Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936)
|
АЗАҚСТАН” САУДА ОРТАЛЫҒЫ
Ақтау қаласындағы “Қазақстан” сауда орталығы 1982 жылы салынған. МАЯКТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ Ақтау қаласындағы төртінші шағын аудандағы тұрғын үйдің төбесіне орнатылған маяк. Портқа келген кемелерге жол көрсетеді. Күн батысымен маяк автоматтық түрде жағылады.
ОМАР-ТУР КЕСЕНЕСІ Омар және Тур кесенесі – Бейнелей ауданындағы Саңғырлау жерінде орналасқан. 1898 жылы салынған. Шеберлері: О.Еламанов, Р.Жиенбаев, Е.Мыңбаев, А.Аманжолов. №17.7 «МАҢҒЫСТАУ ТАУЛАРЫ» Түбектегі батыстан шығысқа қарай созылып жатқан, бір-бірінен терең ойыстармен бөлінген Қаратау және Ақтау жоталарынан тұрады. Ең биік жері – Қаратаудағы Бесшоқы (556 м). Қаратаудың ұзындығы – 130 км, ені – 10 км шамасында. Тау беткейлері сай, жыра, жоталармен тілімделген. Қаратау – перьмнің метаморфты құм, тас, әктас және конгломерат жыныстарынан түзелген. Баурайында жусан, қараған, етегінде бұйырғын өседі. Сай-шатқалдарынан Аманбұлақ, Тұщыбек, Шоң, Оңды, Дойдан, Ағашты т.б. бұлақтар шығады. 50-ші жылдардың орта кезіне дейін Қаратаудың екі бетін жайлаған колхоздар бұлақ суларын егінге салып, қауын-қарбыз өсіруге пайдаланған. Қаратау аңғарларын кеншарлар жайылым ретінде пайдаланады. Темір, мыс рудалары, көмір, мұнай кездеседі. Ақтау солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылып жатыр. Ұзындығы – 70 км, ені – 12 км, ең биік жері – 322 м. Жоғары бор дәуірінің әктастары мен кальцийлі тау жыныстарынан түзелген. Оңтүстік беткейі тік жарқабақты, солтүстік беткейі көлбеу, сайлы, жыралы болып келеді. Баялыш, бұйрығын, жусан өседі. Жыл бойы мал жайылады. АЗМОРТРАНСФЛОТ ҒИМАРАТЫ Қазмортрансфлот әкімшілігінің ғимараты. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен 1998 жылы 4 желтоқсанда акционерлік қоғамы құрылды. Акционерлік қоғамның 100 пайыздық акционері «Қазмұнайгаз» Ұлттық компаниясы» болып табылады. Т.Г.ШЕВЧЕНКОНЫҢ ЕСКЕРТКІШІ Т.Г.Шевченко (1814-1861) – украин ақыны, суретшісі. 1964-1991 жылдарға дейін Ақтау қаласы Патша өкіметі кезінде, яғни, 1847-57 жылдары Маңғыстауға жер аударылған украин ақынының атымен «Шевченко» деп аталды. Тарас Шевченкоға арнап ескерткіш қойылды. Ескерткіштің мүсіншілері – В.Сухенко, М.Вронский. архитекторы – Е.Федоров.
№17.10 «НЕКЕ САРАЙЫ» Ақтау қаласындағы неке тойлары өтетін сарай. Сарай 1921 жылы 5 наурызда тұрғызылды. Кеңес өкіметі кезінде бұл сарай қатаң бақылауда болды. 1998 жылы неке сарайы Әділет министрлігіне берілді. 85 жыл бойы сарай бірнеше рет жөңдеуден өтті.
№17.11 «ТАМШАЛЫ ШАТҚАЛЫ» Тамшалы шатқалы – Шевченко қаласынан солтүстікке қарай 35 шақырым жерде орналасқан. Айналасы қалың қарағайлармен қоршалған. Емдік қасиеті бар өсімдіктері көл маңында қаулап өседі. Табиғаты ерекше көркем.
№17.12 «АҚТАУ ПОРТЫ» Ақтау порты – Каспий теңізінің оңтүстік-шығыс жағасындағы халық аралық жүк тасымалы жүйесінде аса маңызды орын алатын республикалық мемлекеттік кәсіпорын. Азия және Еуропаның көптеген елдерінің су мен құрлық, темір жол, әуе жолдарының тоғысар торабында орналасқан. Ақтау қаласындағы бұл аймақтан кемелер Каспий теңізі арқылы Астраханға, одан Еділ, Дон каналы арқылы Қара теңізге, одан әрі Жерорта теңізіне, мұхиттарға шыға алады. Ақтау айлағынан шығатын теңіз жолдарының екеуі Иранның солтүстік айлактарына, біреуі Бакуге жүк жеткізеді. Ақтауға келіп түскен жүк темір жол, автомобиль жолдары арқылы өз елімізге, Сібірге, Шығыс елдеріне тарайды. Қазақстан шетелдерге шикізат өнімдерін жөнелтсе, Республикаға шеттен сан алуан жабдықтар мен тауарлар тасылады. 1996 жылы Актау айлағы 275 мың тонна құрғақ жүк, 100 мың тонна шикі мұнай жөнелтілді. Қазір жылына 3 мың тонна құрғақ жүк, 1.2 мың тонна шикі мұнай тасылды.
МӘҢГІЛІК ЖАЛЫН» ЕСКЕРТКІШІ Ұлы отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арнап орнатылған ескерткіш. Ескерткіш «Мәңгілік жалын» деп аталады. Оның архитекторы – Федоров. Ескерткіш 1988 жылы салынды. АРАШЫҒАНАҚ МҰҢАЙГАЗКОНДЕНСАТ КЕН ОРНЫ
Қарашығанақ кен орны Батыс Қазақстан облысында, Ақсай қаласына жақын жерде орналасқан. 1979 жылы ашылды. Кенді өндіру ХХ ғасырдың 90 жылдарында басталды. Газконденсат бөлігінің жалпы ұзындығы 1420 метрге, ал мұңай қалыңдығы 200 метрге жетеді. Конденсат тығыздығы 778-ден 814 кг/м3 дейін өзгеріп отырады. Ал мұңайдың тығыздығы 810-нан 888 кг/м3 өзгереді.
АТЫРАУ МҰНАЙ ӨНДЕУ ЗАУЫТЫ Атырау мұнай өндеу зауыты 1945 жылы қыркүйек айында іске қосылған. Көлемі – 240 гектар. 80-ші жылдары зауыттың барлық технологиялық қондырғылары өндірістен алынып тасталынды. Өйткені, олар әбден тозғандықтан, одан әрі пайдалануға жарамсыз болды. Қазіргі қолданылып жүрген технологиялық жабдықтар – кеңестік өндіріс қондырғылары. Зауыттың алғашқы қуаты 800 мың тонна болды. Зауыт бүгінгі таңда жылына бірнеше млн тонна мұнай өңдейді.
АҚМЫШТАУ Ақмыштау Қоқалы жерінде орналасқан. Ақмыштау бес таудың ортасында орналасқан. Шыңның ұзындығы 150-170 метрді құрайды. Жеке дара жоталары да бар. Таудың кейбір тегіс жерлерінде петроглифтер кездеседі. Петроглифтер тауға қашап жазылған. Жергілікті аймақ шөлді болып келеді. Нысан шерқалы тауынан 10 шақырым жерде орналасқан.
|