Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Фаунаның құрылымы мен салыстырмалы талдауы



Әрбір фаунаның өзіне тән әр жүйелік бірілктердің түр, туыс, тұқымдас және одан да үлкен таксондардан тұратын сандық құрамы болады, яғни басқаша айтатны болсақ жүйелік құрылымнан тұрады.

Фаунаны салыстыру немесе құрылымын қарастыру үшін онда кездесетін жануарлар топтары туралы өте ауқымды материал қажет.

Белгілі бір аудаданның немесе территорияның фаунасы туралы айту үшін, түрлердің тарау ерекшеліктерін қарастыруға келесідей терминдерді қолданады: эндемик, реликт, автохтон, бореальды, тропиктік, арктикалық, жерортатеңіздік, ортаазиялық, таулы-азиялық, европалық-сібірлік және тағы басқа.

Фаунаның салыстырмалы талдауын жасаған кезде оған тән белгілерді қарастырады: әр таксонның салыстырамлы қатынасы, эндемиктердің деңгейі мен өкілдері, таралудың экологиялық ерекшеліктері және пайда болу ерекшеліктері ескеріледі.

Қарастырылып отырған фаунада нақты таксондардың бар немесе жоқ екендігін және олардың саныжөніндегі мәліметті көрнекі гистограмма, диаграмма және т.б. түрінде өрнектеп, салыстырылып отырған фауналардың түр құрамын пайыздық қатынаста беруге болады, ол доминант таксондарды анықтауға көмектеседі.

Эндемиктер деңгейібелгілі бір фаунаның арнайы компоненті және ол кез келген басқа фаунадан өзгеше болып келеді. Егер кең таралған түрлер фауналардың арасындағы байланысты көрсетсе, ал эндемиктер айырмашылықтарын көрсетеді.

Эндемиктер аралдық фауналар мен құрылықтағы таулы аймақтардың фауналарында көптеп кездеседі. Эндемиктердің таксондық деңгейіне қарап фаунаның ежелгілігі мен салыстырмалы түрдегі жастығы туралы айтуға болады. Эндемик өкілдердің көптігі фаунаның қалыптасуының ұзақтығы туралы айтады, яғни жер шарының үштік дәуірден бастап экологиялық жағдайы аса көп өзгеріске ұшырамаған бөліктерінде автохтонды эндемик түрлер көптеп сақталады. Мысалы Оңтүстік Американың, Батыс Африканың және Оңтүстік-Шығыс Азияның тропиктік ылғалды ормандарын айтуға болады. Бұл фауналардың қалыптасуы барысында эндемик түрлермен қатар жануарлардың эндемик туыстары мен тұқымдастарыда қалыптасып үлгерген. Керісінше жас, төрттік мұздық дәуірінен кейін пайда болып қалыптасқан фауналардың (Европаның солтүстігі, Солтүстік Америка) құрамында эндемиткер кездеспейді.

Әр фаунаның эндемиктер деңгейі әртүрлі, мысалы Австралия фаунасында қалталы сүтқоректі жануарлардың 8 эндемик тұқымдасы кездессе, 270 құстар туысының 100-ден астамы эндемик болып келеді. Неотропиканың (Оңтүстік Америка) фауна құрамында сүтқоректілердің 17 эндемик тұқымдасы (эндемик түрлердің 80 %) мен құстардың 26 эндемик тұқымдасы (эндемик туыстардың 78 %) кездеседі. Ал тропиктік емес Евразия фаунасында тек 1 эндемик тұқымдасы ғана бар.

Реликтті эндемиктерге немесе палеоэндемиктерге ерте заманда ареалдары кең болып, қазіргі жағдайда тек белгілі территорияларда ғана сақталған жануарлар түрлері, туыстары, тұқымдастары жатады. Фаунада реликті эндемиктер оқшауланған жағдайда болады.

Реликті эндемик туыстар көп жағдайда бір, кейде бірнеше түрді ғана біріктіреді, сондықтан оларды монотиптік түр немесе туыс деп атауға болады. Экологиялық жағдай оларды салыстырамлы түрде ғана қанағаттандырады, әрине жағдай оның талаптарына сай келмесе ол түрлер ертеде құрып кетер еді. Бұл түрлердің ареалда таралуы теңбілдік сипатта, тығыз орналасып шектелген биотпотарда ғана мекен етеді. Фаунада эндемик түрлрдің болуы оларға қолайлы жағдай, геологиялық мағанада айтқанда, ұзақ уақыт бойында сақталып келе жатыр деген сөз. Эндемикке мысал ретінде Жаңа Зеландияда кездесетін гаттерияныSpheodon punctatus қарастыруға болады, ол Sphenodontidae тұқымдасы тұмсық бастылар отрядының жалғыз өкілі.

Таралу ерекшеліктеріне байланысты қаралып отырған территориядағы таксономиялық топтарға кіретін түрлер: таулық, далалық, шөл далалық, фондық, сирек, космополит және тағы басқалар болып бөлінеді.

Түрлердіңпайдаболуына болжам жасау және фаунаға кіру жолдарынанықтау үшінең алдымен фаунаның қандай элементтері зерттеліп отырған территорияда пайда болғанын және қайсылары басқа түр орталықтарынан келіп енгенін анықтау керек.

Түрдің автохтон екені анықталатын болса ол қай уақытта пайда болғанын анықтау дұрыс болады. Ол мәселені шешу үшін түрдің экологиялық жағынан қазіргі жағдайға сай келетіндігі мен палеонтологиялық материалдардың болуы шарт.

Ал иммигранттардың қай жақтан қалай келгендігін, фауна құрамына қашан кіргендігін анықтау қажет.

Осындай сұрақтар түрлердің ареалдары мен олардың таралу динамикаларын толығымен зерттеуді талап етеді. Иммигранттардың көп болуы фаунаның жастығын, ал аборигендердің көп болуы фаунаның ежелгілігін көрсетеді.

Фаунаның жасы

Кез келген фауна құрамына тек географиялық таралуы бойынша айырмашылықтары бар элементтер ғана емес, сонымен қатар жасы бойынша да айырмашылықтары бар элементтер кіреді. Олардың жартысы сол жерлерде пайда болса, қалғандары бастапқы даму орталықтарынан таралу нәтижесінде келіп түскен, дегенмен барлығы жер шарының дамуының әртүрлі эпохаларында пайда болған. Сол себепті:

1. Түрдің немесе туыстың жасын, яғни оның түр немесе туыс ретінде қалыптасқан уақытын анықтау керек;

2. Ол түрдің жергілікті фауна құрамына енген уақытын анықтау шарт.

Егер түр автохтон болатын болса бірінші сұрақтың жауабы екінші сұрақтың да жауабы болады.

Аллохтон түрлердің немесе миграциялап жүретін түрлердің жасы мен фауна құрамына енген уақытын анықтау басқаша болады. Түр пайда болу уақыты бойынша өте ежелгі болуы мүмкін, бірақ фауна құрамына кейіннен, пайда болу орталығынан таралу үрдісі барысында кіруі мүмкін. Оның нақты жасын тек палеонтологиялық материалдар болғанда ғана анықтау толық мүмкін болады. Ал көпшілік жануарлар үшін ондай материалдар жоқ.

Әдетте фаунаның қазіргі эколгиялық жағдайына байланысты және фауна құрамында болу уақытына байланысты бірнеше категориялы түрлер анықталады.

Аллохтон түрлер эволюциялық даму барысында басқа жерде пайда болып, миграция арқылы басқа жерге тұрақтанған түрлер, туыстар, тұқымдастар. Мысалы, опоссум Солтүстік Американың аллохтоны, өйткені бұл жерге Оңтүстік Америкадан келген түр. Қарама-қарсы түсінік автохтон түрлер.

Прогрессивті түрлер үшін фаунаның қазіргі жағдайы өте қолайлы, түр саны көп, ареалдар шекарасы кеңейуге бейім болып келеді. Оларға прогрессивті эндемиктер, аллохтон түрлер жатады. Мысалы, Ресейдің европа бөлігіндегі ор қоянды, Орта Азиядағы үнді қараторғайы майнаны және тағы басқаларды жатқызуға болады.

Консервативті түрлерге кезкелген фаунаның орта жағдайымен салыстырмалы тепе-теңдікте тіршілік ететін көпшілік түрлері жатады. Олардың ареалдары не кеңуге не тарылуға бейім емес. Түрлер саны белгілі бір орта бірлік маңайына болады. Биоценоздың тұрақты компоненті болып саналып, әртүрлі тіршілік орталарында бейімделген.

Реликтергеқарқынды даму және таралу сатысынан өткен түрлер немесе туыстар жатады, олар өткен геологиялық эпохаларда экожүйелерде маңызды орын алған түрлер немесе туыстар болуы мүмкін. Ал, қазіргі тіршілк ету жағдайлары талаптарына сай келмейді. Реликтер абсолюттік жасы бойынша өте ежелгі (гаттерия) немесе жас болуы мүмкін (мысалы, мұздық дәуірі реликтері — Орталық Европадағы ақ қоян).

Фаунаның құрылуы

Әр фаунаның өзінің тарихы бар. Фаунаның құрылуы немесе фауногенез өте ұзақ уақытта қалыптасады, кейде тұтас бір геологиялық периодты қамтиды. Бастапқы фаунаның келбеті, оның қай уақытта қалыптасқаны және қандай геологиялық уақытта көркейіп дамығандағы туралы нақты мәліметті қазба қалдықтар анық айтып береді. Мысал ретінде Сібірде табылған мамонттың қаңқа қалдықтары мен Монғолияда табылған динозаврлардың қаңқаларын атап айтуға болады.

Фауналардың қалыптасуы мен дамуы жайында зерттей, саралай келе Э. Майр (1965) фауногенездің 5 түрін ажыратуды ұсынды:

·Автохтонды адаптивті радиация— географиялық оқшауланған аудандарда бастапқы азғана қалыптастырушы түрлер негізінде белсенді түр қалыптастыру үрдісі. Осындай жолмен Австралияның қалталы жануарларының, Гавай аралдарының құстары мен жер бетіндегі былқылдақденелілер фаунасы қалыптасқан.

· Бір қайнар көзден қайталанатын немесе үздіксіз тізбектер түзу — тізбектер түзушілер бір материктен келгенде аралдарда фауналардың қалыптасу түрі. Осындай жолмен Оңтүстік Америкадағы Галапагосс вулкандық аралдарының фаунасы құрылған. Бұл түр бірегей өзендер жүйеісмен байланысқан кейбір көлдер фаунасына да тән.

· Бірнеше қайнар көзден қайталанған немесе үздіксіз тізбек түзудіфауногенездің негізгі түрі деп санауға болады. Осы жолмен Жер бетінің көптеген бөліктерінің фаунасы қалыптасқан. Мысалы, Африкада гондвандық автохтондық топтарды, Оңтүстік Америкадан шыққан оңтүстік азитаттық және европалық топтарды ажыратады. Ол топтардың Африкаға келіп қоныстануы әр түрлі кезеңдерде жүрген.

Бұл топтардың африкалық фаунаға келіп қоныстану уақыты әртүрлі: оңтүстік америкалық топтар африка құрылығына тек бор кезеңінде ғана келіп қоныстануы мүмкін (130 млн. жыл бұрын), ал европалық топтар тек плейстоцен кезеңінде ғана (2-2,5 млн. жыл бұрын). Аралдық фауналарда кейде әртүрлі қайнар көздерден, тіпті қарама-қайшы сипаттағылардан келіп қоныстанған формалар кездесуі мүмкін. Бұндай жағдайды Оңтүстік Атлантика аралдарынан кездестіреміз (Солтүстік Елена, Вознесения және тағы басқа аралдар) бұл жерлерде Африка мен Оңтүстік Америкадан келген қоныс аударушылар кездеседі.

Көлемді территориялық кедергілер арқылы ажыратылған екі фаунаныңкедергілер жойылғаннан кейін қосылуыфауногенезде өте сирек кездесетін жағдай. Мысалы, Оңтүстік Африкадағы Виктория көлі ылғалды кезеңдерден кейін келетін құрғақшылықтар арасында кеуіп көптеген ұсақ көлшіктерге бөлініп отырған. Осы көлшіктердің жеке тіршілігі кезінде фауна құрамы бір-біріне тәуелсіз дамып, олардың әрқайсысында жекеленген түрлердің пайда болуына әкеліп соққан. Cудың көбейуіне байланысты Виктроия көлі біртұтас болып біріккенімен оның фаунасы бірнеше дербес фауналардың қосындысы болып табылады.

Арнайы тіршілік ортасына бейімделуфаунаның құрылуының ерекше түрі болып саналады. Бір немесе бірнеше қайнар көздерден коллониялар құру барысында табиғи сұрыпталу жүріп нәтижесінде арнайы тіршілік ортасында (теңіз қойнауларында, терең үңгірлерде, оқшауланған тау шыңдарында және тағы басқа) түрдің пайда болуына әкеліп соғады. Бұл ерекше фауналардың құрылуына әкеледі. Осылайша Австралияда фауногенез құбылысы жүрген, бор кезеңінде сүтқоректілердің қайтадан қоныстануы Антарктида арқылы не Оңтүстік Америкадан, не Оңтүстік Азиядан жүрген. Қоныс аударушылар қарапайым қалталылар болған. Кейін миоцен немесе плиоценде (27-10 млн жыл бұрын) Азиядан плаценталы аңдар - су тышқандары ауып келген. Сонымен, қазіргі фауналардың құрамындағы автохтондар мен мигранттардың қатысу мөлшеріне қарап фауногенез құбылысын қарастыруға болады.

1.Эндемиктердің пайыздық мөлшері төмен ал кең таралған түрлердің көп болғанына байланысты фауногенез барысында миграциялық үдерістің белсенді болғандығын анықтайды.

2.Керісінше жоғары дәрежелі эндемиктердің көп болуы жергілікті түр түзуші үдерістің ұзақ болғандығының айғағы.

Қайталауға арналған сұрақтар:

1. Жануарлар географиясының зерттеу нысандары нелер?

2. «Фауна туралы түсінік» деген ұғымға түсініктеме бер.

3.Түрлер фунасының құрастыратындардың экологиялық табиғаты қандай?

4. Фаунаның өзіндік ерекшеліктері неде?

5. Фаунаның құрылымы мен салыстырмалы талдауы дегенді қалай түсінесің?

6. Реликтті түрлерге қандай жануарлар жатады, реликтке айналу себептері қандай?

7. Эндемиктер қандай жануарлар, олар қай жерлерде көптеп кездеседі?

8. Фаунаның жасы неге байланысты?

9. Прогрессивті түрлер деген не, оларға қандай түрлер жатады?

10.Консервативті түрлер деген не, оларға қандай түрлер жатады?

11. Фауналардың қалыптасуы мен дамуы бойынша, Э. Майрдың ұсынған, фауногенездің 5 түрін ата.

12.Фаунаның құрылуы неге балйанысты?

13. Фауногенез құбылысы дегенді қалай түсінесің?

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.Второв П.П., Дроздов Н.Н. Биогеография. / П.П.Второв, Н.Н.Дроздов. - М.:2001.- 301 с.

2.Кобышев Н.М., Кубанцев Б.С. География животных с основами зоологии. / Н.М. Кобышев, Б.С. Кубанцев. - М.:Просвещение.1988. – 182 с.

3.Нұрғазы Қ.Ш., Зоогеография. / Қ.Ш.Нұрғазы, М.Қ.Байбатшанов, Н.М. Өміржанова.- Алматы, 2010.



Просмотров 2341

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!