Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Аланың ауасында микроорганизмдер көп, орман мен далаға қарағанда



Микроорганизмдер саны жоғарлаған сайын азаяды. Мысалы, Москваның 500 м биіктігінде 1м3 ауасында 2-3 бактерия анықталған, ал 1000 м биіктікте – екі есе аз кездескен.

Ашық жерлерге қарағанда мекемелерде микроорганизмдер саны көп болады.

МЕСТ бойынша ауаны зерттеу әдістері жоқ. Бұрынғы уақытта көңілді гемолитикалық стрептококқа бөлді, оны жабық бөлмелердегі ауаның ластану көрсеткіші деп есептеді, себебі олар адамның мұрын қуысында кездеседі. Қазіргі уақытта ауадағы патогенді және шартты-патогенді микроорганизмдерді анықтауға көп көңіл бөледі.

Ауаны санитарлық-бактериологиялық зерттеу жоспар бойынша жүргізіледі: ауруханада, операциялық, балалар мекемелерінде және т.б.

Санитарлық-бактериологиялық зерттеуде анықталады:

М3 ауадағы жалпы микробтар саны.

М3 ауадағы патогенді және шартты-патогенді микро­организмдер саны.

Ауадағы микроорганизмдерді анықтау үшін арнайы құралдар мен арнайы орталар қолданылады (диаг­ностикалық және дифференциальды-диагностикалық).

Ауадан сынама алу әдісі

Ауаны зерттеуге арналған негізгі екі әдіс бар: 1) седиментациялық—микроорганизмдердің механикалық жолмен түсуіне арналған; 2) аспирациялық — ауаны активті түрде соруға негізделген (бұл әдіс арқылы бактериялардың сандық және сапалық деңгейін анықтауға болады).

Седиментациялық әдіс

Петри шынысындағы ЕПА қоректік ортаны еденнен әртүрлі деңгейде горизантальді түрде ашып қоямыз. Әдістің негізі бактерияныңқоректік ортаның бетіне механикалық жолмен түсуі негізделген. Ауаның ластану деңгейіне байланысты Петри шынысын 10 – 20 мин қалдырамыз. Патогенді флораны анықтау үшін элективті орталар қолданады. Бұл кезде экспо­зиция уақыты 2-3 сағатқа созылады. Экспозициядан кейін шыныны жабады да лабораторияға жеткізіп онда 370С 24 сағатқа қояды. Келесі күні өскен колонияларды тексереміз. Бұл әдіс көбіне жабық мекемелерде қолданады.

Аспирациялық әдіс

Бактерия ұстаушы Речменскиидің. Жұмыс басында құралды стерильді содамен толтырамыз. Осы құрал арқылы аспиратормен ауаны сорамыз. Бұл уақытта құралда сұйықтық болады. Жұмыс соңында ауаны өткізген сұйықтықты сорып аламыз, Петри шынысындағы 0,1-0,2 мл ЕПА егеміз. Керек болған жағдайда мөлшерін көбейтіп (0,3-0,5 мл) элективті ортаға егеміз. Қабылдағышта қалған сұйықтықты жануарларды зақымдауға болады. (мысалы, зерттеу барысында вирустар немесе риккетсияны анықтау үшін және т.б.).

Дьяконов құралыда сұйықтық арқылы ауаны өткізіп бактерияны анықтауға негізделген.

ПАБ-1 құралы аз уақыт ішінде үлкен көлемдегі ауаны бактериологиялық зерттеуге бағытталған. Ауадан сынама алу үшін оның жылдамдығы 125/150 л/мин болуы керек. Құралдың жұмыс негізі микроорганизмдерді қарсы зарядтағы электрод арқылы ұстауға негізделген. Бұл құралдың ауаны тез сору жылдамдығы және әртүрлі қоректік ортаға егіп патогенді және шартты-патогенді бактерияларды анықтау мүмкіншілігі жоғары (мысалы хирургиялық бөлімнен көкіріңді таяқшаны анықтау)

Кротов аппараты. Жұмыс принципі сорылған ауаның тікелей Петри шынысына түсуі. Аппарат үш бөліктен тұрады: ауадан сынама жинауға арналған өрмек (узла), ротаметр, механизмді қалыптастыратын электр бөлігі.

Ауаны зерттеу үшін жылдамдығы 4000-5000 об/мин айналатын желдеткіштің көмегімен құрал ауаны сорады және сол мезетте қоректік ортасы бар Петри шынысының бетіне тиеді. Ауа құрамындағы микроорганизмдер қоректік агардың бетіне қонады. Микроорганизмдердің толық әрі біркелкі таралуы үшін шыныны айналдырып отырамыз. Құралға ауа ауа өткіш трубка арқылы өтеді, ол ротаметрмен байланысқан, ол ауаның жылдамдығын көрсетеді.

Кротов аппаратының кемшілігі, электроэнергияны қажет етеді, сондықтан оны барлық жағдайда қолдану мүмкін емес.

Зерттеудің бірінші күні

Алынған сынаманы 370С 18-24 сағат термостатта қалдырамыз.

Зерттеудің екінші күні

Шыныны термостаттан алып өскен колонияларды санаймыз. Жалпы ауаның бактериальді ластанғанын анықтағаннан соң 1м3 ауадағы микробтарды есептеу.

Есептеу. Мысалы, 125 л ауаны 10 мин өткіздік, ал беткейінде 100 колония өсті.

3 ауадағы микробтар саны- 100x1000 =800

Алтын тәрізді стафилококкты анықтау үшін сарысулық тұзды агар қолданады. Егілгеннен соң 370С 24 сағат термостатта инкубация жасаймыз және 24 сағат бөлме температурасында қалдырамыз себебі пигментті анықтау үшін. S.aureus-ке күдікті колонияларды әрі қарай зерттейміз.

Балалар мекемелерінде ауаны салмонеллаға тексереді. Бұл үшін ауаны висмут-сульфитті агарға егеміз.

Жабық бөлмелерде эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша бактерия мен вирустарды анықтаймыз. Туберкулез қоздырғышын анықтау үшін ПОВ құралы қолданады, ал ортадан Школьников ортасы қолданады.

Бақылау сұрақтары



Просмотров 1367

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!