Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Рылықтық фаунаны аудандастыру 4 часть



 

25 – сурет –Панголин (Pholidota)

 

Кемірушілер отрядынан бірнеше эндемик тұқымдас бар. Тікенқұйрықты тиіндерге ұқсас, кей белгілері бойынша ұшандарға келеді, құйрықтарының төменгі бөлігінде түктері жоқ, үшкір мүйізді қабыршақпен қапталған, ол ағашқа өрмелегенде көмектеседі. Тропиктік Африка орманындарында таралған, түнде белсенді тіршілік етеді.

Ұзынаяқтылар да тышқандарға ұқсас болып келеді. Олардан тек дене пішінінің ірілігімен ерекшеленеді, қояндармен пішіндес, құйрығы біркелкі мамық түкті. Африкада ылғалды ормандардан оңтүстікке қарай көптеп кездеседі, тропиктік шөлдала, жазықтықтар мен таулы аймақтарда таралған. Түнде белсенді, 2-3 метр ұзындыққа дейін секіре алады.

Материктің оңтүстік бөлігінде жер қазғыш тышқандардың бірнеше түрі кездеседі. Олардың барлығы жер астында тіршілік етуге бейімделген, біздің өңірлерде кездесетін соқыр тышқандарға ұқсас. Дене бітімі жұмыр, үлкен басты, күрек тістері өте үлкен, көздері өте кішкене, құлақтары жоқ, денесі қалың жібектей түкпен қапталған, құйрығы өте кішкене.

Дамандар отрядына аса үлкен емес, қоянның көлеміне келетін шөптесін қоректі, төртсаусақты, қысқа аяқты, саусақтарындағы тұяқтары жалпақ сүтқоректілер жатады. Көптеген белгілері бойынша дамандар түтік тұмсықтыларға өте жақын тұр. Табындалып өмір сүреді, үш туысты біріктіреді, олардың біреулері жартастар арасында тіршілік етсе, екіншілері ағаш арасында тіршілік етеді. Олардың барлығы Орталық және Оңтүстік Африкада кездеседі, тек бір түрі Аравия түбегінде кездеседі (26 – сурет).

26 – сурет – Дамандар ( Procaviidae)

 

Түтік тұмсықтылардан – тек африка пілі кездеседі, оның бойының биіктігі 3,5 м, аталықтары мен аналықтарында да күрек тістері мен құлақтары өте үлкен. Қазіргі кезде тек Сахарадан оңтүстікке қарай Замбези өзенінің бассейіне дейін кездеседі. Табындалып тіршілк етеді. Саванналар мен үлкен ормандарды мекендейді.

Жұптұяқтылар отряды көптүрлі, бірақ маралдар кездеспейді. Күйіс қайырмайтындар отряд тармағы эндемик тұқымдас су сиырлар немесе гипопатамдармен сипатталған. Олардың бойының биіктігі 4-5 м болса салмағы 2000-3000 кг, африкада кең таралған, қазір Кап облыс тармағы мен Орталық Нил өзенінің бассейінде жойылған. Материктің ортасындағы өзендер мен көлдерде қазірде көптеп кездеседі. Плейстоценде евразия материгінде де кездескен.

Шошқалар тұқымдасынан Эфиопияда шашақ құлақты немесе шұбар шошқалар мен сүйелділер (бородавочниктер) кездеседі. Бородавочниктердің беті өте үлкен, үш үлкен сүйел сияқты өсіндісі бар, саванналар мен бұталы далаларда кездеседі. Нағыз шошқалар кездеспейді.

Күйіс қайыратындар отряд тармағы үш тұқымдастан тұрады: оленьоктар, қуыс мүйізділер, керіктер. Оленьектар тұяқтылардың ішіндегі ең кішкенелері, пішіні қоянмен бірдей, қарындары үш бөлімнен тұрады, мүйіздері жоқ, күрек тістері жақсы жетілген, алдыға шығыңқы орналасады. Африкада су оленегі кездеседі, ол ылғалды тропик ормандарда тіршілік етеді, жауларынан су астына тығылып қорғанады.

Қуыс мүйізділер Африкада киіктердің көптеген түрлерінен тұрады, олар бірнеше тұқымдас пен туыстарды біріктіреді. Олардың арасында қояннан үлкен емес және жылқыдан да ірі және өте көрікті қарақұйрықтар түрлері, сиыр пішіндес канна атты түрлері де бар. Саванналарда, батпақтарда, ормандарда да тіршілік ететіндері кездеседі. Африкалық еліктерден гнудың жылқыныкі сияқты жалы мен құйрығы бар (27-сурет), ал сернобыктардың түзу немесе артқа қарай қайырылған мүйізі болады, кішкене карлик киіктер, батпақ ешкілері де кездеседі, олардың мүйіздері иірілген, олардың барлығы бірнеше немесе көптеген түрлермен сипатталған . Солтүстік Африкада кездесетін нубий ешкілері мен жалды қойлар жоқ. Каф енекесі Сахарадан оңтүстікке қарай таралған.

 

27 – сурет –Гну (Connochaete)

 

Керіктердің эндемик тұқымдасы екі түрден тұрады: керік және окапи. Керіктердің бойы 6 м – саванналарды мекендейді, биік ағаштардың жапрыақтарымен қоректенеді. Окапилер ылғалды тропик ормандарды мекендейді, сиырдың көлемінен ірі жануарлар, түсі жолақты.

Тақтұяқтылар отрядынан Эфиопияда үнді мүйізтұмсықтарынан өзгеше 2 мүйізтұмсық, жолақты эндемик жылқы – жолақ жылқыдан үш түр кездеседі. Екі мүйізді немесе қара мүйізтұмсық – саванналарды, ормандарды мекендейді, материктің оңтүстігінен бастап таралған, бірақ қазіргі кезде жойылып бара жатыр. Одан үлкенірек ақ мүйізтұмсық бой 2 м, ұзындығы 3,5 м қазіргі кезде өте аз қалған. Олар Оранжевый өзені мен Замбези аралығында тіршілік етеді, тек шөптесін өсімдіктермен ғана қоректенеді.

Кәдімгі жолақ жылқы Африканың саванналарында кең таралған. Кең құлақты таужолақ жылқысы, өте аз қалған, Кап провинциясында ғана кездеседі, ірі Греви жолақ жылқысы Эфиопия мен Самолида таралған.

Түтіктүстілер отряды бір туыс және бір түрден тұрады. Оларды бұрын толық емес тісітілерге жатқызылған, бірақ олардың құмырсқа жегіштерге ұқсастығы тек қорегінің құмырсқа мен термиттер болуына ғана байланысты, яғни конвергенттік қана сипатта, ал олардың ерекшелігі тістерінде болып тұр, тістерінің эмальі мен түбірі жоқ, әр тіс көптеген вертикаль орналасқан дентинді түтікшелерден тұрады, олар цементпен бір тіске біріккен. Түтіктер үстінен бітеу, астыңғы жағы ашық және жұмсақ тіс затымен толтырыдған. Олардың күшті алдыңғы аяқтары тек термиттердің ұяларын бұзуға ғана арналмаған, сонымен бірге жер қазуға да арналған, қазылған жерге олар қауіп төнген кезде тығылып қалады. Түтіктістілер Эфиопияның құрғақ саванналарда кең таралған.

Жыртқыштардан шұбалаң құйрықтар тұқымдасы он туыстан тұрады. Олардың барлығы мадагаскарлықтардан ерекше.

Қорқау қасқырлар (28 –сурет) жер бетінде үш түрден және екі туыстан тұрса, олардың барлығы Эфиопия облысында кездеседі. Нағыз өлексе жегіштер, жақтары өте мықты. Қорқау қасқырлардың Эфиопияда көптеп кездесетіндігін тұяқты жануарлардың көптігімен түсіндіруге болады. Шұбар қорқау қасқыр Эфиопияның эндемигі, материктің шетіне дейін таралған. Одан кішірек түр бурыл қорқау қасқыр Африканың оңтүстігіне тән, оған жақынырақ жолақты қорқау қасқыр Африкамен қатар Аравияда дәне Передняя Азияда кездеседі. Саванналар мен шөлейт және биік тауларға дейін көтеріледі.

 

28 –сурет – а) Шұбар б) Бурыл қорқау; в) Жолақты қорқау

қорқау (Crocuta crocuta); (Hyaena brunnea); (Hyaena hyaena).

 

Эфиопияның эндемигі жер қасқыры кең таралған, алайда барлық жерлерде аз. Сырт пішіні бойынша жолақты қорқау қасқырға ұқсас, желкесімен арқасында жалы бар, анатомиялқ жағынан қорқау қасқыр мен виверралардың аралығындағы жануар. Жемтік, термиттер мен жәндіктер дернәсілдерімен қоректенеді.

Мысық тектестерден тек Эфиопия облысына тән түр жоқ. Бұл жерлерде леопард, гепард, сервал, каракал және бірнеше ұсақ мысықтар кездеседі, олардың барлығы облыс территориясынан шыға таралған. Арыстан нағыз Африкалық аң. Бірақ Оңтүстік Батыс Азиядан Үндістанға дейін кездеседі. Александр Македонский заманында Балқан түбегінде де таралған. Қазір арыстандар материктің тек ортаңғы бөлігінде ғана кездеседі. Саванналар мен шөлейт жерлерде мекендейді.

Эфиопия облысы салыстырмалы түрде қасқырларға бай, олардың арасында эндемик туыс фенек түлкісі мен қорқау қасқыр иті атап өтуге болады. Фенек нағыз түлкіден аласа, құлақтары үлкен, облыстың солтүстік аймақтарындағы бұталы далаларды мекендейді.

Қорқау қасқыр иті қасқырмен бойы бірдей, үлкен шұбар теңбілді, сары, ақ, қара түсті, облыстың оңтүстік және шығыс бөліктерін мекендейді, табындалып ашық ландшафтарда кездеседі.

Сусарлар тұқымдасы өте кедей, эндемик түрлері жоқ. Конголев камшаты эндемик. Ламантиндер Конгаға дейін таралған, бір түрі Батыс Африканың тұщы суларында кездеседі.

Эфиопия облысында жартылай маймылдардың екі туысы ғана кездеседі – галаго және потто. Олардың екуіде эндемиктер лори тұқымдасына жатады. Эфиопия маймылдары мадагаскарлықтарға қарағанда үндістандықтарға жақын болып келеді.

Маймылдар эфиопияда өте көп түрлі. Жіңішке тұмсықтылар отряд тармағына жатады, олардың мұрындарының ішінде жіңішке танау аралық пердесі болады. Бұтақтардан ұстайтын құйрықтары жоқ, алдыңы аяқтары артқыларына қарағанда қысқа. Екі тұқымдасқа бөлінеді: төменгі сатыдағы жіңішке тұмсықтар немесе мартышкалар және адам тәрізді маймылдар. Эфиопияда олардың екі тұқымдасының өкілдері де кездеседі. Бұл үлкен тұқымдаста 15 туысы бар, Эфиопияға жартысы тән. Нағыз мартышкалар мен жуан денелі маймылдар ағаштарда тіршілік етеді, сонымен қатар ит басты маймылдардан павиандар, мандрилалар және т.б. кездеседі.

Нағыз мартышкалар – маймылдардың ең ірі туысы, 100 – дене аса түрі бар. Сымбатты, өте жылдам, ұзын құйрықты жануарлар. Ашық түсті шыбар. Экваторлық Африканың ылғалды тропиктік ормандарында таралған.

Жуан денелі маймылдардан бірнеше түр ғана бар, сырт пішіні бойынша мартышкаларға ұқсас, алдыңғы аяқтарының бас бармақтарының түбірі ғана бар.

Павиандар немесе ит басты маймылдар бірнеше ұқсас емес туыстардан тұрады. Олар барлық Эфиопия облысында таралған. Барлығы ағаштарда жақсы өрмелегендерімен, жалаңаш жартастарда тіршілік етеді, кейбіреулері орманмен байланысқан. Ұзын құйрықты бабуиндер ірі иттерден биік болып келеді, плащты павиандардың үлкен жалды болып келеді, мандрилалар батыс эфиопияда кездеседі, құйрықтары қысқа, шорт кесілгендей жоғары көтеріліп тұрады.

Адам тәрізді маймылдардың құйрықтары жоқ, Эфиопияда горилла және одан кішірек шимпанзелерден тұрады. Шимпанзелер экваторлық Африканың ылғалды торпиктік ормандарының батыс бөлігінде кездеседі. Гориллалардың ірі аталықтарының бойы 2 м, салмағы 200 кг жетеді, жұптасып тропиктіік ормандарда шектеулі ареалдарды ғана мекен етеді.

Құрам бөліктері. Эфиопия облысында үш негізгі фауналық бірлестіктерді ажыратады: Шығыс Африка облыс тармағының негізгі жануарлары саванналарды мекендейтіндер, тұяқтылар; Батыс Африка облыс тармағына ылғалды тропиктік ормандарды мекендейтін жануарлар тән, орталығы Конго; және Оңтүстік Африка облыс тармағына немес кап тармағы – шөл және шөлейт жердлерді мекендейтін жануарлармен сипатталған.

Осыған орай Эфиопия зоогеографиялық облысында 3 облыс тармағын ажыратуға болады.

Батыс Aфрика облыс тармағының территориясында Виктория, Тангаика, Ньяса ұлы көлдер мен Замбези өзені бассейіні ауданындағы Конго және Нигер өзендер бассейіндерінің аумағы еніп жатыр. Негізгі ормандық формация ылғалды тропиктік орман. Ормандардың көп ярусты болуына байланысты жануарлар бұл ормандарда «қабат бойынша» таралған. Жер бетінде шашақ құлақты шошқалар, африкалық оленек, орман киіктері-дукерлер, су сиырлар тіршілік етеді. Орман керігі окапи орман алаңқайларында жайылады, осы арада Африканың адам тәрізді маймылдарының ең ірілері – гориллалар мекен етеді. Конго өзенінің шығыс жағындағы орманда африкалық тауыс құстары жүреді. Ағаш ярустарында көптеген маймылдардан - колобустар, дианалар, моналар мен шимпанзелер, жартылай маймылдардан – галаго мен потолар тіршілік етеді. Ағаштан ағашқа ұшып нағыз және тікенек құйрықты тиіндер, ұшандар мекендейді. Ал бұтақтарда әртүрлә виверрлер мен кесірттер қоректерін аулайды.

Құстардан көгершіндер, тотықұстар, бананжегіштер, мүйізтұмсық құстар кездеседі, олар ағаш жемістерін қорек етеді. Ормандарда бунақдене қоректі құстар да көптеп кездеседі: бұл-бұл, зымыран құс (сумен байланысы жоқ), боздақ қстар, дрондар мен дернәсілқоректілер. Үнемі гүлдеп тұратын ағаштардан шырынжегіш құстар шырын мен қоса жәндіктерді де теріп жейді.

Бауырымен жорғалаушылардан Африкада құбылғылар көптеп кездеседі. Көптеген бауырымен жорғалаушылар жапырақ арасында қорек аулайтындықтан олар көбіне жасыл түсті болып келеді.

Шығыс Aфрика облыс тармағы екі жағынан Батысафрикалық облыс тармағын орап жатса, алатын аумағы бойынша оның территориясынан шамамен екі есе артып кетеді.

Батысафрикалық облыс тармағы тропиктік орманмен, ал Шығысафрикалық көбінде саваннамен қамтылған. Осы аталған үш облыс тармақтарының арасында кең өтпелі жолақтар бар.

Шығысафрикалық облыс тармағы — негізінен жоғарыда айтылғандай саванналар, Эфиопиядағы таулы ландшафтар әлемі. Саванналар Эфиопияның шамамен төрттен бір бөлігін алып жатыр. Нағыз тропиктік емес далалар мен ормандыдалалардан шөптесін өсімдіктер жамылғысының аздаған ғана түрлерден тұратындығымен және алып алқапта тек бір түр ғана басым болып келуі мүмкін, ал ағаш тектес өсімдіктер әралуан, шағын ормандар мен далалар кезектесіп орналасуы да мүмкін.

Нағыз саваннаның рельефі шоқылы болып келеді және биіктігі бірнеше метрге жетеін қатты шөптесін өсімдікпен қамтылған, олардың арасында баобабтар, мимозалар мен тамырлары шатыр сияқты қараған тектес өсімдіктер шашыраңқы орналасады, олардың арасында ағашқа ұқсаған сүттіген өсімдіктерін де кездестіруге болады. Құрғақшылық маусымда саванналар жалаңаш әрі тіршіліксіз болып көрінеді, себебі жәндіктер жоғалып кетеді, құстар мен тұяқты жануарлар кейде биік таулар етектеріне немесе үлкен өзен мен көлдер жағалауларына қоныс аударады, оларды арттарынан жыртқыштарда жосып кетеді. Алайда құрғақшылық пен ыстық өз шегіне жеткен кезде, көптеген ағаштар ашық жасыл түсті жапырақтармен көмкеріле қалады да оларда гүл сағақтары пайда болады. Ал жаңбырлы маусым басталысымен шөптесін өсімдіктер өте жылдамдықпен өсе бастайды, айналаның барлығы гүлге оранып балғын иістерін аңқытып, жәндіктер тіршілк қызығына ене қалады. Құстар ән салып, шалығындықтарда алуан түрлі еліктер мен керіктер, түйеқұстар араласқан табындар жайыла қалады.

Шығыс африкалық облыс тармағының негізгі ландшафты болып саванналар табылады, кей жерлерде ыстық шөлдалалар мен ылғалды тропиктік ормандар аралдары да кездеседі. Таулы ландшафтар тек Эфиопия таулы аймағында ғана кездеседі. Қарастырылып отырған облыс тармағына биік шөптесін қоректі аңдар кездеседі: піл, мүйізтұмсық, су сиырлар, керіктер мен енеклер, киіктер, алай немесе жолақ жылқылар кездескендіктен ірі жыртқыш аңдар да көптеп саналады, олардың арасында бірінші орынды арыстандар алады.

Оңтүстік Aфрика облыс тармағы. Солтүстік шығыс жағында Шығыс африка облыс тармағымен шектеседі. Бұл облыс тармағы шөл және шөлейт жерлерді алып жатыр. Фауна құрамы бойынша кедей. Омыртқасыздардың ішінде алғашқы трачеялылар Peripatidae реликт түрлерге жатады. Омыртқалылар фаунасы салыстырмалы түрде бай емес, себебі тропиктік ормандарда тіршілік ететін түрлерге бұл араларда қорек табыла қоймайды. Сүтқоректілерден жартылай эндемик алтын түсті тышқандар, түтіктістілер мен ұзынтабандылар кездеседі. Киіктер, квагга, виверр, бурыл қорқау қасқыр және т.б. кездеседі. Promeropinae тұқымдас тармағы эндемиктер, бұлдырықтар мен дуадақтардың көп түрі кездеседі. Адам іс-әрекетіне байланысты көптеген түрлер: мүйізтұмсықтар, жолақ жылқылар, керіктер, арыстандар, кейбір киіктер мен түйеқұстар солтүстікке қарай ығысқан немесе тек қорықтарда ғана сақталға.

 

Қайталауға арналған сұрақтар:

1.Батысафрикалық облыс тармағының территориясының шекараларын атап бер.

2. Шығысафрикалық облыс тармағының сипаттамасы қандай?

3. Облыстың құстар фаунасының қандай ерекшеліктері бар?

4. Сүтқоректілер фаунасына қандай аңдар жатады?

5. Бауырымен жорғалаушылары қалай ерекшеленеді?

6. Оңтүстік- Африка облыс тармағына сипаттама бер.

 

 

Неотропикалық облыс

Неотропикалық облыс бүкіл Оңтүстік жіне Орталық Американы, Вест-Индия, Галапагосс, Хуан-Фернандес, Фолкленд және Отты жер аралдарын қамтып жатыр. Неотропикалық облыстың солтүстік шекарасы Мексика тау қыратының оңтүстік беткейі арқылы өтеді, ол солтүстік ендіктің 20° нен оңтүстікке қарай, құрғақ далалар арқылы өтеді.

Мезазой кезеңінде Оңтүстік Америка Гонтвана құрылығының құрамында болған. Эоценге дейін (25 млн жыл бұрын) Африкамен байланыс сақталған, ал одан бұрынырақ Антрактида арқылы Австралиямен де байланыс болған. Палеарктикалық ықпал екі жақты болған, яғни Панама мойнағы арқылы байланыс палеоценге дейін (40 млн жыл) болса, кейін ол су астына кетіп, кейін плиоцен кезеңінде (1,5 млн жыл бұрын) қайтадан су бетіне шыққан. Сондықтан неотропикалық фаунада ежелгі лавразиялық өкілдер мен біршама жас плиоценнен кейінгі қоныстанушылар кездеседі. Орталық Америкада неотропикалық облысқа тән бірқатар түрлердің кездеспеуіне байланысты және солтүстік америкаға тән жануарлардың пайда болуына орай бұл ара өтпелі жолақ болып табылады.

Оңтүстік Американың бейнесін биік Анд таулары (теңіз деңгейінен 6000 м биіктікте) анықтайды, бүкіл құрылық бойы 9000 км солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатыр. Тек батыста ғана жағалауды, аллювиальды жазықтықтарды, ал шығыста бразилияның тау қыраттары мен жазықтықта алыстан көрінетін Внесуэланың аласа тауларын орасан зор ормандар мен пампасстарды бөліп жатыр .

Экватордан алшақтығы мен теңіз деңгейінен әртүрлі биіктіктерде ауытқып тұруы климаттың түрліше болуына әкеледі. Климат солтүстікте ылғалды ыстық, шығысқа қарай Анд тауларының ықпалынан құрғақ әрі қоңыржайлана бастайды, ал оңтүстікке жылжи бере шөлейттер басталады, Анд тауларынан батысқа қарай шөлейттер күрт көбейе түседі.

Патагония мен Отты жер аралдары ылғалды және суық климатпен ерекшеленеді. Анд тауларының батыс беткейі тік, осы батыс беткей мен Тынық мұхиты арасындағы жіңішке жағалау суық ағындар мен шайылып отырады да ол солтүстікте экваторға дейін жетеді. Суық мұхиттан соққан суық желдердің салыстырамлы ылғалдылығы ыстық құрылық үстінен өткенде оның ылғалдылығы төмендеп қалады да, сондықтан Перу мен Солтүстік Чилиге ешқандай жауын-шашын түспей қалады да сол жерлерде шөл далалар ормансыз биік таулармен алмасады. Керісінше Атлант мұхитынан келетін ауа ағыны су буына қанық сондықтан Анд тауларының шығыс бөлігінің ортаңғы бөлігіне жауын шашын мол түседі де қалың ылғалды сүйетін орманның қаулап өсуіне ықпал етеді, олар Амазонка өзенінің тропикалық ормандарымен шектеседі.

Кей жерлерде жауын шашын жыл көлемі жауып тұрса, кей жерлерде мүлде түспейді. Климаттың бұлайша құбылып тұруы біріншіден құрылықтың флорасына үлкен әсер етеді. Оңтүстік Американың бай флорасында 30 дан астам эндемик тұқымдастар бар. Эфиопия, Үнді-Малай, Австралия облыстарына да тән пантропикалық тұқымдастар мен туыстар көптеп кездеседі. Түрлер байлығы мен ерекшелігі жағынан Малай архипелагынан кейін тұрады.

Неотропиканың бай фаунасында барлық деңгейдегі тіпті отряд деңгейіндегі эндемиктер кездеседі. Амазонка өзенінің бассейіні эндемиктерге өте бай. Неотропикалық облыстың ерекшеліктері:

· Мүкіл тістілер (сауытты аңдар, құмырсқа жегіштер, жалқау аңдар) автохтондар, тек кейбір сауытты аңдар ғана облыстан солтүстікке қарай тысқары шығады;

· Көп күректісіті қалталылар екі тұқымдас: ценолестержәне опоссумдар тұқымдасымен ғана сипатталған, ценолестерэндемиктер;

· Кең танаулы маймылдарға жататын капуциндер тұқымдасы мен ойнақы маймылдар автохтон және эндемиктер;

· Бунақдене қоректілер отряды мүлде жоқ;

· Қансорғыш жарқанаттар тұқымдасы эндемиктер;

· Кемірушілер әралуан және олардың үлкен топтары эндемиктер;

· Күйіс қайырушылардан тек маралдар кездеседі;

· Көнтабандылардан ерекше түйелер немесе ламалар кездеседі;

· Қуыс мүйізділер мүлде кездеспейді.

· Құстар фаунасы көптүрлі және жоғары деңгейлі эндемиктер көптеп кездеседі: американдық түйе құстар (реа немесе нанду), тинаму, гоациндер отрядтары мен паламедей, кракс, тукан, американдық тазқаралар (облыстан солтүстікке қарай шығатын) отряд тармақтары, ал үлкен колибри тұқымдасынан кейбр түрлер ғана Солтүстік Америкаға шығады.

Энтомофаунатропиктік Америкада өте бай, эндемиктік деңгейі өте жоғары және гигант түрлер көптеген отрядтарда кездеседі. Жәндіктердің жалпы саны 5000 асады, олардың 60% эндемиктер. Қоңыздар мен көбелектер көптүрлі, әрі әралуан. Түстері мен ерекше пішіндері жағынан барлық облыстарды арттарына қалдырады.

Мысалы, агриппина көбелегі (29 – cурет, a) қанатын жазғандағы ені 27 см, геркулес қоңызының (29 – cурет, б) дене ұзындығы 15 см, ал мүйізінің ұзындығы дене ұзындығының жартысындай

 

29 – cурет –a) Aгриппина көбелегі б) Геркулес қоңызы

(Thysania agrippina); (Dynastes hercules)

 

Ерекше пішінділік басқа класстарға да тән. Топырақ планарияларының ұзындығы 6 м. Жауын құрттарының Glossoscolecidae тұқымдасының Неотропика облысында таралу орталығы, олардың ең ұзын өкілдерінің ұзындығы 2 м., өте ірі құс жегіш өрмекшілері де бар.



Просмотров 2416

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!