Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Бактериалдық инфекциясымен байланысты лейкограммадағы пайда болатын өзгерістерін жазып берініз



 

Бактериялар (гр. bakterion - «таяқша») — тек микроскопта ғана көрінетін аса ұсақ жасушалар және олар көптеген әр алуан аурулар туғызады бірақ көбінесе нейтралды қызметті атқарады.


Бактерия - бір жасушалы организм, көбісі таяқша пішінді болып келеді. Бактерия негізінен түссіз тек кейбіреулерінде ғана аздап бояғыш заттар кездеседі. Фотосинтез құбылысы жүретін көк -жасыл қызыл түсті өкілдерін цианобактериялар деп атайды; ядросы, митахондриясы, пластидтері қалыптаспаған өте кішкентай біржасушапы организмдер[2].

Бактериялар – табиғатта ең көп тараған, негізінен бір жасушадан тұратын, оқшауланған ядросы жоқ, қарапайымдылар. Алғаш рет бактерияларды 17 ғасырда голланд ғалымы, микроскопты жасаушы – Антони ван Левенгук байқаған. 19 ғасырда бактериялардың құрылысы мен табиғаттағы рөлін француз ғалымы Луи Пастер, неміс ғалымы Роберт Кох және ағылшын ғалымы Джозеф Листер зерттеді. Бактериялардың жасуша құрамында тұрақты жасуша қабаты, цитоплазмалық мембрана, цитоплазма, нуклеоид, рибосома болады. Ядроның қызметін дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) атқарады. Бактериялар ядросымембрана қабығымен оқшауланбаған және онда хромотин жіптері түзілмейді. Бактериялар қарапайым бөліну арқылы көбейеді. Мысалы, 1 г қара топырақта 2 – 3 млрд. бактериялар, 1 г құмды топырақта 150 мың бактериялар, адам көп жиналған бөлме ауасының 1 м3-інде он мыңдай бактериялар тіршілік етеді. Олардың пішіндері әр түрлі: шар тәрізділерін – кокк, қосарланғандарын – диплококк, таяқша тәрізділерін – бациллалар, үтір тәрізділерін – вибриондар, таға тәрізділерін терроидтар, жүзім тәрізді шоғырланғандарын – стафилококтар деп атайды. Бактериялардың ұзындығы 1 – 20 мкм, ені 0,1 – 10 мкм, ал жіп тәрізділерінің ұзындығы 50 – 100 мкм-ге жетеді. Қолайсыз жағдай туғанда сырты қалың қабықпен қапталып спора түзеді. Бактериялар өте төменгі температурада (–1900С-та, ал споралары –2530С-та) тіршілік ете береді. Оларды өте жоғары температурада (+1000С-та) кептіргенде, кейбір түрлері (мысалы, гонококтар) тіршілігін тез жойса, дизентерия таяқшалары жеті тәулік, дифтериянікі отыз тәулік, туберкулездікі тоқсан тәулік, ал түйнеменің бациллалары он жылға дейін тіршілігін жоймайды. Бактерияларды ультракүлгін сәулелері ерітіп жібереді. Қышқылды, қантты, тұзды ортада тіршілік ете алмайды. Бактериялардың көпшілігі зиянсыз, ал зиянды түрлері көптеген жұқпалы аурулар (туберкулез, тырысқақ, көкжөтел, т.б.) тудырады. Бактериялар жасушасында өсімдіктер мен жануарлардың жасушасында болатын элементтердің барлығы кездеседі. Бактериялардың тіршілігінде ферменттердің атқаратын рөлі зор. Олардың бір бөлігі (эндоферменттер) бактерияларда синтез, тыныс алу процесін реттесе, ал екіншілері (экзоферменттер) бактериялар арқылы қоршаған ортаға бөлініп шығады. Сондай-ақ олардың тіршілік етуі үшін көміртек пен азот өте қажет. Бактериялар азотты белоктан, амин қышқылдарынан, аммоний тұздарынан, нитраттардан алады, кейбіреулері атмосфера азотын сіңіреді. Бактериялар көміртекті көптеген көмірсулардан, спирттерден, органикалық қышқылдардан, т.б. алады. Органикалық қосылыстардағы көміртекті сіңіретін бактерияларды гетеротрофты, ал атмосферадағы көміртекті сіңіретіндерді автотрофты бактериялар деп атайды. Бактериялар ауа бар жерде де (аэробты бактериялар), жоқ жерде де (анаэробты бактериялар) өсіп-өнуге бейімделген. Өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарын минералдандыру арқылы бактериялар табиғаттағы зат айналымына қатысады.

Мысалы, бактериялар өсімдік қалдығына әсер еткенде, оның құрамындағы крахмал, пентозандар, целлюлоза, пектин заттары су мен көмір қышқылына ыдырайды. Тірі организмдерге шіріту бактериялары әсер етсе, ондағы азот қосылыстары аммиакқа айналады. Ал топырақтағы нитрификациялаушы бактериялар аммиакты азот қышқылы тұздарына дейін тотықтырады. Бактериялар топырақ құнарлылығын қалыптастыруға, химиялық элементтердің геохимиялық жолмен алмасуына қатысады, антибиотиктерді, амин қышқылдарын, витаминдер мен ферменттерді, т.б. қосылыстарды түзеді. Бактериялар тамақ және жеңіл өнеркәсіптерінде (сүт тағамдарын әзірлеу, зығырды жібіту, т.б.) кеңінен пайдаланылады.

 

 

Көбінеседиарея деп – 24 сағат ішінде үш жəне одан да көп рет жиілікпен, үлкен дəрет көлемінің 200 мл/тəулігіне дейін жəне одан да көпке артатын сұйық жəне сулы үлкен дəретті атайды.

Жіті гастроэнтерит - симптомдарымен немесе белгілермен жəне де симптомдар жəне белгілерсіз диареямен мінезделеді: жүрек айну, құсу, уыттану симптомдары, дене температурасның жоғарылауы жəне іштің ауыруы. Балаларда, əсіресе кіші жастағы барлық диареялардың клиникалық көрінісі гастроэнтерит типі бойынша жүреді, жиірек спецификалық симптомдар болмайды, сондықтан да диарея сұйық үлкен дəрет жəне оның жиілігі пассажымен анықталады, кем дегенде күніне 3 рет.

 

Хаттама коды:PN-P-003 "Балалардың жіті гастроэнтериті"
Педиатрия саладағы медециналық пункттар үшін.

АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):

A09 Болжалды инфекциялар туындатқан диарея жəне гастроэнтерит.

A02 Өзге сальмонеллездік инфекциялар.

A03 Шигеллез.

A08 Вирустық жəне өзге де анықталған ішек инфекциялары.

A05 Өзге бактериалдық тағамдық уланулар.

Инфекция — микро және макроорганизмдердің қарым-қатынасының бір түрі. Оның негізіне инфекциялық агенттің организмге кіруі мен онда өсіп-өнуі жатады. Инфекция көп түрлі болады. Оған ауру белгісі білінбей-ақ қоздырғышты тасымалдаудан бастап ауру белгілері толық көрінетін ауруларға дейін жатады. Инфекция барлық органикалық материяға тән. Ол бөлек торшаға да, тұтас организмге де тән. «Инфекция» деп жайшылықта жұқпалы аурулар тобын немесе олардың белгілі бір түрін атайды

 

Кесінің резус – фактор теріс және анасының резус – фактор оң. Баласының резус-фактор теріс, гемолитикалық ауру пайда бола ма? Механизмді көрсетіңіздер.

Әке - өзінен туған немесе асырап алған баласы бар ер адам, туыстық қатынасты білдіретін ұғымның атауы. Әке туыстық терминдер жүйесіндегі түпқазық ұғым, өйткені қазақ шежіресінде жеті атаға дейін санау дәстүрінде санат әкеден басталады[1]. «Әке»деген сезімді ұмытар кім,- дей отырып құрметті әкелерімізге арналған «Әке – асқар тау» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. «Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз. Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз» дейді халқымыз, бүгінгі ашық тәрбие сағатымызда әке туралы ой қозғалады. Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке - отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез - құлқы, өзгелермен қарым - қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Отбасының пейіл - береке, ынтымағы үшін отағасының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелік рөлі де зор. Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына әкенің атқарар еңбегі ерекше. Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір - шапағат көзі – әке. Әкенің бұл рөлі бала - шағаның әкеге, анаға деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қас - қабағынан жанарынан танығыштықпен нығая биіктей береді.</ref>

Қазақ қоғамында әкенің алатын әлеуметтік орнына ерекше басымдылық беріледі. Олай болатыны отбасын материалдық игілікпен қамтамасыз ету, баланы сүндетке отырғызу, ұлды үйлендіріп отауын тігіп, еншісін беру, қызды орнықты жерге ұзату, жиендеріне жиенққұрық беру, сондай-ақ, балаларын сауаттандыру, оқытып, білім беруге мүмкіндік жасау т.б. мәдени-әлеуметтік маңызды жайттар әкенің мойнындағы үлкен міндет. Осымен байланысты әкені сыйлау, құрметтеу; оған қарсы келмеу отбасылық этиканың, қарым-қатынастың императивті әлеуметтік нормалары қатарына жатады[2].

Отбасы тәрбиесінде әке ұл балаға, ана қыз балаға жауапты болады. Сондықтан қазақтар «Ұлдың ұяты әкеде, қыздың ұяты шешеде» дейді. Алайда тұрмыстық жағдайдағы кейбір ішінара кездесетін ситуацияда әке мен баланың арасында қырын қабақ, келіспеушілік болғанда, тіпті әке жағынан әділетсіздік байқалса да, ол айыпты саналмайды. Ауылдың, әулеттің ақсақалдарының шешімімен баласы ондай әкені жеке үй етіп шығарады[

Резус-фактор[1] (rhesus) — адамдар мен макака-резус маймылының (аталуы осыған байланысты) эритроциттерінің құрамында болатын антиген. Резус-факторды 1940 ж. австриялық иммунолог К.Ландштейнер (1868 — 1943) мен америкалық ғалымА.Винер (1907 — 78) ашты. Адамдардың 85%-нда эритроцит құрамында оң Резус-фактор, ал 15%-нда теріс Резус-фактор. болады. Резус-фактор жүйесінде бірнеше әр түрлі антигендер, сондай-ақ Hr тобы болады. Осы топ пен резус (Rh) қосылып, ортақ жүйе Rh — Hr құрады. Rh-тің құрамында Д, С, Е, ал Hr-те д, с, е агглютиногені бар. Hr агглютиногені адамдардың 83%-нда эритроцит құрамында кездеседі. Резус-фактор тұқым қуалайды және өмір бойына өзгермейді. Қан құйғанда қан топтары сияқты Резус-фактор да қатаң есепке алынады, себебі, бұл кезде Rh — Hr агглютиногендер жүйесінде арнайы антидене түзіледі; организмге антигенді қайталап құйғанда, “антиген — антидене” реакциясы пайда болуы мүмкін, ал бұл организмнің қалыпты қызметін бұзады. Мыс., қанының Rh-ы оң реципиентке теріс Rh-ы бар қан құйылса, гемотрансфуз. реакция (адамның денесі қалтырайды, температурасы көтеріледі, белі ауырады) жүреді. Ал жүктілік жағдайында, ананың Rh-ы теріс болып, құрсақтағы нәрестенің Rh-ы оң болса, иммундық өзгеріс болуы мүмкін. Бұл құрсақтағы нәрестенің өліміне әкеліп, әйел түсік тастайды, мұны Rh-конфликт деп атайды. Егер мұндай жағдайда әйел аман-есен босанса да, кейін жаңа туған сәби тұқым қуалайтын қан ауруына шалдығады. Жүкті әйелдерде Rh-конфликт болмау үшін оларға антирезус-гамма-глобулин егіледі.

. Әрбір әйелдің өзіне тиісті қан тобын және резус-факторын анықтайды.

2. Егер жүкті әйел теріс-резусты топқа жатса, қаны арқылы антирезус, антиденелер титрін ай сайын анықтап отыру керек.

3. Күйеуінің қан тобын және резус-факторын анықтайды.

Сонымен қатар:

а) Тұңғыш жүктіліктегі сәбидің резус-факторы, қан тобы туралы мәлімет алады.

ә) Өткен жүктілік кезінде антирезус-антидене титрінің мөлшерін біледі және сәбидің гемолитикалық аурумен ауырған-ауырмағаны туралы мәліметтер алады.

б) Гемотерапия, иммунотерапия, иммунопрофилактиканы қолданған-қолданбағаны туралы мәліметтер алу қажет.

Ал жатырдағы нәрестенің күй-жағдайын, жүрек соғысын білу үшін ЭКГ, ФКГ, КТГ әдістерін қолданады. Қағанақ суының түсін, билирубиннің оптикалық тығыздығын, Рһ-тың өзгеруін анықтайды. Аминоскопияны кеңінен қолданады.

УДТ әдісімен нәрестенің қимылын, бауырдың және қағанақ суының мөлшерін, бала жолдасының қалыңдығын біледі. Бұл әдісті 20-22, 24-26, 30-32, 34-36 апта аралықтарында қолданған жөн. Негізгі емдеу жолы ­ ауыспалы қан құю (сәби қанын жіберіп, оны таза қанмен ауыстыру), фототерапия және инфузиондық (гемодез, плазма, т.б.) емдерді кеңінен қолданады.

АВО жүйесі бойынша иммунологиялық қайшылық ананың қаны 0 (І) топ, нәрестенікі А (ІІ) немесе В (ІІІ) топқа жатқанда пайда болады. Нәрестенің А және В антигендері ананың иммундық мүшелерін тітіркендіріп, иммундық антиденелер өндіреді. Бұл антиденелер толық, толық емес болып екі топқа бөлінеді. Толық антиденелердің молекулалары үлкен, ірі, плацентадан өтпейді, ал толық емес тобы одан жеңіл, өтіп кетеді, сондықтан АВО жүйесіндегі иммунологиялық қайшылықтың себепкері болады. Бұл қайшылық сирек кездеседі (7-10% ). АВО жүйесіндегі қайшылықта жатырдағы нәресте гемолитикалық аурумен өте сирек ауырады.



Просмотров 1096

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!