Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Рылықтық фаунаны аудандастыру 1 часть



Зоогеографияның маңызды міндеттерінің бірі құрылық пен мұхит аймақтарын оның фауналары арқылы сипаттау болып табылады.

Жер шарының бірнеше ерекше массивтерге бөлінген, олардың фаунасы ұзақ геологиялық уақыт аралығында бір-біріне тәуелсіз дамыған.


Құрылықтар арасында тікелей континетальды байланыстар болған, оны 3-суреттегі континенттердің мезозой эрасының ортасындағы орналасу күйінен көруге болады. Осыған орай әртүрлі құрылықтарда жануарлар мен өсімдіктердің ұқсас таксондарының өкілдері кездеседі, мысалы Африкада, Австралия және Америкада немесе Мадагаскар мен Оңтүстік-Шығыс Азия және тағы басқалары.

 

3 - сурет - Континенттердің мезозой эрасының ортасындағы күйі (http://ukhtoma.ru/puls1.htm сайтынан алынған)

 

Жер шарының түкпір-түкпіріндегі фауна құрамындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтар зоогеографиялық аудандастыруды, яғни зоогеографиялық облыстарды қалыптастыруды және оларды облыс тармақтарына бөлуді талап етеді.

Зоогеографиялық облыстарды бөлудің, анықтаудың негізгі әдіс-тәсілі болып – фауналардың салыстырмалы түрдегі ежелгілігі табылады (Африка фаунасы Сахарадан оңтүстікке қарай эоцендік сипатта болса, Оңтүстік Азия фаунасы – миоцендік сипатта және т.б.).

Ежелгіліктер басқа фауналардың тарихи байланысы мен таксономиялық ұқсастықтары да қарастырылады.

 

 

1- кесте - Жер шарының зоогеографиялық облыстарға бөлінуі

Патшалық Зоографиялық облыс атауы Облыс тармағы
Арктогей 1.Голарктикалық облыс 1 1 Арктикалық облыс тармағы
Канадалық облыс тармағы
Сонорлық облыс тармағы
Европалық-Сібірлік облыс тармағы
Жерортатеңіздік облыс тармағы
Орталықазиялық облыс тармағы
Маньчжур-Қытайлық облыс тармағы
Палеогей 2.Үнді-Малай облысы Үнді облыс тармағы
Бирман-Қытай облыс тармағы
Зонд облыс тармағы
Филлипин облыс тармағы
Целебес облыс тармағы
3.Мадагаскар облысы   -
4.Эфиопия облысы Батыс Африка облыс тармағы
Шығыс Африка облыс тармағы
Оңтүстік Африка облыс тармағы
Неогей 5.Неотропикалық облыс Патогония -Чилий облыс тармағы
Бразилия облыс тармағы
Орталық Америкалық облыс тармағы
Антиль облыс тармағы
Нотогей 6.Полинезей облысы   -
7.Австралия облысы Австралия облыс тармағы
Папуасс облыс тармағы
8.Жаңа Зеландия облысы   -

 

Бұл жағдайда фауналардың жүйелік ара қатынасының қатаң статистикалық жақындығы мен алшақтығы есепке алынады.

Отряд, тұқымдас, туыстардың жалпылығы немесе ерекшелігі қаралады. Зоогеографиялық аудандастыру неғұрлым ұсақталса (облыс тармағы, провинция және т.б.) соғұрлым қазіргі экологиялық фактордың әсері күшті болып келеді.

Ең алғашқы зоогеографиялық аудандастыруды қолдануды зоологиялық зерттеулерде пайдалана бастаған П.Склэтер (1875) мен А.Уоллес (1876) болды. Одан кейінгі ғалымдар Мензбир (1934), Cеменов-Тянь-Шанский (1936), Гептнер (1936), И. Пузанов (1938) және басқа ғалымдар болып табылады.

Қазіргі кездегі фауналық аудандастырулар әртүрлі авторлада түрлі зоогеографиялық жүйелер қолданылады, мысалы Н.А.Бобринский (1951), Н.А.Бобринский, Второв, Дроздов, (1979, 2001), Лопатин (1986) және т.б. Біз Н.А.Бобринскийдің ұсынған жүйесін кейбір өзгерістемен қолданамыз. Бұл автордың жүйесін келесі кестеден көруге болады:

Зоогеографиялық облыстардың шекараларын анықтау шартты түрде жүргізіледі. Тұрақты шекараны белгілеу тек ұзақ геологиялық уақыт аралығында өзгермей қалып, қазір екі түрлі ландшафтпен ажыратылған жағдайда ғана белгіленеді. Нақты шекара болмаған жағдайда біртіндеп бір фауна екінші фаунамен алмасады, яғни облыстар арасындағы шекара айқын болмағанда кең, өтпелі жолақты территорияны анықтауға болады. Ол өтпелі территорияларда көршілес жатқан екі облысқа да тән жануарлар араласып кездесе береді.

 

Голарктикалық облыс

Жер шарындағыфауналық облыстардың ішіндегі көлемі жағынан ең ірісі болып келеді. Ол бүкіл Европа, Солтүстік Африканы және Азияның үлкен бөлігін алып жатыр (оның тек оңтүстік-шығыс бөлігі ғана Үнді-Малай облысы құрамына кіреді, ал Оңтүстік Аравия Эфиопия облысына жатады) және бүкіл Солтүстік Американы қамтиды. Голарктикаға аралдардан барлық солтүстік аралдар, Азор, Мадейра, Канар, Жасыл Мүйіс және Жапон аралары жатса, ең қыйыр оңтүстікткегі Кюсю Үнді-Малай облысының арасындағы аралық фауналық сипатта. Оңтүстігінде Эфиопия, Үнді-Малай, Неотропикалық облыстармен шекараласады, олардың арасындағы шекара жер шарының ыстық және қоңыржай белдеулеріне сай келеді. Рельефі барлық үш құрылықтада шұғыл кескінделген ландшфты, ол өз кезегінде жабайы аңдардың тіршілік әрекеті үшін өте қолайлы жағдайлар туындатады.

Голарктика фаунасы салыстырмалы түрде жас, төрттік дәуірден бері қалыптасып келе жатыр және қалыптасуына төрттік дәуірдегі мұздықтар кезеңінің де әсері бар. Солтүстік Америка мен Евразия материктерінің фауна құрамында ежелгі Лавразия континентінің бірлігі мен ұзақ уақыттық Беринг бұғазы арқылы ұштасқан құрылықтық байланыстың ізі бар деуге болады.

Голакртиканың Эфиопия және Үнді-Малай облыстарымен континенттік байланысы, Солтүстік Америка арқылы Неотропикалық облыспен байланысуы солтүстікке оңтүстік флора мен фауна элементтерінің кіруіне көптеген мүмкіндіктер туғызады.

 

4 – сурет - Құрылықты зоогеографиялық аудандастырудың дүниежүзілік картасы

 

Барлық басқа облыстармен салғастырғандағы өте үлкен территориялық көлеміне қарамастан Голарктика облысының фаунасы салыстырмалы түрде кедей болып келеді. Ол табиғаттың қазіргі экологиялық жағдайы мен тарихи себептерге де байланысты.

Біріншіден,Голарктиканың үлкен территориясы тіршілік етуге қолайсыз шөл далалармен, биік Тибет таулары мен, мәңгілік Гренландия және басқа полярлық аралдар мұздықтар мен, тундра мен қамтылған.

Екіншіден,әлемдегі еңаумақты тайгалық ормандар тек мұздық дәуірінен кейін ғана пайда болған, яғни өте жас.

Үшіншіден,тайга және тундра өте аумақтымассивтер құрайды, олардың евразиялық бөліктері мұздық дәуір кезеңінде материктік жағасымен Беринг теңізі арқылы байланысып жатқан, яғни Голарктиканың фаунасының кедейлігі негізгі ландшафтың біртектілігімен, табиғат жағдайының қатаңдығымен, ұқсастығымен және жастығымен анықталады.

Голарктика облысының ерекшеліктері:

· Сүтқоректілерден Евразия мен Солтүстік Америкада 15 тұқымдас кездеседі, олардың ішінде эндемиктер қатарына жататындар: көртышқандар (облыс территориясынан Үндіқытайға ғана шығады), камшаттар (тек бір ғана евразиялық-америкалық туысы бар), қосаяқтар, жалмандар және сеноставкалар. Сүтқоректілердің эндемик отрядтары жоқ болғанымен кездесетін шамаммен 150 туыстың жартысы эндемиктер болып келеді.

· Құстардан эндемиктер қатарына құртәрізділер, гагаралар және мұнтазқұс жатады.

· Қосмекенділер ішінен құйрықтылар осы аймаққа өте тән болып келеді, олардың тек кейбір түрлері ғана Неотропикалық облыс пен Үнді-Малай облысының солтүстігіне өтеді.

· Балықтар класы өкілдерінің ішінен бекіретәрізділер отряды және албырт тұқымдасы эндемиктер қатарына жатады.

· Сүтқоректілердің кең таралған отрядтарының ішінен жартылай маймылдар, пілдер, мүйізтұмсықтар мүлде кездеспейді. Маймылдар тек Эфиопия және Үнді-Малай облыстарымен шекараларда ғана кездеседі. Тотықұстар обылыстың тек оңтүстік бөліктекрінде тіршілік етеді.

· Тек Евразия мен тек Солтүстік Америкаға ғана тән тұқымдастар алты-алтыдан.

Осы аталынып өткен ерекшеліктердің барлығы Голакртика облысының біртұтастығы мен оның жоғары жүйелік эндемик категорияларға өте кедей екендігін көрсетеді. Солтүстік Америка мен Евразияның флорасындағы эндемик өсімдіктердің ұқсастығы голарктика облысының тығыз байланысты екендігінің дәлелі.

Құйрықсыз қосмекенділерден бақалар аз кездеседі. Есесіне құйрықты қосмекенділер, Оңтүстік Америка мен Оңтүстік-Шығыс Азияға кіретін азғана саламандралардан басқасы, өздерінің таралуы жағынан тек Голарктикамен ғана шектеледі. Бұл жерде олар өте кең таралғанымен отряд жалпы азғана ғана түрлерді біріктіреді.

Бауырымен жорғалаушылар Голарктикада аз, алайда оңтүстікке қарай олардың саны көбейе түседі, бірақ эндемик тұқымдастар кездеспейді.

Құстардың арасында құртәрізділер тұқымдасының (сұр құр, құр, саңырау құр, ақ шіл және тағы басқалары) басқа тауықтәрізділерге қарағанда жіліншіктерінде қауырсындары қалың болып келеді, бұл суық климат жағдайына бейімделгендіктерінің белгісі, ал аталықтарының «тепкісі» жоқ (5-сурет, а).

 

5 – сурет - а) Ақ шіл б) Поляр гагарасы

(Lagopus lagopus); (Gavia immer)

 

Гагаралар – су құстары, тұмсықтары ұзын әрі күшті, аяқтарында жарғақтары бар, қанаттары нашар дамыған (5-сурет, б). Мұнтазқұстар жеке отряд құрайды, жиырмадан аса түрді біріктіреді, олардың барлығы теңіз құстары және үлкен коллония немесе құс базарларын құрып, тік жартастарда тіршілік етеді. Бұл құстар материктік фаунаның құрамына емес мұхиттық фауна құрамына кіреді, өйткені олар құрылықпен тек балапан шығару кезінде ғана байланысады.

Сүтқоректілердің ішіндегі қалталылар (опоссумдардың екі түрі) Солтүстік Американың оңтүстік бөлігіне ғана тән.

Жануарлардың бунақденеқоректілер тобы көртышқандардың үлкен әрі әралуан тұқымдасынан тұрады, бұл топтың құрамына суда тіршілік ететін жұпарлар да кіреді – ол екі эндемик түрді біріктіреді, кірпілердің оншақты түрі және көптеген жертесерлер кездеседі.

 

6 – сурет - Қызыл шақылдақ (Ochotona rufescens Gray 1842)

 

Жарқанаттар өте аз, ол аймақтың солтүстікке қарай орналасуы мен жәндіктердің сиректігімен байланысты болса керек. Итбас жарқанат барлық жерде кездеседі, олардың кейбір түрлері ғана Эфиопия мен Үндістанға кіреді.

Тиіндер тұқымдасына кіретін кемірушілер (тиін туысы, тараққұйрық сарышұнақ, сарышұнақ, суыр – соңғы үшеуі эндемиктер), камшаттар, жалмандар, тышқандар, көртышқандар, қосаяқтардың барлығы эндемиктер қатарына жатады.

Шақылдақтар Солтүстік Азияның және қоңыржай белдеудің таулы аймақтарында таралған, олардың бір түрі Шығыс Европаның далалы жерлерінде кездессе, екіншісі Солтүстік Америкада кездеседі (6-сурет).

Көнтабандылар тек екі түр – бір өркешті және екі өркешті түйелермен ғана сипатталған, олардың екеуі де эндемиктер.

Екі өркешті түйелер Орталық және Орта Азияда, сондай ақ Ресейдің европалық бөлігінің оңтүстік-шығысында үй жануары ретінде қолданылады. Олардың жабайы түрлері батыс Гобидің ең түкпірінде ғана сақталған. Бір өркешті түйе (дромадер, 7-сурет, а) тек үй жануары ретінде Солтүстік Африка мен Алдыңғы Азияда ғана кездеседі.

 

7 – сурет – а)Дромадер б)Европалық зубр

(Camelus dromedarius); (Bison bonasus)

 

Жұптұяқтылар салыстырмалы түрде аз. Шошқалар қабандармен сипатталған, олар шығыс жарты шарда жақсы таралған. Қуыс мүйізділердің ішінен нағыз қойлар мен ешкілер кең таралған және эндемиктер қатарына жатады. Бизондар да эндемиктер қатарына жатады, олар Солтүстік Америкада кездессе, екінші оған жақын түр зубр Польша мен Солтүстік Кавказда кездеседі (7-cурет,б).

Маралдар, солтүстік маралы мен бұғылар кең таралған және эндемиктер.

Таққұяқтылар тек үш эндемик түрмен ғана сипатталған: Пржевальский жабайы жылқысы - Жоңғарияда және құлан - Орталық, Орта, Алдыңғы Азияда және кианг - Тибетте кездеседі (8-сурет).

 

8 – сурет –Пржевальский жабайы жылқысы

(Equus ferus przewalskii)

 

Жыртқыштардың Голарктикадағы кездесетін барлық тұқымдастары оның өзіне аз сипатты. Шұбалаң құйрықтылар мен қорқау қасқырлар (бір түрі) Жерортатеңізі маңында кездеседі, жанат (бір түр) Солтүстік Американың оңтүстік жағында ғана кездеседі. Сусуар, қасқыр және түлкілер, аюлар, мысық тұқымдастылар кең таралған. Ақ, қоңыр, гималай аюлары, барс, сілеусін және бірқатар ұсақ мысықтәрізділер Голарктиканың эндемиктері болып табылады.

Шығыс және батыс Голарктиканы көптеген зоогеографтар айырмашылықтарына байланысты екі дербес облыс ретінде, Палеарктика африкалық-евразиялық бөлік ретінде және Неорактика солтүстік америкалық бөлік ретінде бөліп қарастыруды ұсынады. Алайда оларды дербес облыстар ретінде қарастыратын болсақ олардың арасындағы кең таралған өте көп түрлердің ұқсастықтарын көзге ілмеу болып саналады, мысалы қасқыр, түлкі, ақ түлкі, ақкіс, аққалақ, қоңыр аю, марал, бұғы, солтүстік маралы, ақ қоян.

Сонымен қатар, батыс және шығыс жарты шарлардың тундра зонасының өте ұқсастықтарына байланысты нақты шекара жүргізу мүмкін емес.

Екінші жағынан, екі жарты шардың оңтүстік бөліктеріндегі фауна құрамында айырмашылықтар да бар, ол айырмашылықтар Голарктиканың евразиялық бөлігіне Эфиопия және Үнді-Малай облыстарынан келіп кірген, ал америкалық жағына неотропикалық облыстан кірген кірме түрлерге байланысты болып отыр.

Сондай ақ, Голарктиканың оңтүстігіндегі Евразия мен Америкадағы дала, шөл дала, жалпақ жапырақты ормандар бір-бірінен алшақ ораналасса, тундра мен тайга Голарктикада біртұтас жолақ болып жатыр.

Голарктика облысы 7 облыс тармағына бөлінеді: Арктикалық (екі құрылыққа да тән), Канадалық, Сонорлық, Европалық-Сібірлік, Жерортатеңіздік, Орталықазиялық және Маньчжур-Қытайлық.

Арктика облыс тарамғы Полярлық теңіздер аралдары мен екі континенттің де тундрасын алып жатыр. Сүтқоректілерден лемминг, ақ аю, ақ түлкі, солтүстік маралы мен күдірқодас кездеседі. Құстардан көптеген туыстар бар – шағалалар, мұнтаз құс, қаздар, шалшықшылар, үйректердің кей туыстары, олардың ішінде маймақ қаз, поляр жапалағы, ақторғай және т.б. Бауырымен жорғалаушылар мен қосмекенділер жоқ деп айтуға болады.

Канада облыс тарамғын кейде Европалық-Сібірлік облыс тармағымен біріктіреді, бірақ онда евразияда кездеспейтін түрлер бар. Мысалы, кемірушілердің бірнеше туысы, ағаш жайралары болса, тұяқтылардан қар ешкісі, жәндікқоректілерден – кондилур көртышқаны (9-сурет, а), жыртқыштардан – скунс (9-сурет, б) пен таксидей борсығы кездеседі.

 

9 – сурет – а) Кондилур б)Жолақты cкунс

көртышқаны (Condylura cristata); (Mephitis мephitis)

 

Құстардан монтайшіл (Евразияның қйыр солтүстігінде де кездеседі). Облыс тармағына ерекшелікті панамерикалық тауарыстан мен колибри береді. Бұл облыс тармағы мен Сонор облыс тармағының арасындағы шекара айқын емес.

Сонор облыс тармағы фауна құрамында айырмүйізді антилопалар, көртышқандар, жанаттардың болуымен ерекшеленеді. Құстардан күркетауық, кракстар (10-сурет), айдарлы құмай, колибрилер, тиран, америкалық тағанақ, танагралар кездеседі.

Бауырымен жорғалаушылардан игуан мен улы тістілер (жалғыз

10 – сурет – Үлкен кракс ( Crax rubra)

 

улы кесіртке), миссисипилік қолтырауын кездессе, жыландардан ысқыруық жылан, қосмекенділерден – серен тұқымдасы кездеседі.

Европалық-сібірлік облыс тармағы бүкіл Европаны тек Пиреней, Апеннин және Балқан түбектерінің үлкен бөліктерінен басқа жерлерін қамтиды. Оның құрамына сонымен қатар Жерортатеңізі жағалауы да кірмейді. Оңтүтік Қырым, Альпы және Пиреней жерортатеңізі облыс тармағымен шекара болып есептелінеді. Шығыс шекарасы Кавказ тауларының етегімен өтеді. Каспий маңы мен волж-орал далаларын айналып өтіп, Тарбағатайға қарай жетеді, Алтай мен Саянды оңтүстігінен айналып Амурдың орталық ағысына 50° солтүстік ендігіне дейін келіп солтүстікке қарай Амурдың бастауын кетеді. Бұл облыс тармағына Сахалин да кіреді, Иессо аралының фаунасы аралық өтпелі сипатта. Эндемик таксондар аз. Ол жерлерге орыс жұпар тышқаны, зубр, бұғы, сілеусін, қоңыр аю, ақкіс, аққалақ, ала тышқан, сусар, камшат, ораман леммингі, қарақас, ұшар, аламан, бурыл тоқалтіс, тышқан тән. Құстардан: саңырау құр, құр, самыркеш, жапалақтар кездеседі. Бауырымен жорғалаушылар мен қосмекенділер өте аз кездеседі.

Жерортатеңізі облыс тармағы солтүстікте евросібірлік облыс тармағымен, ал оңтүстікте Эфиопия облысымен шектеседі. Орталықазиялық облыс тармағымен шекарасы кең өтпелі жолақ түрінде. Орта Азия фаунасы өтпелі сипатта. Тропиктік фаунаның келесідей өкілдері кездеседі: түйе, итаю, жолақты қорқау қасқыр, киік, мангустар, фенек ұсақ түлкілері, майбасар (облыс тармағының африкалық бөлігінде). Құстардан: түйеқұстар (облыс тармағының африкалық бөлігінде), тау шілдері, шөл бозторғайлары. Сүтқректілерден: соқыртышқандар, жер егеуқұйрығы, аламан, құм тышқандары, арқар, таукиіктер кездеседі. Бауырымен жорғалаушылар фаунасы бай: сцинк, жармасқы, ешкіемер, нағыз кесірткелер бар болса. Жыландардан: кобра және кейбір сұр жыландар бар. Қосмекенділерден нағыз саламандралар, құйрықты бақа, сұр құрбақа, ағаш бақалары тіршілік етеі.

Орталықазиялық облыс тармағы батыста Волж-Орал, Каспиймаңы, Калмақ далалары, Түркменстанды қамтиды. Шығысында Маньчжур-Қытай облыс тармағымен шектеседі. Тұяқты жануарлардан қодас, ақбөкен, құлан, жайран (11-сурет), дзерен, Пржевальский жылқысы кездеседі.

11 – сурет – Жайран (Gazella subgutturosa)

Жыртқыш аңдардан: қар барысы, жолақты қорқау қасқыр, қабылан, қызыл түлкі кездеседі. Жәндікқоректілерден ала жертесер, кемірушілерден: тарақ құйрық, селевиния, соқыр тышқан, дала алақоржыны, тау тоқалтісі, құм тышқандары мен аламандар кездеседі. Құстардан: тау құры немесе ұлар, тау құнағы, шөл жорға торғайы, шөл сандуғашы, тазқара, үнді қазы, джек вихляй кездеседі. Бауырымен жорғалаушылардан: кесел, ешкіемерлердің көптеген түрлері, жыландардан қарасұржылан және атпа жыландар кездеседі.

 

12 – сурет – а) Панда немесе б) Қызыл қасқыр

бамбук аюы (Ailuropoda melanoleuca); (Cuon alpinus)

Маньчжур - Қытай облыс тармағы Азияның шығыс бөлігін алып жатыр. Солтүстігінде Евросібір облыс тармағы мен шектеседі. Уссури аймағында Маньчжур-Қытай фаунасы сібірлік фаунамен араласып кетеді. Жапон аралдарының көпшілігі осы облыс тармағына кіреді. Облыс тармағының орталық және оңтүстік бөліктерінде, Меконг және Янцзы өзендері бастау алатын Тибет тауының батыс бөлігіндегі тау тізбегінде фауна осы облыстармағына тән. Сычуанда үнді-малай облысы фаунасымен араласады. Сүтқоректілерден бұл облыс тармағына ежелгі ерекше жертесерлер мен көртышқандар, тікенексіз кірпікшешен, жанаттар тұқымдасына жататын панданың екі түрі кездеседі, қызыл қасқыр (12–сурет), жанаттәрізді ит, харза, ілбіс, жолбарыс, тікенек құйрықты қарақас, бұраубас, горал, теңбіл марал, қодас, маймылдардың бірнеше түрі кездеседі.

Құстардан қырғауылдың көптеген туыстары мен түрлері бар, әртүрлі зымыран құстар, оңтүстіктік – тотықұстар, торғайтәрізділерден – ақкөзді торғайлар мен тимелилер мекендейді (13 – сурет).

 

13 – сурет – Жолақты тимелия (Garrulax lineatus);

Бауырымен жорғалаушылардан – көптеген жармасқылар, кеселдер кездеседі. Қосмекенділерден үлкен саламндарлар, әртүрлі бақалар, соның ішінде ағашта тіршілк ететін бақалар да кездеседі.

Голарктика облысының фауна құрамын қарастыру, қазақстан фаунасын зерттеу барысында маңызды орын алады. Голарктиканың территориясында фаунаға ерекше мән беретін таулы аудандар кешені көптеп орналасқан.

Қайталауға арналған сұрақтар:



Просмотров 3425

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!