Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936)
|
Еңбек қауіпсіздігін қорғаудың қамтамасыз ету шаралары
Еңбек қауіпсіздігінің басты мақсаты, өндіріс орнындағы зерттеудегі және қолайсыз еңбек жағдайында туатын кәсіби ауруларды ескерту болып табылады. Кен орынның зерттеу аймағының басшылары жұмысшыларды берілген барлық еңбек қауіпсіздігімен қамтамасыз етуге міндетті . Мекемелік шаралардың негізі болып мыналар табылады: Оператордың техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстыру; білім деңгейі мен операторлардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету дағдылануын тексеру; жұмыс орнын және құрал – жабдықтарды техникалық жағдайын жүйелі түрде тексеру. Жұмысқа тұру барысында жұмысшылар медициналық қаралудан өтеді. Содан кейін 10 сағат көлемінде басты техникалық қауіпсіздік ережелері өтіледі.Әдетте, техникалық қауіпсіздік ережесін техникалық қауіпсіздік ережесінің инженері, өрт қауіпсіздігінің нұсқаушысы және кәсіби дәрігер жүргізеді. Қауіпсіздік ережелеріне қосымша мәліметтерін оператор кен орында мастермен , басты оператормен жұмыс істеу барысында алады.Әрбір нұсқау барысында техникалық қауіпсіздік білімі тексеріледі.Өтілген нұсқау белгіленген журналға оператор нұсқаушы белгілейді. Келесі нұсқаулар мен техникалық қауіпсіздік білім деңгейі жұмысшылар үшін жылына бір рет, ИТР – үшін 3 жылда бір рет тексеріледі. Апат болған жағдайда: апатқа ұшыраған немесе сол апат куәгері міндетті түрде басшылыққа, бас инженерге немесе техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау жөніндегі инженерге хабарлауы тиіс. Апатқа ұшыраған адамға алғашқы медициналық көмек көрсету керек. Өндіріс орнындағы болған оқиғаны арнайы комиссия, қоршаған ортаны қорғау, қауіпсіздік ережесінің инженері қоғамдық инспектор анықтайды. Болған оқиғаның жағдайы арнайы Н-1 актісі түрінде бекітіледі, бұл актте болған оқиғаның уақыты,жері, себеп – салдары, жарақат алу дәрежесі бекітіледі. Осы актті мұнай газ өндірісінің бас инженері растайды. Еңбек қауіпсіздігін сақтау заңдарына сәйкес: денсаулығына келтірілген зақымдары үшін, еңбек ақы көлемінде компенсация төленіп, емделуіне кеткен барлық қаражатты жұмыс орны қамтамасыз етеді. Өндіріс территориясында қауіпсіз жұмыстар жүргізу үшін өрт қауіпсіздік ережелерін және қауіпсіздік техникаларын қатал сақтау керек. Мұнай және газ ұңғыларына,мұнай – газ жинау және тазарту қондырғыларына қызмет көрсететің жұмысшылар араласады. Сондықтан мұнай және газ ауданында жұмыстар жүргізудің негізгі қауіпсіздік ережелерін білу МГӨӨ жұмысшылары үшін шарт. 1. МГӨӨ және ұңғы алаңдарын, мұнай жинау мен тазарту қондырғыларын, газ реттегіштерді, мұнай жинау пункттері мен мұнай сорап станцияларын тазалықта ұстау керек. Төгілген мұнай мен мұнай өнімдерін жинап, ластанған аймақтарды тазарту қажет. 2. Әрбір өндірістік объект өрт сөндіру құралдарына ие болуы шарт: құрғақ құмы бар қорап, күректер, өрт сөндіргіштер және т.б. Олардың саны жергілікті нормалармен анықталады. 3. МГӨБ территориясында темекі шегу тек арнайы бекітілген жерлерде рұқсат етіледі. 4. Дәнекерлеу жұмыстары өнеркәсіп басшылығының рұқсаты бар адам бақылаумен жүргізілуі тиіс. 5. Барлық электр жетектері мен сорап электр жабдықтары, автоматика құралдарының механизмдері, жарықтандыру аппаратуралары жарылыстан қорғалған күйде болуы қажет. Мұнай және газ буларының жиналуы мүмкін жерлерде қосымша жарықтандырғыштар ретінде жарылыстан қорғалған аккумуляторлар қолдануы тиіс. 6. МГӨБ территориясында ішкі жану двигательдері бар көшпелі агрегаттардың түтін шығу құбырында шоқ сөндіргіш болуы керек. 7. Агрегаттар, машиналар, басқа да жабдықтар, сонымен бірге түсіру – тиеу жұмыстарын электр желілері арқылы жүргізуге тыйым салынады. 8. Қызмет көрсету үшін жұмысшыны 0,75 м – ге дейін көтеру үшін сатылары бар объектілер, ал одан жоғары болса ұстағышы бар сатылармен жабдықталуы керек. Сатыларды қардан , мұздан және балшықтардан тазалап тұру қажет. 9. Телемеханика желілерінде жұмыс жасау тек рұқсат арқылы немесе сол желінің жұмыс орнында толық өшуі кезінде жүреді. Өшірілген аппаратурада мынадай беттер жазылуы тиіс « Желіде жұмыс жүруде – қосуға болмайды ». Өндірістік кәсіпорындарды жобалаудың санитариялық нормалары, кәсіпорынның аумағына, ондағы сумен қамсыздандыру жүйесіне және канализатциясына, қосалқы құрылыстарға арнайы талаптарды жүктейді. Өндірістік орындар жылумен, вентеляциямен сәйкесінше қамтамасыз етілуі тиіс. Ашық алаңда жұмыс істейтін жұмысшылар тобы үшін кәсіпшіліктің әрбір учаскісіндегі әкімшілік ғимараттары орналасқан. Онда санитарлы тұрмыс бөлмелері таза және арнайы жұмыс киіміне арналған киім ілгіш шкафтар және т.б кіреді. Шу мен вибрацияға қарсы күресу үшін қорғану шаралары қарастырылады. Бөлмедегі дыбыстарды бәсеңдету үшін: бақылау кабиналары мен қызметкерлер демалатын жерлер қарастырылады.Оператор орындығы дыбыс әсерінен қашықтықта орналасады, яғни 20 – 30 м жерде болады. Қысқа мерзімді және ұңғыларды қышқылмен өндеу кезінде жеке қорғану құралдары құлақты шудан сақтандырғыш және сол сияқты. Топтамалы өлшеу құралдары территориясында прожектор түріндегі жасанды жарықтандыру, ал жалпы территорияда кезекті жарықтандыру қарастырылған. Жұмыс орындарындағы жұмысшы жарықтандыру, яғни мұнайды дайындау пункті территориясында. Өндірісте оператор арнайы бөлмемен қамтамасыз етіледі, яғни шешіну, демалыс, шеберханамен. Жұмыс орындарындағы жұмысшы жарықтандыру, яғни мұнайды дайындау пункті бөлмеде, цинкті бөшкеде ас суы, қол жуғыш, дәрі – дәрмек сақтағыштар болуы міндетті. Оператор будкасы БК- 1400 түріндегі тұрмыстық кондиционерлермен, айырғыштан арнайы тартылған құбырдан келетін газбен жағылатын пешпен жабдықталады. Жеке қорғану құралдарына газдан сақтандырғыш, ал резервуарды, коллекторлы және басқа да жұмыстарда, бөлмені желдету мұнай бергіштікті герметизатциялау, автоматты газ контролі 4.1 кестеcінде қарастырылады.
4.1 - кесте - Желдету түрлері
Рт қауіпсіздігі Апаттық тоқтату жүйесі технологиялық бақылау жүйесінен тәуелсіз, бірақ олардан, сондай-ақ өрттік газ жүйелерінен дабыл қабылдау және қатер дабылын басқа жүйелерге беру қабілеті бар. Барлық компрессорлық бекеттер көмірқышқылды өрт сөндіргіштермен жабдықталған. ҚР ҚНжЕ 2,02-05-2002 осы ережелермен орындалады.Жарылу және өртену қаупі бар бөлмелерде және сыртқы қондырғыларда ( төмен қысымды газ тарату айырғышы, орта қысымды газ тарату айырғышы, мұнайды тұрақтандыру, конденсат айыру, отындық газды тазалау, отындық және жоғары күкіртті газды кептіру, сұйытылған пропанды фракцияландыру және төмен қысымды жоғары күкіртті газды салқындату қондырғылары, шығару манифольді, тесттік айырғыш, технологиялық суды тазарту жүйесі, құрамында көп мөошерде тұз бар бұралқы сулар алаңы, алаулы оттық және жабық кептіру жүйелері алаңдары және т.б) автоматты өрт сөндіру және өрт дабылдары қарастырылған. Өртке шыдамды жетегі бар барлық апаттық клапандар жетекші жүйе істен шыққан кезде қауіпсіз жағдайға келеді. Тоқтатудың келесі төрт деңгейі қарастырылады: 1-деңгей, жабдықтарды орны бойынша тоқтату; 2-деңгей, негізгі шығару желісі шеңберінде қондырғыларды ажырату; 3-деңгей, технологиялық ақаулар болғанда барлық қондырғылармен жүйелерді ажырату және қысымды төмендетпей оқшауландыру; 4-деңгей, кешенді толық тоқтату және қысымды төмендету; Жабдықтардың өрт қауіпсіздік есебі Өрттің пайда болуынан және таралуынан автоматты қорғаныс жүзеге асады. Өндірістік агрегаттың, коммуникациялар мен алаңдар ішінде жанғыш ортаның пайда болуының алдын алу; өндірістік ыдыстардан авариялық ыдыстарға жанғыш заттарды эвакуациялау; өндірістік коммуникациялар, вентиляциялық жүйелер, өрт таралу жолдарын жабу; өрт таралу жолында оны басатын заттарды қосу; өтулерді жабу (көрші үй жайларға оттың өтуінің алдын алу үшін). Есеп: Бензинді №100 л/мин жылдамдықпен сыйымдылығы М=2000л оқшауланған цистернаға құяды. Бензиннің электризация жылдамдығы q=1,1∙10-8А∙c/л. Қандай жағдайда статикалық электрдің мүмкін разрядынан қамтамасыз етіледі? Шешімі: сұйықтықты кұюдың потенциалын анықтайық. Электрлік бензинмен цистернаға берілетін жалпы заряд мынаны құрайды:
Q=q∙M=1,1∙10-81000=22∙10-6K (4.2.1)
Егер цистернаның электрлік сыйымдылығын С=10-9Ф деп алсақ, онда сұйықтықты кұюдың соңында потенциал мынаған тең:
U=Q/C=(11∙10-6 )/10-9=22∙103B (4.2.2) Берілген потенциалда цистерна мен жердің арасында ұшқын энергиясының разряды жағдайында:
Е=CU2=0,5∙10-9 ∙484∙106=242∙10-3Дж (4.2.3) Бензиннің жануы үшін ұшқын энергиясы Еmin=0,9∙10-3Дж жеткілікті. Сондықтан цистернаға потенциал мынадан аспауы қажет:
U2доп= 2Еmin/C=2∙0.9∙10-3/10-9 (4.2.4)
Uдоп=1.35∙103В
Потенциалды мүмкін мөлшерге дейін төмендету үшін жерсіздендіруді қарастыру керек. Жерсіздендірудің шамасын мына түрлендіруден.
R≤Uдопt/Q=Uдоп∙M/Qv (4.2.5)
R=(1,35∙103∙2000∙60)/11∙10-6∙100=36,8∙109Ом (t=60c)
Осындайда толық разряд уақыты:
Т=3τ=3RC=3∙73,6∙10-9=110,4c (4.2.6)
Жарылыс өрт қауіпі бар ортада релаксация уақытының тұрақтысы τдоп ≤0,001c болатынын ескеріп, R≤ Тgon/C=0,001/10-9=106Ом кедергісі бар жерсіздендіру құрылғысын қарастыру қажет. Онда цистерна корпусындағы потенциал мүмкін мәнінен аспайды. U'=QR/t'=(22∙10-6∙106)/10∙60=3,66∙10-2B (t'=10мин) (4.2.7) Мұндағы t'=10мин – сыйымдылығы 2000л цистернаға 100л/мин жылдамдықпен бензинді құюдың толық уақыты. Қорытынды: кәсіпорында қолданылатын технологиялық шешімдер ҚР-ның қауіпсіздігі бойынша мемлекеттік бақылау құрылымдарының талаптарына жауап береді.
Оршаған ортаны қорғау
|