенесі – Жезқазған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 50 шақырым жердегі Қаракеңгір өзенінің жағасында орналасқан көне архитектуралық ескерткіш. Кесене XIII ғасырға жатады. Кесененің құрылымы пештақты-күмбезді, ауданы – 7,25х9,52 метр, пештақтың биіктігі – 7,9 метр, күйдірілген кірпіштен тұрғызылған. Оның маңдай алдын сүйір арка түрінде шығарып, екі жақ босағасын үстіңгі салмақты еркін көтеріп тұруы үшін берік етіп тұрғызған. Пештақ жақтаулары басқұрға ұқсатылып өрнекті кірпішпен өрілген. Өрнекке пайдаланған тақта кірпіштің ауданы – 45х45 см. Кірпіштерде өрнекпен бірге жазу да болған. Жошы хан күмбезі республикалық маңызы бар тарихи, мәдени ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген.

 

ДОМБАУЫЛ КЕСЕНЕСІ

Көне кесене Жезқазған қаласының солтүстік шығыстан 50 шақырымдай жердегі Қаракеңгір өзенінің сол жақ жағасында орналасқан. А.Х.Марғұлан басқаруымен Орталық Қазақстан экспедициясы (1947-48 жж.) кесенені зерттеп, ашқан. Фундамент тас пен балшықтан салынған. Домбауыл кесенесі архитектуралық (XVI-XVII ғ.ғ.) ескерткіш болып табылады. Ол – мемлекеттік қорғауға алынған.

 

 



Просмотров 1188

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!