Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936)
|
Абатты және ұңғыны газогидроданамикалық зерттеу
Жаңажол кен орнында газогидродинамикалық зерттеулер жүргізіледі.Көлденең айырғыш ЕХРRO, УКПГ-3-гі бақылау сепараторы және УКПГ-2 мен ҚӨК, МЕДС тесттік айырғыштары арқылы ұңғыманың шығымы, түптік және сағалық қысым және температура бір немесе бірнеше режимдерде, қабаттың статикалық қысыма анықталады. Газогидродинамикалық зарттеулер келесі мақсатпен жүргізіледі: -Ұңғымалар шығымын, газ фактарын анықтау -Ұңғыма өнімінің құрамындағы суды (бар болса) анықтау -Өндірілетін флюидтің компаненттік құрамы мен қасиеттерін анықтау үшін флюид сынамаларын алу -Қабаттың фильтрациялық қасиеттерін және ұңғыма өнімділігін анықтау -Күрделі жөндеуден немесе қышқылдық өндеуден және қабатты гидрожарудан кейін ұңғыманың өнімділік сипаттарының өзгеруін бақылау. Жаңажол кен орнында қабатқа және ұңғымаға жүргізілген комплексті газогидродинамикалық зерттеудің арқасында ұңғымалар бойынша қысқауақыттық және ұзақуақыттық өндіру болжамы және коллектор қабатының моделі құрастырылды. Техникалық схема құрастырылғаннан кейін, кен орында қысымның қалпына келу қисығын (ҚҚКҚ) өңдеу әдісі бойынша ҰГГДЗ 135 ұңғымада жүргізілді. Оның ішінде: 12 ұңғыма I (I+II) объект, 37 ұңғыма II объект, 34 ұңғыма II+III объект және 52 ұңғыма III объектін ұңғымалары. Қысымның қалпына келу қисығын (ҚҚКҚ) өңдеу әдісінің мәндерін интерпритациялау үшін «Kappa Engineering» копаниясының «Saphir» компьютерлік программасы қолданылады. Зерттеулер нәтижесінде қабаттың және ұңғымның негізгі фильтрациялық сипаттамалары анықталды: қабаттың өткізгіштігі k×h, флюидтардың қозғалғыштығы k/µ, гидроөткізгіштік k×h/µ, өткізгіштігі, скин-фактор, мұнай және газ бойынша өнімділік коэффиценті Kпрод, ағының келу коэффиценті С және n. 2010 жылғы жүгізілген зерттеу негізінде өнімділіктің және фильтрациялық қасиеттердін уақыт өтуіне байланысты динамикасына талдау жүргізілді. Зерттеулер нәтижесі 3.4.8 кестесінде келтірілген. Кен орынның пайдалану объекттерінің және пайдалану қабаттдың өнімділгі және гидродинамикалық сипаттамалары 01.01.2011 жылы алынған мәліметтер бойынша бағаланды. 2010 жылы Қысымның қалпына келу қисығын (ҚҚКҚ) зерттеу 83 ұңғыма бойынша жүргізілді, нақты алғанда II объекттің 12 ұңғыма, III объект 43 ұңғыма, II+III объекттер бойынша 28 ұңғыма. Негізгі фильтрациялық сипаттамалары анықталды: қабаттың өткізгіштігі k×h, флюидтардың қозғалғыштығы k/µ, гидроөткізгіштік k×h/µ. Термобарилық шарттардың әртүрлі болуына байланысты анықталған мәндердің сандық мәні сәйкес келмейді. Әр түрлі кезеңде және әртүрлі сепараторларды қолдану арқылы зерттелген мәндер салыстырылды. 2010 жылғы Қысымның қалпына келу қисығын (ҚҚКҚ) өңдеу әдісі бойынша II объекттің 12 зерттелген ұңғымасы бойынша қабат қысымы конденсацияның басталу қысымынан төмен екені Рн.к. (47,1 МПа) анықталды . 2010 жылғы зерттеулер бойынша 196,322, және 348 ұңғымалар жоғары өнімділікті деп сипаттауға болады. Олар бойынша өнімділік Kпрод 2786-5250мың м3/тәул/МПа; фильтрациялық көлем кһ- 26800-30300*10-3*мкм2; өткізгіштік к-441-750*10-3*мкм2. Қалған 9 ұңғыма бойынша өнімділік коэффиценті 21(320 ұңғ)-ден 1177 м3/тәул/МПа-ке (347ұңғ) дейін өзгереді; фильтрациялық көлем кһ- 36 (320ұңғ)-тан 4530 *10-3*мкм2-ке (326 ұңғ) дейін; өткізгіштік к 0,5(320 ұңғ)- 172 *10-3*мкм2-ке дейін. Бұл сандардың қатты айырмашылығы коллектордың фильтрациялық қасиеттерін әр түрлігіне байланысты. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде II объект ұңғымаларының скин-факторы қалыпты екенін және ұңғыманың түп аймағының жағдайы қанағаттанарлық екнін көрсетеді, скин-фактор тек 196 ұңғымада байқалады. Интерпритациялау арқылы II объект ұңғымаларының өнімділік карасы құрастырылды. Картадан көрініп орырғандай өткізгіштігі жоғары зоналар кен орынның ортылығында (323, 348 ұңғ.) және солтүстік – шығысында (310 ұңғ.). II және III объектті бірге пайдаланаты 28 ұңғыманы зерттеу барысында 2010 жылғы тіркелген қабат қысымы конденсацияның басталу қысымынан төмен екені Рн.к. (47,1 МПа) анықталды, ал мұнайдың газбен қанығу қысымы Рнас(46,4МПа). 232,310,323,347,379,605 ұңғымалар жоғары өнімділікті деп саналады. Бұл қңғымалар бойынша газдың өнімділік коэффиценті 1803 (232 ұңғ)-тен 6539 м3/тәул/МПа (605 ұңғ) дейін өзгереді. фильтрациялық көлем кһ-6500 (232 ұңғ)-ден 100000 *10-3*мкм2 (605ұңғ), өткізгіштік к- 115 (347 ұңғ)-тен 1080 *10-3*мкм2*м-ге дейін өзгереді. Қалған 22 ұңғыма бойынша өнімділік коэффиценті 24,4 (806 ұңғ)-тен 1473 (203 ұңғ) м3/тәул/МПа; фильтрациялық көлем кһ- 52 (223 ұңғ)-ден 8290*10-3*мкм2*м (203ұңғ)-ге дейін өзгереді; өткізгіштік к- 0,7 (223 ұңғ)-ден 183*10-3*мкм2(203ұңғ). Уақыттың өтуіне байланысты фильтрациялық қасиеттердің өзгеруі 9 ұңғымада байқалды олар: 138,223,232,323,310,379,420,822. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде II және III объекттерді қоса пайдаланатын ұңғымалардың скин-факторы қалыпты екенін және ұңғыманың түп аймағының жағдайы қанағаттанарлық екенін көрсетеді, скин-фактор тек 239,347,305 ұңғымада байқалады. III объекттің зерттелген 43 ұңғымасының көбінде қабат қысымы қанығу қысымынан төмен Рнас(46,4МПа). 5 ұңғымада: 423,9820,9823,9826,9828 қабат қысымы, орташа, 49,3 МПа бұл Рнас деңгейінде және жоғары. Жаңа көлбеу 6 ұңғыма бойынша: 9822,9823,9825,9826,9828 алғаш рет зерттеу жүргізілді.Олар бойынша фильтрациялық көлем кһ-25-тен (9823ұңғ) 498 *10-3*мкм2*м (9826)-ге дейін; өткізгіштік к-0,7-ден (9822ұңғ) 7 *10-3*мкм2(711 ұңғ)-ге дейін өзгереді. Барлық жаңа ұңғымаларда скин-фактор теріс көрсетілді, бұл ұңғымалардың түп аймағының жақсы күйде екенін сипаттайды. Жоғары өнімділікті ұңғымаларға 9805 және 9807 ұңғымаларын жатқызуға болады. Олардың мұнай бойынша Kпрод 2145 тен 5388 м3/тәул/МПа ке дейін өзгереді, фильтрациялық көлем кһ- 17200- 76100 *10-3*мкм2*м аралығында; өткізгіштік к 164 тен 1620 *10-3*мкм2 . Зерттелген басқа 41 ұңғыма бойынша өнімділік коэффиценті 10,1 ден (9820ұңғ) 1078 м3/тәул/МПа ға дейін өзгереді; фильтрациялық көлем кһ- 9,13тен (9820 ұңғ) 21000 *10-3*мкм2*м ға дейін; өткізгіштік к 0,2 (419) мен 1310 *10-3*мкм2 аралығында. III объект ұңғымаларының өнімділік коэффиценті бойынша реттеу (3.4.4 кесте) көрсеткендей көп ұңғымалар kпрод 500 м3/тәул/МПа-дан аз режимде пайдаланылады.
|