Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936)
|
Кен орнын игерудің техника-экономикалық көрсеткіштері
Жаңажол кен орны игеруге 1984 жылы енгізілген. Тәжірибе алаңын бұрғылау 1984 жылдан 1988 жылға дейін созылды. Қазіргі кезде кен орнында 486 ұңғы бұрғыланған. Оның ішінде 358-і пайдалану, 91-і айдау, 11-і бақылау, 18-і су өндіру ұңғылары және 8 ұңғы уақытша тоқтатылып тұр. Соның ішінде 13 ұңғы әсерсіз, айдау қорынан 8 ұңғы және пайдалану қорынан 13 ұңғы тұралауда. Өндіру және айдау ұңғыларының әсерсізденуінің негізгі себептері: -жабдықтарды жөндеу; -құм тығынын жою үшін ұңғыларды тоқтатып қою. Нақтылы мұнай өндіру 2004 жылы 3321,5 мың тонна, жоспар бойынша 4415,0 мың тонна. Нақтылы мұнай өндірудің, жобалық мұнай өндіруден төмендеу себептері мынадай: -сұйық іріктеуінің жетіспеуіне және де шығыммен әсер етуші ұңғылардың сәйкес келмеуімен түсіндіріледі; -Дв және Дн объектісінде көптеген ұңғылардың фонтандауының тоқтатылып, пайдаланудың механикалық тәсіліне ауыстырыуын күтуде; -бұл кеніштер бойынша нұсқалық судың нашар белсенділігі байқалады, нәтижесінде қабаттағы қысым төмендейді және кейбір аймақтарда еріген газ режимінің пайда болуы байқалады. 2005 жылдың IІ тоқсанынан бастап көлденең ұңғыда қабатты сұйықпен жару әдісі қолданып, сол жылдары 1 тонна тауарлы өнім құны 3700-42500 теңге құрады. Мұнай мен газды жинау және тасымалдауға жұмсалған шығын 4720 мың теңге жұмсалу көзделген еді. Шығын шығуының бір себебі: құрал-жабдықтары қымбатқа ұшырайды. Осы 2005 жылғы мұнай және газ өндіру басқармасының жұмысының техника-экономикалық көрсеткіштерін талдай келіп "жақсы" деген қорытынды шығаруға болады. Оған 2005 жылғы бекітілген жоспардағы белгіленген коэффициенттермен, кейбір көрсеткіштер толық орындалған. Көлденең ұңғыда қабатты сұйықпен жарудың экономикалық тиімділігін анықтау "Ақтөбемұнайгаз" акционерлік қоғамына қарасты "Октябрьск мұнай" мұнай-газ өндіру басқармасының 2004 жылдың 18 қараша айына Жаңажол кен орнында 147 ұңғымада сумен жару жұмысын жүргізді. 2005 жылда олар 200 көлденең ұңғымада қабатты сумен жару жұмыстарын жүргізуді жоспарлаған (1 сұйықпен жаруды жүргізу құны 100 000 АҚШ доллары болып келеді), ал 2009 жылы 300-400 көлденең ұңғымаларында қабатты сұйықпен жару жұмыстарын жүргізуді жоспарлаған. 2005 жылы кен орында 129 ұңғымаларында қабатты суменн жару жұмыстарын жүрргізді. Осының нәтижесінде 129 ұңғыманың ішінен 127 – де 99 % - дай дейін тиімді болған. 2006 жылдың маусым айына дейін осы ұңғымалардан жиналған мұнай мөлшері – 242 176 тонна, сол кезде 1 ұңғыманың мұнайының ортатәуліктік дебитінің өсуі - 14,6 тонна. Көлденең ұңғыда қабатты сұйықпен жаруды енгізгеннен кейін өнім көлемін анықтау. Көлденең ұңғыманы сұйықпен жарудан күтілетін тиімділікті анықтау үшін қарастырылып отырған уақыт аралығында ұңғыманың жоғарлатылған шығымда жұмыс істеу арқасында пайда болатын мұнайдың қосымша көлемін анықтайық. Ол үшін тиімділікті ұзақтылығын Тэ=1 жыл деп, осы уақыт аралығында ұңғыма q2=31 тонна/тәул жоғарлатылған шығыммен тұрақты жұмыс істейді. Енгізуге дейінгі шығым q1=16 тонна/тәул құрайды. Ұңғыманы эксплуатациялау коэффициенті Кэ=0,95 құрайды. Бір көлденең ұңғыма үшін сұйықпен жаруды енгізуден кейін бір жыл ішінде алынған мұнайдың көлемін келесі формула бойынша анықтаймыз:
Q2=q2·Tэ·Kэ (3.1
Q2=31·365·0,95=10749,25 тонна/жыл
Сол уақыт ішінде ұңғыманы өңдеусіз шығым:
Q1=16·365·0,95=5548 тонна/жыл
Өңдеудің арқасында болған мұнайды өндірудің жалпы өсуін анықтайық:
∆Q=Q2 - Q1 (3.2)
∆Q=10749,25 - 5548=5201,25 тонна/жыл
Көлденең ұңғыда қабатты сұйықпен жаруды жүргізуге дейінгі пайдалану шығындарды анықтау Әрекеттегі кәсіпорынға жаңа техниканы енгізу кезінде шығындарды есептеу барлық капиталды салымдар номенклатурасы бойынша емес, ал жабдықты сатып алуға, оны тасымалдауға кеткен шығындар, монтаж жасауға кеткен шығындар бойынша жүргізілуі тиіс. Егер де тиімділік пайдалану бойынша анықталса, жылдық ағымдағы шығындардың мөлшерін білу қажет, ол пайдаланумен байланысты болу керек. Бұл шығындар машиналарды, жабдықтарды және басқа техниканы қолданумен өндірілетін өнімнің өзіндік құнын құрайды. Экономикалық тиімділікті есептеу кезінде алғашқы мәлімет ретінде ағымдағы және капиталды шығындардың көлемін қолданады. Көлденең ұңғыда қабатты сұйықпен жаруды енгізгеннен кейін өнім көлемін анықтау. Көлденең ұңғыманы сұйықпен жарудан күтілетін тиімділікті анықтау үшін қарастырылып отырған уақыт аралығында ұңғыманың жоғарлатылған шығымда жұмыс істейді. Мұнайды өндіруде шараны енгізуге дейінгі шығындар деңгейін есептеу үшін негізгі мәліметтер Жаңажол кен орнының 2006 жылға пландық құжаттан алынған. Ол келесі кестеде көрсетілген.
3.1 - кесте - Игеру шығындарды есептеуге нормативтер
Мұнайды алу бойынша кететін электроэнергияға жылдық шығынды 1 тонна мұнайға кететін энергияға шығын нормасы бойынша есептеу керек. Ол өңдеуге дейінгі шығынмен есептеледі. Сонда Зэ=56355,197 тг құрайды. Қабатқа әсер етудегі шығындардың құрамына суды айдау бойынша шығындар кіреді. 1 м3 суды айдауға Ззв=43190,487 тг/ұңғ болады. Еңбек ақы қорын есептеу (ЕАҚ) ЕАҚ = минималды айлық * тарифті коэффициент * айлар саны * ауданды коэффициент * территориалды коэффициент * қосымша айлық коэффициенті * Жұмыс істеу персонал саны Еңбек ақы қорын есептеу үшін коэффициенттер: ҚР минималды айлық, тг 9200 Тарифті коэффициент 10,56 Айлар саны 12 Ауданды коэффициент 1,1 Территориалды коэффициент 1,4 Қосымша айлық коэффициенті 1,25 Жұмыс істеу персонал саны, адам 1 ЕАҚ = 9200·10,56·12·1,1·1,4·1,25·1=1463616 тг Бір адам үшін бір айдын айлығы 121968 тенгені құрайды. Жұмыс берушінің әлеуметтік сақтандыруға, зейнет ақы қорына ақша аударуы сәйкесінше уақыт аралығында орнатылған нормалар бойынша жүргізіледі (31% ЕАҚ).
Зор=ФОТ·0,31, (3.3)
Зор=1463616·0,31=453720,96 (тг)
Ұңғыма бойынша амортизациялық ақша аударылуы ұңғыманың алғашқы құнының 6,7 % :
Ar=(Cn·Na)/100%, (3.4)
мұнда Cn–ұңғыманың алғашқы құны, 288015000 тг; Na– ұңғыма амортизациясының жылдық нормасы,%
Ar=19297005 тг.
Мұнайды жинау, тасымалдау және дайындау бойынша шығындардың құрамына мұнайды ұңғымадан мұнайды жинау қондырғыларына дейін жинау кіреді. Осы калькуляция үшін шығындардың жылдық мөлшері:
Зстп=Зуд·Q1, (3.5)
мұнда Зуд–мұнайды жинау, тасымалдау және дайындауға меншікті шығындар, тг/т Зстп=899·173,375=155864,125 (тг)
Жер үсті және жер асты қондырғыларды ағымдағы жөндеу бойынша шығындар бірнеше шығындар қатарын құрайды. Осы шығындарды есептеуде ұңғыманың алғашқы құнынан 1,2 % алынады, яғни:
Зо.п.р=21%·(Зэ+Ззв+Зпл+Зор+Аr+Зстп+Зт.р)/100% (3.6)
Зо.п.р=21·(56355,197+43190,487+1463616+453720,96+19297005+155864,125+ +3456180)/100=5234445,671 (тг).
Өндірістік емес шығындар - өнімнің коммерциялы өткізілуімен байланысты шығындар. Осы шығындар толық өзіндік құнның 0,5 % құрайды.
Звп=0,5%·∑3/100% (3.7)
Звп=0,5·30160377,44/100=150801,8872 (тг)
Экономикалық тиімділікті есептеу кезінде алғашқы мәлімет ретінде ағымдағы және капиталды шығындардың көлемін қолданады. Көлденең ұңғыда қабатты сұйықпен жаруды енгізгеннен кейін өнім көлемін анықтау. Көлденең ұңғыманы сұйықпен жарудан күтілетін тиімділікті анықтау үшін қарастырылып отырған уақыт аралығында ұңғыманың жоғарлатылған шығымда жұмыс істейді. Бір ұңғымаға сұйықпен жаруды енгізуге дейінгі шығындарды есептеулердің нәтижелері бойынша барлық мәліметтерді келесі кестеге енгіземіз.
3.1.1 - кесте - КҰҚСЖ– ға дейінгі жылдық игеру шығындар
Кестеде көрсетілген нәтижелерге сүйене отырып 1 тонна мұнайдың өзіндік құнын анықтайық:
С1=Зг/Q1, (3.8)
мұнда Зг – калькуляция тараулары бойынша жылдық игеру шығындардың соммасы, тг
С1=30311179,33/5548=5463,442 тг
Сонымен, ұңғыманы өңдеусіз 1 тонна мұнайдың өзіндік құны жылдың соңына 5463,442 тг құрайды. Сұйықпен жаруға байланысты шығындарға ұңғыманы дайындау – қорытындылау бойынша шығындар және сәйкесінше жұмыстарды жүргізуге кеткен шығындар кіреді. Дайындау – қорытындылау жұмыстарына ұңғыманы сұйықпен жаруға дайындау мен оны пайдалануға жіберу, құбырларды түсіру – көтеру қондырғысының көшуіне, шаблондау, сұйықпен жаруға дейін және кейін жүргізілетін ұңғыманы зерттеу жұмыстары кіреді. Сұйықпен жаруға шығынның өзі сәкесінше қондырғыны шақыру мен жол жүру үшін кететін шығындармен, отын, реагенттер, қондырғы амортизациясымен тығыз байланысты. (В.Ф. Шматов, Ю.М. Малышев «Экономика, организация и планирование производства на предприятиях нефтяной промышленности». М., изд-во «Недра», 1990г.) Көлденең ұңғыда қабатты сұйқпен жару бойынша игеру шығындарды келесідей сипаттауға болады:
З1=Зотб+Зпес+Зтрансп+Зтопл+Ам, (3.9)
Зотб – бригаданың еңбек ақы бойынша шығындар; Зпес – құмды сатып алу бойынша шығындар; Зтрансп – сұйықпен жаруды жүргізу бойынша транспорттық шығындар; Зтопл – отынға шығындар; Ам – ОПФ бір ұңғыманы өңдеуге келетін амортизациялық ақша бөлу. Еңбекті төлеу бойынша шығындар: - ұңғыманы жер асты жөндеу бригадасына еңбекті төлеу; - ұңғыманы зерттеу бригадасына еңбекті төлеу; - қоспаны дайындау бригадасына еңбекті төлеу; - ұңғымаға жару сұйықтығын айдау қондырғысы бойынша қызмет көрсету бригадасына еңбекті төлеу. Шараны жүргізу бригадасына еңбекті төлеу есебі келесі кестеде көрсетілген.
3.1.2 - кесте - Сұйықтық – құмтасығышқа шығындарды есептеу
3.1.3 - кесте - Шараны жүргізу бригадасына еңбекті төлеу есебі
Әрекеттегі кәсіпорынға жаңа техниканы енгізу кезінде шығындарды есептеу барлық капиталды салымдар номенклатурасы бойынша емес, ал жабдықты сатып алуға, оны тасымалдауға кеткен шығындар, монтаж жасауға кеткен шығындар бойынша жүргізілуі тиіс. Егер де тиімділік пайдалану бойынша анықталса, жылдық ағымдағы шығындардың мөлшерін білу қажет, ол пайдаланумен байланысты болу керек. Бұл шығындар машиналарды, жабдықтарды және басқа техниканы қолданумен өндірілетін өнімнің өзіндік құнын құрайды.
3.1.4 - кесте - Транспортты шығындар есебі
3.1.5- кесте - Отынға шығындар есебі
Ұңғыма амортизациясы, жұмысшылардың еңбек ақысын төлеу, зейнет ақы қорына қаражат бөлу және әлеуметтік сақтандыру тұрақты болып келеді, сондықтан шараны енгізгенге дейінгідей қалады.
3.1.6 - кесте - Өндірістік қор ақша бөлуі (ОПФ)
Кестеде берілген есептеулер бойынша шараны өткізуге кететін шығындарды келесі формула бойынша анықтайық:
З1=959021+45000+11804,4+12275,0971+5885,952=1033986,449 (тг)
Шараны енгізгеннен кейін мұнайды алуға кететін электроэнергияға шығынды анықтайық:
Зэ=1213,625·49,55·6,56=394486,379 (тг)
Қабатқа жасанды әсер ету бойынша шығындар:
Ззв=2,45·15,5·6,56·1213,625=302333,406 (тг)
Мұнайды жинау, тасымалдау және дайындау бойынша шығындар:
Зстп=1213,625·899=1091048,875 тг
Ұңғыма амортизациясы, жұмысшылардың еңбек ақысын төлеу, зейнет ақы қорына қаражат бөлу және әлеуметтік сақтандыру тұрақты болып келеді, сондықтан шараны енгізгенге дейінгідей қалады. Жалпы өндірістік шығындарды келесі формула бойынша есептейміз:
Зопр=21·(394486,379+302333,406+1091048,875+1463616+453720,96+19297005+3456180)/100=5556262,03 (тг)
Өндірістік емес шығындар:
Звп=0,5·32015652,65/100=160073,2633 (тг)
3.1.7 - кесте - КҰСЖ– дан кейін жылдық игеру шығындар
Өңдеуден кейін 1 тонна мұнайдың өзіндік құнын анықтайық:
С2=Зг/Q2=32174725,91/10749,25=2993,206 (тг)
Сонымен, жылдың соңына 1 тонна мұнайдың өзіндік құны 2993,206 тенгені құрайды.
|