Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Бұл кесте арқылы ішек таяқшасы анықталған қандай көлемдегі комбинация болса да қарастырады



Мембранды фильтр әдісі

Суды фильтрациялау үшін сиымдылығы 700-800 мл Гольдман воронкасын қолдануға болады.

Зерттеудің бірінші күні

Сүзгілеу Зейтца құралына монтирленген (смонтированного) және тазаланған воронканы орналастырып зерттеу суының көлемін құямыз. Насос арқылы қабылдау тамырында вакуум қалыптастырамыз (көбінесе суды №2 және №3 фильтр арқылы сүзеді). Сүзгілеу аяқталған соң отқа күйдірілп тазалаған пинцет арқылы фильтрді аламыз және Петри шынысындағы Эндо ортасына фильтрді жабыстырамыз, себебі фильтр бетіндегі микробтар қоректік ортамен ластануы үшін (бір шыныға 3-4 мембранды фильтрді орналастыруға болады).

Еккен соң 370С термостатта 18-24 сағат инкубация жасаймыз.

Зерттеудің екінші күні

Егілген шыныны термостаттан аламыз. Күдік колониялар болмаған жағдайда теріс қорытынды беріледі.

Санауға барлық қызыл және күлгін металдық жылтыры бар немесе жоқ колониялар жатады. Өскен колониялардан жұғындайындаймыз және Грам әдісімен бояймыз. (сур. 56).

Егер де грам теріс бактериялар анықталса оларды оксидазалық активтілігіне сынама қоямыз. Оксидазаның оң сынамасы теріс жауап береді. Егер оксидаза тестісі теріс болса онда жартылай сұйық глюкозалы орта және индикаторлы орта немесе ГПС бродильді трубкалы ортаға егеміз – себебі көмірсутегінің қышқыл мен газға дейін ыдырауын анықтау үшін. Қышқыл мен газ түзілген жағдайда коли-индекс саналады. Мысалы: Эндо ортасындағы барлық фильтрден 3 колония өсті, фильтр арқылы 300 мл су жіберілген.

Есептеу. 300мл— 3 колония

Мл — х

х = 10 коли-индекс 10

Ескертпе. Титрациялық әдіс нақты және суды алған бетте есептеуге болады. Мембранды фильтр әдісі экономичный және 2-күні нәтижесін береді.

Жаңадан фекальді ластанғанын анықтау

Судың жаңадан ішек таяқшасымен фекальді ластанғанын анықтау үшін судан 3-көлемде лактозапептонды су борной қышқылына егу жүргізіледі. 43°С 24сағат инкубация жасаймыз. Қышқыл мен газ болған жағдайда жаңадан фекальді ластанғанын анықтайды.

Эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша судан сальмонеллалар, шигеллалар, энтеровирустар анықталады.

Ескертпе. Ауыз суының фекальді ластанғанының жалпы көрсеткіші ретінде – энтерококктар қабылданды. Бактериологиялық зерттеу барысында барлық топтағы энтеро­кокктар анықталады, бірақ санитарлық маңыздысы фекальді стрептококктар болып табылады, бұлар анықталса судың жаңадан фекальді ластанғанын көрсетеді.

Бақылау сұрақтары

Санитарлық микробиологияның негізгі міндеті?

Микроорганизмдердің санитарлық көрсеткіші дегеніміз не?

Коли-индекс және коли-титр дегеніміз не?

ІТТБ анықтаудың қандай әдісін білесіз ?

Тапсырма

Зерттеу суынан жалпы микробтар санын анықтау. ГПС ортасы (Эйкмана).

Оректік орталар

Концентрирленген ГПС (Эйкмана). 1 л суға 100 г пептонды араластырамыз, 50 г натрии хлоридін қосамыз. Ерітіндіні қайнағанға дейін қыздырамыз, сүземіз, 100 г глюкоза қосамыз, рН 7,4—7,6 келтіреміз және сиымдылығы 250 мл колбаға 10 мл құямыз, 1 мл 3 пробиркаға (концентрирленген орта) және 1 мл 3 пробиркаға қалыпты концентрациядағы (во всех емкостях среду до нужной концентрации доводят стерильной водой).

Ескертпе. Қатты ластанған суды зерттегенде үлкен ерітінділер дайындайды (мысалы, 10-6 , 10-7 және т.б.).

ТОПЫРАҚТЫ САНИТАРЛЫҚ-БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ

Топырақ микроорганизмдердің негізгі қоректенетін ортасы болып табылады. Топырақтан микробтар суға және ауаға түседі.

Топырақты микробиологиялық зерттеудің маңызы зор. Оны жүргізу себебі балалар мекемесін салуда, спорт алаңдары, аурухана, госпиталь, әскери лагерь, су құбыраларын салуда және т.б. обьектілерді салуда.

Топырақтың санитарлық-микробиологиялық анализінде анықталатындар:

1) 1 г топырақтағы бактериялардың жалпы саны;

2) микроорганизмдердің санитарлық көрсеткіштері ІТТБ мен С. perfringens-тің титрі;

3) 1 г топырақтағы термофильді бактериялар;

Эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша патогенді микроорганизмдерді анықтау (саль­монелла, шигелла, сіреспе клостридиясы, ботулизм, кейбір вирустар және т.б.).

Топырақтан сынама алу. Топырақтан сынама алынатын жерді зерттеу мақсаты мен тапсырмасына байланысты санитарлық дәрігер мен бактериолог анықтайды. Зерттеу аймағының 1000 м2 территориясынан, 25 м2 аумақты екі аудан аламыз. Біріншісі ластанған көзіне жақын орналасу керек (қоқыс жәшігі, свалка, шұңқырлар т.б.), ал екіншісі – ластанған көзден алысырақ (бақылау). 25 м2 әр аумақтан 5 нүктесінен сынама аламыз: төртеуі төрт бұрышынан және бесіншісі ортасынан немесе диагонал бойынша.

Топырақтың бетін зерттеу үшін сынаманы стерилді күрекпен аламыз немесе 20 см тереңдіктен аламыз. Әр нүктеден күрекпен топырақ кусогын аламыз. Стерильді пышақ арқылы бетінен 1,5 – 2,0 см қалыңдығын алып тастаймыз және кусоктың ортасынан стерильді пышақпен 200-300 г топырақ аламыз. Бес нүктеден алған топырақ сынамасы 1 кг аспау керек.

Топырақтың төменгі терең бетінен (0,75 – 2 м) сынама алғанда арнайы қабырғалы тескіш қолданады (специальным буром с поло­стью). Тереңдікке жеткен соң тескіштің қабырғасы ашылып, топырақпен толтырылады, одан кейін механикалық түрде жабылады және тескішті алып шығамыз.

Анализге алынған топырақ сынамасын стерильді банкаға салып мақталы-дәкелі тығынмен жауып және стерильді пергаментті қағазбен жабамыз. Әр банкаға уақыты белгіленген және сынама номері бар этикетканы жабыстырамыз. Қосымша құжат ретінде топырақ сипаттамасы, зерттеу территориясының ауданы, берілгендері, жергілікті жердің климаты және т.б.

Барлық сынамаларды ағаш жәшікке салып және дереу лабораторияға жіберіледі. Егер сол күні топырақты зерттеуге мүмкіндік болмаған жағдайда 1-20С тоңазытқышта сақтауға рұқсат етіледі.

Топырақ сынамасын зерттеуге дайындау. Әр ауданның нүктесінен алынған топырақ үлгілерін жақсылап араластырамыз, ірі қосындылардан босатамыз (шыны, тас т.б.).

Орташа үлгі үшін 200-300 г аламыз және оларды стерильді ыдысқа саламыз. Сосын топырақты езетін ыдысқа салып еземіз, стерильді сито арқылы стерильді қағаз үстіне түсіреміз және содан 30 г зерттеуге аламыз. Соны стерильді колба сиымдылығы 500 г саламыз және оның үстіне 270 мл стерильді су құямыз, топырақтың 1:10 ерітіндісін аламыз. Топырақ ерітіндісін 10-15 минут шайқаймыз, сол дайындаған 1:10 ерітіндіден жалпы қабылданған әдіс бойынша тұнбаға түсірмей он еселік қатарынан жасаймыз. Таза топырақтан анализ алу үшін 3-4 ғана ерітінді дайындаймыз (дейін 1:1000, 1:10000), ластанған топырақты зерттеу үшін – 1:100000, 1:1000000 дейін ерітінді дайындаймыз.

Топырақтағы бактериялардың жалпы санын анықтау суды зерттеу әдісімен сәйкес. Бактериялардың жалпы саны әртүрлі топырақта 55 кестеде көрсетіледі

ІТТБ анықтау



Просмотров 1626

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!