Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936)
|
Локомотивтер мен моторвагонды жылжымалы құрамды пайдалану тәртібі
15. Локомотивтер мен моторвагонды теміржол жылжымалы құрамды (өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамды) поездардың айналым бағыттары бойынша инфрақұрылымның поездық радиобайланыс жүйесімен үйлесетін (инфрақұрылымда пайдаланған жағдайда) поездық радиобайланыс құрылғыларымен, белгіленген көрсеткіштерді тіркейтін жылдамдық өлшегішпен, автоматты локомотивтік сигнализацияның локомотивтік құрылғылармен және қауіпсіздік құрылғылармен жарақтандырылуы қажет. 16. Жолаушылар локомотивтері жоғары вольтті жылыту үшін қуатты іріктеу, электрпневматикалық тежегіштерді басқару құрылғыларымен жарақтандырылады. Жүк поездарының локомотивтері магистральды тежегіш тығыздығын бақылау үшін құрылғылармен, аспаптармен жабдықталады. 17. Поездық локомотивтерге және моторвагондық поездарға бір машинист қызмет көрсеткен кезде мынадай қауіпсіздік құралдарымен және құрылғыларымен: 1) поездың тежелуін автоматты басқару жүйесімен немесе кешенді локомотивтік қауіпсіздік құрылғысымен, сондай-ақ машинистің сергектігін бақылау жүйесімен; 2) артқы көрініс айналарымен немесе басқа ұқсас құрылғылармен; 3) автоматты өрт сөндіру жүйесімен және өртсөндіргіш жүйемен; 4) тежеу бұғаттамасымен; 5) автожүргізу жүйесімен жарақтандырылады. Моторвагонды жылжымалы құрам есіктердің жабылуын бақылау сигнализациясымен және «жолаушы-машинист» байланысымен жабдықталады. 18. Бір машинист қызмет көрсететін маневрлік локомотивтер: 1) оларды вагондардан дистанциялық ағыту құрылғыларымен; 2) екінші басқару пультімен; 3) артқы көрініс айналарымен; 4) машинист кенеттен локомотив жүргізу қабілетінен айырылған кезде автоматты тоқтату құрылғыларымен жабдықталады. Созылмалы еңістері мен өрлеулері бар аз қамтылған учаскелердегі жүк қозғалысының маневрлік жұмысы кезінде шығару, тапсыру, диспетчерлік және басқа жұмыс түрлерімен айналысатын локомотив, сондай-ақ локомотив тартқыштары жолаушы қозғалысындағы, моторвагонды жылжымалы құрамды қоспағанда поезд локомотивтерінің бір машинисіне қызмет көрсетуге рұқсат етіледі. 19. Локомотивтерге және моторвагондық поездарға бір машинистің қызмет көрсетуін олардың қауіпсіздік құрылғыларымен қамтамасыз етілуіне және жабдықталуына қарай кезең-кезең бойынша жүргізуге рұқсат етіледі. 20. Белгіленген қызмет көрсету мерзімі өткен локомотивтер мен моторвагонды жылжымалы құрамды жүк және жолаушы поездарға беруге рұқсат етілмейді. 21. Бірнеше локомотивтерге немесе қосылған секцияларға бір кабинадан басқарылатын бір локомотив бригадасымен қызмет көрсетіледі. 22. Мынадай ақаулылықтардың ең болмаса біреуі болған жағдайда локомотивтерді, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға шығаруға рұқсат етілмейді: 1) дыбыс сигналын беруге арналған аспаптың ақаулығы; 2) пневматикалық, электрпневматикалық, қол тежегіштердің немесе сығымдағыштың ақаулығы; 3) ең болмаса бір тартымдық электр қозғалтқышының ақаулығы немесе өшіп қалуы; 4) автоматты локомотивтік сигнализациясының немесе қауіпсіздік құрылғыларының ақаулығы; 5) автотоқтатудың немесе машинистің сергектігін тексеру құрылғыларының ақаулығы; 6) жылдамдық өлшегіштің және оның құрылғыларының реттеуші жетегінің ақаулығы; 7) поездық және маневрлік радиобайланыс құрылғыларының ақаулылығы, ал моторвагонды жылжымалы құрамда - «жолаушы-машинист» байланысының ақаулылығы; 8) гидродемпферлердің, аккумуляторлық батареяның ақаулығы; 9) автотіркегіш құрылғылардың ақаулығы, соның ішінде ағыту тұтқышы шынжырының үзілуі немесе оның деформациясы; 10) құм беру жүйесінің ақаулығы; 11) прожектордың, буферлік шамның, жарықтандырудың, бақылау немесе өлшеу аспабының ақаулығы; 12) қамыттағы, серіппелі іліністегі немесе серіппенің түпкі табағындағы жарық, серіппе табағының сынуы; 13) букс корпусындағы жарық; 14) букстық немесе моторлы-осьтік мойынтіректің ақаулығы; 15) бөлшектердің жолға түсіп қалуынан сақтандыратын конструкцияда көзделген құрылғының болмауы немесе оның ақаулығы; 16) тартқыш тісті берілістің ең болмағанда бір ғана тісінің жарығы немесе сызаты; 17) жаққыш майдың ағып кетуіне әкелетін тісті беріліс қаптамасының; жоғары вольтты камераның қорғағыш бұғаттауының ақаулығы; ток қабылдағыштың ақаулығы; 18) өрт сөндіру құралдарының, автоматты өрт сөндіру сигнализациясының ақаулығы (локомотив конструкциясында көзделген); 19) қысқа тұйықталу токтарынан, асқын жүктемеден және асқын кернеуден қорғау, дизельдің авариялық тоқтауынан сақтандыру құрылғыларының ақаулығы; 20) дизельден тарсылдау, бөтен шуыл дыбыстарының пайда болуы; 21) электр жабдығының қорғаныш қаптамаларының болмауы; 22) локомотивті басқарудың микропроцессорлық жүйесінің ақаулығы. 23. Локомотивтерде және моторвагонды жылжымалы құрамда орнатылған манометрлерге, сақтандырғыш клапандарға, сондай-ақ электр энергиясы мен отынның жұмсалуын тіркейтін аппараттар мен аспаптарға пломба салынады. 24. Электр сақтандырғыш құрылғылары, өрт сөндіру құралдары, өрт сигнализациясы және локомотивтердегі және моторвагонды жылжымалы құрамдағы автоматика, манометрлер, сақтандырғыш клапандар, ауа резервуарлары белгіленген мерзімдерде сынақтан және куәландырудан өткізіледі.
|