Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936)
|
Атмосфералық ауаны қорғау
Атмосфераны тиімді қорғау үшін ҚР “Атмосфералық ауа туралы” заңына сәйкес атмосфералық ауаны қорғау бойынша келесі талаптар қарастырылған: - ҚР нормативтік актілерін және қалдық тастаудың нормативтік шектерін сақтау; - ұңғыманы сынау бағдарламасы минимумға жеткізілуі керек; - ұңғыманы сынау барысында мұнайды өртеу үшін жанған өнімнің тарап кетуін қамтамасыз ететін алаулы оттықтарды қолдану; - химиялық реагенттерді тасымалдаудың, сақтаудың жабық жүйелерін қолдану; - мониторинг жүргізу. Мұнай өндірісіндегі жағымсыз әсерді азайту үшін келесі шаралар орындалуы керек: - мұнайды жинаудың арынды жүйесін герметизациялау; - мұнай өнімдерін жинау және дринаждауға ЕПП-16 дренаждық сыйымдығын қолдану; - СНИП Ш-42-80 сәйкес құбырлардың пісірілген қосылыстардың тігістерін бақылау; - сырттық (изоляциялық жабын) және ішкі коррозияны басу. Атмосфераны қорғау шаралары. Атмосфераның зиянды заттармен ластануын азайту үшін қауіпсіздік техникасын сақтау қажет және қондырғылардың бұзылмауын, беріктігін қадағалау қажет. Сондай-ақ ластануды шектеу бойынша технологиялық шешім енгізу қажет. Атмосфераның ластануын шектеу бойынша жобада келесі негізгі технологиялық шешімдер қарастырылады: ТУ-39-РК1168001-97 сәйкесінше мұнай өнімінде күкіртті сутегінің құрамы аса шектеулі болуы керек. Ауа атмосферасы сапасының критерийлері. Атмосферлық ауада, әсіресе төменгі қабаттарда, газ тәріздестерден басқа, әрқашан да физикалық қоспалар бар. Пайда болуы мен мөлшері, көлемі, химиялық құрамы және физикалық қасиеттерінің әр түрлілігіне қарай олар әрқашанда өлшеулі жағдайда тұрады, бұл шаң, ылғал, түтін, әртүрлі органикалық бөлшектер (микроағзалар), физикалық қоспалар атмосфералық процесстер қатарының дамуында үлкен рол атқарады. Антропогендік әрекеттің нәтижесінде ауа химиялық қосылыстардың әсерінен ластанады: көмірсутек диоксидімен, азот оксидтерімен, сынаппен, қалайымен т.б. Ауа сапасы ПДК көрсеткішінің сапасы көмегімен бағаланады, j=Ci/ПДКi , коэффицент бойынша, мұнда Ci – заттардың концентрациясы, ал ПДКi – ластаушы заттардың максималды көрсеткіші. Ластану бірнеше ластаушы заттардың қатысуынан күшейеді, сонда осы ластаушылардың суммалық әсері есептеледі. Егер j тең немесе бірліктен көп болмаса, демек бұл ластаушылардан келетін қауіп болмайды немесе олар белгілі территориясында ғана жиналады, атмосфераның интенсивті ластануында жағымсыз метереологиялық жағдайдар (НМУ) үлкен рол атқарады: - ауаның қауіпті жылдамдығы – ұйымдасқан қалдықтардан ластаушы заттардың тасымалдануы. - желдің қауіпті бағыты, яғни тірі массивке бағытталған қалдықтың қайнар көзінен алған бағыт, егер бірнеше қайнары болса, онда ластаудың бағыты қауіпті болады. - атмосфераның қауіпті тұрақты жағдайы, әрбір 100 метр сайын ауа температурасы, 1ºС-тан төмен түсіп кетеді, яғни лас ауаның жоғары қарай ығысуы шектеледі, сосын ол тез салқындап, жылы, жеңіл, таза ауа төмендей алмай, сол лас ауамен араласып кетеді. - температуралық алмасу – ауа температурасының жерге жақын қабатында азаймай, керісінше биіктеп өсе беру жағдайы. Инверсиялық қабат тұман кезінде, бұлттану кезінде, суық және ыстық ауаның шұғыл өзгеруінен туындайды. Мұнай және газ өндірісі кәсіпорындары. Ақтөбе облысында – «Ақтөбемұнайгаз»АҚ; Атырауда «Теңізшевройл»СП; «Теңізмұнайгаз»АҚ, Ембімұнайгаз, АтырауНПЗ; Қызылордаоблысында «Қарашығанақгазпром»АҚ, «Южнефтегаз»ГАО, кен орны, Маңғыстауда «Маңғыстаумұнайгаз» ПО, «Өзенмұнайгаз»ПО, кен орны, «Қаражанбастермнефть»НТДУкен орны, Оңтүстік Қазақстанда кен орны, «Шымкентмұнайоргсинтез»АҚ. Автокөліктерден бөлінетін қалдықтардың негізгі массасын әлі күнге дейін көмірсутек оксиді, концентрациясы 75-тен 80%-ға дейін алмаса алатын оксид құрайды. Ал, қалған бөлігін көмірсутектер, азот оксидтері және басқа заттар құрайды. Атмосфераны негізгі ластайтын заттар: күкірттісутек, көмірсутегі, меркаптандар, күкірт шаңдары, диэтаноламин (ДЭА), метил спирті, күкірттісутек тотығы, марганец қосылыстары, кремний қосылыстары, фторидтер, қаракүйе. Мұнай кен орны, пештер және т.б. ластанудың 4-ші категориясына жатады. Мұнай дайындау және жинау пункттері 2–ші немесе 3–ші категориясына жатады. Атмосфераның ластану көздеріне мыналар жатады: пайдалану ұңғылары, өлшеу қондырғылары, мұнай резеруарлары, сепараторлар, пештердің түтін шығаратын трубалары, сораптар. Негізгі тікелей ластануға қатысы барлар мыналар: газды жағу факелдері, пештерден шығатын трубалар, резервуарлардың қысымды және вакуумды шығаратын клапандары, булану. Су қоймасы және жер сфераларына жыл сайын 3 млрд тоннадан астам аса қатты өндірістік қалдықтар, 500 км3 қауіпті су ағындары және 1 млрд тонна шамасында әр түрлі химиялық құрамы мен көлемі бойынша әр түрлі аэрозолдар төгіледі. Атмосфераның химиялық ластануы. Жаңажол кен орнының атмосфераға әсер ету көздері өнімді және көмірсутекті шикізатты өндіру, жинау және өңдеуге қажетті негізгі және қосымша өндірістердің жүйелері мен құрылымдары, технологиялық жабдықтар, қондырғылар болып табылады. Жаңажол кен орнының өнеркәсіптік алаңында ластаушы заттардың 30 стационарды көзі анықталды, оның 25-і ұйымдастырылмаған. Ұйымдастырылған көздерге қазандардың түтіндік мұржалары, топтық өлшеу қондырғыларының оттық жүйелері, өнеркәсіптік ғимараттардың вентиляциялық құбырлары жатады. Ұйымдастырылмаған көздерге сальникті, фланецті қосылыстардың, бақылау және жапқыш – реттегіш арматураның тығыз емес жерлері; арматураның тығыз емес жерлері; жабдықтар мен қондырғылардың тығыз емес жерлері; қатты, сұйық және газ тәрізді орталардың ашық беттері жатады, ұйымдастырылған көздердің жалпы саны 5 (қалыпты режим) және ұйымдастырылмаған көздердің саны 25. Ластаушы көздер жер бетіндегі (2м), төмен (2 – 10м), температурасына байланысты сұйық (10 – 50) және ыстық (200 – 800) болып бөлінеді. Ауа сапасына деген санатарлық талапты қамтамасыз- етед Жаңажол кен орнында жобаланған жұмыстар барысында атмосфераны негізгі ластау көздері: - іштен жану қозғалтқыштарында жанармай жағу; - ұңғыманы сынау барысында қабат флюидтерін алаулы оттықта жағу; - қалдықтарды өртеу; - мұнайы бар шламдарды жылулық десорбциялау; - шаңдану. Жаңажол кен орнында барлау жобасы бойынша атмосфераға тасталатын қалдықтарды бағалау үшін қалдықтардың стандартты факторлары қолданылған. Ластаушы заттардың сандық көрсеткіштері Жанажол кен орнындағы игеру кезіндегі кәсіпорынның әсер етуін бағалау үшін атмосфераға шығарылған зиянды заттардың көздерін тізімдеу жүргізілді, жұмыс істеп жатқан кәсіпорынның атмосфералық ауаға әсеріннің көзі технологиялық құрылғылар, қондырғылар, негізгі және көмекші өндірістің жүйелері мен құрылымдары болып табылады. Соның ішінде штангалы тереңдік сораптың атмосфераны ластау мөлшері кестесінде көрсетілген. Атмосфераға шығарылатын зиянды қалдықтарды азайту шаралары Атмосфераға шығарылатын зиянды заттың шығарылуын азайту үшін негізгі шаралар келесілер: - НТУ мерзіміне технологиялық регламент жасау; - апаттық жағдайларға персоналды күреске үйрету; - өрткеқарсы нормалар мен нрежелерді орындау; - ЖЖТ төгілуін (жанар жағар май) болдырмау; - өндірістік қалдықтарды белгіленген орындарда сақтау. Ластаушы заттардың тастандыларын азайтуға тікелей бағытталған шараларға келесілер жатады: Атмосфераның химиялық ластануы. Жаңажол кен орнының атмосфераға әсер ету көздері өнімді және көмірсутекті шикізатты өндіру, жинау және өңдеуге қажетті негізгі және қосымша өндірістердің жүйелері мен құрылымдары, технологиялық жабдықтар, қондырғылар болып табылады. Жаңажол кен орнының өнеркәсіптік алаңында ластаушы заттардың 30 стационардыкөзі анықталды, оның 25 ұйымдастырылмаған.Ұйымдастырылған көздерге қазандардың түтіндік мұржалары. Топтық өлшеу қондырғыларының оттық жүйелері, өнеркәсіптік ғимараттардың вентиляциялық құбырлары жатады. Атмосфераның химиялық ластануы. Жаңажол кен орнының атмосфераға әсер ету көздері өнімді және көмірсутекті шикізатты өндіру, жинау және өңдеуге қажетті негізгі және қосымша өндірістердің жүйелері мен құрылымдары, технологиялық жабдықтар, қондырғылар болып табылады. Жаңажол кен орнының өнеркәсіптік алаңында ластаушы заттардың 30 стационарды көзі анықталды, негізгі және қосымша оның 25-і ұйымдастырылмаған. Атмосфераға шығарылатын зиянды қалдықтарды азайту шаралары. Атмосфераға шығарылатын зиянды заттың шығарылуын азайту үшін негізгі шаралар келесілер: - НТУ мерзіміне технологиялық регламент жасау; - еңбекті қорғау шараларына үйрету; - апаттық жағдайларға персоналды күреске үйрету; - өрткеқарсы нормалар мен нрежелерді орындау; - ЖЖТ төгілуін (жанар жағар май) болдырмау; - өндірістік қалдықтарды белгіленген орындарда сақтау. Ластаушы заттардың тастандыларын азайтуға тікелей бағытталған шараларға келесілер жатады: - резервуарлар мен фазалар бөлінуінде (су-мұнай) сұйықтықтың деңгейін автоматты реттеу жүйесін қолдана отырып су қабылдау, мұнай тұтынуын, су тұтынуын пайдаланудың “буферлік режимі”. Бұл резервуарлардан көмір сутектерінің буларының жалпы тастандыларын 5 есе төмендетуге мүмкіндік береді. - резервуарларда қатпайтын ауа клапондарын қолдану, есебінен көмір сутек буларының концентрациясын төмендету, ауа клапондары газ көбігінің қысымын 0-19,6гПа шамада ұстап тұруға мүмкіндік береді.
Су ресурстарын қорғау Гидрографиялық бау Каспий теңізінің бассейніне жататын Ембі және Атжақсы өзендерімен берілген. Режимге байланысты бұл өзендер көктемгі уақыт мезгіліндегі ағынның ерекше басымдылығымен айқындалған Қазақстанның үлгісіне жатады. Ембі өзені бұлақтан шығысқа қарай 20км орналасқан, Мұғалжардың батыс баурайында өзінің бастауын алады. Өзен ұзындығы 712км, су жиналымның жалпы ауданы 40400 шаршы км. Өзеннің бас жағында гидрокарбонаттық иондардың басымдылығы (26-27мг-экв/л) белгіленеді, су жұмсақ (шамамен 2мг-экв/л). Өзеннің төмен жағында су тасудың су минералдауы 300-400мг/л құрайды, гидрокарбонаттық иондар басымдылығы әлсіз көрсетілген (20-24мг-экв/л), су біркелкі қатты (3-4мг-экв/л Са оо + М’’). Жазғы және қысқы уақыттағы өзен суының төменгі және жоғарғы учаскесінде судың минералдауы 800мг/л дейін, қаттылығы 6-8мг-экв/л дейін үлкейеді және сәйкесінше төменгісінде 1,5г/кг және 9-12мг-экв/л дейін құрайды, яғни су қатты және өте қатты болады. Жер ресурстарын қорғау Жер қойнауын қорғау дегеніміз – фонтанды ұңғы атқылауын, ұңғы оқпанының опырылып қалуын, бұрғылау кезінде өнімділік қабатты дұрыс ашпағандықтан, мұнайдың жер қойнауынан жоғалуын, өндіру процесі кезінде олардың уақытынан бұрын сулануын болдырмау үшін кешенді шараларды іске асыру. Сонымен қатар оған мұанй, газ, су қабаттарын бір-бірінен айыру, құбардың бетіндегісін қамтамасыз ету бірінші рет цементтеген кезде сапасының жоғары болуын және ұңғының техникалық жағдайларын жақсы сақтай білу жатады. Топырақ пен жер қойнауын қорғау үшін жобада келесілер қарастырылған: -ҚР нормативтік актлерін және заңдарын сақтау: -қалдықтар шығармайтын және қабат флюидтеріңнің төгілуін болдырмайтын барлама ұңғымалар констукциясын және технологиялық құрылысын қолдану; - улылығы аз бұрғылау ертінділерін және жуу сұйықтарын, сондай-ақ табиғи негізді ертінділерді қолдану; -нақты жолдар бойынша көліктер қозғалысы; ескі нашар цементтелген ұңғылардан күкірттісутегінің жер қабатына жайылуын болдырмау; - ұңғыларда ақаудың немесе басқа себептердің болуына байланысты мұнайдың жерге төгілуі және материалдар мен қалдықтардың сақталынуы; - өндірістік операциялар аяқталғанан кейін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу; - мониторинг жүргізу. Геологиялық ортаға әсер ететін мүмкін негативті әсерлер: - кен орынды пайдалану кезінде және ұңғыларды бұрғылау кезінде – жыныстардың мұнаймен, қабат сулармен, бұрғылау ерітінділерінің токсикалық реагенттерімен ластануы тау жыныстардың табиғи жату жағдайын бұзу, жәнеде қалпына келтіру. - автокөліктің қозғалысы кезінде топырақ түзуші субстраттардың бұзылуы, рельефке әсер етуі, топырақты ластауы. Мұндай негативті әсерлерді азайту үшін келесі шараларды іске асыру керек: - ластану потенциалы және қоршаған ортаға әсері минимал материалдарды, техникалық құралдарды, технологиялық процесстерді қолдану; - ұңғыларды пайдалану кезінде ластаушы заттардың көлемін минималдау; - қауіпсіз көму үшін максималды утилизациялау, қайта өңдеу. Жер қойнауын ластайтын деңгейді төмендететін шаралар 4-ке бөлінеді: - ұйымдастырылған шаралар; - технологиялық шаралар; - проектілі-конструкциялық шаралар; - анитарлық-эпидемияға қарсы шаралар. Ұйымдастырылған шаралар: қалдықтармен айналысатын ұйымдар, кен орын территориясы бойынша техникалар және автокөліктер қозғалысы мен ұйымы. Мұнай кен орны, пештер және т.б. ластанудың 4-ші категориясына жатады. Мұнай дайындау және жинау пункттері 2–ші немесе 3–ші категориясына жатады. Атмосфераның ластану көздеріне мыналар жатады: пайдалану ұңғылары, өлшеу қондырғылары, мұнай резеруарлары, сепараторлар, пештердің түтін шығаратын трубалары, сораптар. Негізгі тікелей ластануға қатысы барлар мыналар. Жануарлар және өсімдіктер әлемін қорғау бойынша жобада келесі шаралар қарастырылған: - ішкі құжаттарды және ҚР нормативтік актілерімен заңдарды сақтау; - жануарлар және құстар тіршілік ететін жерлерге жақындауды шектеу; - ұңғымаларды сынауды күндізгі уақытта жүргізу; - бондық қоршаулардың болуы; - көліктердің жылдамдығын шектеу және олардың нақты айналым бойынша жүруі; - жер қойнауына, өсімдіктер әлеміне зиянды әсері бар химиялық реагенттерді, мұнай өнімдерін және т.б. қалдықтарды тастауды қадағалау; - жануарлар және өсімдіктер әлемін қорғау және аң аулауға тыйым салу үшін әкімшілік, құқықтық және экономикалық шаралар қабылдау; - мониторинг жүргізу. Флора мен фаунаның жағдайы туралы жалпы мәлімет және оларды қорғау шаралары. Мұнай және газ өндіру операторлары ұңғының пайдалану және жұмыс істеуін тексеру, қондырғылардың ақаулы жерін анықта.Жанажол кен орнын қоршаған территорияның өсімдік жамылғысы флораның аздығымен және биологиялық түрлерінің төмендігі деңгейімен, бірқалыпты кеңістікті құрылы - мымен сипатталады. Аумақтың өсімдігі табиғаттың қатаң жағдайында тіршілік етеді, климаттың құрғақтылығына, температураның жоғарғы амплитуда да тербелуі, тұзды топырақ түзетін жыныстардың кеңінен таралуына байланысты ылғалдылықтың жетіспеуі өсімдіктердің таралуына үлкен дақ қалдырады, территорияның өсімдік жамылғысы өсімдік пен қоршаған ортаның байланыстылықтарының күрделі процестерін көрсетеді. Ерекшеліктері бар өсімдіктер геологиялық құрылымымен, су режимдерімен, климаттық көрсеткіштермен және шаруашылық жағдайыментығыз байланыста. Топырақты-өсімдікті жамылғының ластануы. Топырақ мұнай және мұнайгаз кен орындарын игеру процесінде мұнаймен, мұнай өнімдерімен, әр түрлі химиялық заттармен және жоғары минерализацияланған сулармен ластануы мүмкін. Мұнай төгілген аймақтарда өсімдіктер толығымен жойылған, мұнай төгілген аймақтардағы өсімдіктерді арнайы шаралар қолданбай қайта қалпына келтіру мүмкін емес. Қазіргі уақыттағы жануарлар әлемі бұл аймақта өте тапшы, жануарлардан аймақта қоян, түлкі, борсық, қасқыр, қарсақ, қабан, күзен, өмір сүреді. Көптеген көлемде кеміргіштер мен саршұнақтарды кездестіруге болады. Құстардан кекілікті, жабайы үйректерді, сүңгуір үйректерді кездестіруге болады. Бірақ жұмыс аймақтарында миграция (қоныс аудару) жолы қарастырылмаған.
ОРЫТЫНДЫ
Қазіргі уақытта - ғылым мен техниканың қарқынды дамуы, өндіріс техникасының жетілдірілуі, жоғары сапалы мамандардың жетіспеуі, өндіру көлемінің өсуі жағдайы аса күрделі мәселелер тудырады. Мұнай газ саласы да, жаңа технологиялар және басқарудың автоматтандырылған жүйесін қолдануды талап етеді. Өндірістің тиімділігін, оның көпжақты жеделдетілуін дамыту және арттыру керек. Сондықтан негізгі қорларды, айналымдағы құралдарды, өндірістік қуаттарды максималды пайдалану қажет, ішкі өндірістік резервтерді уақытысында анықтап пайдалану керек, өндіріске ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін, алдыңғы қатарлы тәжірибені енгізу керек және ресурстарды үнемді етіп пайдалану керек, өндіріліп жатқан өнімнің жоғары сапалығының қатаң режимін қамтамасыз ету қажет. Өндірудегі ұңғымалармен, құрал жабдықтардың жұмысқа жарамдылығы тексерілуі тиіс. Кен орнын дұрыс игеру үшін жалпы ішкі өндірістегі жинақтау жүйесі өндірілетін өнімнің игеру шарттары мен спецификалық ерекшеліктерін ескеруіміз керек: күрделі климат жағдайы, жоғары қабат қысымдары, көмірсутекті өндірудің профилі, күкіртті сутектің және меркаптанның болуы, өндірілетін өнімде көмірқышқыл газының болуы, жабдықтар мен құбырлар жүйесіне коррозиялық қауіп төндіретін судың болуы. Тармақталған көлбеу ұңғыларды пайдалану кезінде қабатта мұнай өнімін ұлғайтып осы кен орнының жағдайы үшін қолайлы болып келеді және жұмыс жүргізу технологиясы мен қоршаған ортаны қорғаудың барлық талаптарына жауап береді. Жаңажол кен орнында көлденең ұңғыда қабатты сұйықпен жару әдісін қолдануы экономикасын жақсартады және сәйкесінше, кен орынды меңгеруге қосымша мүмкіндіктер туғызады. Көлденең ұңғыда сумен жару қабаттың өнімділігін арттырудың тиімді жолы болып келеді. Шетел тәжірибесі көрсеткендей, мұнай және газ кен орындарында көлденең ұңғыда қабатты сұйықпен жару әдісін қолдану - тиімді игеру жүйесін құрудың тәсілі. КҰҚСЖ ұңғыларда фильтрация ауданы үлкейеді, пайдалану процесіне судың енуін төмендетеді және тік жарықшалары бар өткішгіштігі төмен комплекстер үшін тиімді. Олардың көмегімен кен орынның өнімділігін қалпына келтіруге болады. КҰҚСЖ пайдалану тәжірибесі олардың өнімділігі жанындағы орта дебитті тік ұңғылардан 30-35 есе артық, ал жоғарғы тік ұңғылармен салыстырғанда 5-10 есе артық екендігін көрсетеді. Сонымен қоса, кеніштің жалпы мұнай бергіштігін едәуір (20-30%) жоғарлатады. Ұңғыманың өнімділігін арттыру үшін ең тиімді шаралардың бірі ретінде ұңғыманың түп аймағындағы жыныстарға әсер ету, яғни көлденең ұңғыда қабатты сумен жару тәсілін көрсетуге болады. Бұл тәсіл қиын, әрі қымбат болғанымен өте эффективті болып келеді. Себебі, көп жағдайларда қабатты сұйықпен жару жұмысын өткізгеннен кейін ұңғыманың дебиті бірнеше ондықтарға көбейеді. КҰҚСЖ шығымы аз ұңғымалар таңдалып, бұл жұмыс жүргізілгеннен кейін ұңғыма дебитінің артуын, 1 тонна мұнайдың өзіндік құнын, бұл жұмысқа кеткен шығындарды, т.б. көрсеткіштерді талдап, КҰҚСЖ– ның қаншалықты тиімді болғанын анықтайды. Қабатты сумен жаруға кететін шығындар ретінде мыналарды көрсетуге болады: -айдалатын сұйықтық мөлшеріне және құрамына байланысты шығындар -сорапты агрегаттарды жалға алу үшін шығындар -жер асты жөндеу жұмыстары -жұмысшылардың төлем ақылары және т.б. шығындарға көп қаржы кететіндіктен көбінесе КҰҚСЖ жұмыстарын мұнай табу компаниялары емес, қызмет көрсету компаниялары жасайды. ` Қабатты сұйықпен жарудың экономикалық есебі осы шараны жүргізу тиімді екендігін көрсетеді. Егер бір ұңғымадан экономикалық тиімділік 12848315 тенгені құраса, онда осы санды өндіру ұңғымаларының санына көбейтсе, біз қабатты сұйықпен жару шарасын енгізу керек пе деген сұраққа өзі жауап беретін нәтижені көре аламыз.
|