Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Рылықтық фаунаны аудандастыру 2 часть



1. Голарктика облысында жануарлардың таралу ерекшеліктері қандай?

2. Арктикалық облыс тарамғының фаунасына сипаттама бер.

3. Канада облыс тарамғына қандай ерекшеліктер тән?

4. Сонор және Евросібірлік облыс облыс тармақтарының жануарлар әлемінде қандай ерекшеліктер бар?

5. Жерортатеңізі облыс тармағы, Орталықазиялық облыс мен Маньчжур-Қытай тармақтары немен ерекшеленеді?

Нді-Малай облысы

Бұл облыс Азияның оңтүстік-шығыс материктік бөлігімен шығысында Бали, Сулавеси және Филиппинді қоса Малай архипеллагына дейін созылып жатыр. Солтүстігіндегі Голарктикамен шекарасы Гималай таулары арқылы өтеді, ол таудың оңтүстік беткейі Үнді-Малай облысына қарайды. Батыста үнділік фауна алдыңғы азия фаунасымен алмасады, бұл арада сызықтық шекара жүргізу қиынға соғады. Тар шөлдаласы екі фауна арасындағы өтпелі жолақты құрастырады, алайда одан солтүстікке қарай орналасқан Пенджаб және Кашмир өңірлері үндістандық фаунадан тұрады. Үнділік фауна элементтері Голарктикаға тереңдеп еніп жатыр. Шығыстағы өтпелі жолақ айтарлықтай жалпақ болғанымен шекара Хуанхэ және Янцзы өзендері бассейіні арқылы өтіп, Янцызы өзенінің сағасымен Тынық мұхитына келіп тіреледі, сөйтіп субтропиктік орманның солтүстік шекарасына сай келеді. Шығыс Азияның ландшафтының физикалық-географиялық кескіні өте күрделі болып келгендіктен солтүстік Амурға дейін аралас фауналық құрамнан тұрады.

Үнді-Малай толығымен тропиктік және субтропиктік белдеу бойында орналасқан, рельефі әр түрлі болғандықтан түрлі ландшафты береді. Батыс бөліктерінде нағыз шөлдалалар кездеседі.

Алдыңғы үндістанда шөптесін саванналар мен мәдени өсімдіктер өсірілген егістіктер көп. Облыстың қалған бөлігі субтропиктік және тропиктік орманмен қамтылған, олар аралдарда өте көркейген. Қытайда да өте үлкен алқаптарда мәдени өсімдіктер өсіріледі. Бұл ландшафтың әралуандығы оның фаунасының ерекше болуын, яғни ежелгі және біршама жас фауналық таксондарға бай болуын қамтамасыз етеді, алайды оларды сипаттау қиыншылықтар туындатады. Бұл Үнді-Малай облысының Мадагаскар және Эфиопия облыстарының арасындағы ежелгі байланыспен түсіндіріледі. Үндістан жартыаралы Карбон дәуірі кезеңінде Африканың құрамдас бөлігі болған Шығыс Африкамен, Антрактида және Мадгаскармен континенталды байланыста болған.

Үнді-Малай облысының фаунасы материктік сипатта: Эфиопия фаунасындай болмаса да өте бай және әралуан. Облыс фаунасының ерекшеліктері:

· Сүтқоректілер класынан кездесетін эндемиктер қатарына тек екі отряд жатады, олар жүнқанаттылар және ұзынтабандылар. Гиббондар немесе ұзынқол мешін мен тупайлар тұқымдастары эндемиктер қатарына жатады. Сонымен қатар маралдар, тиін, ұшан және қырғауылдар түрлері эндемиктер болып келеді.

· Эфиопия фаунасымен ұқсастығы кейбір жоғары деңгейлі жануарлар топтарының болуымен сипатталады: мысалы, пілдер, мүйізтұмсықтар, тартанаулы маймылдар, жартылай маймылдар, кесірттер, оленьоктар, мүйіз тұмсық құстар, питон және тағы басқалары.

· Неотропика облысымен ұқсастықтары қатарына тапирлар мен жанаттардың болуы жатады.

Жәндіктер фаунасы өте бай, олар ірі әрі алуан түсті болып келеді, мысалы көбелектер. Алайда олар америкалық тропиктік көбелектердің әралуандығынан қалып қояды. Жәндіктер фаунасының туыстары төрт мыңнан асады, туыстар деңгейіндегі эндемизм 40% құрайды. Сарышаяндар мен өрмекшітәрізділер фаунасы да көптүрлі, мысалы құс жегіш өрмекшінің дене ұзындығы 9 см (14-сурет).

 

14 – сурет–құсжегіш өрмекші (Mygale avicularia)

 

Балықтар фаунасы эфиопияның балықтар фаунасына ұқсас, бірақ тұқытәрізділер мен жайынтәрізділердің әралуандық орталығы болып табылады. Тұқытәрізділерден шамамен 2000 түр кездеседі. Су асты

 

15 – сурет – Маржанды гурами (Trichogaster leeri)

 

шытырман жерлерінде тіршілік ететін балықтарда көптеп кездеседі, олар атмосфера ауасымен тыныс алуға бейімделген. Бұл тұқымдасқа аквариумдарда өсірілетін балықтар да кіреді: гурами (15 – сурет), лялиустар және петушоктар және тағы басқалары.

Амфибиялар көптеп саналады. Олардың ішінде эндемиктер тек туыс деңгейінде ғана. Аса көп тарағандарының қатарына «ұшатын бақалар» да кіреді. Жіңішке ауызды бақалар жалпы оңтүстік жарты шардың облыстарына тән болып келеді.

Қосмекенділер фаунасында эндемизм тұқымдас деңгейінде. Оларға үлкен басты тасбақалар, құлақсыз кесел, қалқан құйрықты жыландар, ұзын тұмсық крокодилдер (эндемик түр ганг крокодилі немесе ұзын тұмсық крокодил) жатады. Нағыз крокодилдер Үнді Малай, Австралия, Эфиопия, Мадагаскар облыстарында таралған. Ал гавиал немес ұзын тұмсық крокодил тек Малака жарты аралы, Суматра мен Клмиантанада ғана кездеседі. Кесірткелер мен жыландар көптеп саналады. Усыз жыландардан ұзындығы он метрге жететін торлы питон болса, улы жыландардан кеңалқам жылан немесе кобраны атап өтуге болады, ол Голарктика облысында Орталық Азияға дейін таралған. Су жыландары тұқымдасына жататын дөң басты жылан Неотропикалық облыста да таралған. Қабыршақты сцинктер қатарынан артқы аяқтарымен жылдам жүгіретін ұшқыш дракондар қызығушылық тудырады. Құбылғылар немесе хамелеондар көп кездеспейді.

Құстар фаунасы көп, әрі әралуан. Тек бір листовкалар тұқымдасының 12 түрі эндемиктер қатарына жатады. Жалпы осы облыста кездесетін 600 туыстың шамамен 150 түрі эндемиктер. Тауықтәрізділердің бірқатар туыстары эндемиктер. Олардың қатарына тауыс және жабайы тауықтар жатады, бұлардан банкив тауықтары облыстың ормандары мен джунглилерінде кездеседі. Австралия облысында көптеп саналатын тотықұстардың материк пен Малай архипелагында бар жоғы 11 түрі кездеседі. Үлкен тұмсықты мүйіз тұмсық құстар мен қырғауылдар көптеп саналады.

Сүтқоректілерден жүнқанаттылар отряды эндемиктер қатарында, олардың жақын екі түрі ғана бар. Олар көлемі мысыққа ұқсайтын бунақденелі қоректілер, жарқанаттар мен жартылай маймылдарға ұқсас болып келетін жануарлар. Олардың тістері тамырында біріккен пластинкалардан тұратын тараққа ұқсайды, бұндай тіс басқа сүтқректілердің біреуінде де жоқ. Тропик және субтропик ормандарды мекендейді, мойын, дене, құйрық арасындағы жарғақ терілерін жайып жіберіп бір ағаштан екінші ағашқа қалықтай ұшып тіршілік етеді. Өсімдік текті қорекпен қоректенеді. Қалталы кус-кустар тек Сулавеси аралында ғана кездеседі.

Бунақденелі қоректілерден жертесерлер, кірпілер, көртышқандар кездеседі. Үндістан, Үнді Қытай мен Малай архипелагының батыс бөлігін мекендейтін тупайлар ерекше аңдар, олардың 6 туысы мен 65 түрі кездеседі, кей авторлар оларды бунақденелі қоректілерден бөліп приматтарға жақын бөлек отрядқа жатқызады. Олардың пішін аса үлкен емес, тиіндерге ұқсайтын, жартылай ағашта, жартылай жерде тіршілік етіп, жәндіктер мен жемістер, жұмыртқалармен қоректенетін аңдар.

Ұшандар отряд тармағының өкілдері мен жарқанаттар отряд тармағының өкілдері кең таралған.

Африка фаунасымен ұқсастығы бүкіл облыста таралған кесірттердің және африкалық пілдерден өзгеше пілдердің болуымен сипатталады. Олардың африкандық пілдерге қарағанда дене бітімі, құлақтары кішкене және үлкен бивни тістері тек аталықтарында ғана жақсы көрінеді, аналықтарының тістері еріндерінен сәл ғана шығып тұрады. Үнді пілдерін ежелден қолға үйреткен, бірақ үй жағдайында олар көбеймейді.

Кемірушілерден тышқантәрізділер көптеп саналады. Тиіндер мен ұшандарда көп, олардың дене пішіндері әртұрлі болып келеді. Нағыз жайралар да бар.

Күйіс қайырмайтындар нағыз шошқалармен сипатталған, европалық қабанға жақын туысы осы жерлердегі үй шошқаларының ата тегі болып табылады.

Оленькилерден екі түр кездеседі, киіктерден Алдыңғы индияға тән түрлері бар, ең ірі киіктің дене бітімі жылқымен бірдей, ол нильгау деп аталады және ерекше төрт мүйізді киік. Жартылай ешкілердің эндемик туысында екі түр бар. Оның бірі тар деп аталады, Гималай тауларының жоғарғы белдеулерінде кездеседі, екіншісі Оңтүстік Үндістан тауларын мекендейді. Нағыз ешкілерден кішкене мүйіздері мен сақалдарының болмауымен ерекшеленеді.

Нағыз күдірден немесе бұқадан гаур, гаял және бантенгтер кездессе, енекелерден үнді енекесі мен кішкене целебасс аноасы кездеседі.

 

16 – сурет – а) Гаур (Bos gaurus ) б) Гаял (Вos gavalus).

 

Үй енекесінің ата тегі үнді енекесі африкалық енекеден жалпақ, горизонтальды артқа қарай орналасқан мүйіздерімен ерекшеленеді. Ірі гаур (16-сурет, а) күдірі Индияның, Үндіқытай мен Малакка жартыаралының ормандары мен қалың шөптесін өсімдікті жазықтары, тау беткейлерін мекендейді. Оған өте ұқсас гаял (16-сурет, б) түзу, қысқа мүйізді болып келеді және Шығыс индияның ормандарын мекендейді. Екуіде жергілікті халықтың жартылай үй жануарлары болып саналады. Бантенг Бирма, Малакка мен Үлкен Зонд аралдарына тән. Оны үй жануары ретінде Явада да ұстайды. Үй ірі қара малдарымен бұлардың барлығы артында ұрпақ қалдыра алатын будандар бере алады.

Африкаға қарағанда бұнда мунтжак және аксис бұғылары көп кездеседі, кең тараған облыс шекарасынан шығып кетеді. Мунтжактар орташа пішінді мүйізінде бір ғана бұтақ тараған ерекше бұғылар. Аксистер шұбар қарапайым бұғылар, мүйізінде азғана ғана бұтақтары болады. Бұл арада сонымен қатар бірнеше нағыз бұғылар да кездеседі, олар кермаралдарға өте жақын.

Тақтұяқтылардан арасынан чепрочты салпыерін Малакка мен Суматраның батпақты ормандарында таралған, мүйіз тұмсықтардың бөлек-бөлек туыстарға жататын екі түрі кездеседі. Үндістан мүйізтұмсығының бойының биіктігі шамамен 2 метр, тұмсығындағы 1 мүйізі қалың тері қаппен жабылған, Үндістанның батпақты джунглиларында кездеседі. Ява мүйізтұмсығы біріншісіне қарағанда кішірек, оныңда 1 мүйізі болады. Суматра мүйізтұмсығы сырт пішіні бойынша африкалық мүйізтұмсықтарға ұқсас, Үндіқытай мен Үлкен Зонд аралдарын мекендейді, пішіні кіші, 2 мүйізді, денесіндегі терісі қатпарсыз.

Жыртқыштар түрлерге бай. Жолбарыс кездеседі. Ірбіс кең таралған, Индияның ашық саванналарында қабылан мекендейді. Сілеусін, сұр түсті қабылан, суматралық мысықтарда бар. Суматралық мысықтың тырнақтыры қабыландікі сияқты ішке тартылады. Үнді қасқыры евразиялық қасқырға өте ұқсас. Қызыл қасқыр, жолақты қорқау қасқыр, харза, итаю, шиебөрі, пальма сусары және шұбалаң құйрық кездеседі, олардың ішінде мангуст жыландарды қорек етеді. Африкадан айырмашылығы, Цейлоннан бастап Гималай тауларына дейінгі қалың ормандарда ірі, қара, сабалақ жүнді салпыерін аю кездеседі, ал Малаккада қысқа жүнді малай аюы кездеседі.

 

Сурет –17– а) Жіңішке лори б) Жуан лори

(Loris lydekkerianus); (Nycticebus coucang)

Үлкен қызығушылықты кіші және үлкен пандалар немесе бамбук аюы туғызады. Кіші панда – жанаттар тұқымдасының шығыс жарты шардағы өте алшақтаған өкілі. Үлкен панда жапон биолог зерттеушілерінің мәліметі бойынша жанаттар мен аюлардың арасындағы өтпелі түр болып саналады. Олардың ареалдары өте шектеулі: кіші панда Шығыс Гималайда, Шығыс Тибетте және Қытайдың жақын жатқан территорияларында кездессе, үлкен панда немесе бамбук аюы тек Шығыс Тибетте ғана таралған. Екеуіде орман жануарлары.

Жартылай маймылдардың екі түрі кездеседі – жіңішке және жуан лори (17-сурет).

Олар эфиопиялық жартылай маймылдар қатарына жатады. Жіңішке лори Цейлон мен Оңтүстік Индияның ормандарын мекендесе, жуан лори Үндіқытай, Зонд аралдары мен Филиппин аралдарының ормандарын мекен етеді.

Ұзынтабандылар бір түрден ғана тұрады, шектеулі аймақтарда ғана – Филлипин аралдары мен Малай архипилагында ғана тіршілік етеді. Бұл аса үлкен емес, көртышқанның көлеміндей ғана, үлкен домалақ басты, тұмсығы қысқа, үлкен көздері алдыға шығыңқы орналасқан жануарлар. Жұптасып ормандарда күндіз ұйықтар, түнде ағаштарда секіріп қозғалып тіршілік етеді.

Маймылдар эфиопиялық туыстарынан өзгеше, жіңішке денелі маймылдар мен макакалар болса, жіңішке денелі маймылдардың ішіндегі индустардың киелі маймылдары – гульман болып табылады, олар үлкен табындарымен Орталық және Солтүстік Индиядан бастап Гималай тауларының етегіндегі храмдардың маңында тіршілік етеді. Ұзын денелі, ұзын аяқты сымбатты жануарлар. Макакалардың денелері шымыр, алдыңғы аяқтарындағы бірінші саусақтары мықты әрі басқаларына қарама қарсы орналасқан, құйрықтарының ұзындықтары әртүрлі болады.

Үнді-Малай облысының шығыс жартысында ұзын қол маймылдың эндемик тұқымдасы кездеседі. Олар адам тәрізді маймылдарға ұқсас. Орташа денелі, құйрықсыз, қолдары ұзын, сол қолдарымен ағашта теңселіп тұрып 10 метрге дейін ұзақтыққа секіре алатын жануарлар.

Суматра мен Климантана аралдарының ормандарында Азияның жалғыз адам тәрізді маймылы орангутан кездеседі. Ұзын қолды, терісі ұзын жирен жүнмен қапталған, горилладан күші мен пішіні жағынан қалыспайтын маймыл.

Құрам бөлігі: Басқа облыстармен тығыз көршілік жағдайда орналасуына байланысты Үнді-Малай облысында басқа облыстар элементтері көптеп кездеседі. Түрлердің эндемиктік және әралуандығы Зонд облыс тармағындағы аралдарында сипатталған. Климантана аралында 11 мың, ал Ява аралында 6 мың түрлі жоғары сатыдағы өсімдіктер түрлері кездеседі. Голарктика облысының өкілдері Үнді және Бирман-Қытай облыс тармақтарында кездеседі. Осының барлығы Үнді-Малай облысынң түр құрамына шұбарлық береді. Фаунаның таралуы флораға байланысты болып келеді. Эндемиктілігі жағынан Малай архипелагы фаунасы басым болса, Филлипинннің фаунасы аралдық сипатта. Ландшафтың әралуандығы, үлкен аралдардың болуы мен басқа облыстардың орналасу жағдайы келесі фауналық облыс тармақатарына бөлуге әкелген:

Үнді облыс тармағы бүкіл Үндістанды шығысында Ганга және Брахмапутра өзендерінің дельтасына дейін қамтиды. Шри‑Ланка аралыда осы тармаққа кіреді, ол материктен салыстырмалы түрде, геологиялық уақытпен айтқанда, жуықта бөлінген болып саналады. Үндістанның Индпен түйісетін солтүстік батыс жазықтықтары Сахарадан бастап созылып жатқан, ыстық та құмды, шөптесін-бұталы өсімдікті шөлдалалардың шеткі шегі болып келеді. Қазіргі уақытта Инд даласы толығымен дерлік мәдени өсімдіктер алқаптарымен қамтылған.

Ганганың шығыс бөлігі құнарлы жерлер, толығымен ағаш текті өсімдіктермен пальма, бамбук және тағы басқаларымен қамтылған.

Гималай тауларының етегінде ит тұмсығы өтпейтін джунглимен қамтылған болса, ал тау беткейіне көтеріле флора бере ылғалды-тропиктік орманды пальма, банан, бамбук, папортниктер мен лиана өсімдіктерінен тұрады. Біртіндеп орман субтропиктік және қоңыржай орманмен алмаса бастайды.

Ылғалды тропиктік ормандар оңтүстік-батыс муссондар ықпалындағы Батыс Гат тауларында да бар. Декан тауқыраты құрғақ болғандықтан құрғақшылық мезгілде жапырағын тастайтын биік ағаш текті өсімдіктер тек тау шатқалдарында ғана өседі, ал Үндістанның ашық аймақтары саваннамен қамтылған.

Шри-Ланка ылғалды тропиктік ормандармен тек оңтүстігінде қамтылған. Қазіргі уақытта 1800 м биіктіктегі ормандардың барлығы шай плантациялары алқаптарымен алмастырылған. Платотәрізді тауды 1800- 2700 м теңіз деңгейінен биіктікке дейін мәңгілік жасыл аласа орман алып жатса, аралдың солтүстік бөлігінде саванналар жайқала орналасқан. Флораның эндемиктік деңгейі жоғары. Кездесетін 3100 түрлі жоғары сатыдағы өсімдіктердің шамамен 800 түрі эндемиктер.

Үнді-Малай облысының өзіне тән түрлерінен басқа бұл Үнді облыс тармағында голарктикалық және эфиопиялық түрлер де кездеседі: құбылғы, қабылан, газель, шұбар қроқауқасқыр, шиебөрі, нағыз кірпілер, қасқыр, кеңалқым жылан; құстардан – бұлдырық және турачтар. Қиыр батыс бөлігінде арыстан кездеседі. Басты эндемиктер қатарына – төрт мүйізді нильгау киігі мен тік мүйізді гарна, салпы ерін аю, маймылдардан – гульман жатады. Инд және Ганг өзендерінде ганг гавиалы мен ганг дельфині кездеседі, ол дельфиннің көзі көрмейді тек сезу қызметін атқарады.

Үндістанның оңтүстік жағының фаунасына жануарлардың келесі эндемик түрлері тән: сүтқоректілерден - жіңішке лори, бауырымен жорғалаушылардан жер астын қазып тіршілк етеін - тікенқұйрықты жылан.

Бирман-Қытай облыс тармағы Азия материгінің оңтүстік-шығыс бөлігін (Малакка аралынсыз), Тайвань, Хайнань аралдарын қамтиды. Ылғалы үлкен таулы өлкенің көпшілік жері мәдени өсімдіктер плантацияларымен қамтылған. Негізгі ормандар Үндіқытайдың тек таулардың адам аяғы баса алмайтын жерлерінде ғана сақталған. Құрғақ аудандар көбіне шөптесін өсімдікті алқаптардан тұрады, жылдың құрғақ мезгілінде жапырағын тастайтын сирек ағаштары бар алқаптар тек Бирма, Тайлан және батыс Аннама ойпаттарында ғана кездеседі.

Қарастырылып отырған облыс тармағында Үнді-Малай облысының фаунасының барлық тән қасиеттері бар. Ағаш тектес өсімдіктердің басым болуына байланысты бұл жердегі жануарлардың барлығы ағашпен байланысып тіршілік етеін болып келеді. Маймылдырдан жіңішке маймылдар, макакалар мен гиббондар, ағашта тіршілік ететін шұбалаң құйрықтылар, сусарлар, тиіндер мен ұшарлар, жүнқанаттылар, жуан лори, малай аюы, гаур, бантенг, гаял. Бұл жерлерде тек суматралық мүйізтұмсық кездеседі, ал Ява мүйізтұмсығы бұл облыс тармағында жойылып біткен және тек Зонд облыс тармағындағы Ява аралында ғана бар.Янцзы өзенінің сағасына 100 км жетпей Дунтинху көлінде қытай көл дельфині, ал Янцызы өзенінің төменгі ағысында қытай қолтырауыны кездеседі.

Ірі жыртқыштардан жолбарыс, ірбіс, сұр ірбістер кездеседі. Бұл жерлерде үлкен және кіші пандалар кездеседі. Бирма мен Тайландты чепрачты салпыерін мекендейді.

Зонд облыс тармағы Малакка жарты аралы мен Үлкен Зонд аралдарын: Суматра, Ява және Климантана аралдарының қасындағы ұсақ аралдарымен қоса қамтиды. Климаты ылғлды-тропиктік, ауа-райының ылғалы мол, ыстық. Ормандары қалыңдығымен әралуандығы жағынан тропиктік Американың ормандарымен бәсекелесіп, африка ормандарынан озып кетеді. Орман ағаштарының биіктіктері 45, 60, 70 м асады. Пальмалардың түр құрамы жүзден артық, ал кейбіреулерінің биіктіктері 100 метрден де асып кетеді. Бамбуктердің кейбіреулерінің биіктігі 30 метрден, діңнің ені 30 сантиметрден асатындары болады. Кейбір папортниктердің жапырағының жалпақтығы 6 метр шамасында. Барлығы лиана өсімдіктерімен оратылған. Банандар өте көп. Эпифиттер немесе қыналар жақсы дамыған.

Осы облыс тармағы толығымен аралдарда орналасқанымен оның фаунасы материктік сипатта, яғни бұл аралдар құрылықтан геологиялық жақын уақыт аралығында ажыраған. Сақалды шошқа, гиббондар, тупайлар мен тиіндер, көгершіндер көптеп саналады. Малакка мен Суматрада чапрачты салпыерін кездеседі, ол шығыс жарты шарда таралған жалғыз салпыерін.

Суматра гиббон-сиамангі эндемик, ол дене бітімінің үлкендігімен ерекшеленеді. Орангутандар Климантанада да Суматрадада бар. Климантананың эндемигі болып үлкен мұрынды «носач» маймылы саналады. Явада бір мүйізді мүйізтұмсық кездессе, Климантана мен Суматрада екімүйізді мүйізтұмсық тіршілік етеді.

Бауырымен жорғалушылардан гавиал қолтырауындары мен ұшатын дракондар, агама туысына жататын орташа кесірткелер кездеседі, олардың өте ұзарған қабырғаларында ұшатын қабыршақтары болады.

Ерекше ұшатын бақалар Климантана мен Явада да кездеседі, олар нағыз бақалар тұқымдасына кіреді, алдыңғы және артқы аяқ саусақтарының арасында жарғақтары болады. Секірген кезде барлық саусақтары тарбиып бақаның ауада қалықтауына ықпалын тигізеді.

Жалпы Үнді-Малай облысынң жануарлар фаунасына ауада қалықтап ұшатын түрлер тән болып келеді, жоғарыда аталып өткендерден басқа ұшандар мен жүнқанаттылар да кездеседі.

Филлипин облыс тармағы өзі аттас аралдар кіреді. Ормандары өте қалың емес, көбіне субтропиктік ағаштардан тұрады, солтүстік аралдардың тауларында қоңыржай климаттық ормандар қалыптасқан.Ландшафтжағынан жоғарыда сипатталған облыс тармағына ұқсас.

Фаунасы аралдық сипатта, яғни кедейлігі мен жеке топтағы жануарлардан тұратындығымен ерекшеленеді. Мысалы, облыс тармағының ең үлкен аралы Лусонда тышқандардың 7 эндемик туысы кездеседі, олардың 3 австралиялықтарға ұқсас. Австралиялық элемент болып осы жерде кездесетін какаду құсы да табылады. Жүнқанаттылар мен ұзынтабанды маймылдардың эндемик түрлері мен құстардан маймыл жегіш құстың туысыда жатады, үлкен денелі, ол үлкен тұмсықты жыртқыш құс.

Целебес облыс тармағы, негізгі аты Сулавесс, ылғалды тропиктік орманмен қамтылған, австралиялық түрлердің көптігінен кейбір ғалымдар бұл облыс тармағын Австралия облысына да кіргізіп жібереді.

 

18 – урет – а) Аноа енекесі б) бабирусс шошқасы

(Bubalus depressicornis); (Babyrousa babyrussa)

 

Бұл жерде кус-кустар кездеседі, бұл облыс тармағы қалталылардың таралуының ең солтүстік нүктесі болып табылады. Сулавесиде тиіндер, бұғылар, жертесерлер, кесірттер, тоқылдақтар, шұбалаңқұйрықтылар және т.б. кездеседі, яғни австралия облысына кірмейтін түрлер де кездеседі. Эндемиктер саны біршама: айдарлы павиан немесе макак, қарапайым енеке-аноа (буивол), өте үлкен ит тістері бар бабирусс шошқасы да кездеседі. Сонымен сулавеси фаунасы өтпелі жолақ болып табылады.



Просмотров 2066

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!