Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Экологияның зерттеу объектілері



ЕМТИХАН БИЛЕТІ

 

Экология тұрақты даму пәні нені зерттейді?

“Экология” грек тілінен аударғанда ол үй туралы ғылым деген мағынаны білдіреді (ойкос – үй, тұратын жер; логос – ілім, білім). Э. Геккель бұл ғылымның анықтамасын былай берді: “Экология деп, біз табиғат экономикасына қатысты білімдерді – жануарлардың оны қоршаған органикалық және бейорганикалық ортамен, әсіресе, өзімен тікелей немесе жанама қатынаста болатын жануарлармен өсімдіктердің өзара ынтымақтастық немесе қастастық, жаулық өркениеттерінің бүкіл жиынтығын зерттейтін ғылым деп айтамыз”. Бұл анықтаманы Э.Геккель “Организмдердің жалпы морфологиясы” деген кітабында берді.
ХХ-шы ғасырда орыстың ғалымы В.И. Вернадский “биосфера” туралы ғылым еңгізді. Экосистема – тірі организмдердің белгілі бір уақытта өмір сүретін ортасы, сонымен қатар топырақтың климаттық физикалық, химиялық өзгерістері және әртүрлі организмдердің сыртқы ортамен әсерлесуі.
Бұл терминді әртүрлі көлемдегі биоценозға қолдануға болады.
- микроэкосистема (аквариум, шалшық, арық)
- мезоэкосистема )талшық, жапырақты орман, жалпақ жапырақты орман)
- макроэкосистема (океан, тропикалық орман) .Ең кішкентай экосистема ол жалғыз ағаш барлық сонда өмір сүретіндермен, ең үлкен экосистема жер шарындағы “биосфера”. Экологиялық система табиғи және жасанды болады. Мысалы, жасанды экосистема космостық кеме.
Ғалымдар барлық жер бетіндегі тірі организмдеріді үш үлкен болкқа бөледі:
Продуценттер – жер бетіндегі тірі организмдер жай бейорганикалық қосылыстардан күннің энергиясының әсерімен күрделі органикалық заттар түзеді.Консументтер – дайын органикалық заттарды жейтін тірі органикалық организмдер.Редуценттер – жаны жоқ органикалық заттарды жай бейорганикалық заттарға айналдыратын тірі организмдер.
Жаны жоқ (өлген) органикалық заттар – құлаған жапырақтар, бұтақтар, ағаштар, өліктер және т.б. Осы үш бөлікті экосистеманың “биотикалық бөлігі” немесе “биотикалық” фактор деп атайды (биота - өмір, өмірлік). Экосистемаға, организмге әсер ететін ортаның физика-химиялық жағдайлары жатады. Бұл – температура, ылғалдылық, жердің рН-ы, жел, күн сәулесі т.б. факторлар. Бұлар “абиотикалық” фактор деп аталады. “а” деген ортаның тірі факторы емес деген сөз.

Биоценоз және экожүйелер

Биоценоз – күрделі табиғи жүйе. Биоценоз деп – мекен ету ортасы бір, бір-бірімен байланысты түрінің жиынтығы («биос»- өмір, «ценос»-бірлестік). Бұл организмдердің бірлестігі бір- бірімен байланыста тіршілік ете отырып, белгілі абиотикалық жағдайлардың жиынтығына бейімделген. Ұсақ биоценоздар табиғаттың ірі бөліктерінің бөлшегі болып табылады. Мысалы, жерге құлаған ағаш бұтағы және сол бұтақта тіршілік ететіндер, орман биоценозының бір бөлігі болып табылады. Биоценоз үш бөліктен құралады: өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер. Мұндай жүйедегі жекелеген түрлер, популяция және түр бірлестіктері бір-бірімен еш кері әсерсіз алмаса алады. Ал, жүйенің өзі турлер арасындағы антагонизм тепе-теңдік күшінен тұрады. Бірлестіктердің тұрақтылығы бір түрдің екінші түрмен сандық тұрғыдан бір қалыпты боолуына байланысты болса, ал, олардың мөлшері сыртқы жағдайларға яғни, биотоптың біркелкі абиотикалық қасиеттері мен территорияның үлкендігіне байланысты. Биотоп- биоценоздың тіршілік мекені. Биоценоз бен биотоп үздіксіз бірлікте, байланыста болыпбиогеоценоз немесе экожүйені құрайды. Биоценоз, биотоп және экожүйе шектері бір-бірімен сәйкес. Биотикалық қауымдастық (биоценоз)- оның құрамдас бөлігі болып келетін популяцияға қарағанда, бұл қауымдастықтың ең жоғарғы қадамы. Биоценоздың ішкі құрамы күрделі болып келеді. Биоценоз құрамына қарай: түрлік және кеңестік болып екіге бөлінеді.Түрлік құрамыәр түрлі факторларға байланысты болып келетін түрлердің әртүрлілігі мен сандық қатынастарымен сипатталады. Негізгі шектеуші факторлар болып температура, ылғал және қоректік ресурстардың жетіспеушілігі табылады. Сондықтан шөлдердің, биік ендіктердің мен таулардың биоценоздары түрлерге кедей болады. Негізінен өсімдіктер мен жануарлардың он немесе жүздеген түрлері кездесетін болса, онда бұндай табиғи биоценоздар- кедей, ал бай- бұндай табиғи биоценоздарда бірнеше мың немесе он мың түрлері болады. Саны бойынша көп болып келетін түрлердідоминанттылар дейді. Бірақ. Олардың ішінде оларсыз тіршілік ете ала алмайтын түрлер де бар. Олардыэдификаторлар (лат.строители) дейді. Олар бүкіл қауымдастықтың микроортасын анықтайды. Мұндай өсімдктерге- шырша, қайың және кейде жануарлар жатады.

Экологияның зерттеу объектілері

Экологиялық ғылымның далалық, лабораториялық және эксперименттік зерттеу әдістері бар.

Далалық зерттеу әдісі - далалық жағдайда жүргізіледі. Зерттеу объектілері - особь, популяция, түр және олардың табиғи бірлестіктері, т.б. болуы мүмкін. Кез келген популяциялар тобына экологиялықсипаттама бсру үшін физиология, биохимия, анатомия, систематика, биология, география ғылымдарының зерттеу әдістері қолданылады. Сондықтаи эколог-жаратылыстану ғылымдарының ғылыми-теориялық негіздерін, зертеу әдістерін толық меңгерген білікті маман болуы тиіс.Далалық зерттеулер белгілі бір түр, популяция, биоценоз, экожүйе, өчсн-көлдер, т.б. объектілердің жәйі, сандық қатынасы ,сапасы, ауытқулар мси өзгерістер, абиотикалық, биотикалық, антропогендік факторлардың әсері, уақыт пен кеңістікке катысты олардың көбеюі, құрып кетуі, апаттардың болу себептері туралы жалпы мағлұматтар, материалдар жинақталды. Материалдарды жинақтау жылдың барлық мезгілдерін, зерттеу объектісінің ареалын, географиялык табиғат аймақтарын камтумен қатар бірнеше жылдарға созылған уақыт пен кеңістікке байланысты жүргізіледі.Далалык материалдар лабораториялық жағдайда өңделеді. Дүние-жүзілік стандартқа сай лабораториялар қазіргі заманғы - камералар, видсоаппаратуралар, оптикалық приборлар, аналитикалықтаразылар, топографиялық қүралдар, термостаттар, хромотография, микроскоптар, компьютерлік т.б. керекті қүралдармен жабдықталуы тиіс.Далалық жағдайдағы зерттеулер ғылыми жүмыстың мазмүнын толық аша алмайды. Әсірссс, түр, популяциялардың көбеюге қабілеттілігі, шығыны, жыныстық, жастық ерекшеліктері, морфофизиологиялык қүрылымы, факторларға қатысты организмдегі өзгерістер мен реакциялар, экологиялық зерттеулер, ауа, су, топырақтың ластану дәрежесі, т.б эксперименттік талдау жасауды қажет етеді. Сондықтан зерттеу объектілері лабораториялық жағдайда эксперимент арқылы тексеріліп, бақылаулар, тожірибслср жүргізілсді. Эксперимент нәтижслері далалық зсрттсу жүмыстарымен салыстырыла отырып, оның ғылыми теориялық және практикалық маңызы қорытындыланады. Әрине, зерттеу объектісінің сипатына қарай далалық, лабораториялық және эксперименттік зерттеулердің бағыттары, зерттеу әдістері өзгеріп отырады.Организмдерді зерттеудің негізгі көрсеткіштері бар. Олар -жануарлардың кездесу жиілігі, басымдылық дәрежесі, тығыздығы, жамылғы сапасы, биомассасы және өнімділігі. Аталған көрсеткіштердің әрқайсысының өзіндік есептеу тәсілдері, ерекшеліктері бар.Экологияда математикалық әдістер мен модельдеу жиі қол-данылады. Бүл әдістер бойынша белгілі бір популяцияға берілген экологиялық сипаттаманың дүрыстылығы, ауытқу мүмкіндіктері, биомасса сапасының сандық мөлшері нақты тексеріліп анықталады. Қазір экологиялық зерттеулерде информация теориясы, кибернетика, мүмкіндіктер теориясы, сандар теориясы, интегральдық есептеулер жиі қолданылады.Соңғы жылдары биоэкологиялық зерттеулер мен қүбылыстарды модельдеу жиі қолданылып жүр. Бұл табиғат процестеріне тән қасиеттердің техникалық түрғыда жүмыс істеу үлгісі. Мәселен, жасанды қан айналу аппараты, фотосинтез, клетканың жүмысы, өкпе, бүйрек, бүлшық еттердің жүмыс істеуі, протездер, т.б.Экологиялық модельдеудің мақсаты - теориялық түжырымдарды, биологиялық жүйелердің жүмыс істеу функцияларын жасанды жолмен тәжірибе арқылы тексеру.

 

ЕМТИХАН БИЛЕТІ

 



Просмотров 2875

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!