Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Алпына келтіру және өрт сөндіру поездарының жұмыс тәртібі



 

ҚР Үкіметінің 2013.12.11. № 1213 Қаулысымен 35-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

35. Қалпына келтіру пойызы Ұлттық инфрақұрылым операторының арнайы құрылымы болып табылады және жылжымалы құрамның рельстерден шығып кетуі мен соқтығысуының салдарларын жоюға арналады.

ҚР Үкіметінің 2013.12.11. № 1213 Қаулысымен 36-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

36. Өрт пойызы Ұлттық инфрақұрылым операторының арнайы құрылымы болып табылады және объектілер мен жылжымалы құрамда өрт сөндіру-профилактика жұмыстарын өткізуге және өрттерді сөндіруге арналады.

Кірме темір жолдарындағы және басқа ұйымдардың объектілерінде өртті сөндіру, рельстен шығып кеткен және соғысып қалған жылжымалы құрамның салдарларын жоюды өрт сөндіру және қалпына келтіру поездары шарт бойынша жүзеге асырады.

37. Қалпына келтіру және өрт сөндіру поездары жөндеудің жоспарлы-ескерту түрлерінен, техникалық қызмет көрсетуді уақытылы өткізу және пайдалану процесінде техникалық жарамды күйде ұсталуы тиіс.

38. Қалпына келтіру поездары орналасқан пункттер арасындағы қашықтық кемінде 300 км болуы тиіс, аз әрекетті учаскелерде кемінде 400 км қашықтыққа рұқсат етіледі. Өрт сөндіру поездарының шығатын учаскелері өрт сөндіру поезының шығу радиусы 100 км-ден артық болмайтын шектелген учаскелердің соңғы пунктіне жеткізу үшін қажетті уақыттың есебінен (1,5 сағаттан артық болмайтын) белгіленеді.

39. Қалпына келтіру және өрт сөндіру поездары тұратын жерлері екі жаққа шығуы бар жолдарда болады және қалпына келтіру және өрт сөндіру поездарының АЖҚ тұруына ғана арналған.

ҚР Үкіметінің 2013.12.11. № 1213 Қаулысымен 40-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

40. Жылжымалы құрамның рельстерден шығып кетуінің салдарын жою, авариялардың, объектілердегі және құрамдағы өрттерді сөндіру, сондай-ақ АЖҚ жетіспеген кезде жұмыста қиындықтардың туындауын, пойыздар қозғалысындағы іркілістердің алдын алу үшін Ұлттық инфрақұрылым операторы бөлімше бойынша бұйрықпен оперативтік резервтегі, жөндеудің жоспарлы түрінен өткен АЖҚ-ны пайдалануға тартады.

Ар жинағыш және қар тазалағыш техниканы пайдалану тәртібі

 

ҚР Үкіметінің 2013.12.11. № 1213 Қаулысымен 41-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

41. Ұлттық инфрақұрылым операторы және концессия шарттар бойынша теміржол иесі тиісінше пойыздардың үзіліссіз қозғалысын ұйымдастыруға арналған жағдайларды қамтамасыз етеді.

ҚР Үкіметінің 2013.12.11. № 1213 Қаулысымен 42-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

42. Қар жинағыш және қар тазалағыш техника (қар жинағыш пойыздар, соқалы қар тазалағыштар, қар тазалағыш жоңғылар, роторлы қар тазалағыштар) қысқы кезеңдегі жұмысқа Ұлттық инфрақұрылым операторы белгілеген мерзімдерде дайындалады. Қар жинағыш және қар тазалағыш техниканың қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін Ұлттық инфрақұрылым операторы белгілейді.

Барлық қар жинағыш және қар тазалағыш техникаға жұмыстардың басшылары, машинистер және олардың көмекшілері тәулік бойына жұмыс істеумен қамтамасыз ету есебінен бекітіледі.

ҚР Үкіметінің 2013.12.11. № 1213 Қаулысымен 43-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

43. Қар жинағыш және қар тазалағыш техниканы орналастыру жоспарын, қармен күресудің жедел жоспарын тиісінше Ұлттық инфрақұрылым операторы және концессия шарттары бойынша теміржол иесі бекітеді.

44. Қар жинағыш және қар тазалағыш техникасы бар поездар жұмыс басшысының локомотив машинисімен, поезд диспетчерімен, станция бойынша кезекшімен және маневр ауданының операторымен байланысуы үшін радиоаппаратурамен жабдықталады.

45. Соқалы қар тазалағыштар электрлендірілген учаскелерде жұмыс істеген кезде түйіспе сымының кернеуі алынбайды. Учаскеде жол осінен тіректердің ішкі шетіне дейінгі қашықтық кемінде 3,1 метр болатын түйіспе желісінің тіректері болған кезде соқалы қар тазалағыштардың қанаттарын ашып жұмыс істеуіне рұқсат етілмейді.

46. Роторлы қар тазалағыштар электрлендірілген учаскелерде жұмыс істеген кезде түйіспе сымының кернеуі өшіріледі.

47. Қызмет көрсету иіні бір соқалы қар тазалағыш үшін қар қатты басатын және қар басатын учаскелерде бас жолдың жазылмалы ұзындығының кем дегенде 100-150 км, қар орташа басатын және қар аз басатын учаскелерде кем дегенде 200-300 км-ін құрайды.

ҚР Үкіметінің 2013.12.11. № 1213 Қаулысымен 48-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

48. Күрделі метеорологиялық жағдай кезеңінде, қар жинағыш және қар тазалағыш техника жетіспеген кезде пойыздар қозғалысындағы іркілістер мен қиындықтарды болғызбау үшін Ұлттық инфрақұрылым операторы қар жинау жөніндегі жұмысқа деполық және/немесе күрделі жөндеуден өткен жедел резервтегі қар жинағыш және қар тазалағыш техниканы жұмысқа тартады.

АЖҚ ұстау тәртібі

 

49. Жедел резервтегі АЖҚ-ны техникалық қарап тексермей станциядан жөнелтуге рұқсат етілмейді.

50. АЖҚ-ның бригадасының құрамы оның үлгісіне және осы арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамды басқаруға және көліктік тәртібінде қызмет көрсетуге тағайындалған жұмысшыларды бөлген жағдайда белгіленеді.

51. Комиссиялық қарап тексерудің нәтижелері, жөндеудің, кезеңдік қызмет көрсетудің түрлері АЖҚ жұмысы, оған кезеңдік техникалық қызмет көрсету және жөндеу журналына жазылады.

52. АЖҚ-ның негізгі тораптары мен жүйелері (электржабдықтары, жылыту, автотежегіш және автотіркеу жабдықтары, жүріс бөліктері) жарамды жай-күйде болуы керек.

53. АЖҚ-ның жұмысқа жарамсыз күйі қозғалыс қауіпсіздігіне қатер төндіретін, қызмет көрсетуші персоналдың денсаулығына қауіп туғызатын, АЖҚ көрінісінің габаритін бұзатын ақаулықтардың болуымен сипатталады.

54. АЖҚ-ның консервацияда тұру уақытын темір жол көлігі ұйымдары, сондай-ақ олардың меншік иелері АЖҚ-ның қызмет ету мерзіміне енгізбейді.

55. АЖҚ-ны пайдалану кезінде жоспарлы-ескерту жөндеу жүйесіне сәйкес жөндеу ұйымдары деполық жөндеуді, күрделі жөндеуді және қызмет ету мерзімін ұзартатын күрделі жөндеуді орындайды.

56. Қызмет ету мерзімі аяқталған АЖҚ-ның техникалық жай-күйін тексеруді тораптар мен бөлшектердің бар зақымдануларын, ақаулықтарын, сондай-ақ конструкциясының негізгі элементтерінің тозу деңгейін анықтау мақсатында қызмет ету мерзімін ұзарту мақсатында техникалық диагностикалау жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығы бар ұйымдар жүргізеді.

57. АЖҚ иелері техникалық пайдалану, жоспарлы жөндеулердің қауіпсіздігі талаптарының және техникалық куәландыру көлемдерін және пайдалану құқығын беретін құжаттарды ресімдеу тәртібін сақтайды.



Просмотров 1793

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!