Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Тежегіш жабдық және автотіркегіш құрылғыларды ұстау тәртібі



 

58. Жылжымалы құрам, соның ішінде өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрам автоматты тежегіштермен, ал жолаушылар вагондары, моторвагонды жылжымалы құрам және жолаушылар поездарын жүргізуге арналған локомотивтер, бұдан басқа, электрпневматикалық тежегіштермен жабдықталады. Автоматты тежегіштер вагондардың тиелуіне, құрамның ұзындығына және жол профиліне байланысты тежеудің түрлі режимдерін қолдану мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Жылжымалы құрамның, соның ішінде өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның автоматты және электрпневматикалық тежегіштер, әр түрлі пайдаланған жағдайда басқару және жұмысына сенімді болуы, жатық тежеуді қамтамасыз ету мүмкіндігі бар, сондай-ақ ауа құбыржолының магистралі ажыраған немесе үзілген кезде және тоқтату кранын (шұғыл тежеу кранын) ашқан кезде поезды тоқтатады.

Жылжымалы құрамның, соның ішінде өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның автоматты және электрпневматикалық тежегіштері есептік деректер бойынша айқындалған тежеу жолынан артық болмайтын қашықтықта шұғыл тежеген кезде поездың тоқтауына кепілдік беретін тежегіштің басылуын қамтамасыз етеді.

Шаруашылық, қала маңындағы поездардың құрамына адамдарды тасымалдау үшін енгізілетін жүк вагондары тоқтату кранымен жабдықталады.

Жолаушылар вагондарында және моторвагонды жылжымалы құрамда тоқтату крандары тамбурларда, вагондардың ішінде орнатылады және пломбыланады.

59. Локомотивтер, жолаушылар, жүк вагондары, моторвагонды және АЖҚ қол тежегіштерімен жабдықталады. Жүк вагондарының бір бөлігінде құрылымына сәйкес тоқтату краны және қол тежегіші бар өту алаңы болуы тиіс. Теміржол жылжымалы құрамындағы қолмен тежегіштер жарамды жай-күйде ұсталуы қажет және есептік тежегіш қысымын қамтамасыз етуі тиіс.

60. Иінтіректік тежегіш берілістің ажырауы немесе омырылуы габариттен шығып кетуге немесе жолға түсіп қалуға алып келуі мүмкін барлық бөліктерінің сақтандырғыш құрылғылары болуы тиіс.

61. Жылжымалы құрам және АЖҚ теміржол жылжымалы құрам бірліктерінің өздігінен ажырауына жол бермейтін тіркеу құрылғысымен жабдықталады.

62. Автотіркегіш осінің рельс бастиектерінің үсті деңгейінің үстіндегі биіктігі:

1) локомотивтерде, жолаушылар және бос жүк вагондарында - 1080 мм-ден артық болмайтын;

2) локомотивтерде және адамдары бар жолаушылар вагондарында - кем дегенде 980 мм;

3) жүк вагондарында (жүк тиелген) - кем дегенде 950 мм;

4) АЖҚ-та бос күйінде - 1080 мм-ден артық болмайтын, тиелген күйінде - кем дегенде 980 мм.

63. Автотіркегіштердің бойлық осьтерінің арасында биіктігі бойынша:

1) жүк поезында - 100 мм-ден артық болмайтын;

2) локомотив пен жүк поезының жүк тиелген бірінші вагоны арасында - 110 мм-ден артық болмайтын;

3) локомотив пен жолаушылар поезының бірінші вагоны арасында - 110 мм-ден артық болмайтын;

4) сағатына 120 км жылдамдықпен келе жатқан жолаушылар поезында - 70 мм-ден артық болмайтын;

5) сондай сағатына 121-140 км жылдамдықпен - 50 мм-ден артық болмайтын;

6) локомотив пен АЖҚ-тың жылжымалы бірліктері арасында - 100 мм-ден артық болмайтын айырмашылыққа рұқсат етіледі.

Сағатына 161 км және одан артық жылдамдықпен келе жатқан жолаушылар поезы вагондар арасындағы саңылаусыз автотіркегішпен жабдықталады.

64. Жолаушылар вагондарының автотіркегішінде тігінен ауыстырулардың шектегіштері болуы тиіс.

Технология бойынша жолаушылар поезымен тіркеліп жұмыс істейтін АЖҚ-тың, локомотивтің автотіркегішінде тігінен ауыстырулардың шектегіші болуы тиіс.

65. Автотіркегіш құрылғыларының техникалық жай-күйі және поезд құрамындағы вагондардың дұрыс тіркелуін тексеруді жөнелту алдында поезға техникалық қызмет көрсетуді орындаған вагондарды қарап тексеруші жүзеге асырады.

Вагондарды қарап тексерушілері жоқ станцияларда вагондарды поезға тіркеген кезде, сондай-ақ маневрлік жұмыс кезінде вагондардың дұрыс тіркелуі үшін маневрлердің басшысы жауапты болады.

Локомотивтің немесе локомотив ретінде қолданылатын өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның тиісінше поездың бірінші вагонына немесе басқа өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамға дұрыс тіркелуін локомотивтің немесе локомотив ретінде қолданылатын өздігінен жүретін АЖҚ-тың машинисі жүзеге асырады.

66. Поездық локомотивтің құрамнан ағытылуын және құрамға тіркелуін (соның ішінде тежегіш жеңдерін ажыратуды, жалғастыруды және асуды, шеткі крандарды ашуды және жабуды) локомотив бригадасының қызметкерлері жүргізуі тиіс.

Поезд локомотивін электрлік жылытумен жабдықталған жолаушылар құрамнан ағытуды локомотив бригадасының қызметкері, ал локомотивке вагондарды қарап тексеруші-машинист жалғыз қызмет көрсеткен кезде поездық электр механик жоғары вольтты вагондық электр жалғағыштарын ажыратқан соң ғана жүргізеді. Жылыту электр тізбектерін ажырату ток қабылдағыш түсіріліп тұрғанда жүргізіледі.

Локомотивке жалғыз машинист қызмет көрсеткен кезде поездық локомотивті жүк және жолаушылар поезының құрамына тіркеу және оны осы құрамнан ағыту жөніндегі операцияларды вагондарды қарап тексерушіге, ал вагондарды қарап тексерушілер көзделмеген станцияларда және аралықтарда: жолаушылар поезында - жолаушылар поезының бастығына (механик-бригадиріне), жүк поезында - локомотив машинисіне жүктеледі.



Просмотров 3296

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!