Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936)
|
АРАҒАНДЫ МЕТАЛЛУРГИЯ КОМБИНАТЫ
1943 жылы қазанында «Казметаллургстрой» тресі құрылды. Жаңа құрылыстың алғашқы цехтарына арналған құрал-жабдықтар Кавказға көшірілген кәсіпорындардан әкелінді. Құрал-жабдықтар тиелген эшелондар Бакуден Красноводскіге теңіз арқылы, одан кейін ұшы-қиырсыз қазақтың жазық даласымен Қарағандыға ағылып келіп жатты. Жүздеген, мыңдаған кеңес адамдары да бірге келіп, алыс тылда соғыс кезеңіндегі ауыртпалыққа мойымай, жан қиярлықпен еңбек етті. Олар осы жерде тер төгіп, күресе білді. Жеңіске де жетті. 1944 жылдың 31 желтоқсанында 35 тонналық мартен пеші тұңғыш балқыма берді. Ал, қазіргі күннің тұрғысынан қарағанда, сол кездегі мартен пеші тым кішкене-ақ екен. Бірақ, Қазақстан болатының алғашқы тонналары соғыс жылдарындағы республиканың рөлін арттыра түсті. Отанымыздың маңызды арсеналдарының біріне айналды. Қарағанды металлургия комбинатының бірінші домнасы 1960 жылдың 2 шілдесінде қыздырылды. Қазақстан Магниткасы бірінші кезегінің іске қосылу дайындығына Магнитогор, Макеев, Челябі, Днепродзержинск, Төменгі Тагил, Череповец металлургтері көмек көрсетті. Осы аймақтардан құрылысқа мың жарымға жуық тәжірибелі домнашылар, машинистер, энергетиктер, инженерлік-техника қызметкерлері келді. 3 шілдеде Вадим Романовтың ауысымында бірінші қазақстандық шойын берілді. Алақайлаған дауыстар артынша шөмішке теміртау шойыны құйылды. Шойынды бірінші балқытуға жас металлург Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының болашақ Президенті қатысты. Теміртауға ЛНМ тобының келуіне байланысты Қарметтің, кейіннен атауы өзгертілген Испат-Қарметтің «екінші тынысы» ашылды. Әлемге әйгілі компания өз мерзімінде комбинатты жаңғыртуға үлкен инвестиция салды. Негізгі металлургиялық агрегаттар жөнделді. Жаңа ыстықтай қалайыландыру және алюминийлендіру цехында өнімдер өндіре бастады. Бүгінде «Қазақстанда жасалды» деген таңбасы бар Испат-карметтің өнімдері әлемнің 97 еліне тиеліп, жөнелтіледі.
АРАҒАНДЫ ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛЫ Қарағанды теміржол вокзалы қаланың орталығында орналасқан. Жанында автовокзал орналасқан. Жылына 1,5 млн адамға қызмет көрсететін вокзал 1956 жылы салынды. Мекеме Ленгипротранс институтының жобасымен салынған. Авторлары – П.А.Ашастин, М.Б.Бениолинсон. Вокзалда 2 үлкен жолаушылар залы, жолаушылар демалатын бөлмелері, анықтама бюросы, билеттер сататын кассалары бар. Фойе мен залды Қазақ АКСР-ның белгілі суретшісі П.К.Антоненко безендірді.
ШАХТЕРЛЕР ДАҢҚЫ» МОНУМЕНТІ Монумент қаланың символына айналды. Ол 1974 жылы ашылды. Қарағандының басты магистралі Бұқар жырау даңғылындағы қаланың орталық бағында орналасқан. Монумент еңбек пен халықаралық достыққа арналған. Мүсінші – ҚазАКСР-ның белгілі қоғам қайраткері, Қарағанды қаласының құрметті азаматы – Анатолий Билык, архитекторы – Ресей Федерациясының атақты архитекторы Анатолий Пантелеевич Малков. Мүсін қоладан құйылып жасалды. Жалпы биіктігі – 11 метр.
АҚЖОЛТАЙ» МҰЗДЫ СПОРТ САРАЙЫ Қарағанды қаласының орталығында орналасқан. (Бұхар-жырау даңғылы, 53а). «Индустройпроект» институтының жобасы бойынша 1971 жылы салынған. 2003 жылы Спорт Сарайы қайта жөндеуден өткен соң, пайдалануға берілді. Қазіргі кезде Мұзды Спорт Сарайы 2000 орындық спорттық-сауықтыру кешені болып табылады.
САРЫ-АРҚА» ӘУЕЖАЙЫ Қарағанды қаласының жаңа әуе портының жобалауы мен құрылысы 1980 жылы басталды. Алғашында кез-келген ұшақтар түрін қабылдау мүмкіндігі бар ұшып-қону алаңы, кейін қонақүйі ғимараты салынды. Екінші кезеңде басқару-диспетчерлік пункті және әуе портының жолушылар терминалының негізгі ғимаратының жобалауы мен құрылысы басталды. Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін әуежайда технологиялық қайта жөндеу жүргізілді. Әуежай ғимаратының ішін және алдыңғы жағын безендіруде сапалы және қазіргі заман талаптарына сай материалдар пайдаланылды. Ғимараттың қасбеті гранитпен, керамикалық плиталармен қапталды. Авторлық ұжым – «Қазәуежоба» В.В.Неровня – авторлық ұжымның жетекшісі.
МЕТАЛЛУРГТЕР ЕСКЕРТКІШІ Ескерткіш Теміртау қаласында орналасқан. Оны «Қазақ Магниткасы» деп те атайды. Қаланың атауы айтып тұрғандай, бұл өңір жер байлығына аса бай. Сол себепті металлургтер ескерткіші орнатылды. Ескерткіш 2001 жылы ашылды. Ескерткіштің авторы – А.Билык. Тот баспайтын құрыш пен қола металынан жасалған. АРҚАРАЛЫ ТАУЫ Сарыарқа өңіріндегі атақты Қарқара тауын көптеген ақындар әнге қосып жырлаған. “Атыңнан айналайын, Қарқаралы, сенен бұлт, менен қайғы тарқамады...” – деп атақты Мәди де бір кезде жырлаған. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа дейінгі ұзындығы 35 шақырым, жеке күмбез секілді таулардан тұрады. Тауда Үлкенкөл, Шайтанкөл, Кішікөл деген көлдер бар. Кейде сеңгірлі, кейде қыратты, кейде шоқылы болып келетін Қарқаралы таулары - Қазақстанның ең көрікті өңірлерінің бірі. Таулы аймақтың солтүстігі – Шанкөз, батысы – Көктөбе, солтүстік-шығысы осы таулардың ортақ атына айналған – Қарқаралы, оңтүстік-шығысы – Мырзашоқы, оңтүстігі – Жиренсақал деп аталады. Қарқаралы таулары кейінгі тас көмір граниттарынан, тұнба шөгінділерінен түзілген. Оның шыңдары табиғи мүжілу салдарынан ғажайып пішінде болып келеді. Тау бөктерінде қарағай, қайын, көктерек, арша, тал, қараған, тобылғы, итмұрын, таңқурай, қарақат т.б. өседі.
|