Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



азақстан Алтайының зоогеографиялық сипаттамасы



 

Алтайдың Қазақстан бөлігінде кездесетін қазғыш аралардың ареалдарына талдау жасау ареалдардың келесідей типтерімен кешендері болатындығын анықтауға мүмкіндік берді (Олардың атаулары Емельяновтың Палеарктиканың биогеографиялық бөлініуіне негізделген.

I. Голарктикалық кешен. Бұл кешеннің ареалдары көпшілік жағдайда солтүстік жарты шардың бореалды және субтропиктік белдеулерінде орналасқан Ескі және Жаңа әлемнің барлық елдерін қамтиды, олар Сахарадан, Гималай мен Мексикадан оңтүстікке қарай орналасқан және Үнді-Малай (Ориентальды) биогеографиялық облысына кірңкіреп жатады.

Голарктикалық кешенге қазғыш аралардың 17 түрі жатады. Олар ареалдардың 2 типінде таралады:

1. Голарктикалық түрлер (15 түр). Psenulus pallipes, Pemphredon inornatus, Passaloecus singularis, Rhopalum clavipes, Rh. coarctatum, Crossocerus annulipes, Ectemnius cavifrons, E, dives голарктикалық бореальды мезофилл түрлерге жатады; Pemphredon lethifer – бореальды-субтропиктік эврибионттар; Pemphredon montanus, Passaloecus gracilis, Trypoxylon figulus, Nysson spinosus, Argogorytes mystaceus және Ectemnius lapidarius - голарктикалық бореальды-монтанды мезофилдер.

Голарктикалық бореальды-монтанды ареалдар, бореальды-субтропиктік ареалдар сияқты, Голарктиканың эвбореальды, суббореальды және субтропиктік белдеулерінде орналасса, ал, бореальды-субтропиктіктен айырмашылығы, субтропиктік белдеу-де тек таулы территорияларды қамтиды. Барлық түрлер эврибионттар немесе мезофилдер болып табылады.

2. Голарктикалық-ориентальды (2 түр). Ectemnius ruficornis бореальды-монтанды мезофилге жатады, ал Е. continuus - бореальды-субтропиктік эврибионт.

II. Палеарктикалық кешен. Ареалдары Палеарктикалық биогеографиялық облысытң қыйыр солтүстігінен басқа және ауқымды жерін қамтиды, ал оңтүстігінде шекарадан шықпайды (39-сурет).

Палеарктикалық кешенге қазғыш аралардың 78 түрі жатады. Олар ареалдардың 6 типіне бөлінеді:

3. Транспалеарктикалық (25 түр). Crossoceus dimidiatus бореальды мезофилге жатса, Cerceris bicincta және С. tuberculata оңтүстік (суббореальды-субтропиктік) эврибионтқа жатады; Podalonia affinis, Crossocerus megacephalus, С. nigritus, С. podagricus, С. tarsatus, Ectemnius rubicola, Philanthus coronatus, Cerceris quinquefasciatus и С. Rybyensis бореальды-монтанды мезофилдер (оңтүстікте тек таулы аудандарда кездеседі); Ammophila campestris, A. heydeni, Diodontus minutus, Tachytes europaeus, Oxybelus quattuordecimnotatus, Entomognathus brevis, Crossocerus quadrimaculatus, Harpactus laevis, H. tumidus, Cerceris arenaria, C. rubida, C. ruificornis и С. sabulosa бореальды-субтропиктік эврибионттарға жатады.

39 - сурет - Транспалеарктикалық оңтүстік (----), транспалеарктикалық бореальды-субтропиктік (— —) және трансевразиаттық бореальды ( — ) ареалдар типі

 

4. Палеарктикалық-ориентальды (7 түр). Түрлер Палеарктиканың ауқымды жерлерін қамтып Үнді-Малай облысына кіреді, Раlmodes occitanicus, Podalonia hirsuta, Ammophila sabulosa, Tachysphex роmpiliformis бореальды-субтропиктік эврибионттар, Crossocerus distinguendus және Ectemnius schlettereri - бореальды-монтанды мезофилдер. Crossocerus strangulatus Палеарктиканың орта тұсында және Үнді-малай облысының батыс бөлігінде таралған. Бұлар таулы мезофил, ал ареалдың солтүстік бөлігінде жазықтықтар мен қыраттар және өзен аңғарларында кездеседі.

5. Батыс – және батыс-ортапалеарктикалық (38 түр). Ареалдар Палеарктиканың батыс бөлігін қамтиды, батыс палеарктикалық түрлердің шығыс шекарасы болып Тынық және Атлант мұхиттарының әсерін бөліп тұртын, шамамен Енисей арқылы, одан әрі Тянь-Шань және Инд өзенінен батысқа таман өтетін шекара болып табылады /1/, ал батыспалеарктикалық түрлердің шығыс шекарасы одан әрі жылжыған, бірақ шығыс континентальды климаттың секторы көлемінен шықпайды (40-cурет).

Sceliphron destillatorium, Tachysphex incertus, Solierella compedita, Tripoxylon scutatum, Lindenius pigmaeus, Ammatomus coarctatus, Stizus ruficornis, Cerceris eryngyi, C, flmbriata, C. flavilabris батыспалеарктикалық оңтүстік эврибионттар; Gorytes laticinctus, G. quinquefasciatus, G. quinquecinctus, G. sulcifrons және Cerceris interrupta — батыспалеарктикалық бореальды-монтанды мезофилдер ( суббореальды белдікте таулы жерлерді мекендейді). Tachysphex obsoletus, Tachysphex grandii, T. nitidior, Т. psammobius, Tripoxylon attenuatum, Crossocerus mgatulus батыспалеарктикалық бореальды-субтропиктік эврибионттар топтарын құрайды. Субтропиктік белдікте олар тек таулы жерлерде ғана емес, жазықтықарда да кедеседі.

 

40 - сурет - Батыспалеарктикалық оңтүстік (—), батыспаоеарктикалық бореальды-субтропиктік (----) және батыспалеарктикалық суббореалбды (- - -)ареалдар типтері

 

Philanthus dufouri батысопалеарктикалық суббореальды ареалдыл (далалық мезоксерофил). Sphex rufocinctus, Tachysphex tarsinus, Bembix oculata, Cerceris bupresticida және С. circularis батыс-палеарктикалық оңтүстік эврибионттар. Lestica clypeata және Gorytes albidulus субтропиктік белдеуде таулы жерлерде кездеседі, батыс-ортапалеарктикалық бореальды-монтанды эврибионт.

Ammophila terminata, Tachysphex consocius, T. fulvitarsus, Т. helveticus, Т. nitidus, Lindenius albilabris, Psammaecius punctulatus, oplisoides punctuosus және Bembix rostrata батыс-ортапалеарктикалық эврибионттар, бірақ жоғарыда аталған топ өкілдеріне қарағанда, субтропиктік белдеуде тек таулы жерлерде ғана емес жазықтықтарда да кездеседі.

6. Ортапалеарктикалық оңтүстік (3 түр). Podalonia fera, Bembix bicolor и Cerceris hohlbecki мезоксерофилдер мен ксерофильды эврибионттар тобына жатады (41-42 суреттер).

7.Орта-шығыспалеарктикалық бореальды түрлер.

Ареалдардың батыс шекарасы Алтай арқылы өтеді. Бұл типке тек 1 ғана мекзофильды түр: Philanthus hellmanni жатады.

8. Эфиопиялық-палеарктикалық (5 түр). Prionyx kirbyi және Tachysphex helveticus эфиопиялық - транспалеарктикалық эврибионттар, Prionyx subfiiscatus - эфиопиялық - транстаолеарктикалық - ориентальды эврибионттар, Philanthus triangulum – эфиопиялық - батыспалеарктикалық эврибионт және Tachysphex panzeri - эфиопиялық - батыспалеарктикалық –ориентальды эврибионттар.

  41 - сурет –Батыс-ортапалеарктикалық оңтүстік ( ) және батыс-ортапалеарктикалық бореальды-субтропиктік (---) ареалдар типі  

III. Евразиялық ареалдар комплексі. Ареалдар Евразияның бореальды және субтропикті белдеулерін қамтиды, бірақ Африкаға кірмейді. Комплексте 5 ареалдар типі 61 түрді біріктіреді.

9. Трансевразиялық комплекс (25 түр). Palarus variegatus және Cerceris albofasciata трансевразиялық оңтүстік эврибионттар тобын құрайды; Mimesa bicolor, M. lutaria, Mimumesa dahlbomi, M. unicolor, Pemphredon lugubris, P. rugifer, Passaloecus clypealis, P. monilicornis, Trypoxylon clavicerum, T. fronticome, T. medium, Rhopalum gracile, Crossocerus exiguus, Crabro cribrarius, Ectemnius spinipes, Mellinus crabroneus, Nysson trimaculatus трансевразиялық бореальды мезофилдер тобын құрайды.

Diodontus tristis, Crossocerus vagabundus, Ectemnius borealis, Nysson maculosus, Cerceris quadrifasciatus трансевразиялық бореальды-монтанды мезофилдерге жатады (немесе ксеромезофилдер). Lestica alata -трансевразиялық бореальды-субтропикті эврибионт.

10. Батысевразиялық (19 түр). Palmodes strigulosus, Harpactus elegans, Stizus fasciatus және S. perrizii оңтүстік мезо-ксерофилге жатады немесе ксерофильды эврибионттар; Podalonia luffl, Lindenius parkanensis және Cerceris impercepta - далалық суббореальды мезо-ксерофилдер;

 

 

42 - cурет - Ортапалеарктикалық оңтүстік ( — ) және орта-шығыспалеарктикалық бореальды ( — — ) ареалдар типі

 

 

Mimesa nigrita, Crossocerus ovalis, Ectemnius guttatus, E. lituratus, Nysson variabilis, Harpactus affinis - бореальды мезофилдер; Crabro scutellatus, Lestica subterranea — бореальды-монтанды мезофилдер; Brachystegus scalaris - бореальды-субтропикті эврибионттар; Cerceris amotorensis және С. stratiotes — суббореальды-монтанды шалғынды-далалы ксеро-мезофилдер (43-45 суреттер).

11. Батыс-ортаевразиялық (9 түр). Lindenius panzeri, Еctemnius сrassicornis, Philanthus venustus, Diodontus insidiosus және Cerceris flavicornis оңтүстік ксерофильді эврибионттар; Nysson dimidiatus - бореальды-монтанды ксеромезофил; Mimesa vindobonensis суббореальды шалғынды-далалы ксеромезофил; Diodontus luperus және Ammophila pubescens - бореальды мезофилдер.

12. Шығысевразиялық бореальды (1 түр). Lestica camelus Алтайдан Қыйыр Шығысқа дейін таралған. Мезофил.

13. Ортаевразиялық (4 түр). Бұл типке сібір-шығысқазақстан-монғолдық бореалды мезофилдік түр Crabro sibiricus, қазақстандық-сібір-монғолдық далалық мезоксерофилді түр Mimesa bidentata, қазақстандық-алтайлық-монғолдық шалғынды-далалық ксеромезофилді түрлер Diodontus collaris және Cerceris antilope жатады.

IV. Тетиялық кешен. Ареалдары кең Тетия облысының барлық аймақтарын қамтиды. Кешенге ареалдардың 5 типі бірігеді.

43 - сурет - Tрансевразиаялық оңтүстік ( — ), трансевразиялық бореальды (----) және трансевразиялық бореальды-субтропиктік (- - -) ареалдар типі  

14. Транстетиялық (1 түр). Gotytes ambiguus - кең таралған мезоксерофил (46-49 суреттер).

15. Шығыстетиялық (2 түр). Bembix diversipes және В. Niponica picticollis – кең таралған ксерофильды эврибионттар.

44 - сурет - Батысевразиялық оңтүстік ( — ), батысевразиялық

суббореальды (----), батысевразиялық бореальды ( ) және батысевразиялық суббореальды-монтанды ( — — ) ареалдар типі

45 - сурет - Европалық-евросібірлік ( —), сібірлік-шығысқазқстандық- монғолдық (---) және транстетиялық (- - -) ареалдар типі

 

 

46 - сурет- Шығыстетиялық ( —), ортатетиялық (---) және

батыстетиялық ( — —) ареалдар типі

16. Орталықтетиялық (2 түр). Crabro altaicus – таулық шалғынды-далалық ксеромезофил, aл Tachysphex persa - таулы-жазықтықтық мезоксерофил.

Батыстетиялық және батыс-орталықтетиялық (4 түр), Tachysphex mocsaryi - батыстетиялық ксерофил, Sphex afer және Ammophila occipitalis батыс- орталықтетиялық ксерофилдер, Prionyx nudatus – ксерофильды эврибионт.

17. Скифтік-алатаулық-алтайлық (1 түр). Бұл типке далалық мезоксерофилді түр Cerceris albicolor жатады. Оңтүстікте бұл түрдің ареалы таулы жерлерде де кездеседі.

V. Сетиялық кешен. Ареалдары көлемі мен формасы жағынан әралуан, Сетия облысының орталық бөлігіндегі таулы аудандарда кездеседі. Алтайдан олардың солтүстік шекарасы өтеді. Кешенге 5 тип және 6 түр бар (50-сурет).

47 - сурет - Батыс-орталықтетиялық (—), қазақстандық-монғолдық-сібірлік (---) және қазақстандық-монғолдық (— —) ареалдар типі

 

19. Иран-туран-гобилық (1 түр). Cerceris dorsalis - ксерофильды эврибионт, Сетияның орталық және шығыс бөлігінде кең таралған.

20. Иран-турандық (1 түр). Бұл типке мезоксерофильды түр Ammophila adelpha жатады.

21. Туран-түркістан-алтайлық (1 түр). Бұл типке мезофильді түр Trypoxylon deceptorium жатады.

22. Шығысжерортатеңіздік-иран-турандық-қазақстандық (1түр). Бұл типке ксеромезофильды түр Crossocerus jubilans жатады.

Туүркістан-алатаулық-алтайлық (2 түр). Бұл типке таулық мезофил Crabro signaticrus және қыратты-таулы мезоксерофил Ectemnius dilaticornis жатады.

 

 

 

49 - сурет – Иран-турандық ( — ) және туран-түркістандық-алтайлық ( — — ) ареалдар типі

 

48 - сурет -Шығысжерортатеңіздік-иран-турандық-қазақстандық

( — ) және түркістан-алатау-алтайлық (----) ареалдар типі

 

Сонымен, Алтайдың қазақстан бөлігінде кездесетін қазғыш аралардың құрамында кең мультирегионалды, палеарктикалық және еварзиялық ареалды түрлер көптеп кездеседі. Олар гумидті евросібірлік фаунаға жақын, мүмкін шығу тегімен байланысты болар.

Палеарктиканың құрғақшылық аудандарымен байланысты түрлер, салыстармалы түрде аз. Бұлар тетия және сетия кешендеріне жататын түрлер болып табылады. Оңтүстік Алтай арқылы олардың солтүстік шекаралары өтеді. Экологиялық жағынан олар көбіне қазақстан Алтайының аридті биотоптарын (өзен арналарының құмды бөліктері, қыраттардың оңтүстік құрғақ беткейлері, құмды батпақты жыралар) мекендейтін ксерофильді эврибионттар мен мезоксерофильдер, немесе таулық ксеромезофилдер мен мезофилдер.

 

50 - cурет –Скифтік-алатаулық ( — ) және иран-туран-гобилық

(----) ареалдар типі

Зерттеліп отырған аймақтың қазғыш араларына Шығыс Палеарктиканың әсері аз. Бұл жерде 1 шығысевразиялық және 1 орталық-шығыспалеарктикалық түрлер тіркелген. Алтай арқылы олардың таралуының батыс шекарасы өтеді.

Көңіл аударатын жағдай фаунада эндемик түрлердің болмауы.

Барлық тіркелген фактілер регион фаунасының жас екендігін көрсетеді, демек фауна плейстоценде, яғни мұздықтардың жабылып болғанынан кейін евросибирлік мигранттардың келуі нәтижесінде пайда болған деуге болады.

Қазақстан үшін бұл регион фаунистика жағынан өте бағалы болып саналады, өйткені Қазақстандағы евросібірлік өкілдердің көптеп кездесетін жалғыз аймақ, евросібірде бұл фауна біршама толық, әрі көптүрлі.

Емельянов Алтайды, фаунасының аралас сипатта болуына байланысты, Скифтік (далалық) облыс провинцияларының Евросібірлік облыс провинцияларына өтпелі зоогеографиялық провинциясы ретінде қарастырады.

Біздің қорытындыларымыз Қазақстан Алтайының қазғыш аралар фаунасының зоогеографиялық ерекшеліктеріне байланысты және евросібірлік фауна елементтерінің басым болуына байланысты бұл аймақта Евросібір облысынң провинциясы қатарына қосу керек дегенге келеді.

Осы қорытынды жануарлар мен өсімдіктердің басқа топтарының да әдеби деректеріне сүйенгенде дәлелденіп отры. Мысалы, Қазақстан Алтайының селдерей тұқымдас өсімдіктерінің биогеографиялық талдауында да көрстеіледі: кездесетін 34 түрдің 5 голарктикалық типке жатса, 10- евразиялық бореальды, 5- солтүстіказиялық, 2-батыссібірлік-қазақстандық және тек 2-солтүстік турандық, яғни евразиялыққа (евросібірлік) жатады. Қазақстан Алтайы селдерей тұқымдас өсімдіктердің таралу ареалдарын біз анықтадық.

Өрмекшілер ареалдарының Л.Г. Савельева жасаған талдауында да кең таралған бореальды ареалдардың басым екенін көруге болады. Сібір кешеніне жататын түрлерлер өкілдері қылқан жапырақты ормандарда, субальпі шалғындықтарында және дала белдеуінің жоғарғы шекарасында кездеседі. Кең палеарктикалық ареалды түрлер әралуан әрі аралас ормандрда таралса, ал ежелгі жерортатеңізі ареалды түрлер дала белдеуінде кездеседі.

А.Б. Жданконың Қалбы қыраттары қабыршаққанаттылары туралы еңбегінде бореалды кешенді түрлерінің басым екендігін көруге болады. Олардың қатарына мезофиль транспалеарктар, голарктар және кең таралған евразияттар, сондайақ далалық түрлер жатса, эндемиктердің мүлде кездеспейтіндігін көруге болады.

Ж.Ш.Бердібаеваның қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылары фаунасының ареалдарының зоогеографиялық талдауында оңтүстік элементтердің аз екендігін байқаймыз. Шамамен түрлердің тең жартысы европалық (евросібірлік). Ортаазиялық түрлерден тек 2, орталықазиялық – 2 және 2 шығыазиялық түр кездеседі екен.

В.А.Егоровтың Қалбы қыратының орнитофаунасының зоогеографиялық сипаттамасында жалпы 200 түрлі құс кездеседі деп, олар 108 туыс, 45 тұқымдас және 16 отрядқа біріктірген. Қалбы қыратында ұя салатын құстар 64 түрлі, олар Палеарктикада кең таралған, 12 түрлі құс Палеарктиканың оңтүстік бөлігінде кең таралса, 25 түр Палеарктиканың батыс бөлігінде кездеседі. Сібір кешеніне Қалбыда ұя салатындардың ішінде 8 тайгалық түр, Сібірлік фауна типінен 14 түрлі орман құстары. Европалық фауна типіне жататын құстардан Қалбыда 27 түр ұя салса, Орталықазиялық облыс тармағынан - 28 түр, олардың ішінде 7-түр Жерортатеңізінде, 11- түр Монғолияда кең таралаған. Қалбыда монғолиялық фауна типінен 4 түр кездеседі.

Алтайдың сүтқоректілер фаунасы туралы еңбегінде Страутман әртүрлі ландшафттық зоналарда кездесетін түрлердің ареалдарының түйісетіндігін айтады. Оңтүстік Алтай территориясында Палеарктиканың батыс бөлігінде жалпақ жапырақты ормандарда тіршілік етеін түрлердің солтүстік-шығыс шекарасы жатқандығын келтіреді. Тайга зонасында кездесетін түрлердің Оңтүстік Алтай территориясында таралуының оңтүстік шекаралы жатыр. Автор осы фаунаның ареалдарының жалпы 14 анықтап, кең таралған палеарктикалық ормандық және далалық түрлер басым, солтүстік-палеарктикалық ормандық, европа-қазақстан-монғолдық далалық түрлер, аз мөлшердегі шығысазиялық, орталықазияттық және ирандық-ауғанстандық түрлер кездеседі деген. Эндемик түрлердің жоқтығына сүйене отырып автор қазіргі фаунаның жастығына және оның құрылуы мұздық дәуірінен кейін болғандығымен қорытындылайды.

Қайталауға арналған сұрақтар:

1.Қазақстан фаунасының құрылуына Қазақстанның Алтай таулары қалай әсер еткен?

2.Қазақстан Алтайының зоогеографиялық сипаттамасы қандай?

3.Құстар фаунасын немен ерекшелеуге болады?

4.Қосмекенділерден қандай түрлер кездеседі?

5.Арахнофауна ерекшеліктері қандай?

6.Қабыршаққанаттылар фаунасының қандай ерекшеліктері бар?

7.Қазақстан Алтайы фаунасында эндемик түрлер кездесе ме?

8. Қазақстан Алтайы фаунасының қазіргі қалыпта дамуы қандай себептерге байланысты?

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

1.Беридибаева Ж.Ш. Пресмыкающиеся и земноводные Восточного Казахстана. Автореферат диссертации на сосискание ученой степени кандидата биологических наук./ Ж.Ш. Беридибаева.- Л.:1970.-20 с.

Бурунбетова К.К. Зоогеографическая характеристика Казахстанского Алтая на примере роющих ос (Hymenoptera, Sphecidae)./ К.К.Бурунбетова. Известия МН-АН РК. Серия биологическая и медицинская. 1998. № 4. - С.3-7.

3.Бурунбетова Қ. К. Қазақстан Алтайының зоогеографиялық ерекшеліктері./ Қ.К.Бурунбетова. «Шығыстың аймақтық хабаршысы». № 3. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы. Өскемен. 2009. - Б.55-59.

4.Второв П.П. Дроздов Н.Н. Биогеография. / П.П.Второв, Н.Н.Дроздов. - М.:2001.- 301 с.

5. Воронов А.Г. и др. Биогеография с основами экологии./ А.Г Воронов и др. М.: Изд-во ИКЦ «Академкнига»,2003.-408с.

6.Городков К.Б.Ареалы насекомых Европейской части СССР./ К.Б. Городков.- Л.:-1984. -20 с.

7.Егоров В.А. Зоогеографический очерк Калбы (Восточный Казахстан)./ В.А. Егоров //Материалы научной конференции профессорско-преподавательского состава. Усть-Каменогорск.,1974. -С.229-234.

8. Емельянов А.Ф. Предложения по классификации и номенклатуре ареалов./ А.Ф. Емельянов// Энтомологическое обозрение.- 1974.-№3.

9. Жданко А.Б. Видовой состав буловоусых чешуекрылых (Rhopalocera) Калбинского хребта и его зоогеографическая характеристика./ А.Б.Жданко.- Бюл. Моск. о-ва иcпытателей природы отд. биол.-М.:-1993. –С.15-18.

10.Кобышев Н.М., Кубанцев Б.С. География животных с основами зоологии. / Н.М. Кобышев, Б.С. Кубанцев. - М.:Просвещение.1988. – 182 с.

11.Нұрғазы Қ.Ш. Зоогеография. / Қ.Ш.Нұрғазы, М.Қ.Байбатшанов, Н.М. Өміржанова.- Алматы, 2010.

 

МАЗМҰНЫ

 

  Кіріспе
Жануарлар географиясы
1.1 Зоогеография ғылымының даму тарихы
Ареал туралы негізгі ұғымдар
Фауна туралы түсінік
3.1 Фаунаның құрылымы мен салыстырмалы талдауы
3.2 Фаунаның жасы
3.3 Фаунаның құрылуы
Құрылықтық фаунаны аудандастыру
4.1 Голарктика облысы
4.2 Үнді-Малай облысы
4.3 Мадагаскар облысы
4.4 Эфиопия облысы
4.5 Неотропикалық облыс
4.6 Полинезей облысы
4.7 Австралия облысы
4.8 Жаңазелендия облысы
Қазақстан фаунасы
5.1 Қазақстан Алтайының зоогеографиялық сипаттамасы
  Қолданылған әдебиеттер тізімі:
  Мазмұны

 



Просмотров 1523

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!