Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936)
|
Ыларды пайдалану тәсілдеріндегі көрсеткіштерінің сипаттамасы
Жаңажол кен орнында мұнайдың фонтандауы азайып, соған сәйкес қабат қысымы түсіп, өндіру көлемі азайып келуде. Жалпы мұнайгаз өндіру басқармасының балансында 442 ұңғы бар.Кен орын өнімді қабатына байланысты 8 бөлікке бөлінеді. Олардағы ұңғылар; «В» (солтүстік) бөлігінде 76 ұңғы «В» (оңтүстік) бөлігінде 50 ұңғы «Б» бөлігінде 91 ұңғы «А» бөлігінде 13 ұңғы «Дтөм» бөлігінде 24 ұңғы «Джоғ» бөлігінде 36 ұңғы «Д (Ш)» бөлігінде 19 ұңғы «Г (Ш)» бөлігінде 65 ұңғы Жалпы өндіру қорында 374 ұңғы бар. Жұмыс істеп тұрған қорда 359 ұңғы мұнай өндірумен тұрғызылғаны 10 ұңғы, бұрғылаудан кейін 3 ұңғы қосылуға дайындалуда. Бақылау қорында 10 ұңғы, геологиялық бақылау орнының бұйрығы бойынша 8 ұңғы конверциялауда. Су айдау қорында 62 ұңғы, оның 54 ұңғысына ғана су айдауда, игерілу және жабдықтау жұмыстарын 9 ұңғыда жүргізілу керек. Осы қордың 8 ұңғысының алтауы геологиялық, ал 2 ұңғысы техникалық себептермен істен шығарылады. Өндіру ұңыларының істемей тұрған себептері мына жағдайларға байланысты: - көтеру құбырларында парафин тығындыларының пайда болуынан; - күкірттісутектің өнімде көп болуының салдарынан ұңғы жер асты жабдықтарының коррозияға ұшырауына, штуцер және жер асты құбырларының коррозияға ұшырағаннан кейін ауыстыруға байланысты жөндеу жұмыстарына кетуге байланысты болуда. 2006 - жылы 2345,941 мың тонна мұнай өндірілді. Сол жылғы кен орын бойынша мұнайдың орташа шығымы тәу. Ұңғылардағы мұнай шығымы 0,2-1т/тәу-тен 170 т/тәу-ке дейін өзгереді, 5 т/тәу-тен төмен шығыммен 9 ұңғыма жұмыс істейді. Саға қысымына 62 ұңғы ие.Барлық ұңғы таза мұнай береді. Тек өнімнің 1%-ін кездейсоқ су құрайды. Қабат қысымының азаюына байланысты, қабат қысымын ұстау үшін қабатқа су айдау 1986 - жылдан бастап су газ әрекеті сақиналы кедергі жүйесі бойынша жүргізілуде. Игеруден бастап қабатқа 335/1, 788 мың м3 су айдалды. Кедергілі қатарда 14 айдау ұңғысы, солтүстік кеңістікте 1 ұңғы ошақты су айдау жетілік жүйе бойынша қабатқа су айдауда. Дегенмен бұл әдіс техникалық судың, қондырғылардың жетіспеуіне байланысты, су айдау жоспары біршама қиыншылықтармен орындалуда. Қабат қысымын ұстаудың осы жүйесіне 2001- жылы 3 су айдайтын ұңғы бұрғылау, 16 су айдау ұңғы енгізу жоспарланып отыр. Осы бағытта, яғни қабат қысымын ұстау жүйесі бойынша мұнай және газды механикаландырылған игеру әдістері жобаланған. 2000 - жылы Жаңажол кен орнында механикаландырылған игерудің штангілі терең сораппен игеру әдісі бойынша, ұңғыға штангілі терең сорап орнатылды. Әзірге осы әдіс бойынша 2 ұңғы жұмыс істеуде. Кезекті жабдықталғаннан кейін 2 ұңғы қосылуға дайындалуда. Осы екі ұңғымен жыл бойына 11072 тонна мұнай өндірілді. 2001 - жылдың 4-тоқсаннан бастап газлифті әдісімен мұнайды өндіру көзделінуде. Қазіргі таңда осы игеру әдісіне қажетті құрал-жабдықтарды, ұңғыларға қондыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Осы мәліметтерді алдыңғы жылы 2005-жылдың қаңтарындағы көрсеткіштермен салыстыра келіп ұңғы қоры өсуде. Мұның себебі; жаңа өнімді қабаттарды игеру үшін Жаңажол кен орнында бұрғылау жұмыстарының жүргізілуінде. Пайдалану қорының өсуі игерілген ұңғылар есебінен болады, ал ұңғылар шығарылуы басқа пайдаланудан. 2.4 кестеде Жаңажол кен орнының пайдалану коэффициентінің қозғалысы берілген.
2.4 - кесте - Жаңажол кен орнының пайдалану коэффициентінің қозғалысы
Өндірудегі қондырғылар, фонтанды ұңғылар қорының сипаттамасы, мұнай өндіру ұңғылары қорының барлығы дерлік фонтанды игеру әдісімен өндіруде. Сұйықты жер бетіне көтеру СКҚ арқылы жүргізілуде. Олар С – 75 маркалы болаттан дайындалған. Қазіргі таңда осы срапты-компрессор құбырларды жапондық «Лифтис» фирмасынан алуда. Себебі бұл ресейлік СКҚ-ларға қарағанда арзандау. Дегенмен Жаңажол кен орнында «отандық» СКҚ-лар әлі күнге дейін қолданылады. Ұңғы өнімділігіне орай мынадай диаметрлі құбырлар қолданылады. СКҚ шығым, 40 м3/тәу, аз болса, Ф 48 мм;40 м3/тәу - 80 м3/тәу арасында Ф 60 мм, және 80 м3/тәу жоғары болады. Құбыр Ф 73 мм, сонымен қатар жапондық Ф 73х7,1-С-75, және Ф 88,9 х 6,45-С-75 құбырларынан жинақталады.Мұнай ұңғыларындағы түп суларын шығару үшін пайдалану басынан СКҚ-дың көріп отырғандай жөндеу аралық кезең уақыты ұлғайып, соның есебінен фонтанды ұңғы қорын тиімді пайдалануды көрсететін, пайдалану коэффициентінің өзгеруінде. Ұңғыны фонтанды пайдалану Жаңажол кен орыны үшінші кезеңде игеру жағдайында болғандықтан қазіргі кезде штангілі терең сораппен игеруге газ факторы аз ұңғыларды көшірді. Сонымен қатар болашақта газ факторы жоғары, дегенмен қабат қысымы төмен ұңғыларды газлифт әдісімен игеру жүргізілмек. Қазіргі таңда КТ - ІІ қабатының «Г - Д» бөліктерін ашу және әлі де фонтандалу аяқталмағандықтан игеру фонтанды әдісімен жүргізілуде. Фонтанды ұңғылардың қондырғыларына жер асты және жер үсті қондырғы -ларына бөлінеді. Жер асты қондырғыларында фонтанды көтергіш ретінде, ингибиторланатын болса, ингибитордың меншікті жұмсалуын 200 г/т көлемінде жұмсайтын, ұңғының СКҚ-ындағы ингибиторлаушы-қақпағы арқылы жүргізетін КОКУ-89/73-136-36 кг тәріздес камерасы қондырғысын жатқызады. Ұңғыға түсірілетін фонтанды құбырларының тізбегі, газ және сұйықты көтеру қызметін атқарады. Құрамында күкіртті сутек және су кездесетін мұнайды өндіру кезінде шеген құбырларының коррозияға және эрозияға ұшырауынан сақтау үшін, сұйықты айдау арқылы ұңғыны өшіреміз. Қабаттың туы маңының аймағын өңдеу және ұңғыны жуу үшін (әртүрлі әдістермен, мысалға: ұңғыны өңдеу кезінде пайда болатын жоғары қысымнан шеген құбырларды сақтау үшін) қажет. Фонтанды ұңғы қондырғыларына диаметрлері 38:50:63:73:89:102 және 144 мм; қабырғалар қалыңдығы 4-тен 7 метр, ұзындығы 5,5-10 метр болатын СКҚ қолданылады. Құбырлардың сапасы Д, К, Е, Л, М топтарынан болатын жоғары механикаландырылған құрамда болаттан дайындайды. Фонтанды ұңғылар қондырғылары сақиналы кеңістігін сығымдау үшін, ұңғы аузынан шығып тұрған шеген құбырлардың байланыстырмалы жоғарғы шектерін байланыстыру үшін және олардың арасындағы қысымды бақылау үшін фонтанды және газлифтті ұңғылардың аузын сығымдау үшін, ұңғыма жұмысы кезеңін бақылау және қалыптандыру үшін фонтанды арматурасының шығару желілерінде ұңғы өнімдерінің ағынын тоқтату немесе бірінен - екіншісіне ауыстыру үшін, құбыр желісін жалғау ұңғы қысымын, температурасын өлшеу үшін және түптік орналастыру, сонымен қатар ұңғымаға қажетті технологиялық шараларды жүргізу үшін қажет. Ұңғыны механикалық пайдалану 1990 - жылы маусымда N724 ұңғы штангілі-терең сораппен пайдалынуға ауыстырылды. Сол жылдың желтоқсан айында N332 тағы бір ұңғы ШТС-қа ауысты.1996 - жылы желтоқсанда Дт текшесінде екі ұңғы N2024 және N2043 механикаландыру тәсіліне көшті. Оларда АҚШ-та өндірілген “Лафкин” фирмасының тербелмелі станогы орнатылды. 1997 - жылы маусымда В текшесімен N16 ұңғы және Дж текшесімен екі ұңғы N2028;2yt N2124 ШТС-қа ауыстырылды. Оларға Қытайда өндірілген “ROTAFLEX” тербелмелі станогы орнатылды. 2000 - жылы ақпанда ШТСқа Б текшесінен Т352 ұңғы ауыстырылды. Ол ұңғыда 8СК12-3,5-8000 тербелмелі станогы орнатылған. Қазіргі уақытта кен орнындағы 19 ұңғы пайдаланудың терңдік сорпты тәсілімен жұмыс істеуде, штангілі сорап мұнай өндірісінде ең көп қолданылған қондырғы. Қондырғы плунжерлі сораптан, теңселме станоктан, плунжеолі теңселме станокпен байланыстырып тұратын штангілер тізбегінен және ұңғыма ішіне құйылған сүйықты жер бетіне шығаратын сорапты компрессорлы құбырлар тізбегінен тұрады. Плунжер мен штангінің төмен қарай жүрісі кезінде сорғыш клапаны жабылады да, сұық бағанасының әсері құбырларға беріледі. Бұл кезде айдау клапаны ашылады да ұңғымадағы өнім плунжер үстіндегі кеңістікке қарай.
|