Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936)
|
Д.НҮРПЕЙІСОВА АТЫНДАҒЫ МҰҢАЙШЫЛАРДЫҢ МӘДЕНИЕТ САРАЙЫ
1949 жылы желтоқсан айында мұңайшылардың мәдениет сарайы жөңдейден өтті. Архитекторы – С.В.Васильковский, А.Ф.Арефьев. Дина Нүрпейісова (1861-31.01.1955, Алматы) – халықтың күйші-сазгері, қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткері. Әкесі Кенже белгілі домбырашы болған. Дина Нүрпейісова 8-9 жасында домбырашылық өнерді өте жақсы игерді. Оның Ұлы күйші Құрманғазымен 1870 жылғы кездесуі болашақ өнер жолында шешуші рөл атқарды. Құрманғазы Дина Нүрпейісованың талантына тәнті болып, одан үлкен үміт күтеді, ақыл-кеңес беріп, күйлер үйретеді, оны өзіне шәкірт тұтады. Ұстазының күйлерін үйреніп қана қоймай, оның күйшілік-орындаушылық өнердегі ерекшеліктерін, стилін, дәстүрін жалғастырды. Өзі өсіп-өнген ортадағы күйшілік өнерді толық меңгеру, Құрманғазының «мектебінен» өту Динаның домбырашылық өнерін шыңдай түсті. Ол өз жанынан да күй шығара бастайды. Дина Нүрпейісованың «Бұлбұл», «Байжұма», «Көгентүп» атты күйлерінде халықтың күйшілік дәстүрі айқын сезіледі.
АҚЖАЙЫҚ» ҚОНАҚ ҮЙІ Атырау қаласының орталығында «Ақжайық» қонақ үйі орналасқан. Қонақ үйдің жанында дүкендер, ресторандар, сауықтыру орталықтары орналасқан. Орал өзенінің жанында орналасқандықтан қонақ үй өзінің атауын осы өзеннің атымен атаған. Өзеннің қазақша атауы – Жайық. ИСАТАЙ-МАХАМБЕТ» АТЫНДАҒЫ АРХИТЕКТУРАЛЫҚ-МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕН Қоладан құйылған Махамбет пен Исатайдың мүсіні бар монумент орнатылды. Архитектуралық-мемориалдық кешен жанына саябақ жасалып, 200 көк шырша мен 5 мың раушан гүл отырғызылды. Махамбет Өтемісұлы (1803-1846) - Исатай Тайманұлы бастаған көтерілістің көсемі әрі жалынды жыршысы, халқының азаттығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр, қазақтың өр рухты ақыны. 1803 жылы Ішкі Бөкей ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Нарын құмының Жасқұс жерінде туған. Исатай Тайманұлы (1791-1838) – 1836-38 жылдары Батыс Қазақстанда болған халық көтерілісінің саяси көсемі, қайсар қолбасшысы, халық батыры. Кіші жүз Байұлының Беріш руынан. Жоңғар шапқыншылығы кезінде атағы шыққан Ағатай батырдың ұрпағы. МАХАМБЕТ ӨТЕМІСҰЛЫНЫҢ КЕСЕНЕСІ Ескерткіш 1846 жылы салынған. Ескерткіш Атырау облысы, Индер ауданы, Индер поселкесінен оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырым жерде орналасқан. Іргетасы – біртұтас бетон. Қабырғасы – бетоннан, ішінен және сыртынан ұлутаспен қапталған. Төбесі – бетоннан құйылған күмбез. Сыртқы шеңбердің диаметрі –7,6 метр, ішкі шеңбердің диаметрі – 6,2 метр. Басты қабырғасының биіктігі – 6,4 метр, күмбез барабанының биіктігі – 1,8 метр, барабанның сыртқы шеңберінің диаметрі – 5,2 метр, кесененің жалпы биіктігі –12,2 метрді құрайды. Кесененің есігі ағаштан жасалынған, лактелінген. Мазарға кіре берістегі баспалдақ жанына биіктігі 1 метр, қалыңдығы 0,5 метр ұлутаспен қапталған жақтау салынған. Ескерткіштің авторы – Көпбол Демесін. МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ Рылған мерзімі – 1973 жыл. Жер аумағы – 165,6 мың шар.шақ. Халқының саны – 334,2 мың. Орталығы – Ақтау қаласы. Облыс аумағында 4 аудан, 3 қала, 48 ауыл бар. Маңғыстау облысы Қазақстан Республикасының оңтүстік-батысында орналасқан. Экономикалық қатынас, жан-жақты байланыс тұрғысынан алғанда бұл аймақтың орналасу реті өте тиімді. Өйткені, облыстың батысы мен терістігінен орала қоршаған Каспий теңізі арқылы Шығыс Еуропаға шығуға толықтай мүмкіндік болса, оңтүстігінде Түрікменстанмен, оңтүстік-шығысында Қарақалпақстанмен, солтүстік пен солтүстік-шығысында Атырау, Ақтөбе облыстары шаруашылықтарымен шектесіп жатыр. Ақтау порты Қазақстан мемлекетінің, оның болашақ теңіз флотының дүние жүзілік аренаға теңіз су жолы арқылы шығатын орталығына айналуда. Маңғыстау облысы ежелгі кезеңдерден бері мал шаруашылығымен айналысады. Топырағы сортаң, өсімдігі бұталы, ащылы, қысы қытымыр, тым ұзақ емес. Бірақ көктемі созылмалы, нағыз континенталды шөл далаға жатады. Осы жерде қаракөл қойы, қазақтың түсайыр түйесі, қысы-жазы жайылыммен өсіп-өнген Адай жылқысы көптеп өсіріледі. Каспий мен Арал, Жем мен Бегдашы аралығын алып жатқан байтақ дала. Бір-біріне ұқсамайтын шөл далаға тән қандай да көрініс болатын болса, оларды көпсінбестен айқара ашылған құшағына рет-ретімен сыйғызып, табиғатқа тән өсімдікпен орналастырған ұлан-ғайыр кеңістік – Маңғыстау жері болып табылады. КАСПИЙ ТЕҢІЗІ, ИТБАЛЫҚ АРАЛЫ Каспий – құрлықтары теңіз, ірі көл болып табылады. Азия мен Еуропа шекарасында жатыр. Көлемі – 368 мың шаршы шақырым. Оған Еділ, Жайық, Терек, Құра, Сұлақ және басқа да өзендер құяды. Тарихи жазба ескерткіштерінде (біздің дәуірімізге дейінгі III-IV ғасырларда) теңіз «Гиркан» деп аталған, ал VIII-IX ғасырларда оғыздар оны «Хазар» теңізі деп атады. Орыстың белгілі ғалымы П.В.Жило Каспий теңізінің 70 атауын тапса, өзбек ғалымы Х.Хасанов оған қоса тағы да оншақтысын тапқан. Мысалға: Хвалин, Гуз, Корасан, Табаристан, Алан, Қыпшақ, Сарай т.б. Әлі күнге дейін Каспий теңізінің неліктен бұндай көп атауы болғаны белгісіз. ШОПАН –АТА ЖЕРАСТЫ МЕШІТІ Шопан-Ата – Маңғыстау мен Хорезм арасындағы керуен жолының бойына орналасқан ескілікті сәулет өнерінің ескерткіші. Оның доғадай иіліп келген тау жынысының солтүстік-батыс жағынан тұрғызылған мешіттері бар. Бұл X-XIII ғасырдағы озық үлгідегі ғимараттар тобына жатады. Шопан-Ата жер асты мешіті Оңтүстік Маңғыстау өңірінде, бағзы Хорезм керуен жолының бойында орналасқан. Солтүстік шығысқа қараған сай тұйығынан қашалған үлкен бөлме. Оң жағында тағы бір шағын бөлме орналасқан, оның едені биік болып келеді. Сол жақ қабырға астынан қабірхана көмілген. Төрден сай үстіне шығып кететін есік бар. Есіктің сыртқа шығар аузы алдында беті шымылдықпен перделенген қабірхана. Аңыз бойынша оған Шопан-Атаның қызы жерленген. Мешіт үсті тастақты жүлге. Жүлге бойынан суағарлар жасалып, олардың тоғысқан жерінен сыйымдылығы 10-15 текше метрлік су қоймалары қазылған. Олар, кезінде мешіт тұрғындарын бүкіл жыл бойы сумен қамтамасыз етіп тұрған. Мешіт қабырғаларында айшықты нақыштар жоқ. Ел аңызы мешіттің салыну кезеңін Оғыз тайпаларының Маңғыстауға келе бастаған мерзіміне меңзейді. БЕКЕТ-АТА ЖЕРАСТЫ МЕШІТІ Маңғыстаудағы енді бір жер асты мешіті Бекет әулие (1750-1813) есімімен байланысты. Соның бірі Бейнеуде диаметрі 4,5 метр төбені үңгіп, киіз үй түрінде жасаған ескерткіш. Үйдің батыс жағында михраб, солтүстік бетінде шағын дәліз үшінші бөлмеге апарады. Шығыс жағында тағы бір бөлмесі бар. Осы соңғы бөлмеде бірнеше адам жерленген. Ескерткіш қабырғаларында ою-өрнектер салынбаған. Бекет-Атаның Бейнеудегі мешітіне 1825 жылы Э.А.Эверсман, А.О.Дюгемель сияқты ғалымдар келіп ескерткіштің суретін салып қалдырған. Бекет-Атаның бұдан басқа Жем өзенің бойында, Арал теңізінің жағасында, Оңтүстік Үстірттегі Оғыланды тауының үлкен төбесінен қашалып жасалған жер асты мешіті бар. Ескерткіш – кіре беріс дәлізден, дұға оқитын залдан, тұрғын бөлмеден, қабірханадан тұрады. Ортаңғы бөлменің төбесінде жарық түсу үшін жасалған саңлау бар. Бекет-Ата мен оның бірнеше ұрпақтары осындағы қабірханада жерленген. Бекеттің соңғы мекені саналатын Оғыланды тауындағы мешіті 1777-1780 жылы тұрғызылған. Мешіт бұл күндері елдің көп баратын, зират етіп, түнейтін бірден-бір киелі орны болып табылады.
|