Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Науқаста қан тобы бірінші. Қандай қан топтары сәйкес келіп тұр?



Қан (гр. haemo ;лат. sanguis — қан) — ағзадағы ішкі сұйық ортаның бірі. Ол қантамырларының тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін атқарады. Қан барлық мүшелердің жасушаларына қоректік заттар мен оттегін жеткізеді және тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне тасымалдайды. Организмдегі биологиялық әрекетшіл заттардың гуморальдық реттелу қызметі қанның қатысуымен іске асады. Қан ағзаның инфекциядан қорғаныш реякциясын қамтамасыз етеді.

Қан[өңдеу]

Ересек адам ағзасында шамамен бес литр қан болады. Қан — ағзадағы дәнекер ұлпасының бір түрі. Оның негізгі бөлігі жасуша аралық сұйық зат — плазмадан құралады. Плазмадан қан жасушалары — эритроциттер мен лейкоциттер және қан пластинкалары — тромбоциттер болады. Тромбоциттер сүйектің кемік майындағы жасушалардан түзіледі. Олардың жетілуі, қорға жиналып, бұзылуы басқа мүшелерде өтеді.

Плазма негізінде еріген органикалық және бейорганикалық заттары бар судан тұрады. Плазма құрамының өзгеруі ағза үшін өте қауіпті. Қанға үздіксіз көптеген заттардың қосылуына қарамастан, плазманың құрамы өзгермейді. Плазмадаға артық заттар зәр шығару мүшелері арқылы шығарылады: қан өкпеде көмір қышқыл газынан, ал бүйректе — судың артық мөлшері мен онда еріген минералды тұздардан арылады.

Қанның қызметі[өңдеу]

Қан келесі қызмет атқарады:

1. асқорыту – қан, ұлпалар мен мүшелерге қоректік заттарды, суды, минералды тұздарды және витаминдерді тасымалдайды;

2. бөліп шығару – қан бөліп шығару мүшелері арқылы ыдырау өнімдерін шығарады;

3. тыныс алу - өкпе мен ұлпалардың арасында газ алмасу процесін қамтамасыз етеді;

4. регуляторлық - әр түрлі мүшелердің гуморальдық реттелуін анықтайды, ағзада гормондар мен басқа заттарды жеткізеді, олар мүшелердің қызметіне әсер етеді (күшейтеді немесе бәсеңдетеді)

5. қорғаныш – қанның құрамында фагоцит қабілеті бар жасушалар болады және арнайы ақуыздар - антиденелер болады, олар улы ағзалардың көбеюіне кедергі жасайды да оларды бөліп шығарады.

6. терморегуляторлық – қан ағзаның тұрақты дене қызуын сақтайды.

Қанның ұюы[өңдеу]

Тамырлар жарақаттанғанда одан аққан қан ұйып, қанның ағуына кедергі жасайтын іркілдек зат — тромб түзеді. Іркілдек зат бірте-бірте қоюланып тамырдың зақымданған жерін бітейді де, аққан қанды тоқтатады. Біраз уақыт өткен соң тамыр жарақаты жазылып, тромб жойылады.

Тромб негізінен ерімейтін талшықты ақуыз — фибриннен құралады. Фибрин плазмада еріген ақуыз — фибирногеннен түзіледі. Фибрин түзілуі үшін қанда және қан пластинкалары, тамырлар мен оларды қоршап жатқан ұлпадер бұзылғанда пайда болатын ерекше заттар қажет. Қан ұйығанда кальций тұздарының маңызы зор. Егер кальций тұздарын бөліп алса, қан ұйымайтын болады. Фибрин жіпшелерінің аралығына қан жасушалары тұтылып, іркілдек зат қызыл түске боялады. Қанның іркілдек заты үш-сегіз минутта түзіледі.

Лимфада да фибриноген болады. Ол қан ұйитын жағдайда, бірақ қаннан гөрі баяуырақ ұйиды.[1]

Кейбір адамдар іштен туа қаны ұйымайтын ауруға тап болады. Мұндай адамдар болмашы жарақаттанудан-ақ қаннан айырылып, қаза табуы мүмкін.

Қанның ұйюы дегеніміз ағнаны қан кетуден сақтандыратын, оны қорғанышты бейімділігі болып табылады.

Қан Топтары – бір биологиялық түр дарабастары қанының иммуногенетикалық белгілері. Адамның қан тобы ұрықтың жатырда даму барысында қалыптасып, өмір бойы өзгермейді. Қан белогының құрамында агглютинин деп аталатын ерекше заттар болады. Олар a және b әріптерімен таңбаланады. Барлық адамдардың қаны 4 топқа бөлінеді: I, II, III, IV. Қан беретін адамды - донор (латынша «donore» – сыйлаушы), қабылдайтын адамды – реципиент (латынша «recepiens» -қабылдаушы) дейді. Қаны I топка жататын адамдардың қанын барлық топқа (I, II, III, IV) аз мөлшерде (200-300 мл) құюға болады. II топқа жататындардың қанын II және IV топқа береді. III топтағылардың қанын III, IV топқа, ал IV топтағылардікін тек IV топқа құюға болады (10-кесте). Егер қан топтары сәйкес келмесе, эритроциттер желімденіп қалады да, аяғы сәтсіздікке ұшырайды. Қазіргі кезде қан құюда тек өз тобына сәйкес қан құйылады.

Жалпылама[өңдеу]

Қанды жеке топтарға бөлгенде эритроциттердің құрамындағы ерекше нәруызды антиденелердің мен плазмы құрамындағы ерекше нәруызды антиденелердің болуы қатаң ескеріледі. Егер "А" антингені мен "а" антиндесі мен "В" антингені мен "в" антинденесі кездесетін болса құйылған қандағы эритроцитердің желімденіп қан ұюы болады. қан тобы ешқашан өзгермейді және тұқым қуалайды.

Тимустәуелді антигендерді иммундық клеткалармен әрекеттесу механизмді көрсетіңіздер.

Т-тәуелсіз және т-тәуелді антигендер

Антигендердің мұндай екі түрге бөлінуі В-лимфоциттерде антидене түзілуінің шақыруына байланысты жүреді.

Тимус-тәуелсіз антигендер (Т-тәуелсіз) - Т-лимфоциттің және макрофагтардың көмегінсіз В-лимфоциттерде оздігінен антиденелердің түзілуін шақыратынантигендер.

Берілген антигендік детерминантқа арнайы В-лимфоцитгер антигенге тәуелді дифференциялануға түсу үшін (лимфобластқа айналып және сол антигендергс антидене түзетін плазмалық жасушалар клонына бастама беру) екі белгіні алу қажет: I - арнайы. II- пролиферативтік-дифференциялушы. Т-тәуелсіз антигендердің өздері В-лимфоциттердіекі белгімен қамтамасыз етеді. Бірінші - арнайы белгініВ-лимфоциттер иммуноглобулиндік антигеңді танушы рецепторлар көмегімен антигеннің гаптендік бөлігінен алады.Екінші - пролиферативтік - дифференңиялаушыбелгіні В-лимфоциттср тасымалдаушылардан алады. Екінші белгінің берілуін қамтамасыз ету үшін тасымалдаушыныңқұрылымы келесі талаптарға сай келуі керек:

  • жоғары молекулалық салмақ;
  • молекуланың қатаң сызықты құрылымы;

молекула полиэлектролит болуы қажет (яғни аттас зарядталған химиялық топшалардан тұруы керек).

Табиғи антигендердің ішінде осы талаптарды қанағаттандыратындар бактериялық полиқанттар (БП) жэне липополиқанттар (ЛП). Олар негізгі Т-тәуелсіз табиғи антигендср болып табылады. Бактериялық полиқанатардан және липополиканттардан басқа табиғи Т-тәуелсіз антигендерге, мысалы, сальмонеллалардың антигендері, пневмококктық полиқанттар, ішек таяқшаларының полиқанттары жатады. Т-тәуелсіз жасанды антигендерге гаптенмен байланысқан полиэлектролиттер жатады. Т-тәуелсіз поликлондықантигендерге В-лимфоциттердің митогендері де (полиқанаттар, лаконос митогені және т.б.) жатады.

Т-тәуелсіз антигендер барлық табиғи антигендердің 10%-ын құрайды.

Табиғи антигендердің көпшілігі шамамен 90%-ы - нәруыздар, соңғы екі талапқа жауап бермейді. Олар тимустәуелді антигендер болып табылады. Т- тәуелді антигендерге: трансплантациялық, тіндік арнайы антигендер, сарысулық нәруыздар, бактериялық уыттар, бөгде эритроциттердің антигендері, көптеген вирус антигендері және тағы басқалары жатады.

Т-тәуелді антигендер (Т-тәуелді) - В-лимфоциттердің антидене түзілісіне міндетті түрде Т-лимфоциттер мен макрофагтардың қатысуын қажет ететінантигендер. Бұл антигенге қарсы сертліс генетикалық негізгі гистосәйкестік кешенімен кадағаланады.

Бұл кезде бірінші арнайы белгіні - В-лимфоциттер гаптеннен ішіды Екінші белгі В-лимфоциттерге Т-хелперлерден түседі. Т-хелперлер макрофагтармен кооперациялану кезінде антигеннің тасымалдаушысын танып, белсенеді және В-лимфоциттердің про-лиферациясы мен дифференциялануын шакыратын медиаторлар -лимфокиндерді бөледі. Ондай цитокиндер ИЛ-2, ИЛ-4, ИЛ-6, IFN-y (В-лимфоциттердің дифференциялануы мен өсуші факторлары) болып табылады. Оның ішінде маңызды рөл атқаратын ИЛ-2. Бұл лимфокиндер В-лимфоциттердің мембранасына әсер етіп, олардың екінші белгіні алуын қамтамасыз етеді. В-лимфоциттің клоны екінші белгіні алғаннан кейін көбейіп, кейін иммуноглобулиндер түзетін плазмалық жасушаға дифференцияланады.

Антигеннің тануы иесінің генотипіне байланысты. Иесінің кейбір антигендеріне жеке ареактивтілік дамуы мүмкін, яғни иесінің Т-лимфоцитімен танылмайды, бірақ В-лимфоцитімен клондары берілген гаптенге антидене түзу қабілеті болсада, ағзаға антиген енгізгенде антидененің түзілуі жүрмейді. Мысал ретінде, алғаш рет Ландштейнер ұсынған жасанды аитигендерді жасау тәжірибесін алуға болады.

Динитрофенол (ДНФ) антиген емес екені белгілі, бірақ табиғи нәруыздың (мысалы. альбуминмен), немесе жасанды полипептидтермен байланысқаннан кейін антигендік қасиетке ие болады. Нәтижесінде, тимустәуелді антиген ретінде танылатын конъюгат алынады. Байланысатын полипептидтің молекула салмағы неғұрлым көп болса, неғұрлым оның құрылымы қатты және ретті болса, соғұрлым алынған аитигеннің тимус тәуелділігі аз болады. Тасымалдаушының аминқышқылды құрамы маңызды, ол антигеннің "тануын" анықтайды. Осылайша, ДНФ коньюгаты (глу-ала-тир) теңіз шошқаларында ДНФ-ке антиденелер түзілуін ынталандырады, бірақ жеке ареактивтілік орны байқалуы мүмкін. ДНФ конью­гаты - бұқа сарысу альбумині де антидене түзілуін тудырады, ДНФ -полилизині ДНФ-ке антиденелер түзілуін ынталандырмайды. Яғни, жануарларда ДНФ-ке арнайы антиденелер түзетін лимфоциттердің клоны болады. Бұл түзілістің жүзеге асуы тасымалдаушы­ның химиялық құрылымына, иесінің лимфоциттерінің генетикалықдетерминантталған «тану» қабілетіне байланысты болады.

Теңіз доңыздары, динитрофенол мен А-тасымалдаушысы (ДНФ-А; А және В - әp түрлі химияық кұрамды тасымалдаушылар) коньюгатымен сенсибилизацияланған кезде ДНФ-В-мен емес, ДНФ-А-мен ғана жоғары сезімталдыктың баяу түрінің (Т-жасушалық серпіліс) терілік серпілісін беретіні дәлелденген. Бұл кезде ДНФ-А коньюгатымениммунизациялану ДНФ-В мен әсерлесетін антиденелердің пайда болуына алып келеді. Сонымен, жасушалық иммунитет серпілістері тасымалдаушының арнайылығымен анықталады, ал гуморалдық жауап (антиденелер түзілісі) гаптенді арнайылығыеа ие.

Т-тәуелсіз антигендерге біріншілік иммундық жауап әдетте Т-тәуелдіге Карағанда әлсіздеу және жоғарғы шыңына ертерек жетеді. Екі жағдайда да негізінен lg М класына жататын антиде­нелер өндіріледі. Бірақ та Т-тәуелсіз және Т-тәуелді антигендерге екіншілік иммундық жауапәртүрлі болып келеді. Қайталама Т-тәуелсіз антиген енген кезде иммундық жауап.

IgM басым болатын біріншілік жауапқа ұқсас келеді, ал Т-тәуелді атигендерге екіншілік иммундық жауап біріншілікке қарағанда біршама күштірек болады және түзілетін антиденелердің көп бөлігін IgG құрайды.



Просмотров 1579

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!