Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)

Көк бауыр айырша безге ұқсас па? Орналасуы, құрылысы және қызметтері

Көкбауыр (Селезенка) — 1) омыртқалы жануарлардың құрсақ қуысына орналасқан органы; қан түзуге, зат алмасуына қатысады; иммунобиологиялық және қорғаныш функциясын атқарады; 2) отқа қуырылған көкбауырды сөкпен жаншып, май салып дайындаған

Айырша без (грек, thymus — тимус) — омыртқалы жануарлар мен адам организмдеріндегі иммундық жүйенің қалыптасуы мен оның қызметінің толық атқарылуын қамтамасыз ететін без. Айырша без иммундық жүйенің орталық мүшесіне жатады. Ол көкірек қуысында орналасқан тақ көкірек бөлігінен және кеңірдектің екі қапталында жатқан жұп мойын бөлігінен тұрады. Адам мен жануарлар организмдеріндегі жасушалық және гуморальдық (сұйықтық) иммунитеттердің қалыптасуында маңызды рөл атқаратын Т лимфоциттердің түрліше популяцияларын түзу арқылы айырша без денедегі иммуногендік қызметті реттеуге қатысады. Ол гуморальды фактор — тимозинді организмнің ішкі сұйық ортасына (қан, лимфа, ұлпа сүйығы) бөліп, шеткі лимфоидты мүшелер — лимфа түйіндері мен көкбауырдағы лимфоциттердің көбейіп жетіліп, әсерлі (эффекторлы) клеткаларға айналуын қамтамасыз етеді. Құрылысы жағынан айырша без лимфоидты-эпителиальды мүшелерге жатады. [1]

Айырша безі[өңдеу]

Айырша без(тимус) кеуде қуысында кеңірдектің жоғарғы ұшын жауып тұрады. Адамның балалық шағында ірі (30грамм) толады. Жыныстық жетілуден кейін кішірейеді (20грамм). Қызметі : 1)Бұл без тимозин гармонын бөледі, ол ағзада иммундық жүйеніңорталық жүйесі болып саналады.т 2)Тимозин гармоны жетіспесе, ағзаның иммундық қысиеті төмендейді. 3)Көкбауырдың мөлшері кішірейіп, қандағы лимфоцит жасушалары азайып, қарсыдене түзілмейді.

Жас өткен сайын тимус жастық инволюцияға ұшырап, оның тіні майлы жасушалармен алмаса бастайды. Бірақ қай жаста болмасын май тіндері арасында айырша бездің паренхимасы сақталады. Тимикалық гормондар секрециясы, Т-лимфациттерді өндіру қабілеті жартылай болса да қызмет атқарады. Тимустың физиологиялық қызметі әлсіреуіне байланысты инфекциялық, аутоиммундық және онкологиялық аурулардың көбі жасы ұлғайған адамдарда көбірек кездеседі. Тимус патологиялары: Туа пайда болған ақаулар Жасқа байланысты өзгерістер немесе әсер еткен қолайсыз факторлар Салдарынан. Иммунодефицитті синдромдар, аутоиммунды ақаулар және бірқатар эндокринді бұзылыстар пайда болады. Ужacнo быcтpo xyдeют нoги и живoт Народное средство, которое спасет вас от мастопатии Тимустың аплазиясы. Аплазия (агенезия) кезінде тимус мүлде жойылып кетеді. Тимустың гиподисплазиясы. Тимус мөлшері кішірейеді, қыртысты және милы затқа бөлінуі бұзылады, сонымен қатар лимфоциттер саны лезде төмендейді. Бұлар айырша бездің туа біткен аномалиясы негізінда пайда болады.Бұл жасушалық иммунитет звеносының жетіспеушілігі және комбинирленген иммунитет жетіспеушілігімен қатар жүреді. Тимикалық гормондар мүлдем өндірілмейді немесе өндірілуі минималды түрде болады. Тимустың акцидентальды инволюциясы. Әртүрлі стресті жағдайларда глюкокортикостероидтардың бөлінуінен және Инфекциялық аурулар; интоксикация; жарақаттар әсерінен пайда болады. Көріністері: Айырша бездің салмағы мен көлемі Тимикалық гормондардың өндірілуі Т-лимфоциттер эмиграциясы Тимус атрофиясы. Лимфоциттер мөлшерінің төмендеуіне және эпителиальды жасушалар торының коллапсы нәтижесінде айырша бездің паренхимасының бөліктері көлемі жағынан кішірейеді.Тимикалық денешіктер әксізденіп, периваскулярлы аймақтарында дәнекер және май тіндері өсіп кетеді.Тимикалық гормондардың өндірілуі төмендейді. Тимомегалия. Айырша бездің паренхимасының көлемі мен салмағы жастық нормалармен салыстырғанда аса жоғарғы мөлшерге артады, бірақ қалыпты құрылымы сақталады. Ол өз кезегінде туа пайда болған және жүре пайда болған болып бөлінеді. Туа пайда болған тимомегалия. Балаларда жиі кездеседі. Жүйке және жүрек-қантамыр жүйелерінің ақаулары, эндокринді жүйенің туа біткен дисфункциясымен қатарласа дамиды. Бүйрек үсті және жыныс бездерінің жетіспеушілігі де дамиды. Инфекциялық аурулар барысында лимфоидты тіндердің гиперплазиясы біріге жүреді. Тимикалық гормондар өндірілуі. Туа біткен иммунды тапшылық синдромына жақын, иммунитеттің клеткалық звеносының бұзылыстары көрініс береді. Жүре пайда болған тимомегалия. Ересек адамдардың жастық шағында бүйрекүсті безінің жедел жетіспеушілігі кезінде байқалады.Туа пайда болған тимомегалиядағы өзгерістер көрініс беріп, иммундық жүйенің бұзылыстары дамиды.Тимомегалиямен ауыратын науқастардың өлімінің негізгі себебі- инфекциялық және инфекция-аллергиялық аурулар болуы мүмкін.Эндокриндік бұзылыстар және стрестік факторлар әсерінен (дәрігер тарапынан манипуляция, хирургиялық араласулар) күтпеген өлім болуы мүмкін. Тимустың гиперплазиясы. Аутоиммунды ауруларға тән. Айырша бездің паренхимасының ұлғайған периваскулярлы аймақтарында В-лимфоциттер,плазматикалық жасушалар жиналып, қалыпты жағдайда кездеспейтін лимфоидты фолликулалар пайда болады. Тимикалық гормондардың өндірілуі төмендеп, біресе жоғарылап отырады. Тимуста пайда болған патология барысында дамыған аллергиялық белгілер Аллергиялық бөртпелер. Иммунитеттің төмендеуіне байланысты организмде қатарласа дамитын аллергиялық бөртпелер пайда болады. Иммуногенез бұзылуының морфологиясының негізінде тимуста және оның шеткері бөлімдерінде пайда болатын патологиялық өзгерістер жатыр. Осы өзгерістер иммундық жүйенің төмендеуіне әкеледі. Тимус, организмнің теріс әсер етуші факторларға қарсы жауабын күшейтетін негізгі орган болып табылғандықтан оның бұзылысы талай процестерге кері әсерін тигізеді. Сондықтан тимус патологиясын алдын алу шараларын дер кезінде орындап, оның дамуына бөгет болу қажет.

Жасушалардын сыртында өтетің иммунитетті қандай білесіз? Механизмі және қатысатың клеткалардың түрлері. Схемасын келтіріңіздер.

Жасуша - тірі организмдердің (вирустардан басқа) құрылымының ең қарапайым бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің негізі; жеке тіршілік ете алатын қарапайым тірі жүйе. Жасуша өз алдына жеке организм ретінде (бактерияда, қарапайымдарда, кейбір балдырлар мен саңырауқұлақтарда) немесе көп жасушалы жануарлар, өсімдіктер және саңырауқұлақтардың тіндері мен ұлпаларының құрамында кездеседі. Тек вирустардың тіршілігі жасушасыз формада өтеді.

«Жасуша» терминін ғылымға 1665 жылы ағылшын жаратылыстанушысы Р.Гук (1635 – 1703) енгізген. Тіршілікті Жасуша тұрғысынан зерттеу – қазіргі заманғы биологиялық зерттеулердің негізі.

Жасушаның диаметрі 0,1 – 0,25 мкм-ден (кейбір бактерияларда) 155 мм-ге (түйеқұстың жұмыртқасы) дейін жетеді. Көпшілік эукариотты организмдер Жасушасының диаметрі 10 – 100 мкм шамасында. Жаңа туған жас сәбилерде – 2×1012 Жасуша, ал ересек адамның организмінде – 1014 Жасуша болса, организмнің кейбір тіндерінде Жасуша саны өмір бойына тұрақты болады. Жасушаның тірі заты – протоплазма. Ол биол. мембраналармен (жарғақтармен) шектелген биополимерлердің тәртіптелген құрылымдық жүйелері – цитоплазма және ядродан тұрады.

Жасуша ядросының құрамындағы әмбебап органоидты хромосома, ал цитоплазма құрамындағыларды –

· рибосома,

· митохондрия,

· эндоплазмалық тор,

· Гольджи кешені,

· лизосома,

· клеткалық мембрана деп атайды.

Рибосома Жасушадағы ақуыздың түзілуін қамтамасыз етеді, ақуыз синтезі орт. деп қаралады. Оның диаметрі 20 – 25 нм. Рибосома цитоплазмада бос күйінде де, жалғасқан түрде де, сондай-ақ барлық тірі организмдердің Жасушасында кездеседі.

Цитоплазма – ядроны қоршап жатқан Жасуша бөлігі. Оның құрамындағы химиялық макро және микроэлементтерден күрделі органикалық қосылыстар (ақуыздар, көмірсулар, липидтер, нуклеин қышқылдары, гормондар, ферменттер, витаминдер, тағы басқа) және минералдық заттар түзіледі. Митохондрия – Жасушаның тыныс алу процесін қамтамасыз ететін органоид.

Митохондрияның ұзындығы 10 мкм-дей, диаметрі 0,2 – 1 мкм, саны 1-ден 100 мыңға дейін болады. Жасушадағы негізгі энергия тасушы зат – аденозин үш фосфор қышқылы. Бактерия, көк-жасыл балдырлар, т.б. тыныс алу процесін Жасуша мембранасы атқаратын организмдерде митохондрия болмайды.

Ядро – организмдегі ақуыздық алмасуды реттеу арқылы тұқым қуалаушылық қасиеттерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін жасушаның негізгі бөлігі.

Эндоплазмалық тор – цитоплазмадағы көпіршіктердің, жалпақ қапшықтардың және түтікше құрылымдардың торлы жүйесі. Бұл әртүрлі иондарды, қоректік заттарды тасымалдайды, липидтер мен көмірсулардың (полисахаридтер) алмасуына және улы заттарды залалсыздандыруға қатысады.

Гольджи кешені – бір-бірімен қабаттаса тығыз орналасқан жалпақ жарғақты 5 – 10 «цистернадан» және олардың шетіндегі ұсақ көпіршіктерден құралған органоид. Мұнда өндірілген өнімдер жинақталып, пісіп жетіліп, сыртқа шығарылады, Жасуша лизосомаларының түзілуіне қатысады.

Лизосома – қабырғасы мембранамен шектелген, қуысында ас қорыту ферменттері (протеиназа, нуклеаза, глюкозида, фосфатаза, липаза, тағы басқа) бар ұсақ көпіршіктер. Көпіршіктердің диаметрі 0,2 – 0,8 мкм. Лизосома ферменттерінің (20-дан астам) көмегімен Жасуша ішіндегі ас қорытуға және Жасуша құрамындағы жарамсыз құрылымдарды ыдыратуға қатысады.

Жасушалық мембрана – Жасуша цитоплазмасын сыртқы ортадан немесе Жасуша қабықшасынан (өсімдіктерде) бөліп тұратын Жасуша органоиды. Оның қалыңдығы 7 – 10 нм. Негізінен Жасуша мен оны қоршаған сыртқы орта арасындағы метаболизмге (зат алмасуға) қатысады, сондай-ақ, Жасушаның қозғалуы мен бір-біріне жалғануында үлкен рөл атқарады. Жасушаның жалпы құрылысы жануарларға да, өсімдіктерге де тән. Бірақ өсімдік Жасушасының құрылымы мен метаболизмінде жануарлар Жасушасына қарағанда біраз айырмашылық бар. Өсімдіктер Жасушасының біріншілік плазмолеммасы күрделі полисахарид негізінде (матрикс) орналасқан целлюлозды микрожіпшелерден құралған. Микрожіпшелер өсімдік Жасушасы қабырғасының тіректік қаңқасын түзеді. Көп өсімдіктер беріктік қасиет беретін – екіншілік Жасуша қабықшасын (целлюлозадан) түзеді. Өсімдік Жасушаның целлюлоза талшықтары күрделі полимерлі зат – лигнинді сіңіріп, қатаяды да Жасуша қабықшасы беріктенеді. Өсімдік Жасушасының цитоплазмасында арнайы органоид-пластидтер – хлоропласт, хромопласт, лейкопласт бар.[1

Иммунитет (латынша іm-munіtas – босап шығу, арылу, құтылу) немесе Төтемелілік — организмнің антигендік қасиеттері бар жұқпалы және жұқпалы емес бөгде заттарды, жұқпалы аурулар қоздырғышын немесе олар бөліп шығаратын кейбір улы заттарды қабылдамаушылық қасиеті және оларға қарсы тұру қабілеті. Иммунитет – көрінісі мен механизмі бойынша әрқилы болып келетін жалпы жоғары сатыдағы организмдерге (адамдар, жануарлар, өсімдіктер) ортақ биологиялық қасиет. Организмнің бұл қасиеті оның жеке басының тіршілік ортасына бейімделу ерекшеліктерімен тікелей байланысты. Иммунитет кезінде организмде аса күрделі биологиялық процестер жүріп, организмнің қорғаныштық қасиеті арта түседі. Соның нәтижесінде түрлі зияндымикроорганизмдерді, олардың уларын, т.б. бөгде заттарды ыдыратып, бейтараптап жойып жіберетін қабілеті күшейеді.

Иммунитет - организмнің ауру тудыратын агенттерді олардың тіршілік ету өнімдерін, сондай-ақ генетикалық табиғаты басқа заттарды қабылдамаушылығы. Иммунитеттің қалыптасуына тұтас жүйе ретінде бүкіл организм қатысады, өйткені оның қорғану механизмі бір-біріне байланысты, әрі нейрогуморалды реттеу жағдайында әрекет етеді.[1]

Иммунитет құбылысын жан-жақты зерттеуде Л.Пастер, И.И. Мечников, т.б. зерттеуші-ғалымдардың сіңірген еңбегінің маңызы зор болды. Мысалы, 1897 жылы неміс ғалымы П.Эрлих (1854 – 1915) алғаш рет организмдегі иммундық реакцияның химиялық моделін (кескінін), яғни “бүйірлі тізбек теориясын” ұсынды. Ал 1959 жылы австралиялық ғалым Ф.Бернет (1899 – 1985) және даниялық ғалым Н.Кай Ерне (1911 жылы туған) иммунитеттің клондық-сұрыпталу (арнайы антидененің түзілуі) теориясын ұсынды. Бұл жаңалықтар ғылымда иммунитеттің белгісіз қасиеттерін ашуға жол салды.
Иммунитет – өсімдіктер арасында да ауруға қарсы төзімділік туғызатын биологиялық қасиет. Өсімдіктер иммунитеті туралы ғылымның негізін салған Н.И. Вавилов. Ол өсімдіктер иммунитетнің екі формасы: сұрыпты иммунитет және түрлік иммунитет бар екенін анықтады. Өсімдіктер иммунитеті олардың морфол., физиологиялық және биохимиялық ерекшеліктерімен байланысты, олардың біреулері шешуші, ал екіншілері қосымша рөл атқарады. Иммунитет заңдылықтарына сүйене отырып, адам мен жануарлар арасында кездесетін әртүрлі жұқпалы ауруларға диагноз қою, емдеу және оларға қарсы егу әдістерін енгізуде, ауруға тұрақты өсімдік сұрыптарын шығару бағытында Қазақстан ғалымдары айтарлықтай зерттеулер жүргізді.

Қорғаушы заттар, антиденелер[өңдеу]

Организмнің зиянды микробтар енуіне қарсы тұра алатын ерекше бейімделушілігін организмнің табиғи төзімділігі (резистенттілігі) деп атайды. Бұған организмнің кез келген бөгде заттарға қарсы тұрып оларды жоюға қатысатын тері эпителийінің механикалық қасиеті, сонымен бірге ауру қоздыратын микробтарды жойып жіберетін бактериоцидтік заттар бөлуі, асқазан сөлінің микроб жойғыш қасиеті, шырышты қабаттардың, лимфобездердің қорғаныс қабілеті, көз жасының, сілекейдің микробтарға қарсы әсер ету қасиеті, қан сарысуының құрамында болатын қорғаушы заттар – фагоциттер, лизоцим, бактериолизин, т.б. жатады. Бұлар иммунитеттің жалпы әсер етуші факторларына жатады. Өйткені олар дені сау адамдар мен жануарлардың барлығында әртүрлі мөлшерде тұрақты түрде болады. Ал организмге зиянды микробтар (олардың улы заттары) түскенде оларды тікелей жоюға қатысатын ақуыз, яғни табиғаты, қорғаушылық қабілеттілігі өте күшті арнайы заттар – антиденелер (иммундық глобулиндер) түзіледі. Олар көк бауыр, бауыр, сүйек кемігі, т.б.ұлпаларында өндіріліп, қан арқылы барлық организмге тарайды. Мұндай антиденелер қандай затқа қарсы пайда болса, соны ғана жоюға қатысады. Олар иммунитеттің арнаулы факторларына жатады.

Жасанды және туа пайда болған иммунитет, иммунитеттеу[өңдеу]

Егу арқылы қалыптастырады. Жұқпалы ауруға қарсы ауру туғызатын бактрияриялардың немесе вирустардың, әлсіретілген немесе ультракүлгін сәулемен өлтірілген екпе түрін егеді. Мұндай жағдайда ауру жеңіл түрде өтеді. Организмде қарсы дене пайда болып, жасанды иммунитет тұрақты түрде көмектесу үшін құрамында дайын қарсы денесі бар малдың қан сарысуын егеді. Малдарға мөлшерін бірте көбейтіп, микробтарды жұқтырады. Ауық-ауық малдан қан алып, құрамындағы жасушалармен фибриноген нәруызын бөліп, емдік сарысу алады. бұл кезде иммунитет уақытша ғана қалыптасады.

Кейбір жануарлар мен адамның қанында организмді жұқпалы аурудан қорғайтын заттар іштен туа пайда болады, ондай иммунитетті туа пайда болған иммунитет деп атайды. Бұл қасиет тұқым қуалайды. Туған күнінен бастап, өзінің барлық тіршілік ету кезеңдерінде түзілетін организмнің қарсы тұру қабілеттілігін жүре пайда болатын иммунитет деп атайды. Ол табиғи және жасанды деп екіге бөлінеді (екеуі де белсенді және енжар болып ажыратылады). Бұл иммунитеттің табиғи жолмен түзілген белсенді түрі жұқпалы аурулармен науқастанып тұрғаннан кейін пайда болады. Әдетте, ол ұзақ мерзімге созылады, кейбір жағдайда өмір бойына сақталады. Мысалы, адамдар шешек, қызылша, т.б. жұқпалы аурулармен бір рет ауырып тұрса, екінші рет қайталап ауырмайды. Ал табиғи иммунитеттің енжар түрі нәрестеге құрсақта жатқанда бала жолдасы (плацента) арқылы, ал туғаннан кейін анасының сүтімен беріледі. Мұндай иммунитет ұзаққа созылмайды, сәби 1 жасқа келгенше сақталуы мүмкін.
Ауруды болдырмау үшін алдын ала егудің немесе биологиялық препараттар енгізудің нәтижесінде түзілген иммунитет жасанды иммунитет деп аталады. Егер де ондай иммунитет вакцина егуден кейін пайда болса – белсенді, ал дайын иммунды қансарысуын құйғанда пайда болса – енжар иммунитет дейді. Жасанды жолмен, яғни егудің нәтижесінде құралған белсенді иммунитет енжар түріне қарағанда, ұзағырақ (6 айдан бірнеше жылға дейін) сақталады. Мысалы, шешек ауруына, қызылша,туберкулез, сіреспе, күл, т.б. ауруларға қарсы егу. Ал сарысу енгізгеннен кейін пайда болатын енжар иммунитеттің 2 – 3 аптадан 1 айға дейін ғана тиімділігі бар. Мысалы, сіреспе, күл ауруларына, ботулизмге қарсы иммунды қан сарысуларын егу. Иммунитеттің түзілуіне бүкіл организм қатысады. Басқарушы және бағыттаушы орган – орталық жүйке жүйесі болып табылады. Адам мен жануарлар организмінде жасанды иммунитет туғызуға болады. Оны – иммунитеттеу деп атайды. Ол да белсенді және енжар болып екіге бөлінеді. Белсенді иммунитеттеу антигендерде – вакцина препараттарын (тірі микроорганизмдерден алынған) егу (теріге жағу, тері астына, ет арасына, мұрынға, ауызға тамызу) арқылы туғызылады. Иммунитет күші, қасиеті иммунитет туғызған вакциналық препараттың мөлшеріне, сапасына, дайындық мерзіміне байланысты болады. Белсенді иммунитеттеуді 1 – 2 жетіде қайталап егеді. Әсіресе, күшті әсер ететіні – бірнеше айдан не жылдан кейін егілген иммунитет. Енжар иммунитеттеуде қан не қан сары суына қосылған арнайы препараттарды тері астына, ет арасына егеді. Бұлар дайын антиденелер болады. Енжар иммунитеттеу бір айға ғана созылады. Сондықтан қызылша, күл, сіреспе, гангрена, тұмау, т.б. ауруларға арналған иммунитеттеуді қайталап егеді. Иммунитеттеу ветеринарияда да жиі қолданылады. Әсіресе, аусыл, жамандат, қарасан, кебенек, сарып, т.б. ауруларға қарсы жүргізіледі. Адам иммунитеті сыртқы орта және әлеуметтік жағдайларға, адамның жасына және жынысына байланысты болады. Адамның дене қызуы көтерілуі, салқынға шалдығуы, шамадан тыс қатты шаршауы, қайғы-қасіретке ұшырауы, ауыр жарақат алуы, әртүрлі ауруларға (әсіресе, эндокринді) шалдығуы, дұрыс тамақтанбауы,витаминдер және кейбір химиялық микроэлементтердің, фосфор, кальций тұздарының жетіспеушілігі – организмде иммунитеттің жақсы түзілуін тежейді

30.Жасушаларында өтетің иммунитетті қандай білесіз? Механизмі және қатысатың клеткалардың түрлері. Схемасын келтіріңіздер.

31.Екіжұмырткалық егіздірдің арасында трансплантацияны жасауға болама? Механизмді көрсетіңіздер.

Егіз, медицинада — жүкті әйелден екі, үш (кейде одан да көп) сәбидің тууы. Егізді көп жағдайда 18 жасқа дейінгі немесе 30 жастан асқан әйелдер көтереді. Егіз бала көтерудің тұқым қуалайтыны ғыл. дәлелденген. Егіз бір ұрық клеткасының немесе екі ұрық клеткасының ұрықтануынан да болады. Бір ұрық клеткасынан дамыған егіздің бір ғана бала жолдасы болады. Мұндай жағдайда бір жынысты егіз туады және бұлар бір-біріне өте ұқсас болады. Екі ұрық клеткасының ұрықтануынан болған егіздің бала жолдасы бөлек, екеуінің бірі ұл, бірі қыз не бір жынысты болады. Олардың ұқсас болмауы да мүмкін. Ал бірнеше ұрық клеткасынан дамыған жүктілік (екі не одан да көп ұрық клеткасының бір уақытта ұрықтануынан) кезінде әйелдің жүрек-қан тамыр жүйесінің қызметі бұзылады, аяқ ісініп, варикоз ауруы күшейеді, кіші дәретке баруы жиілеп, мезгілінен бұрын босанып қалуы мүмкін. Егізді ультрадыбыспен зерттеу арқылы жүктіліктің 6-аптасынан анықтауға болады. Егіз балалы ана әйелдер консультациясында ерекше есепке алынады. Егер әйелдің денсаулығы қалыпты жағдайда болса, жүктіліктің 36-аптасынан перзентханаға жатқызады. Мұндай әйелдерге айрықша қамқорлық жасалады, босанғаннан кейін егіз сәбилер мен ананың денсаулығы мезгіл-мезгіл тексеріліп тұрады.

Трансплантация (ортағасырлық лат. transplantatіo – ауыстырып салу) – адам мен жануарларда органдар мен тіндерді ауыстырып салу. Өсімдіктерде – өсімдіктер бөліктерін аналық өсімдіктердің басқа жеріне немесе басқа өсімдіктерге ауыстырып салу. Бақша өсіру мен эксперименттік зерттеулерде қолданылады.

Тарихы[өңдеу]

Трансплантация әдісі көне заманнан белгілі. Тері қабатының орнын ауыстырып салу әрекеті алғаш рет Б.з.д. 1500 жылы жасалған. Клиникалық тәжірибеде бұлшық еттті, сіңірді, қан тамырларын, жүйке талшықтарын, сүйек кемігін, т.б. ауыстырып салу жиі қолданылады. Трансплантацияның ерекше бір түрі – қан құю. Ең жиі алмастырылатын орган – бүйрек болып саналады.

· 1902 жылы австриялық хирург Е.Ульманн алғаш рет бүйректі Трансплантациялау операциясын жасады.

· Бұрынғы КСРО-да мұндай операцияны бірінші болып белгілі орыс хирургі Б.Петровский жасады (1965). Ол донор бүйректі шешесінен алып қызына салды, операция сәтті аяқталды. *Адамнан адамға жүрек алмастырудың алғашқы операциясын 1967 жылы оңтүстік африкалық хирург К.Барнард жасады. Пациент 18 күн өмір сүрді.

· Клиникада өкпені ауыстырудың алғашқы операциясын 1963 жылы америкалық кардио-хирург Дж.Харди (бір топ дәрігерлермен бірге) іске асырды.

· Қазақстанда органды Трансплантация операциясын тұңғыш рет М.Әлиев жасады.

Қазіргі кезде трансплантация экспериментті биология мен медицинада ауто- (өз тіндерін Трансплантациялау), гомо- (сондай түрдің донорынан Трансплантациялау) және гетеротрансплантация (басқа түрдің донорынан Трансплантациялау, мысалы итке қояннан) кеңінен қолданылады. мысалы экспериментті онкологияда (жануарларға тәжірибе жасауда) қатерлі ісік штаммдарын Трансплантациялау. Трансплантацияға қажетті орган не тінді трансплантат деп атайды. Мұны ауру адамның ең жақын туысынан немесе қайтыс болған адамнан (мәйіттен) жан-жақты медициналық тексеруден өткізген соң алады. Трансплантатқа қойылатын басты шарттар: мәйіт жас адамдікі болғаны жөн; қан қысымы қайтыс болғанша қалыпты деңгейде болуы; қатерлі ісік немесе жұқпалы аурумен ауырмағандығы; ауруханада қайтыс болуы (немесе адам қайтыс болар алдында бірнеше сағат ауруханада болғаны) қажет.

Трансплантация (transplantatіo – ауыстыру) – адам мен жануарда – бір организмнің (донор) мүше­лерін басқа организмге (реципиент) ауыс­ты­рып салу. Трансплантацияға тері, бұлшық ет, нерв, көздің мүйізгек қабығы, май және сүйек ткань­дары, жілік майы, жүрек, бүйрек, т.с.с. жата­ды.

Биология, эксперименттік (жануарға өткізіледі) және клиникалық медицинада транспланта­ция­ның ауто (өз тканьдарын трансплантациялау), гомо (сол түрдегі донордан трасплантациялау) және гетеротрансплан­тациялау (басқа түрдің доно­рынан. Мысалы, жануар­дан адамға) түрлері болады.

Донор – тірі адам немесе жүрегі тоқтап көз жұмған, апат­тан қайтыс болған (биологиялық өлім) мәйіт бола алады.

ҚАРАПАЙЫМ АДАМДАР ПІКІРІ:

М. АХМЕТОВА:

— Жақында теледи­дардан ана­сына бауырының жартысын беріп, анасын ажалдан құтқарып қалған жиырма бес жастағы үш баланың анасы жайлы естігенде қыздың ерлігіне тәнті бол­дым. Мұндай ерлік кез кел­ген адамның қолынан келе бер­мейтін шығар. Ал енді жол апатынан қайтыс болған бір адамның сау ағзаларын трансплан­тациялау ар­қы­лы төрт адамның өмірін алып қалған жаңалықты да естігенім бар. Бұл операцияның Сызғанов атын­дағы хирургия орталығында жүзеге асырылғанын да білемін.

Әрине, төсекке таңылып жатқан мыңдаған адам бөгде адамдардан алынған жүрек, бүйрек, бауыр және басқа да мүшелерінің арқасында ауру­ларынан айығып, өмірлерін жалғас­тыру бақытына ие болып, ел қатарлы өмір сүріп жатса, транс­план­тациялау ісін қолдауымыз керек шығар. Транс­плантация деген­ді естігенімізге көп бола қойған жоқ қой. Халыққа түсінді­ріп, осындай ота жасалып, өмір сүріп жатқан адам­дарды мысалға келтіріп, донор­лық деген не, соны түсіндіре білуі­міз керек шығар. Оның үстіне, қайтыс болған туысы­ның тәнін кескілет­кенді кім қалай­ды дейсіз. Қиын мәселе, дейтұр­ғанмен, сау ағзаның қызығын қара жер көргенше өмірге құштар адамзаттың көргені дұрыс деп ойлаймын.

Просмотров 2049

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!