Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Игерудің ағымды жағдайын талдау



 

Мұнай кен орнын игеру кезінде, жалпы кәсіпшілік шаруашылығымен, бұрғылау техникасы және технологиясымен, пайдаланумен,жинаумен, тасымалдаумен, мұнайды сақтау және дайындаумен байланысты барлық мәселелерді қамтиды.

А.В.Афанасьеваның басқаруымен ВНИИ жүргізген есептеулер нәтижесі бойынша, мұнайлы қабат ауданы газ шапкасінің ауданына тең болған жағдайда су айдау арқылы мұнайдың өнімді қорының 67.9%-ін өндіруге және газ шапкасінің ұлғаюы есебінен не бары 22.0% өнім алуға болатынын көрсетті. Осы есептеулер нәтижесінде, қабат қысымын ұстау жүйесіне көшкенге дейін Жаңажол кен орнында мұнай газ шапкасінің ұлғаюы есебінен өндіріледі.

 

2.2 - кесте - Жаңажол кен орнындағы МГӨБ ұңғылар қорының қозғалысы

Ұңғы 2008ж 2009ж 2010ж 2011ж
Пайдалану қоры
Консервацияда
Игерілуде
Шығарылғаны

 

Осы мәліметтерді алдыңғы жылғы яғни 2008 жылдың каңтарындағы көрсеткіштерімен салыстыра келіпұңғымақоры өсуде. Мұның себебі: жаңа өнімді қабаттарды игеру үшін Жаңажол кен орнында бұрғылау жұмыстарының жүргізілуінде. Пайдалану қорының өсуі игерілген ұңғымалар есебінен болады, Жаңажол кен орыны бойынша мұнай өндіру қозғалысын талдай келе мұнай өндіру көлемі азайып келе жатқанын көруге болады [1].

2011 жылы Жаңажол кен орнында механикаландырылған игерудің штангілі терең сораппен игеру әдісі бойынша, ұңғымаға штангілі терең сорап орнатылды. Әсірге осы әдіс бойынша 2 ұңғыма жұмыс істеуде. Кезекті жабдықталғаннан кейін 2 ұңғыма қосуға дайындалуда. Осы екі ұңғыма мен жыл бойына 11072 тонна мұнай өндірілді.

 

2.3 - кесте - Ілеспе су, ілеспе газ және мұнай өндірудің қозғалысы

  Жылдар Су өндіру (тың. м3) Газ өндіру (млн. м3) Мұнай өндіру
жоспарлы (мың т.) нақты(мың т.)
2342.0 2342.0
37.2 2345.4 2350.1
3736.2 36.9 2415.0 2338.6
3848.1 37.8 2486.5 2447.0

 

2.4 - кесте - Жаңажол кен орнының пайдалану коэффицентінің қозғалысы

Жылдар
  жоспар нақты жоспар нақты жоспар нақты жоспар нақты
Пайдалану коэффиценті (мындық дәлдік)   0,859   0,895   0,873   0,873   0,883   0,883   0,891   0,891

 

2.4-кестеден мындай қорытынды жасауға болады: Жаңажол кен орны бойынша ұңғымаларды пайдалану тиімді түрде жүргізілуде.

 

 

Ылар қорының және олардың ағымдағы дебиттерінің, игерудің технологиялық көрсеткіштерін талдау

 

Кен орнын игеру 1992ж «Гидровостокнефть» институты орындаған «Жаңажол мұнайгаздыконденсатты кен орнын игерудің технологиялық схемасына толықтыру» жұмыстарының негізінде жүзеге асырылады. Игеру КТ-І – бірінші және КТ-ІІ – екінші карбонатты қабаттардың кеніштері бойынша жүргізіледі.

Кеніш игеруге 1983 жылдың сәуірінде берілді. 01.01.2002 жағдайына байланысты объектіде 92 ұңғы қазылды. Әрекеттегі фонды 59 фонтандық ұңғыға есептелді. Компрессорлық газ лифтінен істейтіндегі 3 ұңғы, 3 ұңғы НДГ, 6 ұңғы әрекетсіз тұр.

Айдау фонды 20 ұңғы, олардың ішінде 3 ұңғы әрекетсіз №342,502 ұңғы бақылауда. Объектідегі максималды мұнай өндіру 1985-жылы болып 960000 тоннаны құрап, бастапқы алынған 7,2% құрады. Өндірудің бұлай құлдырауы ұңғылардың тәуліктік орташа дебитінің төмендеуіне байланысты. 1990-жылы 23,9 тонна/тәулік 65 тонна/тәулік аралығында ауытқиды. В солтүстік бумасы бойынша 2002- жылы 122,4 000 тонна мұнай, 154000 тонна сұйықтық алынды, суланғаны 25,8% құрады. 7980,7 000 тонна өндірілген мұнай, бастапқы алынған қордың 59% құрайды.

В бумасында кенішке айдау ұңғыларының карьерлік қатарына су айдау арқылы сугазды әсер етумен игеру қарастырылды. В бумасында су айдау 1986 -жылы басталды. Су айдау максималды деңгейіге 1993 -жылы жетті де 1542 мың м3 құрады, кейін 1999 жылы су айдау деңгейі 368 мың м3 дейін төмендейді.

Объектіні игеру басынан бастап 11517 мың м3 су айдалды. Жылдық орнын толтыру 64,3%, жинақталған орнын толтыру 69% болды. Бір айдау ұңғысының орташа қабылдағыштығы 153,4 м3/тәул.

Кеніштің солтүстік күмбезіндегі өнім алу аймағындағы орта есеппен өлшенген қабат қысымы 25 МПа құрайды, бұл бастапқы қысымнан 4,7 МПа төмен. қабат қысымының мұндай төмендеуі (3,35 МПа-ға) мұнайлы аймаққа газдың еніп кетуімен түсіндіріледі.

Осылайша, ағымдағы су айдаудың жоғары деңгейіне қарамастан, өнім алу деңгейінің едәуір төмендеуі байқалды. Бұл кеніш бойынша су айдаудың жеткілікті мөлшерде тиімділігінің болмауымен түсіндіріледі.

Игеру варианттарының экономикалық көрсеткіштері. Мұнай кеніштерін сандық модельдеу үшін VIP және WORKBENCH математикалық қамтамасыз етуді қолданып, негізгі өңделген элементтерінің нақты математикалық және геологиялық модельдеуі жүргізілді. Мұнай кенішінің салыстырмалы өтімділігінің анағұрлым нақты қисығын және басқа параметрлерін анықтаған соң, модельденген элементтердің өңделу тарихына бейімделу жүргізілді, және осының негізінде барлық игеру варианттарының көрсеткіштері болжанған Игеру варианттарының техникалық көрсеткіштері. Берілген жобаны жүзеге асыру үрдісінде біруақытта резервтегі, көлденең және тік ұңғымалар көмегімен КТ-І аймағының игеру жұмыстарын тиімділігін жоғарылату үшін аймақта тығыздау және қосарланған жұмыстар жүргізу керек. Г солтүстігі және Д оңтүстігі бумаларының өнімділігі аз аймақтары кенішті тиімді игеру мақсатында резервтегі ұңғылармен пйдаланылады. Бұл жоба бойынша КТ-І қабаттарында жаңа ұңғымалар бұрғылау қарастырылмады, өндіруді көтеру негізінен газлифт жұмыс көлемін көбейту, қосымша перфорация және тұз қышқылмен өңдеу сияқты технологиялық шаралар көмегімен жүргізіледі. Осылайша, ағымдағы су айдаудың жоғары деңгейіне қарамастан, өнім алу деңгейінің едәуір төмендеуі байқалды.

2000 -жылғы игерудің технологиялық схемасы жалпы кен орны (негізінен КТ-І) бойынша өнімділікті және қабылдағыштықты жоғарылатуға бағытталған ТҚӨ, қосымша перфорация, газлифт, сулы қабаттарды шектеу және сұйықпен жару сияқты шаралар кеңінен қолданылды.

Ал КТ-ІІ горизонтынды 2002 жылдың соңына дейін ұңғымалар торын тығыздау және жетілдіру мақсатында негізінен жаңа ұңғымалар бұрғыланды, жалпы кен орын бойынша жаңа 80 ұңғыма бұрғыланды, 76 ұңғыма падаланылуға еңгізілді. 2.5-Кестекен орынның ұсынылған 2 варианты бойынша техникалық көрсеткіштері берілген. (Шуров В.И. «Технология и техника добычи нефти», учебник для вузов. М. «Недра», 1983 г.)

 

2.5 - кесте - Кен орынның ұсынылған 2 варианты бойынша техникалық көрсеткіш

1.Жылдар Ұңғымалар саны Жылдық өнім алу 8.Мұнайды геологиялық қордан алу қарқыны, % 9.Геологиялық қордан алу деңгейі, % 10.Сулануы, % 11.Өнім алуды су айдау мен жалдық орнын толтыру, бірл.
    2.Өндіру 3.Айдау 4.Мұнай, мың.т 5.Сұйықтық, мың.т 6.Су, мың.т 7.Газ, млн.м3        
2517,3 7636,4 0,60 8,21 4,82 1,261
3243,5 9537,3 0,81 9,02 6,34 1,233
3926,9 4217,6 11044,8 0,98 10,01 6,89 1,197
4201,8 4591,8 11495,1 1,05 11,06 8,49 1,151
4033,8 4516,3 11517,7 1,01 12,07 10,68 1,162
3820,1 4379,7 11058,6 0,96 13,02 12,78 1,154
3618,8 10636,8 0,90 13,93 15,41 1,149
3428,1 4191,1 10277,9 0,86 14,78 18,21 1,145
3225,6 4076,2 9855,1 0,81 15,59 20,87 1,138
3062,1 4023,1 9497,3 0,77 16,36 23,89 1,124
2893,5 3968,7 9152,8 0,72 17,08 27,09 1,114
2711,9 3899,2 8831,6 0,68 17,76 30,45 1,110
2505,5 3800,4 8378,2 0,63 18,38 34,07 1,102

 

Пайдалану басында газ шапкасының энергиясын, шеткі және табан суларының энергияларын толық пайдалануға байланысты, табиғи газды пайдаланудың жағымды тиімділігі болды, бұл сатыда мұнайдың жинақталған өндірісі 8,19 млн.т құрайды. Сандық модельдеу нәтижелері мұнай жұрынының (оторочка) қысымының құлау және газ бүркемесі көлемінің кеңею мөлшері бойынша мұнайгаз шекарасы азайып, біруақытта газ мұнай аймағына енетінін көрсетті. Соңғы уақытта енгізілген барьерлік су айдау газдың мұнай оторочкасына енуіне жол бермеуінде рөл атқарғанымен, газ бүркемесіндегі бақылау ұңғыларының қысымдары мәндері бойынша газ бүркемесінің қысымы кен орнын игерудің басындағы мәндерімен салыстырғанда күрт төмендеуі байқалады. Газ кенішінің техникасының әдісін қолдана отырып, І-КҚ мұнайгазды шекарасы 7,2м-ге төмендегенін (ІІ-КҚ мұнайгаз шекарасы бұдан да төмендеуі мүмкін) анықтаған. [7]

 

 



Просмотров 1985

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!