Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Жануарлардың қыстап шығуы



Жануарлардың қыстап шығуы – ауа райы суық және қоңыржай аймақтарда жануарлардың қыстың қолайсыз жағдайынан сақтануы. Қыстап шығудағы негізгі қиыншылық – қорегін табудың қиындауы, қорек қорының азайып, сапасының нашарлауы. Бұл қиыншылыққа бейімделу үшін балықтар, құстар, сүтқоректілер қорек іздеп бір жерден екінші жерге орын ауыстырады. Кейбір жануарлар, әсіресе, жыртқыш аңдар (қасқыр, жолбарыс, барыс) қорегін іздеп бірнеше шақырым жерге дейін кетіп қалады.Арқар, таутеке, елік, т.б. таулы аймақтарда мекендейтін жануарлар қыс түсісімен қары жұқа, шөбі мол жерлерге қоныс аударады. Сүтқоректілердің кейбір түрі (сарышұнақ, суыр, жайра, т.б.) қыста қорек іздемейді, олар қысқы ұйқыға кетеді. Қыс алдында көптеген жануарлар түлеп, семіреді. Бұл да жануарлардың қыстап шығуға бейімділігінің бірі болып саналады. Жануарлар тіршілік мекеніне қарай 2 топқа бөлінеді: 1) эвритоптық жануарлар – әртүрлі жағдайларда тіршілік ететін түрі (мысалы, қасқыр, түлкі,қарға, т.б.). Бұлар көп тараған, нақты мекен талғамайды, түрлі географиялық аймақтарда кездеседі; 2) стенотоптық жануарлар – белгілі бір жерде ғана тіршілік ететіндері (мысалы, тек құмды жерде кездесетін тараққұйрық сарышұнақ немесе тек таза, тұнық суда болатын бахтах, т.б.). Мекенін үнемі ауыстырып, бірнеше биотопта тіршілік ететін жануарлар да бар. Мысалы, көкқұтан биік ағаштарға ұя салады да, өзен-көлге барып жемін аулайды. Жануарлардың әртүрлі биотопта мекендеуі олардың белгілі бір даму сатысына да байланысты. Мысалы, бақаның дернәсілі суда өсіп дамиды, ал ересек бақа су жағасындағы ылғалды жерлерді мекендейді.

Жануарлардың ұшуы

Жануарлардың ұшуы - организмдердің тіршілік ортасына бейімделуінің бір түрі. Ұшу (жәндіктерді есептемегенде) өте ертеде тіршілік еткен ұшқыш кесірткелер (птерозаврлар) топтарынан бастап байқалады. Жоғары сатыдағы омыртқалылар арасында ұшуға жақсы бейімделгендері – қырлытөсті құстар. Сүтқоректілерден тек жарқанат қана ұшуға жақсы бейімделген. Сүтқоректілердің ішінде қалқып ұшатын түрлері де бар (мысалы, ұшар). Жауынан қорғану үшін ұшатын балықтар да кездеседі (мысалы,ұшқыш балықтар). Ұшу жануарлардың эволюциялық дамуында олардың әртүрлі тіршілік ортасына бейімделуінен пайда болған.

Жануарлардың қоныс аударуы

Жануарлардың қоныс аударуы(латынша mіgratіo – қоныс аудару) – тіршілік еткен ортасының өзгеруіне немесе көбею кезеңіне байланысты жануарлардың мекен ауыстыруы. Бұл тұрақты (маусымдық не тәуліктік) және тұрақсыз болып екіге бөлінеді. Маусымдық мекен ауыстыру тіршілік мекеніндегі жағдайдың әлсін-әлсін өзгеруіне немесе жануарлардың көбею кезеңіне, ал тұрақсыз мекен ауыстыру тіршілік ортасының кенет нашарлауына байланысты болады. Жануарлардың қоныс аударуысүтқоректілер, құстар, балықтаржәне жәндіктер арасында жиі кездеседі. Жануарлардың қоныс аудару жолын, көбінесе, оларды таңбалау арқылы білуге болады.

Жануарлардың ұйқысы

 

Lion and lioness sleeping

Жануарлардың ұйқысы - жылы қанды жануарлардың қолайсыз жыл мезгілдеріне бейімделуі. Бұл кезде олар інінде, ағаш қабығы астында, топырақ арасында жатып, денесіне қоректік заттар қорын (салмағы 30 – 40% май болады) жинау арқылы тіршілігін жалғастырады. Жануарлар ұйқысының бірнеше түрі бар: 1) тәуліктік (мысалы, жарқанаттар, колибр, т.б.); 2) маусымдық – республикамыздың шөл, шөлейт аудандарындағы сүтқоректілердің (мысалы, зорман, суыр, сарышұнақ, т.б.) жазғы ұйқысы қысқы ұйқыға жалғасады, сөйтіп олар ұзақ ұйқыға кетеді. Жануарлардың ұзақ ұйқыға кетуінің бірнеше себептері бар. Оның бірі ауа райының суықтығына немесе шілденің ыстығындағы қуаңшылыққа байланысты. Ұзақ ұйқыға кеткенде жануарлар қоректенбейді, сүтқоректілердің дене температурасы 5 – 7°С-қа дейін төмендейді. Бірақ организмде баяу да болса физиологиялық процестер жүріп жатады; 3) ретсіз – жануарлардың тіршілігінде кенеттен пайда болған қолайсыз жағдайдың салдарынан ұйқыға кетуі (мысалы, ақтиін, жанат ит, қарлығаш, т.б.). Ұйқыға кеткен жануарлар оттектің жетіспеуіне де, денесінен шыққан түрлі улы заттар әсеріне де, жұқпалы ауруларға да төзімді келеді.

Жануарлар анатомиясы

 

Scheme ant worker anatomy-en

Жануарлар анатомиясы(грекше anatome – кесу, бөлшектеу) – жануарлардың жеке органдарының, орган жүйелерінің және организмнің бітімі (формасы) мен құрылысы туралы ғылым. Жануарлардың тұқымдық ерекшелігін – тұқымдық анатомия; органдардың орналасуы мен өзара қатынасын – топографиялық анатомия; организмнің құрылысын жүйелеуді – жүйелі анатомия; жануарлардың дене құрылысы ерекшелігін жасына байланыстыра анықтауды – жас анатомиясы; организмнің жыныстық дамуы мен өсуін – жыныстық анатомия; жануарлардың жүрген және бір орында тұрған кезіндегі сыртқы пішінін – мүсіндік анатомия зерттейді. Салыстырмалы анатомия әртүрлі типтер мен кластарға жататын жануарлар органдарын салыстыра зерттеп, олардың ұқсастығы мен айырмашылығы болуының заңдылықтарын, жануарлар дүниесінің шығу тегі мен тарихи дамуын анықтайды. Анатомия жөніндегі алғашқы жазба мәліметтер біздің заманымыздан бұрынғы 6 – 5-ғасырларда Мысырда, Үндістанда, Қытайда, Грекияда хатқа түскен. Мысалы, Гиппократжануарлардың қаңқасы мен ішкі органдары туралы жазса, Аристотель сүйек қаптың маңызын, жүрек пен қан тамырларының байланысын дұрыс анықтап, жүйкені басқа мүшелерден ажырата білген. Герофил (біздің заманымыздан бұрынғы 304 ж.) өкпе артериясы, жүрек, көз алмасының құрылысын анықтады. Қайта өрлеу дәуірінде Леонардо да Винчи, А.Везалий ғылымға әр түрлі органдар туралы эксперименттік деректер енгізді.Қазақстанда жануарлар анатомиясы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары Алматы зоотехниялық-малдәрігерлік институты (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) (1929) мен Алматы медициналық институтының (қазіргі Қазақ ұлттық медициналық университеті) анатомия кафедраларында (1931) басталды. Қазіргі кезде зерттеулермен Қарағанды, Батыс Қазақстан, Семей, Ақмола медицина академиялары, Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің бірқатар ғылыми-зерттеу институттары шұғылданады.

Жануарлар биохимиясы

Жануарлар биохимиясы (грекше bіos — тіршілік, өмір және химия) — жануарлар организмінің химиялық құрамы және химиялық құбылыстар мен энергиялық процестер туралы ғылым. Қазақстанда жануарлар биохимиясы 1940 жылдан бастап дами бастады. Жануар денесіндегі түрлі ферменттер(мыс., миоглобин, цитохром, каталаза, т.б.) онтогонез сатыларымен байланыстыра зерттелді. Сау және ауру мал қанының сарысуындағы белоктар биохимиялықтұрғыдан сипатталды (Ж.Омаров, Ө.Ташмұхаметов, Б.Қарабалин, т.б.). Бұдан жануарларға тән гетерозистің молек.-генетик. механизмі зерттеліп, мал будандастырудың зат алмасу процестеріне тигізетін әсері анықталды (Ә.Сәрсенов). Пропинқышқылымен ашытылған сүрлемдегі биохимиялық құбылыстар сипатталып, оны бұзауға азық ретінде беруге болатындығы дәлелденді.

24. Шеткі лимфо-миелоидтық мүшелердің арасында аралас қызметтерін атқаратын мүшелер бар ма? Жалпы сипаттамасы және мағынасы. Мағынасын дәлелдеңіздер.



Просмотров 2508

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!