Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936)
|
Темір жол көлігі инфракұрылымын қарап тексеру және жөндеу тәртібі
254. Құрылыстарды, құрылғыларды және қызметтік-техникалық ғимараттарды қарап тексеруді оларға тікелей қызмет көрсететін қызметкерлер, сондай-ақ осы құрылыстар мен құрылғылар қарауында болатын кәсіпорын басшылары жүргізеді. Қарап тексеру нәтижелері және анықталған кемшіліктерді жою үшін қажетті іс-шаралар ақаулықтарды жою және межеленген іс-шараларды орындау мерзімдері белгіленетін арнайы журналға енгізіледі. 255. Жолды, түйіспе желісін және автоматика мен телемеханика және байланыс құрылғыларын және басқа құрылыстар мен құрылғыларды жөндеу жөніндегі, поездардың қозғалыс кестесінде көзделмеген уақыт кезінде орындалатын жұмыстар аралықты жабусыз жүргізіледі. 256. Жұмыстардың басшысы қозғалысты тоқтатуға әкелетін жұмыстарды, сондай-ақ оларды жүргізу үшін қозғалыс кестесінде толаскездер көзделген жұмыстарды жүргізу уақытына поезд диспетчерімен тұрақты байланыс (телефондық немесе радио арқылы) орнатады. Поездардың қозғалыс кестесіндегі толаскездер тәуліктің қараңғы кезінде көзделетін учаскелерде жұмыс басшысы жұмыстар жүргізілетін жерге жарық берілуін қамтамасыз етеді. 257. Механикаландырылған және автоматты сұрыптау дөңестерінің құрылғыларына, жолдарға және дөңестердегі басқа құрылыстар мен құрылғыларға техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу үшін ұзақтығы 0,7-1,5 сағат технологиялық толаскездер беріледі. 258. Аралықта және станцияда қозғалыс үшін кез келген кедергі (тоқтауды талап ететін жер), сондай-ақ қозғалыс үшін қауіпті, тоқтауды немесе жылдамдықты азайтуды талап ететін, жұмыстар жүргізілетін жер поездың (маневрлік құрамның) келуіне қарамастан екі жақтан да сигналдармен қоршалуы тиіс. 259. Мыналарға: 1) қозғалыс үшін қауіпті, жұмыстар жүргізілетін жер сигналдармен қоршалғанға дейін жұмыстарға кірісуге; 2) кедергі жойылғанға, жұмыстар толық аяқталғанға, жолдың, түйіспе желісінің күйі, габариттің сақталуы тексерілгенге дейін, кедергіні немесе жұмыстар жүргізілетін жерді қоршап тұрған сигналдарды алуға рұқсат етілмейді. 260. Жолдағы жұмыстар жүргізілетін жерді қоршап тұрған алып жүрілетін сигналдарды орнату және күзету үшін жұмыстар басшысы тиісті сынақтарды тапсырған қызметкерлер ішінен сигналшыларды бөледі. Сигналшыларда темір жол көлігінің басқа қызметкерлері үшін жалпыға бірдей қабылданғандардан ерекшеленетін бас киімдері болады және олар сигналдық кеудешелер киеді. Жолдағы жұмысты кеңейтілген шеппен жүргізген кезде, сондай-ақ радиусы аз қисық учаскелерде, ойықтарда және сигналдар нашар көрінетін басқа жерлерде және поездар қозғалысы қарқынды учаскелерде жұмыс басшысы жұмыс орнын қоршайтын сигналдар жанындағы қызметкерлермен байланыс (телефон немесе радио арқылы) орнатады. Сигналшыларда және жұмыс басшыларында алып жүретін радиостанциялар болады. 261. Станциялық жолдарда станция бойынша кезекшінің келісімінсіз және жұмыс басшысы Жолдарды, бағыттамалы бұрмаларды, автоматика мен телемеханика, байланыс және түйіспе желісі құрылғыларын қарап тексеру журналына алдын ала жазбастан тоқтау немесе жылдамдықты кеміту сигналдарымен қоршауды талап ететін жұмыстарды жүргізуге рұқсат етілмейді. Диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған учаскелерде мұндай жұмыстар көрсетілген тәртіппен, бірақ поезд диспетчерінің келісімі бойынша ғана орындалады. Мұндай жұмыстарды түйіспе желісінде кернеуді ажыратып, бірақ жол мен жасанды құрылыстардың тұтастығын бұзбастан жүргізгенде, сондай-ақ кенеттен пайда болған ақаулықтарды жою жөніндегі жұмыстарды орындаған кезде жұмыстардың басталуы және аяқталуы туралы жазба жұмыстар басшысы станция бойынша кезекшіге (диспетчерлік орталықтандыруы бар учаскелерде - поезд диспетчеріне) беретін, сол журналда тіркелетін телефонхатпен ауыстырылады. Жұмыстар аяқталғаннан кейін құрылғыларды іске қосуды жұмыс басшысының Жолдарды, бағыттамалы бұрмаларды, автоматика мен телемеханика, байланыс және түйіспе желісі құрылғыларын қарап тексеру журналындағы жазбасы немесе станция бойынша кезекшіге берілген, кейіннен жұмыс басшысы жеке қолын қоятын, сол журналда тіркелетін телефонхаттың негізінде станция бойынша кезекші жүргізеді. ҚР Үкіметінің 2013.12.11. № 1213 Қаулысымен 262-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 262. Бір жолды учаскеде жұмыс жүргізу үшін аралықты, ал қос жолды немесе көп жолды учаскеде бір немесе бірнеше жолды жабу егер ол көршілес теміржол ұйымдарымен белгіленген қозғалыс мөлшерлерінің өзгеруіне алып келмесе, тиісінше Ұлттық инфрақұрылым операторының немесе концессия бойынша теміржол иесінің рұқсатымен жүргізіледі. Егер мұндай жабу ТМД елдерінің көршілес темір жолдарына белгіленген пойыздар қозғалысы мөлшерлерінің өзгеруіне алып келсе, оған басқа темір жол әкімшіліктерімен келісу рұқсат беріледі. ҚР Үкіметінің 2013.12.11. № 1213 Қаулысымен 263-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 263. Жеке жолды учаскеде аралықты, ал қос жолды немесе көп жолды учаскеде бір немесе бірнеше жолды жабу туралы кем дегенде бір тәулік бұрын жұмыстардың тиісті басшылары хабардар етіледі. Аралықты немесе жолдарды жабу және ашу жұмыстарды бастау алдында және жұмыстар аяқталғаннан кейін поезд диспетчерінің бұйрығымен жүргізіледі. Жұмыс басшысы аралықтың немесе жолдардың жабылғаны туралы жауапты қызметкердің (пойыз диспетчерінің) тиісінше Ұлттық инфрақұрылым операторының немесе концессия бойынша теміржол иесінің бұйрығын (жазбаша хабарлама, телефонхат немесе жеделхат нысанында) алғанға дейін және жұмыс орындары сигналмен қоршалғанға дейін жұмысқа кірісуге рұқсат етілмейді. ҚР Үкіметінің 2013.12.11. № 1213 Қаулысымен 264-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 264. Аралықты немесе жолдарды ашу жол жұмыстарының немесе жасанды құрылыстардағы жұмыстардың аяқталғандығы және поездардың толассыз және қауіпсіз қозғалуы үшін кедергілердің жоқ екендігі туралы телефонхатты немесе жеделхатты бұл жұмыстарды қандай ұйымның орындағанына қарамастан жол шаруашылығы кәсіпорыны басшысының немесе ол уәкілеттік берген лауазымы жол шеберінен төмен емес қызметкердің жазбаша хабарламасынан, телефонхат немесе жеделхатынан кейін ғана жүргізіледі. Қолданыстағы автоматика, телемеханика және телекоммуникация немесе электрмен жабдықтаудың құрылғыларының жұмысын қалпына келтіру тиісінше жауапты қызметкерден (автоматиканың, телемеханиканың және телекоммуникацияның аға электр механигінен немесе энергодиспетчерден), Ұлттық инфрақұрылым операторынан немесе концессия шарттары бойынша теміржол иесінен хабарлама алғаннан кейін жүргізіледі. 265. Поездар қозғалысын, қабылдау және жөнелту, маневрлік жұмысты ұйымдастыру тәртібі уәкілетті орган бекітетін Поездар қозғалысы және маневрлік жұмыстар нұсқаулығында белгіленеді.
|