Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Антигендердің негізгі қасиеттері



Заттарды антигендер ретінде сипаттайтын негізгі қасиеттерге жатады: бөгделік, антигендік, иммуногендік және арнайылық.

Бөгделік - ағзаның әр түріне немесе жеке индивидумдарга арнағган антигеннің өзгешелігін көрсететін генетикалык, тағайындалған жеке қасиеті. Антигеннің берілген ағзаға бөгделігі, иммундық жүйенің ағзаны биологиялық агрессиядан қорғау сияқты негізгі қызметімен байланысты. Агрессия жиі микроағзалар, вирустар, паразиттер және олар бөлетін токсиндер түрінде байқалады; берілген микроағзалар және оның өнімдері жоғарғы тірі жандарға бөгделік болып табылады. Эндогендік агрессия (ісіктердің өсуі) жасушалардың белгілі бір бөгделік қасиетке (мысалы, ісік жасушаларының бетінде ісікерекшелік антигендердің экспрессиясы) ие болуымен де байланысты. Барлық жағдайларда антиген ағзага «өзіндік емес» ретінде танылуы қажет. Нәтижесінде антиген бөтен субстанция сияқты, ағзаға өте қауіпті молекула түрінде көрінеді. Р.В. Петровтың анықтауы бойынша,«антигендер бұл бөтен генетикалық бағдарлама алып жүруші биологиялық заттар мен молекулалар».

Антигендік - заттардың қандай бір иммундық серпіліс шақыру мүмкіншілігі: көп немесе аз мөлшерде антидене түзілуін, күшті немесе әлсіз көлемдегі жасушалық иммундық серпілістер шақыратын заттар. Антигендік антигеннің химиялық кұрылысына, беткей орналасқан детерминантқа, антигендерге жауап беретін клон кұрастыратын, жасушалар санына және антиген енгізілген ағзаның түрлік сипатына байланысты. Антигендік қауіптіліктің ерте белгісі ретінде маңызды, себебі ағзаға түскен қауіпті заттардың әсері бірден көрінбейді, ағза олардың потенциалдық агрессиясын тек антигендік қасиетінің болуымен таниды.

Иммуногендік - антигеннің иммунитет тудыру қабілеті. Бұл ұғым негізінен, жұқпаларға иммунитет жағдайын қамтамасыз, ететін микроб және вирус антигендеріне қатысты айтылады. Мысалы, дизентерия қоздырғышының антигендігі өте жоғары, сондықтан өзіне қарсы күшті иммундық жауап туғызады, бірақ оған қарсы айқыниммунитет өндірілмейді, себебі ұзак өмір сүретін жерде жасушалары түзілмейді. Сүзек вакцинасының антигендігі мен иммуногендігі өте жоғары, оны енгізген кезде көп мөлшерде антиденелер түзіліп, қуатты иммунитет пайда болады.

Атигеннің иммуногендігін көрсететін маңызды қасиеті молекула мөлшері. Полимерлік молекуланың салмағы жоғарлаған сайын, иммуногендігі артады. Антигендердің иммуногендігі олардың құрылысына (зарядына, қош иісті сақинаның болуына, қаттылығына) және мөлшері мен олардың ағзаға енгізу жолына байланысты.

Арнайылық - бұл антигендердің бір-бірінен айырмашылығын көрсететін антигендік ерекшелік. Антигендердің иммундық ерекшеліктері макромолекуланың барлық денесімен емес, антигеннің бетінде болатын детерминанттардың қасиетімен, олардың саны және молекулаларда табиғи антигендердің орналасуымен анықталады. Ағзадағы әрбір жасуша өзінің антигендік ерекшелігімен анықтайтын жеке химиялық құрылыммен сипатталады.

Антигендік арнайлықтың келесі түрлері ажыратылады: түр-аралық (типтік арнайылық), топтық, тіндік, сатылық, органоидттық.

  • Түр-аралық арнайылықжануарлардың қай түрге жататындығына, олардың генетикалық конститутацясына байланысты, яғни бұл ерекшелік, әр түрге жататын ағзалардың бір-бірінен айырмашылығын көрсетеді. Түр-аралық арнайылыққа қандай да болса арнайы антигендер емес, ағзада кездесетін көптеген заттар ие бола алады. Өзара жақын түрлерінде ұқсас түр-аралық арнайылық антитендері бар, ал алшақ түрлерінің антигендерінде - көп айырмашылықтары болады.
  • Типтік арнайылық— түр-аралық арнайылық секілді ұғым, бірақ микроб түрлеріне қатысты қолданылады (серологиялық варианттары-сероварлар, бір түрдің ішіндегі антигеноварлар анықталады).

Топтық антигендік арнайылық- даралардың бір түрінің ішіндегі әртүрлі топтардың ерекшелігі. Мысалы ретінде, адам эритроциттерінің изоантигендік жүйесі жатады, олар 15-тен астам, ал құрамына 100 шамасында антигендер кіреді; олардың негізгісі қан тобындағы АВО жүйсенің изогемагглютиногендері. Лейкоциттердің изоантигендік жүйесі (HLA),мүшелер мен тіндердің ауыстырып салуында маңызды орын алады, ол антигендердің гистосәйкестік жүйесі деп аталады. Ағзаның мүшелерін ауысты­рып салғанда(трансплантация) күшті гистосәйкестік антигендердің минималды айырмашылығына негізделіп, сәйкес донор мен реципиент таңдалады. Гранулоциттердің және тромбоциттердің изоантигендік жүйесі гемотрансфузия мен трансплантация кезінде маңызы бар. Изоантигендердің болуы ағзаның түрішілік жеке дара ерекшеліктерінің дәлелі болып табылады.

  • Тіндік арнайылық— бір ағзаның әр түрлі тіндеріндегі антигендік айырмашылық (миокард, өкпе, бауыр және т.б. антигендері).
  • Сатылық арнайылық- әр даму сатысында тұрған жасушалардағы антигендік айырмашылығы. Мысал ретінде, эмбрион интигендерін (а-фетопрогеин немесе сүйек кемігінің бағаналы жасушаларында және В-лимфоциттердің барлық дифференциялану кезеңдерінде болмайтын плазмалық жасушалардың антигені - РС-антнгенін) алуға болады. РС-антигені, тек антидене түзу кезінде плазмалық жасушаларда пайда болады.
  • Антигендердің органоидтық арнайылығы- әртүрлі жасушалар органоидтарының антигендік айырмашылығы (ядро, митохондрия, және т.б.).

Қорыта келе, әрбір тірі жасушалар өздерінің антигендік құрылысы бойынша, бұл ағзаға жатпайтын кез-келген басқа тірі жасушаларынан ерекшеленеді. Неғұрлым генетикалық туысқандығы алшақ болса, соғұрлым антигендік айырмашылығы көп болады.

Антигендер құрамы мен әсер ету механизмін зерттеудегі болған жетістіктер, қазіргі уақытта алдын ала белгілі қасиеті бар жасанды антигендерді жасау мүмкіндігін беріп отыр. Ол керек антигендік детерминанттарға антидене түзілісін жоғарылату, жасушалық кооперация үрдісін күшейту немесе тежеу, сәйкес антигенге төзімділікті шақыру. Осы қағидалар цитотоксикалық және цитостатикалық әсері жок жаңа иммунды депрессанттар жасауға пайдасын тигізіп отыр және арнайы қасиеті бар вакцина жасауға да мүмкіндік береді.



Просмотров 2628

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!