Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Жұқпалы ауру туралы түсінік



“Инфекция” және “жұпалы ауру” терминдерінің мәнісі бірдей емес. Инфекциялық процесс жұқпалы аурулардың негізін құрайды. Инфекциялық процестен айырмашылығы сол, жұқпалы ауруды, әр кезде зертханалық әдіспен анықталатын және/немесе микробтардың, олардың токсиндерінің әсерінен әр түрлі дәрежеде гомеостаздың бұзылуымен сипатталатын осы макроорганизмнің айқын клиникалық көрініс беретін жағдайы деп түсіну қажет. Бұл әрбір нақты дарада (индивидумда) инфекциялық процесс байқалатын жеке жағдай. Ауру кезінде патологиялық, морфологиялық субстрат қалыптасып, макроорганизмнің функциясы бұзылған жағдайда ғана жұқпалы ауру туралы сөз айтылады

Микробтардың қасиеттерімен және де макроорганизмнің жеке даралық ерекшелігіне байланысты жұқпалы аурулардың қалыпты ағымынан басқа кең спектрлі ауытқулар болуы мүмкін. Егер жұқпалы ауру айқын клиникалық жағдайда өтсе, инфекциялық процестің ең жоғарғы дәрежеде көрінгені туралы сөз айтуға болады. Инфекциялық процесс әрқашанда ауру дамуымен аяқталмайды. Қалдық иммунитеті немесе туа біткен табиғи қабылдамаушылығы бар адамдар микробпен кездескенде патологиялық, морфологиялық субстрат қалыптасуы және макроорганизм функциясының өзгеруі байқалмайтын дені сау организмде микробтасымалдаушылық қалыптасуымен аяқталады. Аттенуацияланған штамдардан дайындалған тірі вакциналар қолданғанда симптомсыз вакциналық инфекция қалыптасуы осындай жағдайға мысал бола алады.

Жұқпалы ауру жеке нозологиялық бірлік (аурудың абстракты аты) ретінде түрлік, ал кейде типтік тұрғыдан өз алдына бөлек жекеленген қоздырғышпен зардаптануынан туындайды. Инфекциялық (инвазиялық) аурулардың саны қазіргі кезде ғылымға белгілі болған, макроорганизмге жұғу қабілеті бар, қоздырғыштар түрінің санына сай келеді.

Инфекциялық процесс қоздырғыштары – микробтардың қасиеттері

Патогенді, сапрофитті және шартты-патогенді микробтар туралы түсінік

Адамдардың, жануарлардың немесе өсімдіктердің макроорганизмі үшін патогенділік (син.: ауру қоздырғыштық) дәрежесіне қарай барлық микробтарды үш топқа бөледі: патогенді, сапрофитті және шартты-патогенділер.

Патогенділер (грек: pathos азап шегу, зиян шегу; genis - туылу) – бұл адамдардың, жануарлар мен өсімдіктердің жұқпалы ауруларының қоздырғыштары. Эволюция барысында патогенді микробтардың адаптациялануының тереңдегені сонша, олар белгілі бір уақытта макроорганизмнен тыс жағдайда бола алатынына қарамастан, макроорганизмде тіршілік етуі микробтың биологиялық түр ретінде сақталуына қажетті шарт болып табылады. Осыған орай, олар үшін ауру – бұл эволюция барысында макроорганизммен симбионттық қатынас қалыптасуының нәтижесі болып табылады.

Сапрофиттер(грек: sapros – шіріген, phyton - өсімдік) немесе патогенсіздер – бұл өсімдіктердің және жануарлардың өлі тіндерімен немесе олардың тіршілік ету кезіндегі өнімдерімен қоректенетін микробтар. Әрбір түрлердің қоректік субстраттарға талғамдылық дәрежесі әртүрлі болады. Олар макроорганизмге байланысты емес, оларға тек қана дайын органикалық заттар қажет.

Кейбір микробтар, мысалы, күйдіргі және сіреспе қоздырғыштары топырақта сапрофиттер ретінде тіршілік етеді. Метаболиттер көзі және тіршілік ету ортасы ретінде пайдалану үшін макроорганизмге енгеннен кейін олардың патогенділігі көріне бастайды.

шартты-патогенділер (син. : потенциалды патогенділер немесе оппортунистік инфекциялардың қоздырғыштары) – бұл макроорганизмге тиісті жағдайда, яғни макроорганизмнің резистенттілігі күрт төмендеп, көп мөлшерде макроорганизмнің ішкі ортасына түскенде (пассивті енгенде) ауру туғызушылық әсер ететін микробтар. Олар патогенді микробтар мен сапрофиттердің аралық жағдайында орын алады. Шартты-патогенді микробтарға адамдардың қалыпты микрофлорасының өкілдері немесе жұқпалы аурулар тудыра алатын еркін өмір сүруші микробтар жатады. Өйткені олар эволюциялық даму барысында сапрофиттік, әрі паразиттік өмір сүру қабілеттілігін сақтаған. Патогенді микробтардың ерекшелігі сол макроорганизмнің ауруы олар үшін биологиялық түр ретінде тіршілік етуге қажетті шарт емес, тек қана симбионттық қатынастардың бұзылуының нәтижесі болып табылады. Патогенді және шартты-патогенді микробтардың арасындағы түпкі айырмашылығы осында.

Қазіргі кезде микробтарды патогенді және шартты-патогенді деп бөлудің салыстырмалы екендігі жалпы танылған түсінік.

 

Иммуноглобулиндердің қай класы құрттарға қарсы тұрады? Құрамы, құрылысы және қызметтері. Схемасын келтіріңіздер.

Иммуноглобулиндер жайлы тарих: 60-70 жылдары В.Портер мен Д.Эдельманның жұмыстарында антидене молекуларының құрылысы мен иммуноглобулиндердің негізгі фрагменттерінің рөлі толық шешілген; антиденелердің белсенді орталығының құрылысы мен орналасуы және әр кластағы иммуноглобулиндердің химиялық құрылысы мен айырмашылықтары көрсетілген үшін В.Портер мен Д.Эдельман 1972 жылы Нобель сыйлығына ие болған. Бұл аумақтағы жұмыстар 1980 жылдарда да белсенді жетілген: П.Берг, У.Гильберт, Ф.Сегнер жұмыстарында иммуноглобулиндердің түзілуін бақылаушы гендердің құрылымы белгілі болған. Молекулалық биологияның бұл аймағындағы жетімтігі де Нобель сыйлығына ие болған. Қазіргі жағдайда, барлық антиденелер нәруыз болып табылатыны көпшілікке белгілі. Сонымен қатар, олар иммуноглобулиндерге жататын арнайы ақуыздар болып табылады. Адамда иммуноглобулиндердің 5 негізгі кластары бар: G, М, А, D, Е. Бұл иммуноглобулиндер кластарыньщ әр қайсысы өзіндік құрылысты болады және белгілі бір жұмыс атқарады. Олардың барлығы екі түрлі полипептидті тізбекті жинақталған агрегаттардан тұрады, оның бір тізбегі — «жеңіл», екіншісі «ауыр» деп аталып, Н және L әріптер-мен белгіленеді (ағылшынның «һеаvу» мен light» сөздерінен). Н және L тізбектері бөлек синтезделінеді, ал Іg молекуласының жасалуы Гольджи комшіексінде жүзеге асады. Барлық иммуноглобулин кластары ішінде жеңіл тізбектердщ құрлысы ұқсас болады. Кластардың айырмашылықгары ауыр тізбектердің құрылысына байланысты болады. Иммуноглобулиндер құрылысын мономерлі иммуноглобулин G, мысалында қарастыруға болады. Иммуноглобулин G, молекуласы 4 полипептидтік: 2 ауыр және 2 жеңіл тізбектерден тұрады. Әр жеңіл тізбек ауыр тізбекке дисульфидтік байланыспен (8-8) қосылған. Осындай екі байланыспен екі ауыр тізбекте бір-бірімен қосылған. Молекула қурылысында екі бірдей белсенді орталығы бар, бірақ кеңістікте бөлініп кеткен. Осындай екі антигенбайланысты-руиіы орталықхар иммуноглобулин молекуласына бір уақытта екі бірдей антигеңдерді байланыстыруға қабілет береді. Барлық иммуноглобулиндер түрлерінің жеңіл тізбексгері екі доменнен тұрады, ал ауыр тізбегі — төрт немесе бес доменнен тұрады; ол иммуноглобулин класына байланысты. Домен — бұл 110-120 амин қышқылынан тұратын тізбек аумақ. Барлық домендер ұқсас құрьшымды, олар ішкі дисульфидтік байланыс арқылы тұрақтанады. Ауыр және жеңіл тізбектердің N-ұштыц домендері вариабелді деп аталады және VVL, ҮL деп белгіленеді, олардың аминқышқылдық құрылымы иммуноглобулиндердің әр түрлі антигендік ерекшелігіне байланысты болады. Антигендік детерминантаны (гаптенді) байланыстырушы белсенді орталықтары жеңіл және ауыр тізбектердің вариабелді аймақтарынан тұрады (Ун және У-домендері). Иммуноглобулин С молекуласының құрылысы Антигендермен тікелей байланысатын — ол V-доменңің гипервариабельді аймағының амин қышқьшдары. Белсенді орталыгындагы ауыр және жеңіл тізбектерінің өзгермелі аймацтары араларының түрі белгілі гаптендік тобына сай болады. Ужacнo быcтpo xyдeют нoги и живoт Народное средство, которое спасет вас от мастопатии Қалған домендер иммуноглобулиндер класьша сай шектеулі тұрақты құрылымнан тұрады және С-домен деп белгіленеді. Жеңіл тізбектегі С-домен С деп белгіленеді, Н-тізбектегі С-домендер СН1, СН2 жэне СН3 деп белгіленеді. Протеолитикалық (ерігіш) ферменттер әсерінен иммуноглобулин молекуласы 2ҒаЬ жэне Ғс фрагменттеріне бөлінеді. Белсенді орталығы бар фрагментгері ҒаЬ-үзіндісі (ҒаЬ1 ҒаЬ2) деп аталады. Ғаb-Ғragment antigen binding — антиген байланыстырушы фрагментінің құрамына УН, СН, ҮЬ, СЬ домендері кіреді. Тұрақты домендерден тұратын 2 ауыр тізбек (СН2 жэне СН3) Ғс-фрагмешп деп аталады. Ғb жэне Ғс фрагментгердің арасындағы аумақ шарнирлі деп аталады, себебі ол антиген байланысу кезінде, сонымен қатар, рН өзгеруі және Ғаb-үзіндісінің иондық күші ортасында Ғс-узіндісінен өтетін өсіне қарағанда 90 градусқа айналады. Ғаb және Ғс-фрагменттердің қызметтері Ғаb-фрагменттің негізгі қызметі-антигенді байланыстыру, себебі оның құрамына Іg молекуласының белсенді антиген-байланыстырушы орталық кіреді, ол жеңіл және ауыр тізбекті V және V домендерінен қүралған. Ғс-фрагменттің ңызметтері: Иммуногпобулиндердің әртүрлі кластары Ғс~үзіндісінің құрамы бойьшша ерекшелінеді. Бұл ерекшеліктері Ғс-үзіндісіне кіретін СН-домендерінің санына, сонымен қатар, аминдық қышқьлдарының құрамына байланысты болады (қосьшша домендер болуы мүмкін, мысалы СН4 — І&М жэне І&Е). Ғс-үзіндідегі құрылыс ерекшелігіне байлаиысты иммуноглобулиндер кластары қызметіне қарай да ерекшелінеді. Ғс-үзіндісініц көмегімен иммуноглобулиндер молекулаларының полимерленуі өтеді (мысалы, секреторлы ІgА димер және тример іүзеді, ІgМ — пентамер). Иммуноглобулиндердің полимерлер қү-руы 5 суретте көрсетілген. ІgМ, ІgG1, ІgG3 Ғс-үзінділерінде шарнирлі аумақ арқылы антиген байланысуы кезінде құрылымдық өзгеріс өтеді, бүл кезде СН2-домен аймағында комплемент жүйесінің бірінші компонентін байланыстыратын белсенді аймағы қалыптасады, сондықтан иммуноглобулиндердің бұл классикалық комплементп жүйесін классикалық жолмен белсендіреді. Ғс-фрагменті көмегімен В-лимфоциттердіц плазмалық мембранасына иммуноглобулин молекуласы тіркеледі де, антигентанушы рецптор қызметін атқарады. Организмнің көптеген жасушалар бетінде әртүрлі Іg класына арналтын Ғс-рецепторлары бар. Егер ол рецепторларға сай келетін Іg немесе құрамында І£ бар иммундық комплекс тіркелсе, онда сол рецепторлар арқылы берілген жасушалардың жұмысының беленуі немесе басылуы жүреді. Мысалы: Плацента трофобласттарында тек ІgG -ға арналған Ғс-рецепторлары бар. Ол рецепторларға тіркеліп, ІgО белсенді тасымалдану әдісімен плацента арқылы анадан ұыққа трансплацентарлы түрінде беріледі және нәрестенің пассивтік иммунитетін қамтамасыздандырады. Плацентада бұл иммуноглобулиннен басқа кластарьша рецепторлар жоқ, сондықтан плацента арқылы басқа иммуноглобулиндер өте алмайды.

Құрттар (лат. Vermes) — омыртқасыз жануарлардың бір тобы. Дене пішіні ұзынша, жылжып қозғалады. Денесінің алдыңғы бөлімі сыртқы ортаның тітіркенісін қабылдаушы болғандықтан, жүйке түйіндері, сақиналары және жүйке тізбектері мен сезім мүшелері бас жағына шоғырланып орналасқан. Қазіргі жүйеленім бойынша бұл топқа жалпақ құрттар, жұмыр құрттар, немертиндер, тікенбас құрттар,буылтық құрттар жатады. Алғашқы үш тип төменгі сатыдағы құрттар тобын құрайды. Құрт алғашқы ауыздыларға жатады. Құрттардың кейбір түрлері (мысалы, полихеттер, эхиуридтер) тек теңізде, екіншілері (мысалы, турбелляриялар, нематодтар) теңіз бен тұщы суда тіршілік етеді; кейбір түрі (трематодтар, таспа Құрт) — басқа жануарлар мен өсімдіктердің паразиттері, топырақта мекендейтін түрлері де кездеседі.

 



Просмотров 2644

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!