Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Жүрдек жолаушылар поездарының айналымы учаскелерінде автоматика, телемеханика және телекоммуникациялар құрылғыларын пайдалану тәртібі



 

196. Темір жолдың жүрдек жолаушылар поездарының айналымы учаскелерде орналасқан аралықтар мен станциялар автоматты автобұғаттаумен немесе радиобұғаттаумен, автоматты локомотивті сигнализацияның автотоқтағышы бар автоматты локомотивтік сигнализациясымен (бұдан әрі - АЛСН), көпмәнді АЛСН немесе борттық қауіпсіздік жүйесімен, сигналдар мен бағыттамалардың электрлік орталықтандыруымен, диспетчерлік орталықтандырудың немесе диспетчерлік бақылаудың микропроцессорлық құрылғыларымен, ақаулы вагондарды автоматты анықтау құрылғыларымен, осы Қағидаларға сәйкес байланыс және радиобайланыс түрлерімен жабдықталады, бұл ретте поездық радиобайланыс дуплексті болуы тиіс.

Поездар қозғалысын автоматты басқару, автоматтандырылған жұмыс орындары жүйелері жоспарлы тәртіппен енгізіледі.

197. Электрлік орталықтандыру құрылғыларында маршруттарды бекіту жақындаудың екі немесе үш блок-учаскесі алдында жүзеге асырылады, олардың жиынтық ұзындығы сағатына 200 км жылдамдық кезінде шұғыл жылдамдығының тежеу жолынан кем болмауы тиіс.

198. Бағыттамалы бұрмалар ауыспалы ток электржетектерімен жабдықталады.

199. Жүрдек поездарды өткізу жолдарына жанасатын бағыттамалы бұрмалар сыртқы бекітулермен жабдықталады.

200. Сырғанаудың үздіксіз беті бар бағыттамалық бұрмаларды қолдану ауыспалардың ажырауын талап етеді.

201. Үш таңбалы АЛСН-мен жабдықталған учаскелерде жылдамдығы сағатына 160 км-ге дейінгі жүрдек жолаушылар поездарының қозғалысы локомотив бағдаршамының жасыл жарығы сарыға ауысқаннан кейін қызметтік тежеуді қолдану кезінде жабық бағдаршам алдында тоқтау арқылы жол және локомотив бағдаршамдарының сигналдары бойынша жүзеге асырылады. Сағатына 160 км-ден артық жылдамдық көп таңбалы АЛСН-ның жол және локомотив бағдаршамдарының сигналдары бойынша жүзеге асырылады.

202. Жылдамдығы сағатына 140 км-ден артық поездар қозғалысы маршруттары бойынша аралықтар мен станцияларда бөгеттен қорғалған тоннельдік жиіліктегі қосарлы түйісу жалғамалары бар электрлік рельс тізбектері қолданылады.

203. Жылдамдығы сағатына 140 км-ден артық поездар қозғалысының маршруттарының басты жолдарының бағыттамалық учаскелерінің тармақталулары (ауыспалардың жұпталған бағыттамаларын қоспағанда) қосымша жол релелерімен және қосарлы түйісу жалғамаларымен жабдықталады.

204. Автоматты локомотив сигнализациясы мен поездық радиобайланыс әрекеттерінің жырамдылығын тоқсанына кем дегенде бір рет вагон-зертхана тексеруі тиіс.

205. Жоспарлы тәртіппен жаяу жүргінші өтпелері темір жолдармен бір деңгейде жаяу жүргінші тоннельдері немесе жаяу жүргінші көпірлерімен алмастырылады не болмаса, жақын жердегі жасанды құрылыстың (құбырдың, кіші көпірдің) астына жіберіледі, бұл ретте осы құрылыстардың көлемдері «1520 мм жолтабан темір жолдары» құрылыс-техникалық нормаларының талаптарына жауап беруі тиіс. Құрылыс кезеңіне қолданыстағы жолдар арқылы өтетін жаяу жүргінші жолдарының, оларды, поездың жақындауы туралы ескертетін сигнализациямен, сақтандырғыш тосқауылдармен, ескерту қалқандарымен жабдықтай отырып, сақталуына рұқсат етіледі.

Қажет болғанда, қызмет көрсететін персоналға қоршауда жапқыш қақпа жасалады.

206. Темір жолдардың автомобиль жолдарымен бір деңгейде қиылысуының жүрдек учаскелерінде (өтпелер) жоспарлы тәртіппен түрлі деңгейдегі қиылысулармен алмастырылады.

207. Жүрдек қозғалыстың басталуына дейін алмастырылмаған өтпелердің құрылғысы мен жабдықтары уәкілетті орган бекіткен Темір жол өтпелерін пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес болуы тиіс.

208. Аталған нұсқаулықта баяндалған талаптарға сәйкес болмаған жағдайда, өтпелер жаңа жобалар бойынша бөгегіш құрылғыларды орнатуды қоса алғандағы, жолаушылар поездарының жүрдек жылдамдығын енгізгенге дейін қайта құрылуы тиіс.

209. Жолаушылар поездарының жүрдек жылдамдығы жүзеге асырылатын барлық өтпелерге кезекші қызметкерлер қызмет көрсетуі тиіс. Бұрын кезекші персонал болмаған өтпелерде, оларды орналастыруға арналған үй-жайлар дайындалуы (күрделі жөнделген немесе үлгі жоба бойынша жаңадан салынған) тиіс.

210. Өтпе бойынша кезекші немесе оның міндеттерін орындайтын қызметкер жүрдек жолаушылар поезының өтуіне 5 минут қалғанда өтпе бойынша көлік құралдарының қозғалысын тоқтатуы және тоспаны жабуы тиіс.

211. Темір жол өтпесі бойынша жүгі бар немесе жүксіз ірі габаритті және ауыр салмақты көлік құралдарын, баяу жүрісті машиналар мен автопоездарды жүрдек поездың өтуіне 1 сағат қалғанда өткізуге тыйым салынады.

Жүрдек жолаушылар поезының өтуіне кемінде 20 минут қалғанда малды айдап өтуге тыйым салынады.

212. Жүрдек жолаушылар поезын өтпе бойынша өткізген кезде өтпе бойынша кезекші шеткі рельстен кем дегенде 5 м арақашықтықта болуы тиіс.

ҚР Үкіметінің 2013.12.11. № 1213 Қаулысымен 213-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

213. Қажет болғанда, жекелеген өтпе жолдарда жүрдек жолаушылар пойызын өткізу кезінде қосымша қауіпсіздік шарасы ретінде өтпе жолдар бойынша кезекші қосынына қарама-қарсы орналасқан көлденең бұрылатын қосалқы тоспалар жабылып, құлыпқа бекітілуі тиіс. Мұндай өтпе жолдардың тізбесін Ұлттық инфрақұрылым операторы белгілейді.



Просмотров 1249

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!