Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Автоматика, телемеханика және телекоммуникациялар құрылғыларына техникалық қызмет көрсету тәртібі



 

214. Солардың көмегімен түрлі тәуелділіктер жүзеге асырылатын автоматика және телемеханика аппараттары, сондай-ақ поездық және станциялық радиобайланыс аппараттары жабық болуы және пломбылануы тиіс, оларды ашуды бұл құрылғыларды қарап тексеру журналына міндетті түрде алдын ала жаза отырып, сигнализация және байланыс дистанциясының соған өкілеттілігі бар қызметкерінің жүргізуіне ғана рұқсат етіледі. Автоматика және телемеханика және радиобайланыс аппараттарындағы пломбылардың тұтастығы үшін осы аппараттарды пайдаланатын кезекші қызметкерлер (станциялар бойынша кезекшілер, орталықтандыру қосыны операторлары, бағыттамалы қосын кезекшілері, локомотивтердің машинистері және т.б.) жауапты болады.

ҚР Үкіметінің 2013.12.11. № 1213 Қаулысымен 215-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

215. Сигнализация және байланыс шаруашылық кәсіпорындарында бар автоматика, телемеханика және телекоммуникациялар құрылғыларының және олар қызмет көрсететін басқа құрылғылардың сызбалары мен суреттемелері, тиісті стандарттар мен нормалар болуы тиіс. Бұл құжаттарға барлық өзгерістер уақтылы енгізілуі керек.

Автоматика және телемеханика құрылғылары бойынша үлгілік техникалық шешімдерді тиісінше Ұлттық инфрақұрылым операторы немесе концессия шарттары бойынша темір жол иесі бекітеді. Автоматика және телемеханика құрылғыларында үлгілік емес техникалық шешімдерді қолдануға рұқсат етілмейді.

216. Белгіленген тәуелділіктердің бұзылуына немесе олардың жұмысын уақытша тоқтауына алып келетін автоматика және телемеханика құрылғылары мен аспаптарын қайта жабдықтау, оның орнын ауыстыру, жөндеу, сынау және ауыстыру жөніндегі жоспарлық жұмыстар оларды орындаудың ең аз мерзімдерін көздейтін кестелерге сәйкес жүргізіледі. Станцияларда мұндай жұмыстарды станция бойынша кезекшінің келісімінсіз және бұл туралы жұмыс басшысының жолдарды, бағыттамалық бұрмаларды, автоматика және телемеханика, байланыс және түйіспе желісі құрылғыларын қарап тексеру журналына алдын ала жазбастан жүргізуге рұқсат етілмейді. Диспетчерлік орталықтандыруы бар учаскелерде осындай жұмыстар поезд диспетчерінің келісімімен ғана жүргізіледі.

Құрылғылар станция бойынша кезекшінің үй-жайынан айтарлықтай қашықтықта орналасқан жағдайда, бұл құрылғыларды іске қосу туралы жазба, сондай-ақ ақаулықтарды жою жөніндегі алдын ала көзделмеген жұмыстарды жүргізу үшін бұл құрылғыларды уақытша ажырату туралы жазба кейіннен жұмыс басшысы автоматика және телемеханика, байланыс және түйіспе желісі құрылғыларын қарап тексеру журналына жеке қолын қоюы арқылы, сол журналда тіркелетін, станция бойынша кезекшіге берілетін телефонхатпен ауыстырылады.

217. Белгіленген тәуелділіктерді бұзбай жекелеген автоматика және телемеханика құрылғылары мен аспаптарын ауыстыру және ажырату станция бойынша кезекшінің (диспетчерлік орталықтандыруы бар учаскелерде поезд диспетчерінің) келісімі бойынша ғана автоматика және телемеханика, байланыс және түйіспе желісі құрылғыларын қарап тексеру журналына жазбастан жүргізіледі.

Қолданыстағы автоматика және телемеханика құрылғыларын сынау барлық жағдайларда станция бойынша кезекшінің, ал диспетчерлік орталықтандыруы бар учаскелерде - поезд диспетчерінің келісімі бойынша және соның қадағалуымен жүргізіледі.

218. Сигналдық аспаптарды жарықтандыру сигналдар көрсетулерінің айқын көрінуін қамтамасыз етуі тиіс.

219. Уақтылы және толассыз жарықтандыруды қамтамасыз ету:

1) бағдаршамдарды және маршруттық нұсқағыштарды - сигнализация және байланыс шаруашылық кәсіпорындарының бірінші басшыларына;

2) бағыттамалы нұсқағыштарды, жол қоршауларын түсіру құрылғыларының және гидравликалық бағандардың станциялардағы нұсқағыштарын - станциялар басшыларына;

3) локомотив, вагон, жол және басқа шаруашылықтардың жолдарындағы сигнал аспаптарын - тиісті бөлімшелердің бастықтарына жүктеледі.

220. Станциялық жолдардағы сигналдық аспаптарды жарықтандыру құрылғыларын электрмен жабдықтауды электрмен жабдықтау шаруашылық кәсіпорындары қамтамасыз етеді.

221. Сигнализация және байланыс құрылғыларына қызмет көрсететін қызметкерлер бағдаршамдардың және маршруттық нұсқағыштардың сигналдық көрсетулерінің тұрақты қалыпты көрінуін қамтамасыз етеді.

Бағдаршамдар көрсетулерінің көрінуін электр механик бағдаршамдық шамдарды ауыстырған сайын жолдан тексереді.

Аралықтар мен станциялардың басты жолдары бойынша сигналдардың көрінуін аға электр механик локомотивтен айына кемінде бір рет және сигнализация және байланыс шаруашылық кәсіпорындарының басшылары тоқсанына кемінде бір рет тексереді.

222. Сигнализация және байланыс шаруашылық кәсіпорындарының және локомотив шаруашылықтарының бірінші басшылары немесе олардың орынбасарлары тоқсанына кемінде бір рет автоматты локомотив сигнализациясын, радиобайланыстың және қауіпсіздік құрылғыларының жұмысын локомотивтен тексереді.

223. Жол, автоматика және телемеханика, электрмен жабдықтау құрылғылары және жылжымалы құрам, соның ішінде арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам электрлік рельстік тізбектерінің тұрақты сенімді жұмысын қамтамасыз етуі тиіс.

224. Автоматика және телемеханика және байланыс құрылғыларын қолданатын қызметкерлер оларды қолдану тәртібіне үйретілуі және олардың білімі тексерілуі тиіс.



Просмотров 1974

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!